Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары

Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.

Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.

Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.

Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.

Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы

Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды:

  • жердің құнарлылығын басқару;
  • суды тиімді пайдалану;
  • өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару;
  • фермаларды механикаландыру.

Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру

Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда.

Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру

Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.

Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту

Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.

Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару

Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған

79. Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады 2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінішін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі өтініш құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.

2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.

2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті.

2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

2012 жылдың маусым айында «Рио+20» тұрақты даму Конференциясында бүкіл әлем елдері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, «жасыл экономикаға» көшу үшін ортақ және тәжірибелік механизмдер ұсынатын «Жасыл көпір» және «Ғаламдық энерго-экологиялық стратегия» серіктестік бағдарлама бастамасын қолдады.

«Жасыл экономика» - бұл елде жоғары деңгейлі тұрмыс сапасы бар, қазіргі және келешек ұрпақтар үшін табиғат қорларын ұқыпты және тиімді пайдаланатын, инвестициялық климатты жақсарту және бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасайтын экономика.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауларында елдің «жасыл» даму жолына көшуіне негізделген орнықты және тиімді экономика улгісін құрудың айқын бағыттары анықталған.

Сол мақстапен 2013 жылы Елбасның Бұрығына сәйкес Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы бекітілген.

Тұжырымдаманы кабылдағаннан бастап мемлекеттік ұйымдар «жасыл экономика» нормативтік-құқықтық базасын құру жұмысы бастады.

79. 2013 жылғы 2 қыркүйекте өткен бесінші шақырылған ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы «жасыл» экономиканыңқалыптасуы мен дамуына негіз болатын заңнаманың қаралуына тезірек кірісу керектігін айрықша атап өтті. Осыған байланысты Үкіметке тиісті заң жобаларын Парламенттің талқылауына ұсынуды тездету тапсырылды. 2013 жылдың желтоқсан айында Парламенттің шұғыл қарауына Астанада өтетін «ЭКСПО — 2017» Халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөніндегі заңнамаға өзгерістер қабылданды. Қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге сай, көрме тақырыбының «Болашақтың энергиясы» аталуы өте орынды. Бұдан кейін Парламент депутаттарының қарауына «Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі мәселелеріне байланысты кейбір ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жөніндегі ҚР заңының жобасы ұсынылды.

Заң жобасын қабылдаудағы мақсат — «жасыл» экономикағакөшуді бүгінге дейін істелген жұмыстар мен жетістіктерді ескере отырып жүзеге асыруға жағдай туғызу. Дамудың «жасыл» жолы принциптерін енгізудің бірінші кезеңі елімізді ұзақ мерзімді тұрақты дамуға жетелейтін бағытты жүзеге асырумен байланысты екені белгілі. Бұл бағыт елімізде 2006 жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бірінші кезеңде ол Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында көзделген мақсаттарға қол жеткізумен тығыз сабақтастырылды. Және ҚР Президентінің 2006 жылғы халыққа Жолдауында айтылған талаптарға сәйкес, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елі қатарына енуі Стратегиясының негізіне алынды. Сол кезде-ақ, тұтастай алғанда, еліміз дамуының үш векторы айқындалды: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Бұл бағытты жүзеге асыру еліміз дамуының экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси аспектілерін өзара үйлестіруге бағытталды. Қазір де ол өмір сапасын көтерудің және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін ұзақ мерзімге қамтамасыз етудің негізі ретінде қаралады. Аталған стратегиялар, елімізде қабылданып және іске асырылып жатқан басқа бағдарламалық құжаттарға қатысты алғанда біріктірушілік рөл атқарады.

Өмір сапасының бәсекеге неғұрлым қабілетті және дамыған елдердің деңгейіне дейін көтерілуі — аталған бағытты іс жүзіне асырудың нәтижесі. Сонымен қатар, ресурстарды тиімді пайдаланудың, экономикалық өрлеудің жаңа сапасының, тұрғындар санын арттырудың қажетті және маңызды тетіктері құрылды. Олар, бұған қоса, еңбек қорлары сапасын көтеруге, антропогендік қысымды төмендету арқылы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға, сондай-ақ, «тарихи» экологиялық проблемаларды шешуге, республика аймақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосты.

Наши рекомендации