Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары.
Қоғамда жасалынып жатқан реформалар қоғамның басқару механизмдеріне ғана емес, жеке адам мен еңбек ұжымдарының , топтар әлеуметтік және кәсіптік өміріне жан-жақты терең әсерін тигізеді.
Осындай жағдайда жеке адам мен қоғам арасындағы жарасымдылық адам мүддесін оның құқығы мен бостандығын қорғауға кепілдік беретін факторлар бар. Соның ішінде мемлекеттің әлеуметтік саясатямен халықтың түрлі топтармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс құрылымдарының алатын орны ерекше мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәнін түсінуде әлеуметтік топтардың мүдделерінің қажеттіліктерін олардың қоғамдағы орны мен роліне тікелей байланыстылығы туралы қоғамдық ғылымдар жинақтаған қортындылар шешуші роль атқарады.
Әлеуметтік топтардың, тұтас қоғамның мүддесі мен еркін жинақтап, қортындылау формасы ретіндегі көрінісі саясаттың негізгі маңызды белгісі болып табылады. Саясат өзінің құрылымы жағынан өзара тығыз байланысты күрделі екі бағытқа сыртқы және ішкі саясатқа бөлінеді.
Қазіргі таңда мемлекеттің құрамын көптеген көрсеткіштерден тұрады. Оған мемлекеттің жер көлемі, адам саны, табиғи байланыстары, мемлекеттік құрылымының сипаты, әлеуметтік, саяси, ғылыми, рухани, мәдени даму дәрежесі және т. б. кіреді.
Әлеуметтік саясат- мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас бөлігі. Ол халықтың негізгі әлеуметтік топтардың мүддесіне деген қоғамдық көзқарастарды реттеп, әлеуметтік бағдарламалар мен тәжірибені жинақтайды. Әлеуметтік саясат өзінің пайда болу жағынан барлық әлеуметтік мәселелерді шешудің материалдық негізі болып табылатыны экономикадан кейін тұратыны белгілі.
Әлеуметтік саясат дегеніміз-мемлекет пен партиялардың,адамдардың қоғамдық, топтың жеке мүдделерін үйлестіру және экономикалық, әлеуметтік саяси, идеологиялық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі саяси қызымет:
· елдің әлеуметтік экономикалық дамуына ықпал жасау;
· жұртшылықтың еңбек және қоғамдық белсенділігінің артуына көмектесу;
· қоғамдағы қатынастарды үйлестіру;
· қоғамдық құрлыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
· мүмкіндігі шектеулі топтарды әлеуметтік қорғау.
Республиканың 2030 стратегиясындағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары екі негізгі мақсатқа бағытталады.Біріншіден, Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды, соны нығайту қажет. Екіншіден, ауқымды әлеуметтік саяси және экономикалық реформаларды толыққанды жүргізу қажет. Осыған байланысты 2030 страгиясындағы әлеуметтік саясаттағы басты мақсаттар:
· кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес;
· ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірлігін нығайту жолымен экономикалық өркендеуге жету;
· барлық әлеуметтік-экономикалық реформаларды аяқтау, ең алдымен бюджет саласындағы реформаларды сақтау, соның нәтижесінде зейнетақыларды, жалақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды толық көлемінде төлеу;
· үкімет пен мемлекет қызымет реформаларын жеделдету.
Кедейшілік жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:
· кіші кредиттер жүйесін енгізу;
· шағын және орта бизнесті дамыту;
· еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдылықпен дамыту
· шарттар мен контракттар және бюжетті сатып алу кезінде жұмыспен қамту проблемаларына қатаң тұрғыдан келу.
Осы мәселелерге байланысты Елбасының Үкіметке беретін тапсырмалар:
· зейнетақыны, жәрдемақыны және бюжеттік ұйымдарда жалақыны толық және уақытылы төлеуді қамтамасыз ету;
· бір жыл ішінде кемінде аз қамсыздандырылған 30 мың азаматқа, бірінші кезекте ауылды жерлерде жұмыс орындарын құруға үш жылғы мерзімге 400 АҚШ долларына пара-пар сомада кіші кредиттер беру. Зейнетақыны реформасын нысаналы түрде жүргізе білу.
Бұл бағдарлама бойынша бүкіл Қазақстан халқының өсіп-өркендеуіне қауіпсіздігіне және әл-ауқатының артуына жеткізу жолды айқын да анық нұсқайды. Мемлекет өз бойына халықтың қажеттіліктерін өтеудің жауапкершілігін алып сол үшін жауап беруі тиіс. Сол сияқты мемлекеттік және жеке меншіктегі кәсіпорындарының жалақы мен зейнетақыны төлеуді кешіктірмеуін мемлекет өз азаматтарының алдындағы міндеттерін орындауға тиіс.
"2030 стратегияда" халық арасындағы экономикалық дағдарыс, жастар мәселесі жалпы халықты жұмыспен қамту оған қарасты мекемелердің материалдық, әлеуметтік көмек көрсетілуін атап көрсетті.
Қалыптасқан қазіргі жағдайдан туындап отырған жалпы халықты жұмыспен қамту оған қарасты мекемелердің матералдық, әлеуметтік көмек көрсетілуін атап көрсетті. Қалыптасқан қазіргі жағдайдан туындап отырған жалпы проблемаларды қорытындылай келе Елбасымыз нақты он тапсырманы жүктеді:
1. Дағдарысты кезеңде бюджет тапшылығын ішкі резервтер арқылы жабуға күш салу.
2. Инфляцияға қарсы күресті күшейту, қатаң ақша саясатын жүргізу.
3. Мемлекеттің жұртшылық жеке секторлар алдындағы қарызын жою.
4. Жұмыссыздық мәселесін қоғамдық еңбекпен қамту арқылы шешу.
5. Салық жүйесін ретке келтіру,салық тәртібін сақтау.
Барлық стратегиялық салдардың бағдарламасын біртұтас ету.
.Терең экономикалық ғылыми-техникалық,құқықтық жағдайлар жасай отырып,қоғамдық қатынастарға жарасымдылық табу, жүргізу қоғамдағы саяси тұрақтылыққа қол жеткізеді.
Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері экономикалық өсуді қолдау.элементтерін қамтуы,қатерлі жағдайлартуындаған кезде барлық азаматтарға қолдау көрсетуде әділ болуы,тиімді жұмыс істеуі және халықты неғұрлым толық қамтуы тиіс.
Әлеуметтік саланы реттейтін заңнама әлеуметтік қатерлердің негізінде қалыптастырылады.Әлеуметтік қорғаудың іске асыруға ұсынылып отырған жүйесі:
-әділ-әлеуметтік қорғау құқығын іске асыра алушылар үшін жеңіл, қол жетерлік болуы тиіс. Мемлекет кепілдік берген ең төменгі жәрдемақылар көлемі бірдей әлеуметтік қатер туындаған кезде еңбек өтемі мен жалақысына байланыссыз төлемдердің кең деңгейін ұсынуы тиіс. Сонымен бір мезгілде, қосымша қорғау деңгейі әрбір нақты адамның қатысуының ұзақтығы мен мөлшеріне байланысты болуы керек;
-әрбір азаматтың мемлекетке тәуелділігін емес, оның жеке жауапкешілігін ынталандыруы тиіс. Тұтастай алғанда, барлық еңбекке қабілетті азаматтар өзінің жеке басының болашағы мен өз отбасының әл-ауқаты үшін жауапты болуға ұмтылуы тиіс;
-пәрдемді жәрдемақылар атаулы болуы тиіс, яғни оны алуға құқығы бар және оған аса мұқтаж адамдарға беріледі,
-тиімді, яғни ашық және жақсы басқарылатын, шығыны аз және қарапайым болуы қажет. Жүйенің негізгі компоненттері икемді реттелуі қажет;
-қол жетерлік, яғни белгілі бір мерзім ішінде халықтың барынша толық қамтылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Осы айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік қатерлер негізінде қорғаудың мынадай элементтерін қамтитын әлеуметтік қорғау жүйесін ұйымдастыру көзделіп отыр:
-барлық азаматтарға әлеуметтік қатерлерге қарай бюжет қаражатының есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер беру;
-алғашқы кезеңде міндетті әлеуметтік сақтандырудың жұмыс берушілер есебінен және келешекте еңбеккерлердің де аударымдары есебінен жүргізу;
-жинақтаушы зейнетақы жүйесі, әлеуметтік көмек және белгілі бір санаттағы азаматтардың бюжеттің қаражаты есебінен қолдаудың арнаулы мемлекеттік бағдарламалары.
Қазақстанның ерекшелігін, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдастыру негізін қараған кезде мемлекеттік және сол сияқты жеке меншік институттардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланатын аралас жүйеге артықшылық берілуі тиіс. Барлық әлеуметтік төлемдегі неғұрлым тиімді басқару және бақылау үшін әрбір азаматқа дербес бірдейлендірген код бере отырып, дербес бірдейлендірудің жалпы мемлекеттік жүйесі мен ұлттық дерекқоры жасалуы тиіс.
Ана мен баланы кең ауқымды әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қорғау жүйесінің жетілдірілуі барысында әлеуметтік қорғауға мұқтаж қатерлер тізбесі кеңейтіледі. Мәселен, демографиялық процестерді қолдау мақсатында бала туу мен оларды тәрбиелеу әлеуметтік көмекке мұқтаж жағдай ретінде қаралады. Қолдау көрсету ретінде бала туғанда бір жолғы жәрдемақы және жасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына қосымша жәрдем ақы беру енгізілді.
Мүгедек проблемаларын шешу бойынша іс-шаралар әзірлеу, мүгедектердің мұқтаждарына арналған өндірістерді мемлекеттік қолдануды жүзеге асыру, мүгедектердің негізгі құқықтар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін мемлекеттік стандарттарды енгізу қарастырылады. Әлеуметтік қатерлердің алдын алудың және мүгедектерді оңалтудың (медициналық, әлеуметтік, кәсіби) жеке бағдарламаларын дамыту, мүгедектерді әлеуметтік, еңбекпен бейімдеу жүйесін құру, мүгедектердің қоғамға кірігуіне жәрдемдесу жөніде шаралар қабылданды. Бұл ұсыныстар әзірленіп жатқан Мүгедектерді оңалтудың 2002-200 жылдарға арнарған бағдарламасында көрініс табады.
Атаулы әлеуметтік көмек мұқтаждықтың нақты өлшемдері негізінде халықтың ең аз қорғалған топтарына ғана берілетін болады. Бұдан басқа, адамдардың белгілі топтарына-соғыс ардагерлеріне, мүгедектерге және көп балалы аналарға қосымша қорғау көрсетуге бағытталған арнай бағдарламалар әзірленді.
Әлеуметтік қорғауды реформалауда әлеуметтік нормативтердің рөлін арттыру, ең төменгі жалақының кезең-кезеңімен көбейтіп, күнкөріс деңгейіне жақындату маңызды болып табылады.Әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік экономикалық табиғаты бар нормативтерге негізделіп есептелетін болады. Әлеуметтік қатерлердің туындау мүмкіндігін болдырмау және оны қысқарту мақсатында мемлекет алдын алу сипатындағы шараларды қабылдайтын болады. Жұмысынан айырылып қалудың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың тұрақты ақы төленетін еңбек қызметін тауып алуын ынталандыру мақсатында мемлекет жұмыс орындарын құру бағдарламаларын жетілдіреді. Азаматтардың еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығы мен өміріне зиян келу қаупінің алдын алу үшін мемлекет еңбек туралы заңнамалар мен еңбекті қорғау туралы заңнамалардың сақталуына бақылауды күшейтеді. Мүгедектікке ұшырау қатерін азайту мақсаеында медициналық көмек көрсетуді жетілдіру,соның ішінде оны қаржыландыру тетігін жақсарту арқылы жетілдіру көзделуде.
Жасы бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақылар алушыларды әлеуметтік сақтандыруды енгізу кезіне дейін тағайындалған .
төлемді қамтамасыз ету қағидаттары өзгерістерге ұшырамайды.
Әлеуметтік қорғаудың барлық жүйесі тікелей немесе жанама түрінде қызметкерлер мен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен қаржыландыратын болғандықтан, әлеуметтік қорғау жүйесіне әрбір нақты азаматтың ғана емес, Үкіметтің әлеуметтік әріптестерінің-еңбекшілердің кәсіптік одақтарының және жұмыс берушілер бірлестіктерінің қатысу деңгейін көтеру көзделеді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын ретке келтіріп отыратын халықтың тұрмыс жағдайы, ғылыми-техникалық процесс мәселелерімен адамның еңбек әрекеті саласын өзгерту мәселесі де тығыз органикалық байланыста болады. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, әсіресе адамның еңбек әрекеті жағдайы мен сипатында болатын өзгерістерде айқын байқалады. Саясаттың гумандық жағдайы осы жерде ерекше көрінеді.
Мемлекеттің әлеуметтік саладағы саясатты адамдар, топтар арасындағы мемлекетпен қарым-қатынас жасаудың әртүрлі формалары мен құралдары тиянақталады. Әлеуметтік саясатмемлекеттің басқару институты ретінде белгілі бір мазмұнға, бағытқа, функцияға шоғырланған. Қазақстан мемлекетіндегі әлеуметтік саясат егеменді тәуелсіз мемлекетіміздің саяси жүйесінің бір шешуші компоненті.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаттың мазмұны мен бағыттылығы мазмұныдық жағынан ғана емес әлеуметтік жұмыста методологиялық функция атқара отырып оны ұйымдастыру негізі болып табылады. Әлеуметтік саясатта өзара байланысты бір-біріне әсер етуші екі түрлі жағдайды бөліп қарауға болады. Олар ғылыми танымдылық және практикалық ұйымдастырушылық жақтары.
Әлеуметтік саясаттың ғылыми танымдылық бөлігі мемлекеттің әлеуметтік саясатқа осыған дейін жүргізілген бағытының жинақталған нәтижелерімен қоғамдағы қажеттіліктерімен әлеуметтік даму процестерінің нәтижесі ретінде көрінеді. Ол халықтың әртүрлі жіктерінің әлеуметтік тұрақтылық деңгейін қоғамдық пікірмен көңіл күй дәрежесін танытып отырады. Аналитикалық мәліметтер мемлекеттің басқару органдарының әлеуметтік саясат тұжырымдамаларын жасап, оның негізгі міндеттері мен бағыттарын анықтауға мүмкіндік туғызады. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының стратегиялық міндеттерімен тұжырымдамалық жағдайларын тікелей жүзеге асырыумен байланысты көп болады.Мемлекет басқару органдарының халық пен әлеуметтік жұмыс жүргізу жүйесінің мемлекеттің әлеуметтік саясаты міндеттері бағындырыла ұйымдастырылған ғылыми негізделген халық мүдесімен үндес келетін мемлекеттің әлеуметтік саясаты әлеуметтік мазмұнына аса маңызды негізін құрып,оның мақсатьылығын қамтамасыз етеді де,ол жұмысты ұйымдастырушылардың практикалық қадамына сенімін арттырады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1. Білім беру туралы тұжырымдама. «денсаулық сақтау жүйесіндегі саясат -негізгі мақсаттарының бірі.
2.Әлеуметтік денсаулық принциптері мен тұжырымдамасы.
Ұсынылған әдебиеттер
7. Кадомцева С.В Социальная защита населения- М, 1999
8. Менлибаев К.Н., Туганбекова К.М., Черная Г.Г., Каргин С.Т. Социальная работа. Караганда, 2000.
9. Мемлекет саясатының стратегиясының басым бағыттары-
баянды даму кепілі. Ақиқат. №10, 2001 ж.
10. Назарбаев Н.А. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы,Астана. 2013жыл14 желтоқсан.
11. НазарбаевН.А XXI ғасырлар тоғысында- Л, 2002
12. Рапатский Б.В Социальная политика, Социальная защита, самозащита
трудящихся в обществе. -М, 1998
Романов В.И. Социальная политика Казахстана. Саясат. №9, 1997
13- ші дәріс.
Тақырып.Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастары
Негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының саясатпен байланысын көрсету.
Негізгі түсініктер:
Жоспары
1. еңбек қатынастарының саясатпен байланысын көрсету.
2. Әлеуметтік мемлекеттің еңбекке қатынасы.
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы-осы Заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын iске асыру процесiнде туындайтын еңбек қатынастарын реттейдi. Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
еңбек - адамдардың өмiрi үшiн қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметi;
еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негiзiнде белгiлi бiр еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiнде туындайтын жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы қатынастар;
жұмыс берушiнiң актiлерi - жұмыс берушiнiң (жұмыс берушiлер өкiлiнiң) шығаратын актiлерi (бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулықтар, iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерi);
жеке еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында жазбаша нысанда жасалатын екiжақты келiсiм, ол бойынша қызметкер жұмыс берушiнiң актiсiн атқара отырып, белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал жұмыс берушi қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісiмiнде көзделген өзге де ақшалай төлемдердi уақытында және толық көлемiнде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттенедi;
зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiс факторларының әсер етуi қызметкердiң жұмыс қабiлетi төмендеуiне немесе ауыруына, не оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпал етуiне әкеп соғатын еңбек жағдайлары;
қауiптi (өте қауiптi) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiс факторларының әсер етуi еңбектi қорғау ережелерi сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары;
ауыр дене жұмыстары - қызметкердiң ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын ауыстыруға байланысты қызметтерiнiң түрлерi не 300 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстар;
демалыс уақыты - қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;
жалақы - еңбек үшiн оның күрделiлiгiне, саны мен сапасына сәйкес төленетiн сыйақы (табыс);
бiлiктiлiк разряды - қызметкердiң өзi орындайтын жұмыстарының күрделiлiгiн көрсететiн бiлiктiлiк деңгейi;
ұжымдық шарт - еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу үшін бір немесе бірнеше жұмыс беруші (олардың өкілдері) мен қызметкерлердің бір немесе бірнеше өкілдері арасында жазбаша шарт нысанында жасалған құқықтық акт;
iссапар - жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша қызметкердi тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге еңбек мiндеттерiн орындау үшiн жiберу;
өтемақылар - жұмыс режимi мен еңбек жағдайларына, жұмысты орындаған кездегi қызметкерлердiң шеккен шығындарының орнын толтыруға байланысты ақшалай төлемдер;
ең төмен жалақы мөлшерi - меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс iстейтiн адамдарға ақшалай төлемдердiң Қазақстан Республикасының Конституциясы кепiлдiк берген ең төмен мөлшерi;
жазбаша ескерту (хабарлама) - қызметкердiң немесе жұмыс берушiнiң қол қойылған және тiркелген өтiнiшi не өзге де әдiспен (хабарлама арқылы тапсырысты хатпен, факспен, электронды поштамен, жеделхатпен) берiлген өтiнiшi;
жұмыс берушiлердiң өкiлдерi - құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс берушiнiң немесе жұмыс берушiлер тобының мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi жеке немесе заңды тұлғалар;
қызметкерлердің өкілдері - кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) қызметкерлер уәкілеттік берген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де тұлғалар мен ұйымдар;
қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға;
жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушiнiң актiлерi мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындайтын уақыт;
еңбек мiндеттерi - қызметкер мен жұмыс берушiнiң жеке еңбек және ұжымдық шарттармен байланысты мiндеттемелерi;
еңбек стажы - қызметкердiң заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысушы қызметкер немесе жеке адам ретiнде еңбек мiндеттерiн жүзеге асыруға жұмсаған күнтiзбемен есептелген уақыты;
еңбек дауы - еңбек туралы заңдардың қолданылу мәселелерi бойынша бұрын қызметкер (қызметкердiң өкiлi) мен жұмыс берушi (жұмыс берушiнiң өкiлi) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiспеушiлiк;
еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - еңбек қатынастары саласында өз өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, оны қорғау мен нормалау жағдайы, жұмыс режимi, мамандықтарды (қызметтердi) қоса атқару мүмкiндiгi мен тәртiбi, техникалық, санитариялық, гигиеналық, өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ жеке еңбек және ұжымдық шарттар тараптарының келісiмi бойынша өзге де жағдайлар;
еңбек туралы заңнаманың сақталуын тексеру (бұдан әрi - тексеру) - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асыратын жұмыс берушiнiң немесе қызметкердiң Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын орындауын тексеру.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1. Еңбек, еңбек жағдайлары туралы тұжырымдама.
2. Әлеуметтік саясат пен жұмыспен қамтылудың байланысы.
Ұсынылған әдебиеттер
1. Кадомцева С.В Социальная защита населения- М, 1999
2. Менлибаев К.Н., Туганбекова К.М., Черная Г.Г., Каргин С.Т. Социальная работа. Караганда, 2000.
3. Мемлекет саясатының стратегиясының басым бағыттары-
баянды даму кепілі. Ақиқат. №10, 2001 ж.
4. Назарбаев Н.А. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы,Астана. 2013жыл14 желтоқсан.
5. НазарбаевН.А XXI ғасырлар тоғысында- Л, 2002
6. Рапатский Б.В Социальная политика, Социальная защита, самозащита
трудящихся в обществе. -М, 1998
7. Романов В.И. Социальная политика Казахстана. Саясат. №9, 1997
14- ші дәріс.