Бап. Заңсыз қоғамдық және басқада бірлестіктер құру, олардың қызметінебасшылық ету және қатысу

1.Қызметі азаматтарга зорлық-зомбылық жасаумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен ұштасқан не азаматтардың азаматтық міндеттерін орындау-дан бас тартуына немесе құқыққа қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауына түрткі болган діни немесе қогамдық бірлестік қуру немесе оган басшылық ету, сол сияқты діни не-гіздегі партия не Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған көздерден қаржыландырылатын саяси партия немесе кәсіптік одақ қуру немесе оган басшылық ету-

2.Нәсілдік, улттық, рулық, әлеуметтік, тектік-топтық немесе діни төзбеушілікті не­месе артықшылықты уагыздайтын немесе оны ісжүзінде іске асыратын, конституциялың қурылысты күштеп құлатуга, мемлеиеттің ңауіпсіздігіне нұқсан келтіруге немесе Қазақстан Республикасының аумақтық тутастыгына қол сугуга шақыратын қоғамдық бірлестік ңуру, сол сияқты осындай бірлестікке басшылық ету -

3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген бірлестіктердің қызметіне белсенді түрде қатысу -

Қызметі азаматтарга зорлық жасаумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен ұлітасқан, не азаматтардың азаматтық міндеттерін орындаудан бас тартуға немесе кұқыққа карсы өзге де эрекеттер жасауға түрткі болған діни немесе қоғамдық бір-лестіктер құру немесе оған басшылық жасау, сол сияқты діни негіздегі партия, Қазақстан Республикасының зандары бойынша тыйым салынған көздерден қаржыландыратын саяси партиялар немесе кэсіптік одақтар құру немесе оған басшылық жасау көрсетілген қылмысты істеуге жатады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі Қылмыстық кодекстің 403-бабындағы көрсетілген құраммен бірдей.

Объективтік жағынан талданып отырылған құрам белсенді эрекет күйінде: заңсыз діни немесе қоғамдық бірлестіктер құру; оларға басшылық жасау; Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған көздерден қаржыландыратын діни пар­тиялар, саяси партиялар, кәсіподактар құру жэне оларға басшылық жасау арқылы жүзеге асырылады.

Яғни көрсетілген эрекеттердің барлығы қоғамдық бірлестіктер немесе саяси пар­тиялар туралы заңға қайшы болуы қажет. Осы іс-эрекеттер орын алысымен қылмыс аяқталған деп танылады, өйткені ол материалдық-формальдық құрамға жатады.

Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстық құқық бұзушылыктың субъектісі - арнаулы, заңсыз қоғамдық бірлестік-тер құрған немесе оған басшылық жасаған 16-ға толған адам.

Нэсілдік, үлттық, рулық, элеуметтік, таптық немесе діни төзбеушілікті немесе артықшылықты уағыздайтын немесе оны іс жүзінде жүзеге асыратын, конституциялық құрылысты күштеп қүлатуға, мемлекеттің кауіпсіздігіне нү_қсан келтіруге немесе Қазақстан Республикасының аумақтық тұлгастығына қол сұғушылыққа шақыратын қоғамдық бірлестік кү_ру, сол сияқты осындай бірлестікке басшылық жасау — осы қылмыс құрамының (404-баптың 2-тармағы) ауырлататын түрі болып табылады.

Ал осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде (404-баптың 1 -тармағы, 404-баптың 2-тармағы) аталған бірлестіктердің қызметіне белсене араласқаны үшін жауаптылық Қылмыстык кодекстің 404-бабының 3-тармағында көзделген. Бү_л құрамның субъектісі болып бірлестіктің қызметіне белсене араласқан адам ғана танылады. Белсене араласуға оны құруға үндеу жасау, адамдарды соған кіруге үгіттеу, солардың пайдасына басқа да белсенді іс-эрекеттерді істеулер жатады.

Бап. Қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне соттың ты-йым салу немесе тарату туралы шешімінен кейін олардың қызметін ұйым-дастыружәнеоғанқатысу

1. Қоғамдың немесе діни бірлестікке не өзге де ұйымга қатысты олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым сапу немесе тара­ту туралы заңды күшіне енген сот шешімі бола тура, олардың қызметін ұйымдастыру -

2. Қогамдық немесе діни бірлестікке немесе өзге де уйымға қатысты олардың экстре-мизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімі бола тура, олардың қызметіне қатысу -

Ескерту.

Экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де уйымның қызметіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс қурамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Біздің республикамызда кез келген экстремистік іс-эрекеттер Конституцияға жэне басқа да заңдарға қайшы. Қылмыстық құкық бұзушылықтың тікелей объектісі — басқару саласындағы үлтаралық татулыққа, тұрақтылықты камтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық қоғамдық немесе діни бірлестіктің не езге де ұ_йымның экстремизмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімінің болғанына қарамастан, олардың қызметін ұйымдастыру іс-эрекеттері арқылы белсенді түрде жүзеге асырылады. Қылмыстық қүкық бұзушылық қүрамы - формальдық, сот шешімінен кейін көрсетілген іс-эрекетті ұйымдастыру қьшмыстың аяқталғанын білдіреді.

Субъективтік жағынан қылмыстық құқык бұзушылық тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтын субъекгісі -16-ға толған, есі дұрыс адам. Қоғамдық немесе діни бірлестікке немесе өзге де ү_йымға қатысты олардың экстремизмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы занды күшіне ен-ген сот шешімі бар болғанда олардың қызметіне қатысу - осы қылмыстық қүқық бұзушылықтың ауырлататын түріне жатады. (405-баптың 2-бөлігі). Қылмыстық құқық бүзушылықтың ауырлататын Бұл түрінің ерекшелігі - кінэлі заңцы күшіне енген сот шешімінің болғанына қарамастан экстремистік іс-эрекеттер қызметіне қатысады. Яғни, қылмыстық қү-қық бұзушылық тікелей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстық кодекстің 405-бабының ескертуіне сәйкес қоғамдық немесе діни бірле-стікке не өзге де ұйымға катысты олардың экстремизмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы занды күшіне енген сот шепіімі бар болганда олардың қызметіне қатысуды өз еркімен токтатқан адам, егер оның іс-эрекеттерінде өзге қылмыс қүрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Наши рекомендации