Тұңғыш ғарышкерлер

Сынып билет мәтіндері

1. Саяхатқа шығайық (оқулық, 5-бет)

2. Ұшақпен саяхат
Мен институттан жолдама алып, Қазақстан Республикасының Астана, Алматы қалаларына сапар шектім. Бұл менің үлкен қалаларға бірінші рет саяхат жасауым. Қарағандыдан Алматы қаласына алдын ала бару, қайту билеттерін орталық аэрокассадан алдым. АН-24 ұшағының 9Ү 755 рейсіне билет алдым. Ұшақ орталық әуежайдан ұшу керек. Ұшақ кешкі сағат сегізде ұшады. Орталық әуежайға екі сағат бұрын келіп жол жүгімді өлшетіп, тіркеуден өттім. Ұшаққа отырғызу басталды. Ұшақта өз орнымызға орналастық. Стюардесса: «Белдіктеріңізді ілгектеңіздер, темекі тартуға болмайды, ұшақ 8000 (сегіз мың) метр биіктікте, сағатына 1000 (бір мың) км жылдамдықпен ұшады», - деп хабарлап жатыр.
Міне ұшып келеміз, ұшақ қонуға бет алды. Стюардесса тағы да Алматы қаласының ауа райы туралы, заттарымызды жол жүгі бөлімінен алатынымызды хабарлап тұр. Алматыдан кейін Астанаға бару керек.

3. Теміржол бекетінде
Мен қызмет бабымен ел ішінде немесе шетелге сапар шекпеймін. Өйткені студентпін. Ата-анама баруым керек. Қазір демалыс уақыты. Олар Қарағанды қаласында тұрады. Қарағандыға ұшақ, пойыз және автобустар барады. Осы жолы пойызға отырдым. Анықтама бюросында:
- Қарағандыға дейін қандай пойыз жүреді?
- Қарағандыға № 9-ыншы - пойыз жүреді.
- Қай кассадан билет сатып алуға болады?
- Бесінші кассадан билет сатып алыңыз.
- № 9-ыншы пойыз қай платформаға тоқтайды? Қай жолдан жүреді?
- Сіздің пойызыңыз екінші платформаға тоқтайды. Бірінші жолдан жүреді.
Менің қол жүгім ауыр емес. Перронда жүк көтерушілер, жолаушылар көп. Алтыншы вагонды іздеп келе жатырмын.
-Мынау алтыншы вагон ба?
-Иә, алтыншы вагон,- деді жолсерік.
Мен төсек-орын алып, төменгі орынға орналастым. Жолсеріктен газет-журнал алып, оларды оқуға кірістім. Қарағандыға пойыз бір тәулік жүреді.

Мұражайға саяхат

Қарағандыда Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театры мен Константин Станиславский атындағы орыс драма театрларында, академиялық музыка театрында халықты таң қалдыратын қойылымдар қойылады.
Ән сүйер қауымға классикалық музыка орындаушы – музыканттар, жеке ән айтушылар, дирижерлер өздерінің авторлық концерттерін «Шалқыма» концерт залында ұсынады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы этнографиялық саябақ, орталық саябақ, Жауынгер – интернационалистер рухына арналған саябақта қала қонақтарын қашанда қуана қарсы алады. Көрме залында, бейнелеу өнері мұражайында қала тұрғындары мен қонақтарын талантты суретшілермен, мүсіншілермен және Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлерімен таныстырады.
Қарағанды облысының өткен тарихы туралы толық мағлұматты облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан алуға болады.

5. Қазақ – қонақжай халық
Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге келіп қонақ бола береді.
Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу – ұят. Қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп есікті жабуы керек.
Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға қымыз, шұбат береді. Содан кейін ет беріледі. Еттен кейін қонақтарға шай беріледі де олардың көңілді отыруына барлық жағдайларды жасайды. Қазақтар «қонақ келсе-құт» деп түсінген.

6. Қазақстанның жер аймағын аралаймыз (оқулық, 39-бет)

Сарыарқа өңірі

Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысы Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді.

Сарыарқа – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің, мәдениеттің және тарихтың кеніші. Сарыарқаның асыл тумалары, Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже,Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров, ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған

8. Жер жаннаты-Жетісу (оқулық, 37-бет(

Тұңғыш ғарышкерлер

Тоқтар Әубәкіров- тұңғыш қазақ ғарышкері. Ол 1946 жылы шілденің 2-сі күні Қарағанды облысында туған. Мектепте оқып жүргенде ұшқыш болуды армандайды. Кейін Теміртаудағы металлургия зауытында токарь болып істейді, әрі кешкі мектепте оқиды. Аэроклубқа қатысып, парашютпен секіруге жаттығады. Орта мектептен кейін Армавирдегі әскери авиация училищесін үздік бітіреді.

1974 жылы Тоқтарға 1-ші класты ұшқыш атағы беріледі. 1988 жылы жаңа авиация техникасын сынақтан өткізу кезіндегі ерлігі үшін Тоқтар Әубәкіровке Батыр атағы беріледі.

1991 жылдың қазан айында Тоқтар әубәкіров- Австрия экипажымен ғарышқа ұшты.

10. Қазақстанның халықаралық қатынастары.
Қазақстан дүниежүзіндегі барлық елдермен дипломатиялық қатынас орнатты. Барлық беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. Сөйтіп, Қазақстанның бейбіт жолмен қауіпсіз дамуы үшін кепіл бола алатын дүниежүзінің ірі мемлекеттерімен ынтымақтастық құрылды. Бұл орайда БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы), Шанхай форумы, Ортаазиялық экономикалық Одақ сияқты ұйымдардың ықпалы зор.
Қазақстанның қатынастарындағы ең үлкен табысының бірі – 2010-ыншы жылы ЕҚЫҰ (Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық үшін күресетін ұйымы)
ЕҚЫҰ – Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық үшін күресетін ұйымының қысқарған атауы. Оған Еуропаның, Американың, т.б. құрлық елдерінен 56 мемлекет мүше. ЕҚЫҰ осы аймақта бейбітшілікті, қауіпсіздікті, ынтымақтастық экономикасын, адам құқықтарын, демократияны т.б. бүгінгі заман сынақтарының оң шешімін қамтамасыз ету үшін күреседі.

11.Үкімет
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады.
Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Республика Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Республика Парламентіне есеп береді. Үкіметтің қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
Қазақстан Үкіметі қызметінің аса маңызды бір саласы – Республикадағы тілдер саясатын дұрыс жүзеге асыру. Мемлекеттік мекемелерде қазақ және орыс тілдерінің қолданылуы үшін қажетті нормативтік-құқықтық жағдай жасалған. Олардағы іс жүргізуді бірте-бірте мемлекеттік тілге көшіру.

12. Жастар киімі (оқулық, 135-бет)

13. Гүлбаһрам Иманбекқызы Тарабаева (209-бет)

14. Ұялы телефон (оқулық, 165-бет)

15. Компьютердің атасы кім?
1876 жылы Болгарияда халық көтерілісі болды. Сол көтерілісте әке-шешесі қаза болған 13 жастағы Иван ағасымен бірге Америкаға кетеді. Кейін ол американдық әйелге үйленеді. 1903 жылы Джон атты сәби дүниеге келеді. Міне, осы Джон - компьютердің атасы. Оның әкесі –инженер-электрик, анасы-математик болған. Джон 25 жасында Флорида университетін аяқтап, математик болып шықты. Вискоски университетінде докторлығын қорғап, Айова университетінде қызмет істеді.
1933 жылы 40 жасында көп еңбектің нәтижесінде Берри деген көмекшісімен бірге 30 белгісізі бар алгебралық теңдеуді шешетін компьютерді құрастырып шығарады.
16. Қарағанды
Қарағанды қаласында экономика саласынан мынадай кәсіпорындар жұмыс істейді: көмір өндіру, машина жасау, энергетика, тамақ өнеркәсібі және тағы басқа.
1930 жылы Қарағандыда алғашқы төрт бейімделген кен орындарының кірпіші қаланды. 1931 жылы Қарағанды қонысы жұмысшы поселкесіне айналды. Қалада бес кірпіш, цемент және алебастр зауыттары, әк-шлак блоктарын шығаратын екі зауыт жұмыс істеді. 1934 жылы ақпанда кеншілердің жұмысшы поселкесі- Қарағанды қала дәрежесіне ие болды. Қарағанды қаласы мен облысы Қазақстанның аса ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды.
1936 жылы салына бастаған мұғалімдер институты, балабақшалар, ауруханалар, кітапханалар, клубтар, театрлар, мәдениет және демалыс саябақтары ашылды.
1984 жылдың 6 сәуірінде Қарағанды қаласы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Қазір де Қарағанды – Қазақстанның аса ірі өнеркәсіптік және мәдени орталығы болып есептеледі.

17. «Болашақ» бағдарламасы
Қазақстанның жарқын болашағын құру үшін жастарды өз елімізде, шетелдердің жоғары оқу орындарында да оқытып, білімі сапалы мамандар дайындау міндеті жүзеге асуда.
Президенттік «Болашақ» деп аталатын бағдарлама шеңберінде жыл сайын талантты жастарға шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі жасалып отыр.
Жастарды шетелге оқуға жіберудегі мемлекеттің мақсаты – сапалы жоғары білім беру, тәжірибе жинау, еліміздің ілгері дамуына үлес қосу.
«Болашақ» бағдарлама шеңберінде жастар тегін білім алады. Мемлекет оларға жатақхана мен тамағының ақшасын төлеп отырады. Ол барлық тұрмыстық мұқтаждарға молынан жетеді.
1993 жылы тағайындалған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері өз болашағымен қатар, мемлекет болашағын да алға қояды, олар бәсекеге қабілетті болуға үйренеді.

18. Қазақстанның білім ошақтары
Әбу Насыр әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті республикамыздың ең ірі жоғары оқу орны.
Университет 1934 жылы құрылған. 1993 жылы қаңтар айынан бастап Ұлттық университет деп аталады. Бұл университетте 20-дан астам мамандық бойынша білімді мамандар дайындайды. Онда мынадай факультеттер бар: филология, журналистика, заң, тарих, философия және саясаттану, биология, география, шығыстану, экономика, математика, механика және қолданбалы математика, физика, химия, физиология.
Оқу орны орналасқан жер «Университет қалашығы» деп аталады. Қалашықта әкімшілік ғимараты, оқу ғимараттары, Студенттер сарайы, жатақханалар бар.
Ұлттық университетімізде Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден келген студенттер мен аспиранттар оқиды.
Университетте екі сатылы білім беру жүйесі енгізілген. Олар: бакалавр және магистратура.
Бұл жоғары оқу орны – біздің мақтанышымыз.


19. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

Қ.И. Сәтбаев 12.04.1899 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Сәтбаев ауылында туған. Ол – көрнекті қазақ ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткері, геология-минерология ғылымының докторы, профессор. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы, әрі тұңғыш президенті. КСРО және Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Томск технология институтын бітірген.

Қ. Сәтбаев Жезқазған кенінде жүргізілген жұмыстардың ауқымды бағдарламасын жасады. Осы бағдарламаны орындау кезінде анықталған жаңа геологиялық деректер Жезқазған қойнауы кен-байлыққа толы екенін көрсетті, геологиялық-барлау ісіне прогресшіл жаңа технология енгізді, бұл теория осы өңірдегі іздеу-барлау жұмыстарында әлі күнге дейін қолданалып келеді.

Наши рекомендации