ТаҒайындалҒан дӘрілік заттардыҢ фармакодинамикалыҚ жӘне фармакокинетикалыҚ сипаттамалары

Лгі

МЕДИКАМЕНТОЗДЫ ТЕРАПИЯНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ­-ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫНЫҢ ОҚУ-ТӘЖІРИБЕЛІК ХАТТАМАСЫНЫҢ ҮЛГІСІ

1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1.1 Медициналық карта №___ стационарлық (амбулаторлық науқастың)

1.2 Денсаулық сақтау мекемесінің аты

1.3 Бөлімше

1.4 Фамилиясы, аты, тегі

1.5 Жасы

1.6 Бойы

1.7 Салмағы

1.8 Жұмыс орны, қызметі.

1.9 Стационарға түсу күні/емді бастаған күні (амбулаторлық тәжірибеде)

1.10 Стационардан шыққан күні/емді аяқтаған күні (амбулаторлық тәжірибеде)

1.11 Жолдама берген мекеме диагнозы

1.12 Түскендегі диагнозы

1.13 Клиникалық диагнозы

1.14 Қорытынды диагнозы

1.15 Төсек-күні

2 КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗДЫ НЕГІЗДЕУ (медициналық карта/немесе пациентті курациялау қорытындысы бойынша)

2.1 Шағымдары. Сұрастыру мәліметтері беріледі.

2.2. Осы ауру мен өмір тарихы. Аурудың басталуы, себебі жайлы мәліметтер беріледі (науқастың ойы бойынша), симптомдардың даму кезектілігі, жүргізілген диагностикалық және емдеу шаралары көрсетіледі. Медикаментозды терапия туралы неғұрлым толығырақ ақпаратты «дәрілік анамнез» бөлімінде беріледі. Өмір тарихында осы ауруды негіздеуге қажетті маңызды мәліметтер беріледі. Тағы да тамақтану ерекшелігі, жағымсыз әдеттері (темекі тарту, алкоголь қолдану) жағдайы да көрсетіледі, оларды ауруды негіздеуден басқа кейбір ДЗ фармакодинамикасы мен фармакокинетикасындағы өзгерістерді болжауға қолдануға болады.

2.3. Дәрілік анамнез. Осы ем алдында қолданылған медикаментозды терапия әдістері көрсетіледі. Сұрастыру, медициналық құжаттар бойынша осы пациентке қолданғанда неғұрлым тиімді болған ДЗ (ДП) немесе ДЗ топтары нақтыланады, тағы да байқалған жағымсыз реакциялар, дәрілік аллергиялар (псевдоаллергиялық реакциялар) және науқасқа жақпаған дәрілік заттар анықталады. Тұқымқуалаушылық мәліметтері беріледі. Егер бар болса қан және оның компоненттерін кұю жағдайы, жүргізілген гормональдық және цитостатикалық терапия туралы мәліметтер де беріледі.

2.4. Объективті зерттеулер.

Диагнозды негіздеу үшін ең маңызды клиникалық-физикалдық көрсеткіштер (жеке мүшелер мен жүйелерді пальпация, перкуссия, аускультация бойынша және жалпы қарау мәліметтері) беріледі.

2.5 Аспаптық және лабораторлық зерттеулер мәліметтері.

Курация жасалатын пациенттің немесе клиникалық жағдайға сәйкес (медициналық карта бойынша) нақты лабораторлық және аспаптық зерттеу қорытындылары беріледі. Бұл кезде тек клиникалық диагнозды нақтылайтын лабораторлық және аспаптық зерттеу қорытындылары ғана емес, сонымен қатар, медикаментоздық терапияның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеуге қажетті басқа да көрсеткіштер де енгізіледі.

2.6 Аралас маман-кеңесшілердің қорытындысы.

2.7 Клиникалық диагноз.

3. ЕМДЕУ ЖОСПАРЫ МЕН ТАҒАЙЫНДАУ ПАРАҒЫ. Медициналық картада көрсетілген науқас түскеннендегі емдеу жоспарынан бастап шыққандағы соңғы күнге немесе соңғы курация жасағанға дейінгі медикаментозды терапияның мәліметтері беріледі. Бұл кезде ДЗ тағайындау парағындағы орташа медициналық қызметкерлердің тағайындауларды орындалуы да көрсетіледі. Мысалы, дәрігер ДЗ тағайындайды бірақ, әр түрлі себептермен оның орындалмаған жағдайлары міндетті түрде көрсетіледі.

ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ФАРМАКОДИНАМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАКОКИНЕТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

Науқасқа тағайындалған ДЗ фармакодинамикалық және фармакокинетикалық сипаттамалар талдауы беріледі. Бұл этап медикаментозды терапияның КФЭ жүргізу үшін логикалық және синтетикалық ойлауға қажетті ақпараттық база ретінде қажет болады.

Стандартталған ақпарат көздері бойынша науқасқа тағайындалған дәрілік заттардың фармакодинамикалық сипаттамалары талданады: әсер ету механизмі; көрсеткіштері; әсердің басталуы, ДЗ максималдық ұзақ әсер етуі; ДЗ мүмкін болатын жағымсыз кері әсерлері (ЖКР); ДЗ мөлшерлері. Тағы да ДЗ тағайындауға қарсы көрсеткіштер мен ерекше ескертпелер (ескерту) талданады.

Науқасқа тағайындалған дәрілік заттардың ұтымдылығын талдағанда ДЗ келесі: абсорбция; белоктармен байланысы, таралуы; биожетімділік; метаболизм; элиминация, жартылай шығару кезеңі сияқты маңызды фармакокинетикалық көрсеткіштерге көңіл аудару қажет.

ДЗ барлық фармакодинамикалық және фармакокинетикалық көрсеткіштері сәйкесінше таблицаларға енгізіледі 1,2 (1,2,3,4 қосымша).

Наши рекомендации