Санаторлы-шипажайлы кәсіпорындар
Рекреациялық желі –бұл қандай да болмасын аумақта немесе тұтастай ел шегінде орналасқан рекреациялық мекемелер жиынтығы. Оларға емдеу-сауықтырушылық, спорттық және танушылық туризм жатады. Рекреациялық желінің дамуының негізгі көрсеткішіне рекреациялық мекемелердің тығыздылығы болып табылады. Рекреациялық мекемелердің тығызыдылығы-аумақтың мың киллометріне орналасатын орындар санымен анықталады. Осыған сәйкес бұл аумақтағы рекреациялық дамулар күшті, орташа, әлсіз болып бөлінеді.
Рекреациялық мекемелердің қызметтік ерекшелегі қандай да болмасын рекреациялық іс әрекеттін түріне бейімделумен анықталады және бұл факторлар олардың материалдық базасының даму дәрежесін анықтайды.
Туризмнің материалдық базасы дегеніміз –рекреациялық қызмет көрсетуді өндіру үшін қолданатын өндірістік күштердің материалдық және заттық элементтердің жиынтығы. Барлық рекреациялық шаруашылық көптеген сала бөліктеріне бөлінеді. Ертеден және көбіне дамыған сала бөлігіне емдеу-сауықтырушылық демалудың мекемелері жатады. Оған санаторий, санаторий-профилакторий, емдеумен пансионат, демалу пансионаттары, демалу үйлері, демалу базалары, курорттық емханалар және т.б. жатады. Емдік демалу мекемелері ең қуатты материалдық базаны иеленеді, өйткені, рекреанттардың демалуы онда емделумен үйлесімділіктің болуын талап етеді, ал ол үшін күрделі медициналық жабдықтар талап етіледі.
Санаторийдің медициналақ жабдығы 2 негізгі факторға байланысты.
курортта қолданатын негізгі табиғи-емдік факторларға;оның порфиліне.
Санаторийлер ең жақсы дамыған материалдық базаны және көп аумақты талап етеді. Санаторлы-курорттық мекемелердің аумағы 3 негізгі қызметтік зонаға бөлінеді:
Емдік
Шаруашылық
Селитебтік
Ең кең зона емдік болып табылады. Бұл зонада ұйықтау және емдеу корпусы, қысқы және жазғы спорттық кешендер, асхана, бос уақыттық орталық, климаттық құрал жабдықтар және санаторлық парктер орналасады.Ұйықтау корпустары барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген қонақ үй кешенін білдіреді. Асхана басқа тамақтандыру орындарынан демалушыларға міндетті түрде сәйкесті диеталық тамақтандыруды ұсынумен ерекшеленеді.Емдік корпус бірнеше бөлімдерден тұрады. Оған қызметтік диагностика, физиотерапия, психотерапия, емдік денешынықтыру жатады, сондай-ақ жеке кабинеттер болады: массаж, галатерапия, ингалотерапия, стаматология, шаншу т.б. және де душ кабиналары, бассейн, балшықпен емдеу, ванналар қабылдау орындары болады. Емдік зона аумағында климаттық құрылғылар орналасады, емдік пляждар, терренкур, дозаланған маршрутпен жүру.Шаруашылық және селитебтік зоналар емдік зонадан біраз алыс қашықтықта болу керек және жасыл отырғызылған жолмен бөліну керек. Шаруашылық зонада қоймалық орындар, кір жуу орындары орналасады. Селитебтік зона қызмет көрсетуші персоналдың тұруы үшін арналған орын.Санаторийлер курортта негізгі емдік мекемелерге жатады. Бұл жерде емдік-профилактикалық мақсатта диетотерапия, емдік денешынықтыру, физиотерапия және басқа да емдік әдістердің үйлесімділігімен табиғи емдік факторлар қолданады.Ересектер және балалар үшін санаторийлер бірпрофильді және көппрофильді болып бөлінеді. Бірпрофильді санаторийлер біртекті ауру түрін емдеумен айналысады. Көппрофильді бірнеше мамандандырылған бөлімдерден тұратын санаторий. Сонымен қатар шағын профильдегі санаторийлер де қызмет етеді, олар арнайы дайындалған медициналық көрсеткішпен науқасты емдеу және де кәсіптік ауруларды емдеу үшін мамандандырылған санаторийлер бар.
Қазіргі уақытта ересектер үшін санаторийлердің келесі типтері бекітілген:
Туберкулезбен ауратындар үшін
Кардиологиялық қан айналыс органдарын емдеумен айналысады.
Тамақ қорыту органының және зат айналымының бұзылуын емдеу үшін
Қозғалыс аппаратын емдеу
Неврологиялық санаторийлер
Урологиялық санаторийлер
Бүйрек ауруларды емдеу
Кәсіптік ауруларды емдеу
Көппрофильді санаторийлер
8.2. Санаторийлерде науқастардың емделу мерзімі аурудың сипатына және күрделуіне және курорттың типіне байланысты болады. Көбіне емделу мерзімі 20 күннен 45 күнге болуы мүмкін. Климаттық курорттарда және қала сыртындағы санаторийлерде органдардың тыныс ауруларын және жүйке жүйесінің қызметтік бұзылуын емдеу 24 күнге дейін болады.Өкпенің кәсіптік ауруын емдеу 30 күн болады. Арқа ми ауруы және травмасының болған науқасты емдеу 45 күнге созылады. Кейбір жағдайларда емдеу мерзімі ұзартуы мүмкін.
Санаторийлерде қызмет көрсетуші персоналдың ең көп санына келесілер жатады:
Әртүрлі мамандықтың дәрігер-курортологтар
Медбикелер
Диеталық тамақтану бойынша мамандар
Горничнаялар
Демалушылардың бос уақытын ұйымдастырумен айналысатын аниматорлар
Минералды сулар бастауларының жұмысын қарап отыратын гидрологтар
Бухгалтерия
Санаторлық көлік қызметкерлері
шеберхана және басқа да тұрмыстық қызметтің қызметкерлері.
Соңғы уақытта санаторлық желістің кеңею беталысы ірі қалалардың маңайында халықты емдеу орындарының ашылуы көріне бастады. Бұл науқастар мен қарт кісілердің уақытша және климаттық шарттардың өзгеруіне қиын бейімделетін геогрофиялық күйзелістің пайда болуымен түсіндіріледі.
Санаторий-профилакторийлер қызметкерлердің таңертенгі және кешкі жұмыстан тыс уақытында сауықтыруға бейімделген кәсіпорындар. Санаторий-профилакториийдің аумағы және оның көлемі санаторийге қарағанда аз болып келеді. Санаторий-профилакторий ірі өнеркәсіп орталықтар айналасында орналасады. Бұл жерлерге аурудың одан әрі дамуын ескерту немесе оны жою және асқынуы болмауы мақсатында науқастарды жібереді.Емдеумен пансионаттар санаторийлермен салыстырғанда аз ғана емдіс базаны иеленетін орын. Егер де олар курорттық зоналарда болса, сол емхананың бекітуімен демалушыларға емдеу курсын жүргізе алады. Пансионатта демалу ұзақтығы 12 күннен 24 күнге дейін болуы керек. Пансионаттар жеткілікті дамыған материалдық-техникалық базаны иеленеді, ол ұйықтау корпусын, асхана, концерттік және би залдарын, ойын орындарын, кітапхананы, спорттық кешенді, бірнеше дәрігерлік кабинетті иеленеді. Демалу базасы көбіне жанұялық демалу үшін арналған материалдық жабдықталуы жағынан қарапайым болып келетін демалу мекемесі. Демалу базалардың көп бөлігі демалыс күндері немесе бір аптаға, 12 күнге қабылдауы мүмкін.
Сарыағаш Шипажайы – емдеу орны. Сарыағаш ауданында орналасқан бальнеологиялық «Сарыағаш шипажайы» АҚ. 1953 – 56 жылдардан емдеу орнына айналды. Сарыағаш шипажайы шаруашылық ұңғымалардан тәулігіне 84 м3 су алады. Ауасы құрғақ, жазы ыстық, ұзақ, қысы жұмсақ. Емге пайдаланатын минералды суының темп-расы 49 – 52С. Құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонат, натрий, калий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және микроэлементтер бар. Ас қорыту органдарының қызметі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол-аяқ, тері, әйел ауруларымен сырқаттанғандар емделеді. Сарыағаш шипажайы шаруашылық Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де белгілі.