Тақырып. Өнім сапасының стратегиясы
1. Өнім сапасы және оған қойылатын талаптар
2. Сапа көрсеткіштері, оларды бағалау әдістері
3. Сапаны басқау жүйесі
4. Кәсіпорында өнім сапасын басқару қызметі
1. Өнім сапасы және оған қойылатын талаптар
Нарықтық жағдайда көптеген кәсіпорындар, өз өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату үшін сапа менеджментінің қажеттілігін түсінді. Өнім сапасы – бұл шартты немесе болжанған қажеттілікті қанағаттандыра алатын, өнімнің сипаты мен қасиеттер жиынтығы.
Халықаралық стандартқа (ИСО 8402) сәйкес сапа - шартты немесе болжанған қажеттілікті қанағаттандыратын объектінің (қызмет немесе процесс, өнім, қызмет көрсету және т.б.) сипаттар жиынтығы ретінде анықталады.
Қазіргі уақытта көптеген дамыған мемлекеттерде, өнім сапасы келесі негізгі факторлардың ықпалымен құрылады:
1. Ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетістіктеріне өнеркәсіптік кәсіпорындардың жедел бейімделе алуы;
2. Халықаралық және ішкі нарықтардың талаптарын, әртүрлі категориядағы тұтынушылардың қажеттіліктерін мұқият зерттеу;
3. «Адами факторды» қарқынды қолдану, яғни оқыту (жұмысшылар мен жетекшілерді), тәртібиелеу, мамандығын жүйелік жоғарылату, моральды және материалды сипаттағы ынталандыру арқылы оның шығармашылық әлеуетін қолдану.
Өнім сапасына қойылатын талаптар өнім өндіруші мен тұтынушы үшін қажетті маңызды көрсеткіштермен анықталады:
1. Сапа мен өндіріс тиімділігі арасында тікелей байланыс бар, олар бір-бірін толықтырады.
2. Сапа шығындардың төмендеуінің, ішкі және халықаралық нарықтағы бәсекелестік жағдайында тірі қалуының негізі болып табылады.
3. Тұтынушы көзқарасы бойынша, өнім сапасы – олардың қажеттілігін қанағатандыратын деңгей.
4. Қазіргі заман тұтынушысы, өнім сапасына деген талаптарды үнемі жоғарылатып отырады, сондықтан ол:
- тауардың сапасына мән беріп, оның бағасы екінші орында қалады;
- әрбір ақау бойынша кемшіліктерді көрсетеді;
- сапаның үнемі жақсаруын талап етеді;
- өндірушіден, бастапқы технологиялық процесте барысында өнім сапасын қадағалауды талап етеді;
- өндірушінің технологиялық процесіндегі өзгерістерге аса мән береді;
- қажетті сапамен қамтамасыз етілген жағдайда өндірушіден тауарды еркін сатып алады;
- егер сапасы жоғары болса, онда тұрақты осы өнімді тұтынады.
Тұтынушылардың өнім сапасына қоятын талаптарының үнемі өсуіне байланысты, кәсіпорындар келесідей негізгі жағдайларды орындауы қажет:
ü тұтынушыға осы процестің маңызды қатысушысы ретінде қарау;
ü фирманың басқару жүйесі аясында, сапаны жақсартудың барлық жұмыстары бойынша ұзақ мерзімді бағдарламалар әзірлеу және әске асыру;
ü өз кәсіпорынында келесідей ұранды ұстану: «Жетілгендікке шек жоқ»;
ü мәселелерге назар аудармағаннан гөрі, оларды уақытылы шешкен дұрыс;
ü сапаны жақсарту жұмысына жетекшілердің тікелей қатысуы мен қызығушылығын ынталандыру;
ü кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде жұмыс стандарттарын енгізу;
ü сапаны жақсарту процесіне фирманың барлық жұмыскерлерін қатыстыру;
ü сапа жұмыстары бойынша жақсы нәтижелер көрсеткен жұмысшыларды марапаттау.
2. Сапа көрсеткіштері, оларды бағалау әдістері
Өнім сапасы оның қасиеттерін анықтайтын сандық өлшеуіштері негізде бағаланады. Қазіргі заман ғылымы сапа көрсеткіштерін беретін, өнім қасиеттерінің сандық бағалау жүйесін ойлап тапты. Өнім көрсеткіштері келесідей топтастырылады:
Бағыттылық көрсеткіші тағайындау бойынша өнімді қолданудың пайлалы нәтижесін сипаттайды және өнімді қолдану облысын ерекшелейді. Өндірістік-техникалық тағайындау өнімі үшін өнімділік көрсеткіші негіз болуы мүмкін, ол бағаланатын өнім көмегімен шығарылу мүмкін өнім көлемі қандай немесе белгілі бір уақыт аралығында мүмкін көрсетілетін өндірістік қызмет көлемі қандай екенін көрсетеді.
Сенімділік көрсеткіші – өнімнің тоқтаусыздығы, жөндеуге жарамдылығы, сақталушылығы, және де ұзақ қолданылуы. Бағаланатын өнім ерекшелігіне байланысты сенімділік көрсеткіштері үшін аталған төрт көрсеткішті немесе кейбіреуін қолдануға болады.
Технологиялық көрсеткіш – өнімді дайындау және жөндеу кезінде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін тиімді конструкторлы-технологиялық шешімдерін сипаттайды. Әрине, тек технология көмегімен өнімді массалық шығару, материалдық шығындарын оңтайлы бөлу, өндірісті технологиялық дайындау кезінде уақыт және еңбек құралдары, өнімді дайындау және қолдану қамтамасыз етіледі.
Стандартизациялау және бірыңғайлау көрсеткіші – бұл өнімді стандарттармен, бірыңғай және түпнұсқалық құрама бөліктермен қамтамасыз ету. Өнімінің барлық бөлшектері стандартты, бірыңғай және түпнұсқаулық деп бөлінеді.
Эргономикалық көрсеткіштер адам мен өнімнің өзара әрекеттестігін, өнімді қолдану кезінде пайда болатын адамның гигиеналық, физиологиялық және психологиялық қасиеттерімен сәйкестігін көрсетеді. Мысалы, мұндай көрсеткіштерге келесілерді жатқызуға болады: тракторды басқаруға қажетті күш-жігер; тоңазытқыш есігінің тұтқасының орналасуы; жарықтық, температура, дымқылдық, шаңдығы, шуыл, дірілдеу, сәулелену, иісті газ концентрациясы және т.б.
Эстетикалық көрсеткіштері өнімнің ақпараттық айқындығын, оңтайлы нысаны, компазицияның тұтастылығы, орындау ерекшелігі және тауар түрінің тұрақтылығы.
Транспортталу көрсеткіші тасымалдау үшін өнімнің сәйкестігін көрсетеді.
Патентті-құқықтық көрсеткіштер бәсекеге қабілеттілікті анықтау кезіңде маңызды фактор болып табылатын өнімінің патенттік тазалығын және патенттік қорғануды сипаттайды. Патентті-құқықтық көрсеткіштерді анықтау кезіңде өнімдерде жаңа техникалық шешімдердің болуын ескеру қажет.
Экологиялық көрсеткіштер – бұл өнімді дайындау немесе эксплутациялау кезіңде пайда болатын қоршаған ортаға зиянды ықпал ету деңгейі. Мысалы, зиянды қоспалардың болуы, газдар мен зиянды бөлшектердің шығарылу мүмкіндігі, өнімді сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде сәулеленуі.
Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді тұтыну, тасымалдау, сақтау, жөндеу, қызмет ету, монтаждау кезінде қызмет ететін персонал мен тұтынушылар үшін қауіпсіздік көзқарасы жағынан өнімді қолдану көрсеткішін сипаттайды.
Өнім сапасының сандық мәніндегі көрсеткіштері келесі әдістермен анықталады:
- экпериментальды, өнім сапасын объективті бағалауға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды қолдануға бағытталған;
- органолептикалық, балдық жүйе бойынша сезім органдары көмегімен өнім сапасын анықтауға мүмкіндік береді;
- әлеуметтік, өнім тұтынушысынан алынған мәліметтер есебі мен талдауды қолдануға негізделеді;
- эксперттік бағалау, берілген өнім түрлерін мамандармен сандық бағалауға негізделеді. Сапа деңгейі инновациялық үрдістің барлық кезеңдерінде бағаланады.
Өнім сапасы кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінің, қызметтерінің және бөлімдерінің біріккен қызметі арқасында қамтамасыз етіледі. Осыған орай, олардың жұмысының сапасын бағалау қажеттілігі туындайды. Сондықтан, бөлімшелер, қызметтер және бөлімдердің орындайтын жұмысының сипаты алуан түрлі болғандықтан, олардың әр қайсысы үшін белгілі бір сапа көрсеткіштер жиынтығын қолдануға болады. Мұндай көрсеткіштер тізімін төменде көрсетейік.
1. Бөлімшелердің өндірістік құрылымы · түзетулер мен ақаулар көлемі; · жұмыс нарядтарындағы қателіктер; · ақаулықтары бар өнім пайыздары; · дайын өнімінің бастапқы өндіру көлемі. | 2. Қаржылық бөлім және бухгалтерия · мерзімі өтіп кеткен төлемдер; · қате бухгалтерлік жазбалар; · ақпаратты алуға берілген тапсырыстарды қанағатандыру уақыты; · шоттарды дайындау мен есептеудегі қателіктер. |
3. Жоба-конструкторлық бөлім: · бір сызба есебіне өзгерістер саны; · жобаны талдау барысында пайда болған қателіктер саны; · зерттеу барысында пайда болған қателіктер саны. | 4. Маркетинг бөлімі: · болжамдық жорамалдардың дәлдігі; · дұрыс құрылмаған тапсырыстар саны; · келісім-шарттағы қателіктер; · өнімді көптеп сатып алу. |
5. Материалдық-техникалық қамту бөлімі: · артықшылық запастар; · материалды алу уақыт циклы; · материалдардың жетіспеушілігінен туындаған өндірістік тоқтау. | 6. Ақпараттық қызметтер: · кестеден тыс шығарылған өнімдер есебінің саны; · бағдарламада табылған қателіктер; · мәтіндегі қателіктер саны; · ақпаратты алу уақыт. |
7. Жабдықтар саны: · техникалық көрсеткіштер (қуаттылық, дәлділік, ресурс шығындарының үлесі); · сенімділік; · эргономикалық (ыңғайлылық, автоматтандыру, қауіпсіздік) және эстетикалық қасиеттер; · экономикалық параметрлер. |
3. Сапаны басқау жүйесі
Сапа аясындағы саясат – бұл сапа аясындағы ұйымның мақсаттары мен негізгі бағыттары, ол сапа жүйесі түрінде жоғарғы жетекшілермен ресми қабылданған және құжатта бекітілген.
Сапа аясындағы саясат кәсіпорынның қызмет принципі немесе ұзақ мерзімді мақсат ретінде құрылуы мүмкін. Оған кіретіндер:
Ø кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсарту;
Ø жаңа өткізу нарықтарын игеру немесе кеңейту;
Ø өнімнің техникалық деңгейін жетілдіру;
Ø белгілі салалар немесе белгілі аймақатрдың тұтынушыларының талаптарын қанағаттандыруға тырысу;
Ø жаңа принциптерде жүзеге асатын функционалды мүмкіндіктерді, өнімдерді игеру;
Ø маңызды өнім сапасы көрсеткіштерін жақсарту;
Ø дайындалатын өнімнің ақаулық деңгейін төмендету;
Ø өнімінің кепілдік мерзімін ұзарту;
Ø қызмет көрсетуді дамыту.
Сапа жүйесі – жалпы сапаны басқару үшін қажетті ұйымдастырушылық құрылым, әдістер, ресурстар мен процестер жиынтығы.
Стандартизациялау бойынша халықаралық ұйымның техникалық комитеті, сапа жүйесіне кіруі үшін қажетті сапа жүйесінің талаптары бар және оның элементтерінен тұратын, 9000 сериялы стандарттарды даярлады.
Сапа жүйесінің маңызды элементі өнімнің өмірлік циклі болып табылады. Сапа жүйесі кәсіпорынның нақты қызметіне ескере отырып дайындалады, бірақ сонда да, өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамтуы тиіс:
1) маркетинг, нарықты зерттеу және іздеу;
2) өнімді дайындау, техникалық талаптарды дайындау және жобалау;
3) материалдық-техникалық қамту;
4) өндірістік процестерді дайындау және өңдеу;
5) өндіріс;
6) байқау және тексеру жүргізу, бақылау;
7) орамалау және сақтау;
8) өнімді бөлу мен өткізу;
9) жөндеу және қолдану;
10) техникалық қамту және қызмет көрсету;
11) бұйымды қолданғаннан кейін жою.
Сапаны басқару - экономикалық тиімділікке жету үшін басқару процесіне бағытталған және сапа бойынша талаптарды орындау үшін қолданылатын жедел сипаттағы қызметтің түрлері мен әдістері.
Кәсіпорынның сапаны басқару жүйесіне басқару құжаттарының, шаралары мен орындау тәртібінің тізімі кіруі қажет, олар келесідей көрініс тапты:
ü басшылықтың міндеті (сапа аясындағы саясат, оларды орындау үшін жұмысты ұйымдастыру);
ü құжаттау және жоспарлау жүйесі;
ü бағдарлама мен жоспарларды дайындау уақытындағы сапа;
ü сатып алу уақытындағы сапа;
ü өндіріс кезеңіндегі сапа;
ü сапаны тексеру;
ü зерттеу құралдарын бақылау;
ü ақаулы өнімдерді мұқият зерттеу;
ü сақтау, орнын ауыстыру, орама, тасымалдау кезіндегі сапа;
ü сапаны құжаттау;
ü сәйкес шараларды қабылдау және сапаны талдау;
ü сапаны сақтау жүйесінде фирма ішіндегі бақылау;
ü персоналды оқыту.
4. Кәсіпорында өнім сапасын басқару қызметі
Әрбір кәсіпорынның немесе ұйымның негізгі міндеті өндірілген өнім немесе көрсетілген қызметтің сапасы болып табылады. Кәсіпорынның табысты қызметі қызмет көрсету немесе өнім өндірумен қамтылуы керек, олар:
Ø арналу немесе қолданылу саласындағы белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға дәл келеді;
Ø қолданылатын стандарттар мен техникалық жағдайларға сәйкес келеді;
Ø заң және қоғамның басқа да талаптарына сай келеді;
Ø бәсеке қабілетті бағалар бойынша тұтынушыларға ұсынылады;
Ø пайда алуға бағыттылығы.
Бұл талаптарды орындау өнім сапасын басқарумен қамтамасыз етіледі, яғни кәсіпорында өнім сапасын басқару жүйесі қызмет етуі қажет. Өнім сапасын басқару жүйесі – бұл сапаны басқару үшін қажетті ұйымдастыру құрылымы, жауапкершілікті бөлу, процедуралар, процестер және ресурстар құрайды.
Кәсіпорында өнім сапанын басқару жүйесінде маңызды орынды сапаны басқару қызметі алады, оның негізгі міндеттері:
v фирманың беделін қорғау;
v ақаулы өнімдерден тұтынушыларды қорғау;
v өнімділігі жоқ жұмысты қысқарту;
v ақаулықтардың алдын алу.
Негізгі міндеттерді шешу процесінде сапаны басқару қызметі көптеген функцияларды орындайды, оның ішінде ең маңыздылары:
· өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңінде (ғылыми зерттеулер, дайындау, бақылау, қызмет көрсету) талап етілетін сапа деңгейіне жету бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
· тұтас кәсіпорында және оның цехтарында өнім сапасын қамтамасыз ету бойынша шығындарды есептейді;
· қалдықтарды азайту және жою мақсатында талап етілетін сапа деңгейіне жетуге ықпал ететін әртүрлі факторлармен шартталатын, шығындарды анықтайды;
· сапа мәселелері бойынша бірігіп жұмыс істейтын барлық қызметтердің қызметін үйлестіреді;
· материалдық-техникалық жабдықтау қызметімен бірігіп жұмыс істейді;
· Өз қызметкерлерін және басқа бөлім қызметкерлерін сапа мәселесі бойынша оқытады.
Сапа аясындағы көптеген басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру техникалық бақылау процесінде іске асады. Техникалық бақылау – цехаралық нормалар мен стандарт талаптарына сай дайын өнім, жартылай фабрикат және шикізат сапасын идентифицирлеу нәтижесіндегі әдістер, құралдар мен шаралар жұйесін көрсетеді, және де осы стандарттар мен нормативті құжаттарға сай жоғары сапалы өнімді дайындауды қамтамасыз етеді.
Техникалық бақылау міндеттері:
ü дайын өнім сапасын қою;
ü шығарылатын өнім сапасына ықпал ететін кездейсоқ және субъективті факторлардың алдын алу;
ü берілген технологиялық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету.
Техникалық бақылау функциялары кәсіпорынның техникалық бақылау қызметі жүзеге асырады. Оған техникалық бақылау бөлімі, орталық зертхана, цехтардың зертханалары, бақылау топтары және т.с.с кіреді. Техникалық бақылау қызметі тікелей кәсіпорын директорына бағынады. Кәсіпорындарда техникалық бақылау екі бағытта жүзеге асырылады:
ü шикізат, жартылай фабрика және тауарлы өнімінің сапасын бақылау;
ü технологиялық тәртіптің өлшемдерін бақылау.