Намаздың сүннеттері
1. Тахрим тәкбірін айтарда екі қолды көтеру.Ер адам екі қолын екі құлағының деңгейіне көтереді. Әйел кісі екі қолын иықтарына жақын көтереді. Бұлай істеуі - бөтен көздерден елеусіз болуы үшін.
Қол көтерілгенде қадағаланатын нәрселер:
- Алдымен, қол көтеріледі, сосын тахрим тәкбірі айтылады. Уайіл ибн Хажар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(قدمت المدينة فقلت لأنظرن إلى صلاة رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم فكبّر ورفع يديه حتى رأيت إبهاميه قريباً من أذنيه)
Мәдинаға келгенімде: «Әлбетте, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазына назар аударамын»-дедім. Ол тәкбір айтып, қолдарын көтергенде екі бас бармағын екі құлағына жақын апарғанын көрдім»[431].
- Намазда қол бір мәрте көтеріледі. Ханафи мен мәлики мәзһаптарында екі қол тек тахрим тәкбірі айтылғанда көтеріледі. Ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, бірде жамағатпен намаз оқырда оларға қарап, былай деді:
(ألا أصلي بكم صلاة رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم. فصلى فلم يرفع يديه إلا في أول مرة)
«Мен сендермен намазды Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазына ұқсатып оқиын ба?». Сөйтіп, намаз оқығанда қолдарын әуелгі мәртеде (тәкбірде) ғана көтерді[432].
- Саусақ аралары қатты ашылмайды және қатты бірікпейді, кәдімгі қалпында ұсталады. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان إذا كبر رفع يديه ناشرا أصابعه)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) тәкбір айтып, қолдарын көтергенде саусақ аралары сәл ашық болатын»[433].
- Алақандар құбылаға қарайды.
- Басты еңкейтуге болмайды.
- Имамға ұюшы тахрим тәкбірі мен қол көтеруін имамға еріп жасайды. Озып кетуіне болмайды. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إنما جعل الإِمام ليؤتم به فإذا ركع فاركعوا، وإذا رفع فارفعوا)
«Негізінде, имам өзіне (жамағат) ілесу үшін ғана қойылған. Ол рүкүғ жасағанда сендер де рукуғ жасаңдар! Ол көтерілгенде сендер де көтеріліңдер!»[434].
2. Оң қолды сол қолдың үстіне қою.
Сәһіл ибн Саъд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان الناس يؤمرون أن يضع الرجل يده اليمنى على ذراعه اليسرى في الصلاة)
«Адамдарға намазда әркім оң қолын сол қолының үстіне қойсын деп бұйырылды»[435].
Ханафи мен ханбали мәзһабтарында[436]ер адам қолдарын кіндіктің астына қояды. Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(من السنة وضع الكف على الكف في الصلاة تحت السرة)
«Намазда оң қолды сол қолдың үстіне қойып, кіндіктен төмен ұстау - сүннет»[437].
Ер адам бас бармағымен және шынашағымен сол қолының білезігін орап және қалған үш саусағын білегінің үстіне жабыстырып, осы бейнеде кіндігінің астына қояды.Әйел кісі оң қолының алақанын сол қолының сыртына қойып, омырауына перде етіп, кеудесіне қояды.
3. «Пәктеу» немесе «Намаз ашу» дұғасын оқу.Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان النبي صلى اللّه عليه وسلم إذا افتتح الصلاة قال: سبحانك اللّهم وبحمدك، وتبارك اسمك، وتعالى جَدّك، ولا إله غيرك)
Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазды бастағанда: «Аллаһым, Сені дәріптеймін және мақтаймын! Есімің Сенің - даңқты! Ұлылығың - жоғары! Сенен өзге тәңір жоқ!»-дейтін[438]. Бұл дұға «Пәктеу дұғасы» немесе «Намаз ашу дұғасы» деп аталады.
Дауыстап оқылатын намазда имам «Фатиха»-ны бастағанда оған енді ғана ұйыған кісі «пәктеу дұғасын» оқымай, «Фатиха» сүресін тыңдайды. Өйткені «Фатиха» сүресін тыңдау - уәжіп, ал «пәктеу дұғасын» айту - сүннет. Ішінен оқылатын намазда дұғаны оқиды.
Нәпіл намаздарында бұл дұғаға сүннетте келген басқа да арнайы дұғаларды қосып айтуға болады.
4.Құран оқудан бұрын: " أعوذ باللّه من الشيطان الرجيم "-деп айту.
«Әъузу билләһи минаш-шайтанир-ражим» - «Рахымнан қуылған шайтаннан Аллаһпен қорғанамын».
«Әъузу»-ді айту имамға да, жалғыз оқушыға да сүннет. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿ فَإِذَا قَرَأْتَ الْقُرْآنَ فَاسْتَعِذْ بِاللّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ ﴾
«Құран оқырда қуылған шайтанға қарсы Аллаһқа жалынып, қорғаныс ізде!»[439].
Әбу Саъид, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم إذا قام إلى الصلاة بالليل كبَّر ثم يقول: سبحانك اللّهم وبحمدك وتبارك اسمك وتعالى جَدّك ولا إله غيرك. ثم يقول: اللّه أكبر كبيراً. ثم يقول: أعوذ باللّه السميع العليم من الشيطان الرجيم من همزه ونفخه ونَفْثه)
Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) түнгі намазға тұрғанда тәкбір айтатын. Сосын: «Аллаһым, Сені дәріптеймін және мақтаймын! Есімің Сенің - даңқты! Ұлылығың - жоғары! Сенен өзге тәңір жоқ!»-дейтін. Сосын: «Аллаһ өте ұлы!»-дейтін. Сосын: «Қуылған шайтаннан және оның азғыруынан, дуалауынан, сілекейінен Естуші әрі Білуші Аллаһпен қорғанамын»[440].
Әбу Ханифа мен Мұхаммедтің көзқарасында имамға ұюшы «Әъузу»-ді айтпайды. Өйткені «Әъузу» Құран оқу үшін айтылады, ал имамға ұюшы қиямда Құран оқымайды. Әбу Юсуф, керісінше, былай деді: «Шайтанның азғыруын қақпайлау үшін имамға ұюшы «Әъузу»-ді айту керек».
5. «Бисмиллә»-ні айту." بسم اللّه الرحمن الرحيم "дауыстап оқылатын намазда да, ішінен оқылатын намазда да ішінен айтылады.
«Фатиха» мен қосымша сүренің алдында «Бисмилләһир-рахманир-рахим»-ді айту - сүннет. Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(صليت خلف رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم وأبي بكر وعمر وعثمان رضي اللّه عنهم فلم أسمع أحداً منهم يجهر ببسم اللّه الرحمن الرحيم)
«Аллаһтың елшісінің де (саллаллаһу алайһи уа саллам), Әбу Бәкірдің де, Омардың да, Османның да арттарында тұрып, намаз оқығанымда біреуінің «Бисмилләһир-рахманир-рахим»»-ді дауыстап оқығанын естімедім»[441].
6. «Фатиха»-ның соңында «әмин»-ді айту."آمين"сөзінің һәмзәсі созылып айтылады. "آمين" сөзінің мағынасы: «Аллаһым! Дұғамызға жауап берші!».
«Әмин»-ді айту имамға да, оған ұюшыға да, жалғыз оқушыға да сүннет. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا أمَّن الإمام فأمِّنوا، فإنه من وافق تأمينه تأمين الملائكة غُفر له ما تقدم من ذنبه)
«Имам «әмин» дегенде сендер де «әмин» деңдер! Расында, кімнің «әмині» періштелердің «әминіне» дәл келсе, өткен күнәләрі кешіріледі»[442].
Ханафи мен мәлики мәзһабтарында «әмин» әрдайым жасырын айтылады. Олар Ибн Масъудтің мына сөзін негізге алады:
(أربع يخفيهن الإمام: التعوذ والتسمية والتأمين والتحميد)
«Имам төрт нәрсені жасырын айтады: «әъузу»-ді, «бисмиллә»-ні, «әмин»-ді және «Раббана лака ал-хамд»-ті»[443]. Имамға тәкбірді, «самиъаллаһу лиман хамидаһ»-ті және сәлемді дауыстап айту сүннет.
7. «Самиъаллаһу лиман хамидаһ» пен «Раббәна ләкәл-хамд»-деп айту.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا قال الإمام سمع اللّه لمن حمد. فقولوا: اللّهم ربنا لك الحمد. فإنه من وافق قوله قول الملائكة غفر له ما تقدم من ذنبه)
«Имам: «Самиъаллаһу лиман хамидаһ»-дегенде, сендер: «Аллаһумма, Раббәнә ләкәл-хамд»-деп айтыңдар! Расында, кімнің сөзі періштелердің сөзіне дәл келсе, өткен күнәләрі кешіріледі»[444].
Имам «Самиъаллаһу лиман хамидаһ»-ті дауыстап, «Раббана лака ал-хамд»-ті ішінен айтады. Жалғыз оқушы екеуін де ішінен айтады. Имамға ұюшы «Раббанә лака ал-хамд»-ті айтып, «Самиъаллаһу лиман хамидаһ»-ті айтпайды.
8. Екі аяқтың арасын ашып ұстау.
Ханафи мәзһабінда екі аяқтың арасы төрт бармақ көлемінде ашылуы ұнамды. Мұндағы мақсат - Аллаһ тағаланың алдында құлдың жүрегімен қатар дене қалпының бой ұсынып төмендеуі. Шафиғи мәзһабында екі аяқтың арасы бір қарыс көлемінде, ал мәлики мен ханбали мәзһабтарында орта қалыпта болуы ұнамды: тым жақындамайды және тым алыстамайды. Мұның бәрі - төрт имамның ұнамды көрген ижтиһадтары.
9. Таң және бесін намаздарында ұзын сүре, екінді мен құптанда орташа сүре, ақшамда қысқа сүре оқу.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(ما رأيت أحداً أشبه صلاة بصلاة رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم من فلان لرجل كان أميراً على المدينة قال سليمان وصليت خلفه فكان يطيل الأوليين من الظهر ويخفف الأخريين ويخفف العصر، ويقرأ في الركعتين الأوليين من المغرب بقصار المفصل، ويقرأ في الركعتين الأوليين من العشاء بوسط المفصل، ويقرأ في الصبح بطوال المفصل)
«Мәдинаның әміршісі болған пәленше намазын Аллаһтың елшісіне (саллаллаһу алайһи уа саллам) ұқсатып оқитын. Одан басқа ұқсайтын намазды ешкімнен көрмедім. Сүлеймен ибн Ясар былай деді: Оның артында тұрып намаз оқыдым. Бесіннің алғашқы екі рәкатін созып, кейінгі екеуін жеңілірек оқитын. Екіндіні де жеңілірек оқитын. Ақшамның алғашқы екі рәкатінда қысқа сүрелерді оқитын. Құптанның алғашқы екі рәкатінда орташа сүрелерді оқитын. Таң намазында ұзақ сүрелерді оқитын»[445].
Ұзын сүрелер дегеніміз - «Хужурат» пен «Буруж» сүрелерінің арасындағы сүрелер. Орташа сүрелер дегеніміз - «Буруж» бен «Бәйина» сүрелерінің арасындағы сүрелер. Ал қысқа сүрелер дегеніміз - «Бәйина» мен «Нас» сүрелерінің арасындағы сүрелер.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان يقرأ في صلاة الصبح يوم الجمعة ألم تنزيل السجدة وهل أتى على الإنسان)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) жұма күнгі таң намазында «Сәжде» мен «Инсан» сүрелерін оқитын»[446].
Ескерту
- Бұл сүннетті орындағысы келген имам жолаушылардың, науқастардың, жұмысқа асыққандардың жағдайларын қадағалауы шарт. Ансарлық Әбу Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(جاء رجل إلى رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم فقال: إني لأتأخر عن صلاة الصبح من أجل فلان. مما يطيل بنا. فما رأيت النبي صلى اللّه عليه وسلم غضب في موعظة قط أشدّ مما غضب يومئذ. فقال: (يا أيها الناس إن منكم مُنَفِّرين. فأيكم أمَّ الناس فليوجز. فإن من ورائه الكبير والضعيف وذا الحاجة)
Бір кісі Аллаһтың елшісіне (саллаллаһу алайһи уа саллам) келіп, шағынады: «Мен бәленшенің кесірінен таң намазын жамағаттан кешігіп оқимын. Өйткені ол таң намазын бізбен ұзақ оқиды». Бұны естіген Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) ашуланып уағыз айтқанын бұрын-соңды көрген емеспін. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) сонда былай деді: «Ей, адамдар! Араларыңда адамдарды қаштыратындарың бар екен. Кім адамдарға имам болса, намазды жеңіл оқысын! Өйткені, жамағаттың ішінде қарт, әлсіз және шұғыл істі адамдар бар»-деді.
- Имамдыққа ұсынылған адам бір сүре ғана жаттаса, оны екі рәкатта да оқуына болады. Муаз ибн Абдулла, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن رجلاً من جهينة أخبره أنه سمع النبي صلى اللّه عليه وسلم (يقرأ في الصبح إذا زلزلت الأرض. في الركعتين كلتيهما)
Жуһайна руынан болған бір кісіден таң намазының екі рәкәтінда пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) «Залзала» сүресін оқығанын естіген екен[447].
10. Бірінші рәкат екінші рәкәттан ұзағырақ болады. Әсіресе, таң намазында. Әбу Қатада, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтты:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يصلي بنا فيطيل في الركعة الأولى من الظهر ويقصر في الثانية. وكذلك في الصبح)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) бізбен намаз оқығанда бесіннің бірінші рәкатін ұзақ, екінші рәкатін қысқа оқитын. Таң намазында да осылай істейтін»[448].
Екінші рәкаттің бірінші рәкаттан ұзағырақ болуы мәкруһ танзиһан.
11. Рүкүғ пен сәжде жасағанда және екеуінен көтерілгенде «Аллаһу әкбар»-деу. Ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يكبّر في كلّ خفضٍ ورفع وقيام وقعود وأبو بكر وعمر)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазда еңкейген сайын және көтерілген сайын, сондай-ақ тұрған сайын және отырған сайын: «Аллаһу әкбар»-дейтін. Әбу Бәкір мен Омар да, Аллаһ тағала оларға разы болсын, осылай істейтін»[449].
Рүкүғтағы сүннетер.
1 -Саусақ араларын ашып, екі қолды екі тізеге қою және шынтақтарды екі бүйірден көтеріңкі ұстау. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Анасқа, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(يا أنس إذا ركعت فأمكن كفيك من ركبتيك، وفرّج بين أصابعك، وارفع مرفقيك عن جنبيك)
«Әй, Анас! Екі қолыңды екі тізеңе қойып, саусақ араларын ашық ұста және шынтақтарыңды екі бүйіріңнен көтер»[450].
2 - Арқаны бүкпей түзу ұстау. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم إذا ركع استوى فلو صُبَّ على ظهره الماء لاستقر)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) рүкүғ жасағанда арқасын түзу ұстайтын. Егер арқасына су құйылса, су төгілмес еді»[451].
3 -Бас бөксе деңгейімен түзетіледі. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم إذا ركع لم يُشْخِصْ رأسه ولم يُصَوِّبه ولكن بين ذلك)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) рүкүғта басын (бөксе деңгейінен) жоғары көтермейтін және төмен түсірмейтін, осы аралықта ұстайтын»[452].
4 - Аяқты бүкпей тік ұстау.
5 - Рүкүғта "سبحان ربي العظيم"-ды айту. Ъуқба ибн Ъамир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(لما نزلت: ﴿ فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ ﴾ قال لنا رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم: (اجعلوها في ركوعكم). فلما نزلت: ﴿ سَبِّحِ اسْمَ رَبِّكَ الْأَعْلَى ﴾ قال لنا رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم: (اجعلوها في سجودكم)
[453]﴿فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ﴾аяты түскенде Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) бізге: «Мұны рүкүғта қылыңдар!»-деді. ﴿سَبِّحِ اسْمَ رَبِّكَ الْأَعْلَى﴾ аяты[454] түскенде: «Мұны сәждеде қылыңдар!»-деді[455].
Бұл сөзді ең азы үш рет айту сүннет. Жалғыз оқушыға бұдан көбірек айтса да болады. Ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا ركع أحدكم فليقل ثلاث مرات سبحان ربي العظيم وذلك أدناه، وإذا سجد فليقل سبحان ربي الأعلى ثلاثاً وذلك أدناه)
«Сендерден біреу рүкүғ жасаса, үш мәрте «субхана рабби ал-азим»-десін және бұл - ең азы. Ал сәжде жасаса, үш мәрте «субхана рабби ал-әъла»-десін және бұл - ең азы»[456].
Рукуғ пен сәждеде дұға тек тәһәжжуд намазында ғана айтылады.
6 - Рукуғтан асықпай көтерілу. Сәбит былай деді:
(كان أنس ينعت لنا صلاة النبي صلى اللّه عليه وسلم فكان يصلي وإذا رفع رأسه من الركوع قام حتى نقول قد نسي)
Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, бізге пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазын бейнелеп көрсетті. Рүкүғтан ақырын көтерілгенде біз бір-бірімізге: «Рүкүғтан көтерілуді ұмытып кеткенге ұқсайды?!»-дедік[457].
13.Сәжде жасағанда, алдымен тізе, сосын қол, сосын маңдай мен мұрын қойылады. Уәил ибн Хужр, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(رأيت رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم إذا سجد يضع ركبتيه قبل يديه، وإذا نهض رفع يديه قبل ركبتيه)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәжде жасағанда жерге тізелерін қолдарынан бұрын қойғандығын көрдім. Ал тұрғанда қолдарын тізелерінен бұрын көтеретін»[458].
Ханафи, шафиғи және ханбали мәзһаптарында сәжде осылай жасалады, ал мәлики мәзһабінда керісінше.