СҰраныс. сҰранысҚа ыҚпал ететін факторлар.сҰраныс заҢы

Тақырып. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАРЫ

Лекция мақсаты: Сұраныс пен ұсыныс теорияларының мәнін ашу.

Лекция сұрақтары:

СҰРАНЫС. СҰРАНЫСҚА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР. СҰРАНЫС ЗАҢЫ

СЫНЫСТАР. ҰСЫНЫСҚА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР. ҰСЫНЫС ЗАҢЫ

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ІС- ҚИМЫЛЫ. РЫНОКТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

4. Икемділік түсінігі. Сұраныс пен Ұсыныстың икемділігі.

СҰРАНЫС. СҰРАНЫСҚА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР.СҰРАНЫС ЗАҢЫ

Сұраныс белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта сатып алушлар сатып алу мүмкіндігі болатын және сатып алғысы келетін тауарлар мен қызметтің санын байқатады. Сұраныс заңында айтылады: сұранысқа ықпал ететін, барлық басқа факторлардың тұрақты болған кезінде, сатып алушылар сатып ала алатын және сатып алғысы келетін тауардың құны төмен болған сайын, сонша оның саны көп болады.

Сұранысқа ықпал ететін факторлар:

· Тауар мен қызметтің бағасы

· Сатып алушылар ұнату қаблеті

· Тұтынушылардың табысы

· Үй шаруашылықтары арасында табысты бөлу

· Айырбас – тауардың бағасы

· Осы тауар мен қызметті сатып алалтындардың жалпы саны

· Күтілетін инфляция.

Сұраныс заңы кестеде сұраныс қисығы ретінде көрсетіледі.

сҰраныс. сҰранысҚа ыҚпал ететін факторлар.сҰраныс заҢы - student2.ru

5.1 – сурет. Сұраныс қисығы


Мұнда сұраныс көрсетілетін – Р – тауар бағасы , Д сұраныс қисығы , О – тауар саны.

Сұраныс қисығы бойынша қозғалыс тауардың бағасының өзгерістеріне жауап ретінде, сатып алынатын тауарлардың санындағы өзгерістерді көрсетеді. Кез- келген бағалы емес факторлар сұраныс сипаттамаларының өзгерістеріне әкеледі. Мұндай жағдайда , сұраныстың қандай да бір бағалы емес факторының өзгерістері есебінен, әрбір мүмкін болған бағада сатып алушылар тауарды көп немесе аз сатып алады. Сұраныстың жоғарылаған сәтінде сұраныстың ауытқымасының оңға қарай және сұраныстың төмендеген сәтінде солға қарай ілгерілеуі болады.

2. ҰСЫНЫСТАР. ҰСЫНЫСҚА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР. ҰСЫНЫС ЗАҢЫ

Белгілі бір кезеңде, белгілі бір бағамен рынокта өткізуге даяр өндірушілердің ұсыныстары тауардың санын сипаттайды.

Рыноктағы ұсыныстағы тауар көлеміне ықпал жасайтын факторлар:

· Тауар бағасы

· Өндіріс технологиясы. Егер ең жетілдірілген технология енгізілген болса, онда шығын азайып және көп өнім щығарылады, сондай – ақ ұсыныс көлемі көбейеді.

· Экономикалық ресурстарға баға. Ресурстарға бағаны төмендету ұсынылатын тауарлардың санын көбейтуге әкеледі.

· Тауар өндірушілердің саны.

· Салықтар мен субсидиялар . Салықтарды көбейту ұсынысты азайтады, ал субсидиялар өндірістің көбеюіне әкеледі.

Ұсыныс заңы тауар бағасы мен рыноктағы оның ұсыныс көлемі арасындағы тәуелділікті анықтайды. Баға мен көлемнің арасындағы ұсынылатын өніммен тікелей байланыс бар : бағаның көтерілуіне орай, ұсыныс көлемі де өседі және керісінше болуы да мүмкін.

Ұсыныстың қисығы – тауарды ұсыныс көлеміне өзгерту кестесі бағаның деңгейіне байланысты: (5.2 сурет)

сҰраныс. сҰранысҚа ыҚпал ететін факторлар.сҰраныс заҢы - student2.ru

5.2.- сурет. Ұсыныс қисығы

Мұнда – S- ұсыныс қисығы .

Ұсыныстың қисығының оң иілуі ұсыныс заңын бейнелейді.

Ұсыныс көлемінің өзгерістері ұсыныс қисығының бойымен қозғалыстарды бейнелейді және сатылуға ұсынылатын тауарлардың көлемінің өзгерістерін көрсетеді, оған жауап ретінде, басқа да тең жағдайдағы бағаның өзгерістеріне әкеледі. Кез – келген бағалы емес факторлардың өзгеруі кезінде ұсыныс сипаты өзгеріске ұшырайды, яғни, ұсыныстардың азаюы кезінде – барлық ұсыныстардың қисығының солға ауысуы, ол - өскенде оңға ауысуы болады.

3. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ІС- ҚИМЫЛЫ. РЫНОКТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

Сатушылар сатқысы келетін, тауар көлемімен, сатып алушылар алғысы келетін тауар бағасы ойдағыдай болғанда рынокта тепе-теңдік пайда болады. 5.3 сурет

Баға – Р рынокта ұсынылған тауар көлемі, сұраныс берілген тауар көлеміне тең , бұл бағаның тепе – теңдігі деп аталады. Басқа бағалар теңдестірілмеген деп аталады. Р0 бағасына сәйкес келетін тауар көлемі Q0 тауар көлемінің тепе-теңдігі деп аталады.

сҰраныс. сҰранысҚа ыҚпал ететін факторлар.сҰраныс заҢы - student2.ru

5.3 – сурет Рыноктағы тепе- теңдік

Сұраныс пен ұсыныстың төрт ережесі бар:

1. Сұраныстың көбеюі теңдестірілген бағаның және тауар көлемінің тепе – теңдігінің де өсуіне әкеледі.

2. Сұраныстың азаюы теңдестірілген баға мен теңдестірілген тауар көлемінің төмендеуіне әкеледі.

3. Тауар ұсынысының өсуі теңдестірілген бағаның төмендеуіне әкеліп, тауар көлемінің теңдесуін арттырады.

4. Ұсыныстың қысқаруы теңдестірілген бағаның көбеюіне әкеліп, тауар көлемінің тепе теңдігін азайтады.

сҰраныс. сҰранысҚа ыҚпал ететін факторлар.сҰраныс заҢы - student2.ru

5.4.- сурет. Рыноктағы дефицит және артық өндіру

Егер рынокте баға Р1 белгіленсе , (P0 – ден Р1аз ), онда сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен асып түседі (7.4.- сурет) . мұндай жағдайда , рынокта тауардың тапшылығы орын алады ( артық сұраныс). Егер баға тепе – теңдік деңгейінен жоғары болса (P1 – ден Р2 үлкен ), сұраныс көлемі ұсыныс көлемінің деңгейіне жетпей қалады. Мұндай жағдайда , артық ұсыныс орын алатын болады (қайта өндіріс).

4. Икемділік түсінігі.Сұраныс пен Ұсыныстың икемділігі

Икемділік - бұл пайыздық өзгерістер қатынасы ретінде бейнеленген басқаның өзгеруіне орай, бір экономикалық көлемнің әсерлену дәрежесі. Баға бойынша сұраныстың оралымдылығын ө барлық қалған факторлардың өзгермеуіне қарамастан , сұраныстың көлеміне әсер ететін , бағаның 1 пайызға қысқару нәтежесінде пайда болған, сұраныс көлемініңөсуімен білуге болады. Тауарға бағаның 1 пайызға өзгеруі нәтежесінде тауарға сұраныстың мөлшері қаншапайызға өзгеретінін , оның коэфициенті икемділіктің шарасы болып қызмет етеді .

Ed=( Q x P ) / ( Px Q ).

Баға бойынша сұраныс келесі жағдайда типті икемсіз :

· бірінші қажеттіліктегі тауарларға ;

· өте төмен тауарларға;

· сатып алушының таңдап алуына мүмкіндік жоқ.

Табыс бойынша сұраныстың икемділігі табыстың 1 пайызға өсуімен келген , тауарға сұраныс деңгейінің пайыздық өзгерістерін көрсетеді . Табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті :

Ed (Q x I )/(Px Q)

Мұнда I-елдің табысы .

Егер, сұраныс икемділігінің коэффициенті бірліктен көп болса , сұраныс икемді болады : егер , икемділіктің коэффициенті бірліктен аз болса , сұраныс икемді болмайды . Сұраныстың оралымды бірлігі мынандай жағдайда пайда болады : Ед = 1.

Ұсыныс икемділігі - тауардың бағасы 1 пайызға өсу нәтежесінде тауар ұсынысының көлемі ұсыныс деңгейіне ықпал етуші барлық қалған факторлар өзгеріссіз қалады . Ұсыну бағасы икемділігінің коэффициенті :

Es = ( Q x P ) / (Px Q )

Егер икемділіктің коэффициенті бірліктен көп болса , ұсыныс икемді болады: егер , икемділіктің коэффициенті біріліктен аз болса, ұсыныс икемсіз болады. Икемді ұсыныс бірлігі мындай жағдайда пайда болады : Ec = 1 .

Ұсыныс икемділігіне ықпал ететін факторлар :

1. Ұзақ сақтауға қабілет пен сақтау құны. Ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін емес тауарлар үшін ( жаңа ауланған балық , құлпынай), ұсыныс икемділігі төмен болды

2. Өндірістік үдерістің ерекшілігі. Өндіруші тауар баға өскенде өндірісті кеңейту мүмкін , немесе өндіріуші бағаның төмендеуі кезінді басқа өнімді шығара бастауы мүмкін , онда бұл ұсыныс икемді болады.

3. Уақыт факторы. Өндіруші бағаның өзгерісіне лезде жауап қайтара алмай , құрал, шикізат және қосымша жұмыс күшін жалдауға ( өндірісті кеңейту ) белгілі бір уақыт қажет , немесе жұмысшыларды қысқартып ( өндірісті қысқарту ) , банк кредитімен есептеу қажет және т.б.

Наши рекомендации