Коммуникациялық процесс түсінігіне анықтама беріңіз. Коммуникация процесінің элементтері мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз

Коммуникациялық процесс дегеніміз — екі немесе одан да көп адамдардың, топтардың арасында хабарлар, мәліметтер және т.б. алмасуларын айтады.Оның негізгі мақсаты — хабарлардың осы алмасуы үстінде түсінушілікті қалыптастыруы болып табылады.Хабарлармен алмасу процесінде 4 элементті қарастыру қажет:Жөнелтуші негізгі, жіберуші — хабарларды жинақтап, өндеп жіберуші адам;Хабар ету немесе жариялау — шартты түрде символдар арқылы берілген хабар;Арналар — хабарлардың берілу құралдары;Алып түрушы немесе алыну - хабарларды қабылдауға арналған және оны өзінше түсіндіруші адам.Коммуникациялық процеске түскенде ақнараттарды жөнелтуші мен қабылдап алушы бірнеше өзара байланысты кезеңдерден өтеді. Олардың мақсаты - байланыс арналарындагы ағып жататын ақпараттарды мейлінше түсінікті етіп жүргізіп, арналарды тиімді түрда пайдалану және хабарды құрастыру, оны қолдану үшін екі жақтың да бастапқы идеяларын түсінетін және ортақтасатын арналардың болуы.

Бұл өте қиын процесс, себебі әр кезеңде хабардың мағынасы бүзылуы немесе біржолата жоғалуы мүмкін.

Енді осы коммуникациялық процестердің кезеңдерін қарастырамыз:

1. Идеялардың тууы;

2. Шартты белгі және арналардың таңдалуы;

3. Хабарлар (тапсыру, алып беру);

4. Декодтау.

· Тұжырымдау шартты белгі арналармен декодтау

· немесе таңдау мен арналарды тандау тапсыру.

-

Сурет 19. Хабар алмасу процесінің қарапайым моделі.

Жоғарыдағы суреттен көріп отырғанымыздай, бұл
кезендер айқын түрде көрінуде. Біз ақпараттармен алмасуда ұиымның әрбір бөлімдерінің қаншалықты кең ауқымды қамтьщ өтетінін көре аламыз. Іс жүзінде адамдар ақпараттармен тиімді пайдалана алмайды.

Ойлар және идеялардың тууы.

Хабарламалар және хабар алмасу әрқашанда ойды немесе идеяны тұжырымдау арқылы іске асады.

Басшы қажет деген идеяны бағыныштыларға беруі немесе алмасуы үшін мынадай қорытынды жасау керек.

1. Жұмысшылар қандай өзгерістер енгізгенде аз уақытта өнімді көп шығарады?

2. Жұмысшылар бұл өнімді көп шығару не үшін қажет болғанын түсіну керек?

3. Жұмысшылар бұл өзгерістерді қандай жағдайларда жасай алады деген мәселелерді қамтуы қажет?

Шартты белгілер және арналардың таңдап алынуы.

Идеяны бермес бұрын, жөнелтуші символдардың көмегімен хабарды кодтау керек. Бұл үшін жөнелтуші сөздер, дауыс ырғағы, дене қимылын қолданады. Бұндай кодтау идеяны хабарға айналдырады.

Жөнелтуші сондай-ақ жіберу арналарын да таңдауы қажет. Арналарға материалдарды беру, электронды байланыс құралдары, компьютерлер бейне-ленталар, бейне конференциялар және тағы басқалары енгізіледі. Хабарларды беру арналары тек қана бір құралдармен шектелмеуі керек.

Хабар беру.

Бұл кезеңге мәліметгі жөнелтуші қабылдаушыға жететіндей арнаны табады. Ақпараттармен алмасу барысында екі жақ та аса маңызды ролді атқарады. Ақпараттармен алмасу неғұрлым тиімді болуы үшін бағынышты басқарушыға қабылдап алған ақпараттарды қалай түсінгендігі туралы, соған сәйкес келешектегі атқаратын іс- әрекеттері туралы хабарлап отыру керек. Ақпараттармен алмасу қалыпты жүріп отыру үшін бірінші жақ ақпараттарды жөнелтіп, екінші жақ оны уақтылы қабьь\дап отыру керек. Сонда ғана басқару процесінде комуникацияның ролі жоғары деңгейге көтеріледі. Ұйымдарда ақпараттармен алмасу жазбаша есеп берулер, пікір алысулар түрінде болғандықтан, бұл процесс баяу түрде өтеді . Сондықтан ақпараттарды пайдалану керек.

Йымның миссиясы: оның мәнін, миссия таңдау бағыттарын анықтаңыз. Ұйымның мақсаттарына қойылатын талаптарды айқындаңыз

Менеджмент әлемінің негізін ұйым құрайды. Ол менеджменттің негізгі құрауыш себепшісі болып табылады.

Ұйым –деп, алға қойған мақсаттарға жету үшін адамдар тобының бірлесіп еңбек етуі.

Ұйымның екі түрі бар:
Ресми ұйымдар - ұйымның мақсатына жету үшін басшылықтың еркімен құрылған адамдар тобы. Жалпы ұйым туралы айтылса, ол ресми ұйымдар тобы. Ресми ұйымдар белгілі бір заңды талаптарға негізделген.
Бейресми ұйымдар — әр түрлі әлеуметтік ішкі себептерге байланысты ресми ұйымның ішінен құралған ұйымдар. Бейресми ұйымдар шағын ғана ұйымдардан басқа барлық ресми ұйымдарда болады. Оларда жетекшісі болмасада, олар өте қажет. Олар белгілі бір мақсаттарға жету үшін жүйелі түрде өзара қатынаста болатын адамдар тобы.

Қандай ұйым, кәсіпорын болмасын «өмір сүріп», өзінің мақсатына жету үшін менеджер ең бірінші ішкі ортаның элементтері мен сыртқы ортаның әрекеттеріне көңіл аударуы тиіс.

Ұйымның өзі адамдар құрған жүйе болғандықтан, оның ішкі ортасының элементтері қабылданған басқару шешімінің нәтижесі болып табылады, олардың негізгі түрлері мыналар: мақсаты, құрылымы, міндеттері, технология, адамдар.

Мақсаты – бұл ұйымның жұмысының соңғы нақты нәтижесі. Ұйым өзінің жұмысжоспарын дайындау алдынданегізгі мақсатын анықтап, оны ұйымның мүшелеріне таныстырады, ұйым мүшелері өз жұмысының нәтижесі не екенін, қандай болатынын білу арқылы соған жетуге талпынып, еңбектенеді. Сонымен бірге ұйымның бөлімдерінің де өз алдына түрлі мақсаттары болады және олар ұйымның негізгі мақсатына жетуге бағытталады. Негізгі мақсатқа жету жолындағы кіші мақсаттарға нарық үлесін, өнімнің жаңа түрін өндіру, өнімнің, қызметтің бұрынғыдан да жоғары сапасын т.б. жатқызуға болады.

Құрылымыдегеніміз – еңбекті адамдарға кездейсоқ бөлу арқылы емес,мамандықтарына, салаларына, функцияларына, деңгейлеріне сай бөлу арқылы пайда болады. Ұйым мүшелерінің көздеген мақсатына жету үшін басқару деңгейін қисынды үйлестіру (тікелей және көлденең (көлбеу) еңбек бөлінісі арқылы) ұйымның құрылымын көрсетеді.

Міндеттер жеке адамдарға емес, құрылымдағы қызмет орнына жүктеледі. Әрбірқызмет орныныңнегізгі мақсатқа үлес қосу үшін бекітілген арнайы міндеттері болады және ол белгілі бір уақытта, белгілі бір әдіспен орындалуы тиіс.

Міндеттердің үш түрі болады:

а) ададмдармен жұмыс істеу;

ә) заттармен жұмыс істеу (техника, құрал-жабдық, шикізат т.б.;

б) мәліметпен жұмыс істеу.

Ø Технология дегеніміз – шикізатты түрлендіру жолы, яғни көздеген мақсатқа жету үшін құрал-жабдықтар мен шикізаттың, сол жұмысқа сай білімнің басын біріктіріп жұмысты орындау.

Ұйымдағы жұмыстардың қай түрі болмасын жақсы аты мен жаман аты сол ұйымдағы адамдарға қатысты. Сондықтан ұйымның ішкі ортасының ең басты элементінің бірі – адамдар.

Ø Адамдардың ұйымдағы іс әрекеті үш түрлі көріністе анықталады: адамның жеке басының ерекшелігі, адамдармен қарым-қатынаста топ арасында өзін көрсетуі, сонымен бірге менеджердің жетекші, лидер ретінде өзін көрсетуі жеке адамға жәнеадамдар тобына ықпалы.

Сыртқы орта ұйымға тікелей және жанама әсер етеді.

Наши рекомендации