Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Аржы-экономикалық факультет
Аржы-экономикалық факультет
Экономика кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Экономикалық теория негіздері пәні бойынша
Мамандықтар: 5В010400 Алғашқы әскери дайындық, 5В010600 Музыкалық білім, 5В010700 Бейнелеу және өнер, 5В010800 Дене шынықтыру және спорт, 5В010900 Математика, 5В011000 Физика, 5В011100 Информатика, 5В011200 Химия, 5В011300 Биология, 5В011600 География, 5В070300 Ақпараттық жүйелер, 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология, 5В073100 Өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, 5В060800 Экология, 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 5В011400 – Тарих, 5В010500 – Дефектология, 5В010300 – Педагогика және психология, 5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі, 5В012000 – Кәсіптік оқыту, 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі, 5В050400 – Журналистика, 5В011700 – Қазақ тілі және әдебиеті, 5В020700 – Аударма ісі
Оқыту түрі: күндізгі
Курс: 2
Семестр: 3,4
Кредит саны: 2
Барлық сағат саны: 90
Дәрістер: 15
Іс-тәжірибелік сабақтар: 15
СӨЖ (соның ішінде ӨСӨЖ): 60
Аралық бақылау: 3,4
Емтихан: 3,4 семестр
Талдықорған 2014 ж.
Оқытушы туралы мәлімет.
Оқытушының аты-жөні: Асанова Жулдыз Алхановна – аға оқытушы.
Байланыс телефоны:87757500906
Пәннің пререквизиттері:мектеп даярлық экономикасы
Пәннің постреквизиттері:Микроэкономика, макроэкономика,
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Бұл пән «Экономика-математикалық модульдің» негізгі компоненті. Экономикалық теория пәні экономикалық білім берудің негізін құрайды. Пән экономикалық категориялардың мән- мазмұнын және олармен байланысты құбылыстар мен процестердің әрекет ету заңдылықтарын білу, қоғамдағы нарықтық қатынастарға, мемлекеттің экономикалық саясатына талдау жасай алу қабілеттерін дамытуды қамтамасыз етеді.
Курстың мақсаты:
· Қоғамның экономикалық жүйесіндегі құбылыстарды, үрдістер мен қатынастарды, экономикалық ой-пікірді, оларды анықтайтын факторларды, сондай-ақ экономикалық мәселелерді шешу құралдары мен тәсілдерін түсіну негізінде экономикалық ойларды қалыптастыру;
· Рыноктық экономиканы, оның ерекшеліктерін, қалыптасуын және қызметін әлемдік экономикалық ғылымдағы көзқарастар мен концепцияларды, әртүрлі мектептер мен бағыттарды ескере отырып, оқыту;
· Мемлекеттің экономикалық саясатын түсіндіру, болашақ мамандарды оны қабылдап жүзеге асыруда ғана емес, сонымен бірге тікелей қалыптастыру ісіне белсенді қатысуды үйрету.
Курстың міндеттері:
· Негізгі категориялар, экономикалық заңдар және олардың көрінісі мен әрекеті, ерекшеліктері туралы білім беру;
· Қоғамдағы экономикалық жаңғыртулар мәнін, қоғам өміріндегі құбылыстар мен үдерістердің қисыны және өзара байланысын үйрету;
· Әлемдік шаруашылық тәжірибесін, оның қазақстандық ерекшеліктерін ескере отырып, рыноктық қатынастар даму жығдайы мен үрдістері туралы қажетті білім беру;
· Алған білімді практикалық қызметте қолдану, дағдыларын игеруге машықтандыру.
Бағалау саясаты
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға | Бағаның цифрлік эквиваленті | Пайыздық мөлшері | Дәстүрлі түрде бағалау |
A | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3,67 | 90-94 | |
B+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3,0 | 80-84 | |
B- | 2,67 | 75-79 | |
C+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
C | 2,0 | 65-69 | |
C- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 50-54 | ||
F | 0-49 | Қанағатанарлықсыз |
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) | 1-8 аптадағы бағалау мөлшері | 9-15 аптадағы бағалау мөлшері | Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері | Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
СӨЖ | Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан | 4,7,11, 14 апталарда | ||
Ағымдық бақылау | Әрбір ағымдағы бақылауға 100 баллдан | 8 және 15 апталарда | ||
Кіру рұқсатының рейтингісі 1 | R 1 = (ӨЖ1+ӨЖ2+АБ1)/3 | 8 апта | ||
Кіру рұқсатының рейтингісі 2 | R2 =(ӨЖ3+ӨЖ4+АБ2)/3 | 15 апта | ||
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі | R = (R1+R2)/2 | 15 апта | ||
Емтихан | Е | 16-17 апта | ||
Қорытынды баға | I = R*0.6+E*0.4 |
Баға қоюдың критерилері
Бақылау түрі | Максимальдық баға | Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
ӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 | ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес | |
ӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес | |
ӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 | ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес | |
ӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 | ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес | |
Аралық бақылау 1: Тест | 8 апта | |
Аралық бақылау 2: Тест | 15 апта |
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар