Бап. балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу

Көпірлер, бөгетшелер сапу, жарылыс немесе өзге де жұмыстарды жүзеге асыру, су жинагыш қурылыстарды немесе су айдағыш механизмдерді пайдалану кезінде балық қорларын қоргау қагидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет балықтардың немесе басқа да су жануарларының жаппай қырылуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса -

Әрбір азаматтың міндеті — табиғи ресурстарды, оның байлығын қорғау. Балық қорларын қорғауда сондай азаматтық міндетке жатады. Осы тұрғыдағы қылмыстың объ-ектісі табиғи жағдайда мекендейтін судың тірі жануарларын қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты — су жануарлары.

Көпірлер, бөгетшелер салу, жарылыс немесе өзге де жұмыстарды жүзеге асыру, су жинағыш құрылыстарды немесе су айдағыш механизмдерді пайдалану кезінде балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет балықтардың немесе басқа да су жануарларының жаппай қырылуына әкеп соқса немесе экеп соғуы мүмкін болған рет-терде деп заңца көрсетілген. Қылмыс құрамы материалдық, заңның диспозициясын-да көрсетілген іс-эрекеттердің біреуін істеу, егер одан балықтардың немесе өзге де су жануарларының жаппай қырылуына әкеп сокдан немесе экеп соғуы мүмкін жағдайлар орын алса қылмыс аяқталған деп саналады.

Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен де, қасақаналыкпен де істелуі мүмкін. Қылмыс субъектісі - балық қорларын қорғау қағидаларын бұзған 16-ға толған, есі дұрыс адам.

337-бап. Заңсыз аңшылық

1. Жарылгыш қурылгыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де ңұралдарды ңолданып, сол сияқты авиа-, авто-, мотокөлік қүралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шагын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау -

2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, айтарлықтай запал кел-тіре отырып жасалган іс-әрекеттер -

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

1) ерекше қорғалатын табиги аумақтарда немесе төтенше экологиялық ажуал аумақтарында;

2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануга тыйым салынган жануарларга қатысты;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

4) ірі залал келтіре отырып жасалган іс-әрекеттер -

5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген:

1) ңылмыстық топ жасаган;

2) аса ірі запал келтіре отырып жасалган іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі - жануарлар дүниесін қорғау жэне тиімді пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар.

Қазақстан Республикасында аңшылыктың заңдылығы мына құжаттармен Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау жэне пайдалану туралы» Заңымен; Қазақстан Республикасындағы аңшылық жэне аңшылық шаруашылықтар жөніндегі Ере-жемен, баскадай нормативтік-құқықтық актілермен, арнаулы нұсқаулармен реттеледі.

Қылмыстық кұқық бұзушылықтың заты - табиғи бостандық жағдайында мекендейтін жануарлар дүнесі болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан заңсыз аңшылық әрекетін жасау арқылы көрініс табады.

Қылмыстық кодекстің 337-бабына сэйкес:

Жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды колданып, сол сияқты авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау - заңсыз аңшылық деп саналады.

Заңсыз аңшылық арқылы алынған жануарлар дүниесінің құны арнаулы заңда бел-гіленген кесімді баға арқылы анықталады.

Механикалық құралдарға - мотоциклдер, автокөліктер, өздігінен қозғалатын жол, қарда жүретін техникалар құрылыс, ауылшаруашылык машиналары, моторлы қайық, ка­тер, ал эуе көлігіне — кез келген түрдегі жэне бағыттағы ұттту аппараттары жатады.

Аңшылықта қолдануға тыйым салынған қарулар мен эдістердің тізбегі аңшылық ере-желері туралы нормативтік актілерде көрсетілген.

Аңцарды қырып-жоюдың өзге эдістеріне — улы химикаттарды қолдану немесе өрт қою, басқа да қауіпті тэсілдер қолданулар жатады.

Аулауға тыйым салынған құстар мен аңдардың тізімі Қазақстан Республикасының ар-наулы нормативтік актілерінде көрсетілген. Олардың тізімі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Қылмыстық кодекстің 337-бабының 1 -тармағының тармакшасында көрсетілген құрам формальдық құрамға жатады.

Қылмыстық құқық бү_зушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істе-леді.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі -16-ға толған адам. Қылмыстық кодекстің 337-бабының 2-тармағында осы қылмыстың қауіптірек түрі; бірнеше рет жасалған дэл осы іс-эрекет үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілген.

Ал, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, айтарлықтай залал келтіре отырып жасалған іс-эрекеттер - қылмыстың аса ауырлататын түріне (ҚК-тің 377-бабы 3-тармағы) жатады.

Қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген бір жүз айлық көрсеткіштен асатын мөлшердегі залал - айтарлықтай залал деп танылады (ҚК-тің 3-бабы 2-тармағы)

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе төтенше экологиялық ахуал аумақтарында;

2) жануарлардың сирек кездесетін жэне құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты;

3) адам езінің қызмет бабын пайдалана отырып;

4) ірі залал келтіре отырып жасалған іс-эрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 377-бабының 4-тармағында белгіленген.

Мүлдағы ірі залалдың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 38-тармағында көрсетілген. 5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) аса ірі залал келтіре отырып жасалған іс-эрекеттер - қылмыстың ерекше ауырлата­тын түрі болып табылады (ҚК-тің 372-бабы 5-тармағы).

Аса ірі залалдың анықтамасы - ҚК-тің 3-бабында - қоршаған ортаны жэне табиғи ресурстардың қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткітен асатын мөлшердегі құлдық көрінісі деп белгіленген (3-тармақшасы).

Егер заңсыз аңшылық, су жануарлары мен өсімдіктерін олжалау заңсыз жолмен алынған, дайындалған немесе сақталған атылатын қаруды (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан баска), эскери қару жарактар немесе жарылғыш заттар пайдаланылып жасалса, онда кінэлінің әрекеті экологиялық қьшмыстар жасағаны жэне атылатын қаруды, эскери қару-жарақтарды заңсыз жолмен алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны үшін жауаптылық көздейтін (ҚК-тің 251-бабы) баптар жиынтығы бойынша саралауға жатады. (ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың кейбір экологиялық қылмыстар үшін жауаптылык жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2004 жылғы 18 маусымдағы №1 нормативтік қаулысының 12-тармағы).

Наши рекомендации