Баға коюдың саясаты

Оқыту бағдарламасы

(силлабус)

Орал - 2016 ж.

«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСІЛДІ»

ИТФ деканы КӘС төрайымы

Кадыргалиев Н.М. Кенесарина К.Х.

____________ _____________

«__»_____2016 ж. «___»______2016 ж

Құрастырушы: аға оқытушы, жерге орналастыру ғылымдарының магистрі С.А. Ихсанова

«Экология және биотехнология» кафедрасы

109 кабинет

Кредиттер саны – 3

Дәріс – 30 сағат

Практикалық сабақ – 15 сағат

СОӨЖ – 22 сағат

СӨЖ – 68 сағат

Тексеру түрі – емтихан

Барлығы – 135 сағат

«___» ___________2016 ж. кафедра отырысында талқыланды, № ____хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ Л.И. Байтлесова

1. Оқытушы туралы мәліметтер:

Ихсанова Сауле Айтжановна - экология және биотехнология кафедрасының аға оқытушысы, жерге орналастыру ғылымдарының магистрі

2. Өткізу орнымен уақыты:

Өткізу уакыты: 3,5 семестр 2016-2017 оқу жылы

Өткізу орны: Орал каласы, Ихсанов көшесі 44/1, экология және биотехнология кафедрасы, 109 кабинет, сағаттар: сабақ кестесі және СӨЖ кестесі бойынша өткізіледі.

Пререквизиттері және постреквизиттері

Пререквизиттер: топырақтану

Постреквизиттер:жер мониторингі

4. Пәннің қысқаша мазмұны: Жер мелиорациясы тандау бойынша компонент.

Мелиорация түсінігі. Мелиорация түрлері. Суландыру түрлері, суландыру режимі, суландыру жүйесін жобалау, суландыру тәсілдері. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру. Ауыл шаруашылығы гидрологиясы. Топырақ гидрологиясы. Дақылдарды суару режимі және элементтері. Дақылдарды суару жүйелері. Суару тәсілдері. Төгінді суды пайдалану. Суармалы жерлердің сортаңдануымен күресу. Ирригациялық эрозия және онымен күрес жүргізу. Ауыл шаруашылық аймағын суландыру. Суару жүйелерін пайдалану. Суармалы ауыспалы егісте дақылдарды өсіру технологиясы. Мелиорацияның экономикалық тиімділігі.

Пәннің мақсаты: студенттерді ауыл шаруашылық мелиорациясының негіздерімен, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру мақсатында табиғаттың қолайсыз жағдайларын (өте құрғақ аймақтар, сортаңдалған және эрозияға ұшыраған жерлер т.б.) жақсартуға бағытталған әдістермен таныстыру.

Пәннің міндетері:студентке су пайдалану ұғымын, топырақтағы ылғал жағдайын, мелиорация түрлерін және оның қоршаған орта факторларына әсерін, әртүрлі дақылдардың су пайдалану жағдайын, мүмкін болатын өнімділігін жоспарлауды және суару мөлшерін анықтауды білу, топырағы тұзданған және эрозияға ұшыраған топырақтарды жақсарту шараларын білуге үйрету. Пәнді оқу нәтижесінде студент

Білуі керек:әртүрлі мақсаттағы жерлердің ерекшеліктерін және жерді пайдалану талаптарын, жер мелиорациясының түрлерін, табиғи үрдістерге әсер ету әдістерін, жерді пайдалану мақсаттарының талаптарына сәйкесті мелиорация режимдерінде қолданылатын техникалық құралдарды реттеуді және әдістерді, су пайдалану ұғымын; топырақтағы ылғал жағдайын; мелиорация түрлерін және оның қоршаған орта факторларына әсерін; әртүрлі дақылдардың су пайдалану жағдайын; дақылдың мүмкін болатын өнімділігін жоспарлауды; дақылдарды суару мөлшерін анықтауды.

Істей білуі керек:жерлердің мелиорациялық жағдайын сараптауды және бағалауды, жерді пайдалану тәртіптеріне оның сәйкес келмеу дәрежесін және себебін, табиғи ортаға мелиорациялық әсер етудің шектік мөлшері мен экологиялық және экономикалық дәлелдігін, мелиорациялық режимдерді реттеудің техникалық құралдарын және тәсілдерін, әдістерін дәлелдеуді

Практикалық дағдысы болуы керек:жерді суландыру және құрғату режимдерін, жерді суаруға қажетті техниканы есептеуде, суландыру, құрғату, аралас мелиорация жүйелерін, жерлерді су басудан қорғау шараларын анықтауда.

Құзыретті болуы керек:жерлердің мелиорациялық жағдайларын сараптау және бағалау, жерді пайдаланушыларға қойылатын талаптарға оның сәйкестік дәрежесін және себебін анықтау барысында.

Баға коюдың саясаты

Студенттердің аралық бақылаудағы үлгерімі олардың аудиториялық және аудиториядан тыс оқылатын оқу пәннің тақырыптарына байланысты бағаланады. Аралық бақылаудың бағасы аудиториялық сабақтар кезінде жиналған ағымдық бақылаудан (рейтинг бағасы) және аралық бақылаудың (аудиториядан тыс) бағалары қосылады.

Академиялық период бойына әр орындалған тапсырмаға 100 балл шкаласы бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің ағымдық бақылау үлгерімдері (ағымдық сабақтардағы жауап, үй тапсырмасын тапсыру, студенттің өзіндік жұмысы) (әрі қарай - БӨЖ), ағымдық бақылау және ағымдық бақылау үлгерімінің соңғы қорытынды нәтижесі барлық бағаның орташа арифметикалық көрсеткіші бойынша есептелінеді.

Дисконт:

1. Екі сабақ жіберу – (- 10 балл)

2. Тапсырманы орындамау – (-10 балл)

3. Жұмысты уақытымен тапсырмау – (-5 балл)

4. Сабақта тәртіпсіз отыру – (-5 балл)

Бонус:

1. Сабақта белсенді жұмыс атқару – 10 балл

2. Жауаптың дурыстығы – 10 балл

3. Жұмыстың уақытынан бұрын тапсырылуы – 5 балл

Наши рекомендации