Азақстан Республикасының Даму банкінің қызметі, елдің инвестиция нарығында оның орны мен рөлі
«Қазақстан даму данкі» АҚ (бұдан əрі – Банк) – 2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Даму Банкі туралы» 2000 жылғы 28 желтоқсандағы №531 Жарлығы негізінде «Қазақстан Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы заңға сəйкес ерекшеқұқықтық мəртебесі бар Қазақстан даму банкі құрылды. Қазақстан даму банкі Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде 2001 жылғы 31 мамырда жабық акционерлік қоғам нысанында тіркелді жəне 2003жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес акционерлік қоғам нысанында қайта тіркелді.2006 жылдан бері банктің жалғыз акционері «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ ұлттық басқарушы компаниясы болып табылды. «Қазына» ТДҚ» АҚ-ның негізгі қызметі – экономиканы əртараптандыру міндетін шешуші даму институттарын тиімді корпоративтік басқару жолымен инвестициялық жəне инновациялық белсенділікті арттыру мен ынталандыру.«Қазақстан даму банкі» АҚ – бұл ел экономикасына инвесторларды тартуға қолдау жасау жəне өңдеуші өнеркəсіптерге,өндірістік инфрақұрылымның дамуына мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жоғарылату жəне жетілдіру мақсатында құрылған қаржылық институт. «Қазақстан даму банкі» өз қызметін 2001 жылдың 1 сəуірінен бастаған. Экономикалық қызметінің жалпы жіктелінуіне сəйкес Даму банкін несиелеу үшін оның инвестициялық салалары болып келесілер саналады:•ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу;•тігін өндірісі;• химиялық өнеркəсіп;•машина жасау жəне құралдарды өңдеу;•көлік жəне байланыс;•тас жəне суды, электр энергиясын тарту жəне өңдеу. Қазақстан даму банкі бүгінгі күнде мемлекеттік инвестициялық саясаттың ең басты жолсеріктерінің бірі болып табылады. Өнеркəсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында бəсекеге қабілетті өндірістер құруды қаржыландырып жəне елдің инфрақұрылымын дамыта отырып, Банк Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді.Банктің инвестициялық қызметі елдің барлық өңірлерінде жəне өңдеуші өнеркəсіптің маңызды салаларында танылған.Банктің қаржыландыруымен енгізілген жаңа жəне жаңғыртылған өндірістер Қазақстанның өнеркəсіптік жəне экспорттық күшеюіне жəне өңіраралық интеграцияға іс жүзінде елеулі үлесін қосып отыр. Қазақстан даму банкі экономиканы жаңғыртудың ең басты қатысушыларының бірі болып табылып, бұдан əрі де серпінді жəне кластерлік жобаларды іске асыруда, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруда өз қызметін нығайта беретін болады. Қазақстан даму банкінің жетекші халықаралық Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s жəне Fitch рейтингтік агенттіктері берген ең жоғарғы несиелік рейтингі бар. Банктің міндеттері:1) инвестициялық жобаларға орта мерзімді (5 жылдан 10жылға дейін) жəне ұзақ мерзімді (10 жылдан 20 жылға дейін) несие беру;2) қазақстандық өнімді жеткізуші резидентке де, қазақстандық өнімді сатып алушы резидент еместерге де қарыздардыберу жолымен бірлесіп қаржыландыру, сондай-ақ экспорттықоперацияларға несие беру;3) басқа несие институттары беретін қарыздар мен несиелер бойынша кепілдік берілген міндеттемелерді беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру жолымен Қазақстан Республикасыэкономикасының өндірістік секторына несие беруді ынталандыру;4) Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру.
Банк бүгінгі күнде өнеркәсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістер құруға, сондай-ақ Қазақстанда өнеркәсіптік, энергетикалық, көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құруға және жаңғыртуға бағытталған жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.
Банк, инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға ұзақ мерзімді (5 жылдан артық мерзімге) кредиттеу қызметтерін көрсету, жобаларға агенттік қызмет көрсету және банктік кепілдіктер берумен қатар клиенттерге:- жобаларды тиімді құрылымдау есебінен тартылған капиталдың құнын төмендету; - олардың қаржылану көздерін саралау; - бірлесе қаржыландырып отырған тараптар арасында жоба бойынша тәуекелдерді бөлу; - жобаларды қаржыландыру үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік беретін бірқатар қосымша қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ клиентке капиталдың сыртқы және ішкі нарыққа шығатын кезінде инвестициялық банкинг қызметін көрсетеді.
Әлемдік жетекші даму банктерінің тәжірибесіне сүйене отырып, Банк, жобалық облигациялар шығару, мезаниндік қаржыландыру және т.б. сияқты қаржыландырудың инновациялық тетіктерін енгізу есебінен пайдаланылатын қаржылық құралдар қатарын кеңейту мақсатында үздіксіз жұмыс істейді.
Банктің кредиттік саясатының негізгі қағидаттары және басымдықтары, инвестициялық басымдықтары, қарыздық қаражаттар тартуға сандық шектеулер, лимиттер, бағыттар, мүмкін болған талаптар, кредиттеудің тәртібі мен мерзімі, меншікті капиталын орналастыру, бірлесіп қаржыландыру, кепілдіктер беру, агент функцияларын орындау ұлттық басқарушы компания бекіткен Банктің кредиттік саясаты туралы меморандумда белгіленген.
Сайттың «Банк көрсететін қызметтер» бөлімі Сіздерге банктің шынайы сектор кәсіпорындары мен қаржылық ұйымдар үшін талаптарын, мерзімдерін, қажетті құжаттар пакетін, кері байланыс сауалнамасын, клиенттерге ұсыныстарды, байланыс ақпаратын қоса алғанда ұсынатын қызметтер туралы барлық қажетті ақпаратты және басқа да көптеген ақпарат ұсынады.