Халықаралық шарттарды жасау
“Шарт жасасу” ұғымы 1969 және 1986 жылдардағы конвенцияларда берілмеген. Бірақ Президенттің Жарлығына сәйкес шарт жасау дегеніміз- Қазақстан Республикасының халықаралық щарттың өзіне міндетті екендігіне келісуі. Бұл процеске мемлекетердің келіссөз жүргізуінен шарттың күшіне енуіне дейінгі барлық әрекеттері жатады. Шарт жасау процесінің кезеңдеріне мәтінін қарастыру және қабылдау, түпнұсқасын бекіту және оның міндетілігін тану енеді. Көп жағдайда мемлекетер шарттың жобасын келесі тарапқа ұсынады. Ол өз кезегінде шарт мәтінін жасауды жеңілдетеді.
Шартты арнайы құжат-өкілеттілік берілген тұлғылар ғана жасауына болады. Ол өкілеттілік шарт жасаудың барлық немесе жекелеген кезеңдеріне ғана берілуі мүмкін. 1969 ж. конвенцияға сай мемлекет басшылары, Үкімет басшылары және Сыртқы Істер ведомстваларының басшылары келісім-шарт жасауға арнайы құжат қажет етпейді. Өкілетіліктің берілуі мемлекетің ішкі заңы мен ретеледі. Қазақстанның заңына сай шартты Президентке, Премьер- министрге, Сыртқы істер министріне оны жасауға арнайы өклеттіліксіз жасауға құқық берілген. Шет елдегі Қазақстан Республикасының елшілері немесе халықаралық ұйымдардағы өкілдіктің басшысы арнайы рұқсатсыз сол мемлекетің шеңберінде немесе халықаралық ұйымдардың шеңберінде халықаралық шарт жасасу туралы келіссіз жүргізуге құқылы. Ал шартқа қол қоюды арнайы рұқсатың негізінде жүргізеді. Ведомстволық шарттарға министрліктер, мемлекеттік комитеттер және басқада орталық атқару органдарының, сондай-ақ Президенттке тікелей бағынышты органдардың басшылары өз өкілеттілік шеңберіндегі мәселелер бойынша арнайы рұқсатсыз шарт жасасу туралы келіссөз жүргізеді және оларға қол қоя алады.
Халықаралық шарт мәтінін дайындау және қабылдау. Шарт мәтінін жасау дипломатиялық жолдар арқылы халықаралық ұйым және халықаралық конференцияларда жүзеге асырылады. Дипломатиялық келіссөздер арқылы көбінесе екі жақты шарттар мәтіні жасалады. Халықаралық ұйымдарда шарт мәтінін жасау олардың бас органдарына немесе арнайы сол үшін құрылған органдары жүктеледі. Кейде халықаралық конференциялар шарт жобаларын өздері де жасайды. Шарт мәтінін дайындау бойынша келіссөздер оның мәтінін қабылдауымен аяқталады. Мәтінін қабылдау барлық қатысушы мемлекетердің келісімімен жүзеге асырылады. Мәтінің қабылдау нысаны қол қою немесе парафирлеу болуы мүмкін. Халықаралық конференцияларда шарт мәтінін қабылдау ішкі ережелерге сай жүргізіледі.Бірақ мұндай ережелер бекітілмеген болса, онда 1969 және 1986 ж.ж Конвенцияларға сәйкес, қатысушы мемлекеттердің үштен екі даусымен қабылданады.
Халықаралық шарт мәтіннің түпнұсқасын бекіту. Шарт мәтінін қабылдау түп нұсқасын бекітумен жалғасады. Мәтіннің түпнұсқасы оның түбегейлі жіне шынайы екендігін білдіреді. 1969 ж. Вена Конвенциясының 10 –бабына сәйкес, “ Шарт мәтіннің түпнұсқалылығы мен соңғылығы” қатысушылар алдын-ала келісілген тәртіппен немесе қол қою, ad referendum,парафирлеу, конференциясының қорытынды актісін шығарумен бекітіледі.
3. Халықаралық шарттардың орындалуы.
Күшіне енген шарт қана заңды салдар тудырады. Вена конвенцияларына сәйкес, шарттың күшіне ену тәртібі және күні шартта белгіленеді немесе қатысушылармен келісіледі. Мысалы, шарттар ратификацияланған, қол қойылған немесе ратификациялық грамотоларының белгілі саны өткізілген күнен бастап күшіне енуі мүмкін. Жекелеген жағдайларда шарттың күшіне ену уақытты мен соған байланысты туындайтын құқықтар мен міндеттердің әрекет ету мерзімі әр түрлі болуы мүмкін . Мысалы, әскери кқмекті көздейтін өзара көмек туралы шарттар топтардың біреуіне шабуыл жасаған кезде ғана әрекет етуі немесе шабуыл болмаса мүлден орындалмауы мүмкін. Сонымен қатар,шарттың күшіне ену үшін мерзім берілетін кездер де болады. Кейде шарттардың күшіне ену күні белгіленбейді-көбінесе екіжақты шарттарда, өйткені олар қол қойылған сәттен бастап күшіне енген болып саналады. Шарттың күшіне ену оның мерзіміне байланысты болады әрі мерзімі шавртта көрсетіледі. Шарттар мерзімді,мерзімсіз болуы мүмкін. Шарттың мерзімсіздігі оның әрекет ету мерзімі көрсетілмеуі немесе мерзімсіздігі тікелей шартта көрсетілуі арқылы белгіленеді. әдетте бейбітшілік туралы, дипломатиялық қатнвас орнату туралы, шекара жөнінде, аумақ жөніндегі шарттардың мерзімін көрсетілмейді. Шарттың әрекет етуі мен одан туындайтын міндеттемелердің әрекет етуін ажырата білуі қажет. Себебі ол мерзімдер әр түрлі болуы мүмкін. Әдетте мұндай жағдай сауда шарттарында болады және ол шарттың өзінде тікелей көрсетіледі. Мысалы, халықаралық шарттың негізінде жасалған шарттар халықаралық шарттар мерзімі біткеннен кейін де соған байланысты туындаған міндеттемелер орындалғанша әрекет етуі мүмкін.
Екіжақты шарттарда, көпэжақты шарттар белгілі бір мерзім аралығына жасалу мүмкін. Кейбір екіжақты шарттар мерзімі бітседе тарптардың бірі бас тартпайынша, күшінде бола беруі мүмкін.
Шарттың әрекет ету мерзімін сол мерзім аяқталмай тұрып ұзарту пролонгация деп аталады. Ол көзіндегі бірден жүзеге асырылатын және тараптар келісімінің негізінде жүзеге асырылатын болып бөлінеді. Алғашқысы – шартта алдын ала көрсетіледі. Екіншісі әр түрлі жолдармен жүргізіледі. Көпшілік жағдайда пролонгация туралы хаттама жасалады, ол хаттама күшіне ену үшін мерзімі ұзартылып отырған шартқа қандай жағдай қажет етілсе сондай қолданылады. Мысалы, шарт ратификациялануға жататын болса, онда хаттамада ратификациялану қажет. Пролонгация туралы шарттама иерзімін ұзарту мәселесенің басқа, шарттың мәтінін жанарту мәселесін де жазуға болады. Шарттың мерзімін, егер тараптар өзара келіссе, ресми құжат қабылдамай-ақ ауызша негізінде де ұзартуға болады .
Шарттардың әрекет етуі үшінші мемлекеттер және үшінші халықаралық ұйымдар мәселесімен тығыз байланысты. Үшінші мемлекеттермен ұйымдардың келісімі болмаса шарттың оларға күші жүрмейді. Халықаралық щарттар құқығының субъектілері шарт жасаса отырып, үшінші тарап құқықтарымен міндеттерін ескереді. Егер шарттар үшінші тұлғаға қатысты міндеттеме болса, ол міндеттеменің заңды күші үшінші тұлға жазбаша келісім ғана болады.
Халықаралық шарттарды талқылау. Талқылау дегеніміз шарттардың шынайы мағанасы мен мазмұнын анықтау. Халықаралық шарттарды талқылау қағидаларына адалдық, шартта қолданылатын терміндер әдеттегі ұғым бойынша және шарттың объектісі мен мақсаттарына сай талқылануы тиістілігі жатады. Талқылау кіріспемен шартқа жасалған қосымша құжаттардың көмегі арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезде қатысушылардың кейіннен қабылдаған келісімдері,шарт қолдану тәжіребесі,және қолданылатын халықаралық құқықтың нормалары ескертіледі. Егер тараптар алдын ала көздеген болса, белгілі терминдерге арнайы түсінік берілуі мүмкін. Егер шартты оған қатысушылар талқыласа ол түпнұсқасын талқылау деп аталады. Бұндай талқылауды қатысущылар келісе отып жүргізеді және оның жоғары заңды күші болады. Аутентикалық талқылау нота алмасу, хаттама нысантарында жүзеге асырылады. Халықаралық ұйымдар жүргізетін талқылау халықаралық талқылау деп аталады. Бұл нысан шартта тікелей көрсетіледі немесе тараптардың келісуімен жүргізіледі. Талқылауды БҰҰ-ның Халықаралық Соты немесе әр түрлі комиссиялар жасайды.
Талқылау әр түрлі әдістері қолдану арқылы жасалады. Оларға граматикалық, логикалық , тарихи және жүйелік талқылау жатады.
Граматикалық талқылау-граматикалық және басқа да ережелер – негізінде бөлек сөздермен шарт мазмұнының мағанасын анықтау.
Логикалық талқылауда бір баптар негізінде және оларды бір-бірімен салыстыру арқылы талқылау. Бұл әдісті қолданғанда шарт мәтінінің біртұтастығы тиіс.
Жүйелік талқылау- шарт ережелерін басқа шарт ережелерімен салыстыра отырып талқылау.
Кейде шарт жасаудан кейін көп уақыт өтуіне байланысты шарттың мақсаты, мазмұны, бөлек терминдер мағанасын ашу қиын болуы мүмкін. Осы кездерде талқылау үшін шарт жасасудың тарихи мән-жайларын әзірлеу матириялдарын,дипломатиялық хат алмасуды зерттеу қажет болады. Бұл талқылауды тарихи талқылау деп атайды.
Қазақстанда халықаралық шарттарды талқылау республиканың конституциясына және халықаралық шарттардың нормаларына сай жүзеге асырылады.
Халықаралық шарттың күшін тоқтата тұру және жою. Шарттың күшін жоюы оны орындаудың, уақытының өтуі, жаңа jus cogens нормасының шығуы,шартта көзделген негізде денонсациялау негізінде болуы мүмкін. Кейінгі жасалған шарт осыған дейінгі жасалған шарттың күшін мына жағдайларда жояды:1) егер екуі де бір мәселені реттесе,2)егер бір-бірімен сыйласатын болса,3)егер тараптар соңғысын қолдануға келіссе. Мемлккеттің өзі жасасқан халықаралық шарттар ресми түрде бас тартуы денонсация деп аталады . Егер шартта көрсетілмесе және қатысушылардың оған ниеттері болса шартты денонсациялауға болмайды.
Халықаралық кепілдік – жасалған шарт тараптарын қажетті әрекеттерді жасауға ынталандыру шараларын қолданатындығын туралы мемлекеттің немесе бірнеше мемлекеттердің кепілдемесі .
Шарттарды орындауды қамтамасыз етуде халықаралық ұйымдар үлкен рөл атқарады, өйткені оның органдары қатысушы мемленкеттердің өз міндеттерін орындауды бақылау құзіретіне ие. Одан бөлек талаптарын орындауды қамтамасыз етуге халықаралық жауапкершілік институты өз үлесін қосады.
Қазақстанда жасалған халықарлық шарттың, соған байланысты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Республиканың Президентіне, Үкіметіне жүктелген. Халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалауды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүргізеді