Бап. Радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу
1.Радиоактивті заттарды, радиоактивті ңалдықтарды немесе ядролық матери-алдарды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, пайдалану, беру, қайта өңдеу, ыдырату, тозаңдату немесе көму -
2.Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материал-дарды заңсыз өткізу, сол сияқты радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау-
3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган не абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга экеп соққан іс-әрекеттер -
Радиоактивті материалдарды нормативтік-кұқыктык жэне технологиялық талаптарға сай дү_рыс пайдалану қоғамға, адамзатқа зор пайда келтіруі мүмкін. Бірақ радиоак-тивті материалдармен үдыпсыз немесе қылмысты түрде жү_мыс істеу аса зор қауіпті зардаптарға экеліп соғады.
Қылмыстық қүкык бұзушылықтың тікелей объектісі — радиоактивті материалдармен кауіпсіз жүмыс істеуді реттейтін қоғамдық қатынастар. Қосымша тікелей объект-адамдардың өмірі немесе денсаулығы.
Осы қылмыстық кү-қық бұзушылықтың заты болып - тек қана радиоактивті мате-риалдар танылады. Оларға радиоактивті нэрселер, радиоактивті қалдықтар т. б. заттар жатады. Радиоактивті заттармен жү_мыс істеу тэртібі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сэуірдегі «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы заңымен белгіленген».
Қылмыстық кодекстің 283-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыстың объектив-тік жағы: радиоактивті материалдарды заңсыз иеленіп алу, сақтау, тасымалдау, пайдалану, Бұлдіру немесе көму эрекеттері арқылы сипатталады. Мү_нда көрсетілген заңсыз алуға - радиоактивті материалдарға ҚК-тің 284-бабында көрсетілгеннен басқа кез келген тэсілмен (сатып алу, айырбастау, сыйға алу) арқьшы қолға түсіру немесе радиоактив-тік материалдарды үшінші жаққа тегін немесе белгілі бір ақы алып беру жатады, бү_л эрекеттер заңға негізделмеген болуы қажет.
Сақтауға - көрсетілген заттарға шын мэнінде иелік етіп, қожалықта ұстау эрекеттері жатады.
Радиоактивті материалдарды пайдалануға оны максатты немесе басқадай мақсатсыз қолданып, игілікке жарату эрекеттері жатады.
Бұлдіру деп - радиоактивті материалдар сақтаған ыдыстар мен басқа да бұйымдарды қиратуды, сындыруды айтамыз.
Заңсыз тасымалдау немесе көму деп — занда белгіленген талаптарды көрінеу бұза отырып, қауіпті жағдайда радиоактивті материалдарды тасу немесе көму эрекеттерін айтамыз.
Қылмыстық қү_қық бұзушылық формалдық құ_рамға жатады. Қылмыс жоғарыда көрсетілген балама эрекеттердің біреуін заңсыз істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыстық құкық бү-зушылық субъективтік жағынан тек кана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істейтінін сезеді жэне соны тілеп эрекет істейді.
Қылмыстық құкьіқ бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған, кез келген есі дү-рыс адам.
Радиоактивті материалдарды заңсыз өткізу, сондай-ақ өткізу мақсатымен радиоактив-ті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 283-бабының 2-бөлігінде көрсетілген. Қылмыстың мақсаты - заңсыз өткізу немесе осындай мақсатпен радиоактивті материалдармен заңсыз эрекеттер жасау.
Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану жөніндегі», сол сияқты «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңдарға жэне басқа арнаулы нормативтік-қүху>іктық актілерге қайшы іс-эрекеттер заңсыз деп танылады.
Қылмыстық кодекстің 283-бабының 3-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: қылмыстық топ жасаган не абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға экеп соққан нақ сол эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Өзге ауыр зардаптарға бір-неше адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру, қоршаған ортаны радиоактивті уланды-ру, ірі материалдық залал келтірулер жатады.
Қылмыстық кодекстің 283-бабының 3-тармағындағы қылмыстың субъективтік жағы кінэның екі нысаны арқылы жүзеге асырылады (ҚК-тің 22-бабын караңыз).