Жалған кәсіпкерліктің субьективті жағы
Қылмыстың субьективтік жағы дегеніміз – адмамның өзі жасаған іс – әрекетіне және оның зардаптарбына психикалық қатысы.
Қазіргі таңдағы оқулықтардың көбінде субьекивті жақты толық көрсететін әліметтер тым аз. Қазақ тіліндегі мәліметтерді айтпасақ та болады. Заң ғылымдарының ғалымдары көбіне тек қана кінәнің формасымен ғана шектеліп қояде немесе жалпы жағдайларды ғана жазып қояды да нақты осы қылмыс құрамының субьективті жағын көрсетуге келгенде санаулы ғана ғалымдар еңбек жазады.
Біздің ойымызша қылмыстың субьективтік жағының барша белгілерін толыққанды түсіну үшін және кінәнің белгілерін толық түсіну үшін қылмыстық құқық теориясындағы алуан көзқарастарды салыстыра кеткеніміз жөн болар деп есептейміз.
Жалпы алғанда заң ғылымдарында еңбек етіп жүрген ғалымдардың көпшілігі жалған кәсіпкерлік қасақана кінәмен жасалынады деп есептейді. қасақаналықпен жасалынады деп есептейтін ғалымдардың өздерінің ойлары екіге бөлінеді. Бір тарап жалған кәсіпкерлік тек қана тікелей қасақаналық ниетпен жасалынады деп есептесе [17,160], ал келесі тараптағы ғалымдар болса, жалған кәсіпкерлік тікелей қасақаналық кінәмен қатар жанама қасақаналық кінәмен де жасалынуы мүмкін деген секіді көзқарастарды білдіріп өткен [101].
Бірінші тараптағы ғаымдарыдың қатарына Н.А. Лопашенко жатады. Оның пайымдауы бойынша қылмыстың субьективті жағы тек қана қасақаналықпен сипатталынады. айыпкер кәсіапкерлік қызметпен айналысу ниетінсіз комерциялық ұйымды құрып жатқанын түсіне біледі, азаматтарға, ұйымдарға , мемлекетке ірі зардап келеуі және келмей қойматынын сезінеді және солай болуын қалайды деген секілді пікірді білдіріп өтті [17. Б. 176]. Бұл пікір қазіргі аңда пікірталасқа толы болып қала беруде. Егер бұл пікірмен келісер болсақ ҚР ҚК-нің 215-бабы (Жалған кәсіпкерік) бойынша айыпкер азаматтарға, мемлекетке, ұйымға жоспарлы түрде, тікелей қасақаналықпен зардап келтіруді көздесе бұл пікірді дұрыс деп есептеуге болар еді. Бірақ осы арада мынандай түсініспеушілік орын алады. Айыпкер жоғарыда аталған қылмысқа ірі зардап келтіру үшін емес, салықтан босатылу немесе кредит алу мақсатында барады.
Осы ұстанымның тағы бір кемшіл тарапы жалған заңды тұлғаны құрған құрылтайшы заңға қайшы әрекетінен соң қандай «пайда» алатынын көре білмейді. Бұл жағдайда заңды қолданушы тарапынан айыпкердің ірі зардап кетіруді жоспарлағанын анықтауына тура келеді. Бұл жерде субьекті жанама қасақаналықпен жасады десек қателеспеген болар едік. Айыпкер өз әрекетінен соң ірі зардар келуі мүмкін екенін көре біледі. Зардаптың болуын қаламаса да соған саналы түрде жол береді, немесе көңіл бөлмейді.
Біздің ойымызша осы мәселеге байланысты Алиев Р.М. өте мағыналы және қызықты ой жазып қалдырғанын байқауға болады. Оның пайымдауынша жалған кәсіпкерліктің субьективтік жағы қасақаналықпен сипатталынады. Қасақаналық тікелей немесе жанамалықпен де жасалынуы әбден мүмкін. айыпкер жалған комерциялық ұйымды құрып жатқанын түсіне біледі, азаматтарға, ұйымдарға , мемлекеттке ірі зардап келуі мүмкін екенін біледі және сол зардаптың болуын қалайды немесе сол зардаптың болуына саналы түрде жол береді немесе зардаптың болуына ешқандай көңіл бөлмейді деген секілді ойды қалдырып кеткен [162. Б. 33]
Біздің ойымызша осы тақырыпқа байланысты өзгеше ойды жазып қалдырған авторлардың ойларын мысал ретінде келтірсек әділетті болады деп ойлаймыз.
Осы тақырып бойынша қызықты ойы Ю.П. Кравец жазып қалдырған. Оның пайымдауы бойынша диспозициядаға әрекеттер бойынша тікелей қасақаналықпен жасалынады, ал келген зардаптарға байланысты абайсыздықпен сипатталынады, сонымен қатар арнайы мақсатпен де боуы мүмкін деген секілді ойды бідіріп өткен [140. Б. 94]
ҚР АК-де былай жазылған «Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiк құқығына (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады» ,- деп жазылған. Осы арада абйсыздық және заңды кәсіпкерлікьің белгілері тәуекел етуі мен жауапкершілігінің арақатынасын қарастыруға тура келеді. Бұндай қызметпен айналысу барысында абайсыздыққа орын жоқ де есептейміз. Кәсіпкерлік – бұл тәуекел. Кәсіпкер дегеніміз бірінші кезекте барлық жасайтын барша іс –әрекетін көре білуі, есепке алуы керек. Тауарды өндіруге , шығаруға байланысты бірінші кезекте жоспарын жасап алуы керек. Біздің ойымызша абайсызда деген ұстанымның бұл арада мүлдем қатысы жоқ.
Жоғарыдағы көзқарастардың негізінде жалған кәсіпкерліктің субьективті жағын тікелей қасақаналықпен қатар жанама қасақаналықпен сипаттайтын Р.М. Алиев, В.П. Верина, Б.В. Волженкина секілді авторлардың ойымен келіскенді жөн санамыз . Біздің пайымдауымызша айыпкер жалған кәсіпкерлікті жасау барысында жалған заңды тұлға құрып жатқанын ұғына біледі, зардаптың болмай қоймайтынын көре біледі, сол зардаптың болуын қалайды ненмесе қаламаса да соған саналы түрде, түйсіне отырып жол береді, немесе болуы мүмкін зардапқа көңіл аудармайды.
Қазақстан Республикасының Қымыстық заңнамасы қылмыстың субьективті белгісі ретінде кінәмен қатар ниет пен мақсатты да қарастырады. Біздің білуіміз бойынша кінә қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Егер кінә болмаса қылмыс құрамы да жоқ деген сөз. Ал ниет пен мақсаттың кінәдән айырмашылығы бұл белгілер кей қылмыс құрамы үшін міндетті болса ал кейбір қылмыс құрамы үшін факультативті болып табылады. Ал біз қарастырып отырған қылмыс бойынша жоғарыда аталған белгілердің кез – келгені міндетті болып табылады.
Тағы бір айта кететін жайыт жоғарыда аталған субьекетивті тараптың белгілері болып табылатын ниет пен мақсат отандық заң ғылымдрында дерлік қарастырылмаған.
Р.М. Алиев былай дейді кез-келген зат қымыстың ниеті болуы мүмкін , бірақ көп жағдайларда қылмыстар пайдакүнемдік ниетпен жасалынатыны жайлы айтып кеткен [162. Б. 33]
Жалған кәсіпкерліктің субьективті жағын сипаттайтын негізгі элементтердің бірі ретінде заңда көрсетілген, қылмыс жасау барысында айыпкердің санасында болатын арнайы белгіледің болуын айтамыз. 215-баптың диспозициясында келтірілген арнайы белгілеррді Н.А. Лопашенконың берген тізімі бойынша келтірсек анығырақ шығады деп есептейміз.
« Тұлға мына мақсаттарды көздеуі мүмкін:
1. кредит алу;
2. салықтан босатылу;
3. өзге де мүліктік пайда алу;
4. тыйым салынған қызметті жасыру. Тұлғаның әрекеттерінде бір уақытта бірнеше мақсат болуы мүмкін. Заң айыпкер өз алдына қойылған ниетіне жетуін көздемейді» [17. Б.176]
Жоғарыда жазылған мақсаттардың біріншісіне тоқталар болсақ банк мекемесінен шарт негізінде кредит алу мақсатвнда жалған кәсіпкерлік субьектісін құру. Негізінен тәжірибеде өзге жалған кәсіпкерліктің мақсаттарына қарағанда осы кредит алу, жеңілдік алу мақсатында кәсіпкерлік субьектісін құру фактісі көптеп кездеседі екен. Мысалыға мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлікті қолдауға әртүрлі кәсіпорындарға берілетін кредиттік жеңілдік саласы жалған кәсіпкерліктің өршуіне әсерін тигізуде деуге болады.
Екінші мақсатқа болса белгілі бір кәсіпкерлік ұйымын құрған кезде салықтан босатылу себеп болуы мүмкін. қазіргі таңдағы мемлекеттік заңнамаға сәйкес осы коммерциялық ұйымды құру барысында бклгілі бір салық түрінен азат етіледі. Мысалы: белгілі шаруашылық ұйымы пайда табу мақсатымен кішігірім кәсіпорындарды құрады, бірақ шындығына келгенде ол кәсіпорндарда ешқаандай шаруашылық қызметтері жүзеге асырылмайды. Істелген жұмыстар тек қана бухгальтерлік құжатарда ғана көрсетіліп қояды. Осылайша мемлекетке ірі залал келеді.
Ал үшінші жағдайда яғни өзге де мүліктік пайда алу мақсатында кәсіпкерлік ұйымын құру әрекетімен сипаттаынады, оның атынан қандай да бір операциялар жасалынады. Осы ұйымды құру арқылы салықтан босату, кредит беру,салымшылар тарапынан ауқымды ақша тару мүмкіндіктеріне ие болады. Осыған байланысты мысал келтіре кетсек. РГП басшылары соңғы екі жыл көлемі аралығында тендер жүргізбей 5 милиярд теңгеге татитын мыңға жуық шарттар жасаған. Бқл жағдайда мемлекетке қанша ынңдағын ақша зардап келіп отырғаннан кейін қымыс жалған кәсіпкерлік ретінде сараланады.
Ал тыйым салынған қызметті жасыру барысында қымыстық заңмен тыйым салынған келісімдерді, әрекеттерді, өздері құрған ұйым атыгаг жүзеге асыру мақсаты тұрады. Мысалы ретінде экономикалық контрабанда қылмысын жасыру мақсатында заңды кәсіпкерлік субьектісін құру.
Жоғарыда аталған төрт мақсаттың бірі болмаса онда жалған кәсіпкерліктің қылмыс құрамы бұл жерде жоқ болып есептелінеді. Себебі жоғарыда атап кеткеніміздей жалған кәсіпкерліктің құрамын сипаттау барысында мақсат міндетті түрде болуы керек.
Жоғарыдағы мәліметтермен таныса отырып мынандай қорытынды шығаруға болады.
1. Жалған кәсіпкерліктің субьективті жағы тікелей және жанама қасақаналақ кінәмен сипаптталынады. айыпкер жалған кәсіпкерлікті жасау барысында жалған заңды тұлға құрып жатқанын ұғына біледі, зардаптың болмай қоймайтынын көре біледі, сол зардаптың болуын қалайды ненмесе қаламаса да соған саналы түрде, түйсіне отырып жол береді, немесе болуы мүмкін зардапқа көңіл аудармайды.
2. Аталған қоғамға қауіпті әрекет пайдакүнемдік ниетпенен жасалынады
3. 215-бапқа әйкес жалған кәсіпкерліктің мақсатының төрт белгісі бар, олар: кредит алу, салықтан босатылу, өзге де мүліктік пайда алу, тыйым салынған қызметті жасыру секілді мақсатың белгілерімен сипатталынады.
Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әпекеттер жасаудың обьективтік және субьективтік белгілері
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі қабылданған жаңа Қылмыстық кодексі 1997 жылғы Қылмыстық кодекске қарағанда біршама ауқымды және кең мағынаны қамтитыны көрініп тұр. Себебі жаңа кодексте бұрын қылмыстық жаза қарастырылмаған бірнеше жаңа қылмыстар енгізілген. Алғашқы қабылданған ........