Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі
А. Студент түсінуі және білуі керек:
- әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзегермелілімен байланысты халық денсаулығының көрсеткіштері мен тенденцияларын;
- денсаулық статистикасының теориялық және әдістемелік негіздерін;
- денсаулық жағдайының демографиялық статистиканың негіздерін, аурулық статистикасын, жарақаттану, мүгедектік және физикалық даму, халық денсаулығының көрсекіштерін;
- халықтың өлім және аурушылдық деңгейлерімен құрылымымен бірге қазақстан халық денсаулығының қазіргі жағдайы;
- біріншілік медициналық-санитарлық, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру негіздері.
- халыққа санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы көмекті ұйымдастыру негіздері.
- халықты гигиеналық тәрбиелеу және халықты салауатты өмір салтын қалыпитастыру, санитарлық ағарту жұмысының принциптері, әдістері мен құралдары.
- азаматтарды әлеуметтік сақтандыру негіздері, әлеуметтік кепілдіктер негіздері, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықты дәрігерлік сараптау принциптері.
- эконогмика негіздері және денсаулық сақтаудағы экономикалық қатынастар.
- денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздері, медициналық көмектің қызмет етуін қамтамасыз етудегі менеджер ролі.
- денсаулық сақтаудағы кәсіпкерлік әрекеттің негіздері, осы жүйедегі бизнес және маркетинг.
- медициналық көмек сапасын басқару принциптері.
- денсаулық сақтаудағы сапаны бақылау, талдау және бағалау.
В. Студент білімін және меңгеруін қолдана білуі тиіс:
- денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелеріндегі тіркеу және есеп беру жүйесі;
- әлеуметттік-экономикалық жағдайларға сай халық денсаулығы жағдайының көрсеткіштерін есептей және бағалай білу;
- негізгі себеп-салдарлық байланысты анықтау, халық денсаулығына әсер ететін факторлардың әсер ету дәрежесі мен бағытын;
- халық денсаулығын зерттеуде медициналық-стаститикалық әдістерді қолдана білу;
- қолайсыз факторлар әсерін жою үшін және халық денсаулығын нығайту бойынша ұсыныстар жасай білу;
- медициналық мекемеде ұйымдастыру, әдістемелік жұмысын жүргізу, мекеме және қызметкерлер жұмысына шолу жасап есеп берулер құрастыру;
- халықтың аурулығы мен демографиялық үрдістері туралы мәліметтерді жинауды және талдауды, оларды компьютерлік техника мен технологияларды қолдану арқылы статистикалық өңдеуден өткізуді;
- қоршаған ортаның факторларына сәйкес халық денсаулығының статистикалық сараптау нәтижелерін бағалай және талдай білу;
- медициналық құжатты толтыра білу;
С. Студент дағдыларды машықтана білуі керек:
- денсаулық жағдайы және денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелер жұмысын талдау және бағалауды компьютерлік техника мен технологияларды қолдану арқылы статистикалық өңдеуден өткізуді;
- кәсіби міндеттерді шешуде ғылыми , оқу, нормативтік және анықтамалық әдебиеттерді қолдану;
D. Студент коммуникативті қабілетті болуы керек:
-пән аралық топтарда жұмыс жасай білуі;
-әдебиеттік мәліметтерді және өзіндік зерттеулерді ұсына білуі
E. Студент оқуға қабілеттілігін көрсете білуі керек:
-өзіндік жұмыстан бөлек жаңа салаларды зерттеу;
-жаңа ашылулар туралы ақпаратта болып мүмкіндіктерді қолдана білу;
-жоғары деңгейде автономды және жауапкершілікті өзіне ала отырып жұмыс жасай білуі
Реквизитке дейнгі
Саясаттану, информатика, экология, әлеуметтану, құқық негіздері, экономикалық теория негізі, биостатистика
Реквизиттен кейінгі
Дәлелді медицин негіздері, ішкі аурулар, хирургия, акушерство және гинекология, балалар ауруы, жалпы дәрігерлік тәжірибе, психиатрия, наркология, неврология
Пәннің қысқаша мазмұны
Қоғамдық денсаулық сақтау - қоғамдық денсаулық деңгейін және медициналық көмек сапасының деңгейін жоғарлатуға бағытталған, медико-әлеуметтік аспектісін ұсынатын, жарақат және ауруларды алдын алатын, қоршаған ортаның қолайсыз факторларын болдырмау және азаматтардың салауатты өмір салтын жүргізуді ұйымдастыратын ғылым.