ШаруашылыҚтыҢ жалпы табиҒи климаттыҚ жаҒдайы

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының жер көлемі 272,5 млн. га құрайды. Ол ТМД елдері ішінде Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орында, ал дүние жүзінде тоғызыншы орынды иемденіп отыр. Еліміздің жеріне тоқсан Армения, онбір Англия сияқты мемлекеттер еркін сиып кетеді екен. Осындай үлкен терреторияны иемдене отырып біз жерімізді тиімді де ұтымды пайдалана білуіміз керек. Сонымен қатар жер реформаларын жүзеге асыруға та салысуымыз керек.

Жер реформасы-Республика экономикасының нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау мақсаты мен жер қатынастарын өзгерту. Демек, жаңа жер құралын қалыптастыру және осының негізінде тұрақты түрде ауыл шаруашылық өнімінің көлемін арттырып отыру болып табылады.

Жаңадан пайда болған шаруашылық құрылымдарда өндірістік қатынастар өзгеруде. Ұйымдастырылған өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, көптеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа (фермерлік) қожалықтар өзі еріктерімен қабылданған Уставтары негізінде жұмыс істейді. Шаруа (фермерлік) қожалықтар көбінесе Өндірістік кооперативтер құрамынан бөлініп, берілген жер үлестері негізінде құрылуда. Олар әрқашанда өз жер үлестерін алып жеке шаруашылық жүргізуге құқықты. Жергілікті әкімшіліктердің қарамағында жаңа шаруашылық қожалықтарын құруға қажетті арнайы жер қорлары жасалған. Олардың барлығына жер белгілі бір мөлшерде шектелген жеке меншікке, ал көбінесе тұрақты пайдалануға немесе жалға беріледі.

Мемлекет өз шекарасындағы жерге толық қожа болғандықтан, бекітілген жер қорын сақтап дұрыс иемдене отырып, тиімді пайдалануға құқылы.

Жеке тұлғалар мен азаматтарға, жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға жер бөліп немесе сатып алғанда сол жерлердің тиімді пайдалануын қадағалап отырады, оның реттелуі шаруа аралық жерге орналастыру жұмыстары арқылы жүргізіледі.

Қазіргі кездегі шаруа аралық жерге орналастыруды мемлекеттік тұрғыдан қарағанда күрделі инжинерлі-экономикалық қатынастардан құралады. Ол-жұмыстың басты қойылатын мақсаты: жер қорларын тиімді пайдалану; жер құрылымын нығайту; өндірістік тиімділігін жоғарлату; жоспарлы түрде пайдалануды алға жүргізу; Көктал күштерін дұрыс пайдалана отырып мол өнім алуға әкеліп соқтырады.

Шаруа аралық жерге орналастыру мынадай күтпейтін шешімдерді айқындайды:

-кеңістік кемшіліктерін: алабаралық, теңбілдеулік, сыналасулық, пішін кеңістіктерінің күрделілігі, алаптар құрамының мамандандырылыққа сәйкес болмауы және т.с.с. жоя отырып, шаруа (фермерлік) қожалықтарын, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, және т.б. ауылшаруашылық тауар өндірушілердің жер иеленушіліктердің жобаларын құру;

-мал азығы алаптарын пайдалану жөніндегі ұсыныстар жасалған елді мекендердің, әсіресе ауылдардың, жер шаруашылығын орналастыру жобалары;

-тау-кен, энергетикалық, басқа да өнеркәсіпорындары мен ұйымдарға, мемлекеттік және жеке шаруашылық мұқтаждарға жер бөліп беру жобалары;

-экономикалық жағынан тиімді және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз ауыл шаруашылық алаптарды жақсарту, жаңа жерлерді-игеру, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жөніндегі жобалар.

Жер пайдаланушылық және жер иеленушілік жүйесін жетілдіру, бүкіл жер құрылысын қайта қалыптастыру ісіне және жер ресурстарының пайдалануына қойылатын жаңа қатал талаптарға байланысты шаруа аралық жерге орналастыру әрқашанда осындай күрделі міндеттер жүктеліп отырады.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнімнің көлемін арыттыру үздіксіз факторлады дамыту, ғылымының жаңа түрін енгізу, алдынғы қатарлы технологияларды енгізу және өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудан іске асады.

Бұл күрделі мәселелердің шешімі шаруа аралық жерге орналастыру жобасынан айқын көрініс табады. Территорияны дұрыс ұйымдастыру кезінде, ғылыми негіздерді, шаруашылықтың мамандануын анықтау, ұйымдасқан шаруашылықтың құрылымын, шаруа аралық байланыстарды орнықтыру, аймақта инженерлі жабдықтарды дамытуға және орналастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі шаруа аралық жерге орналастыру жұмыстары мемлекеттік тұрғыдан қарағанда күрделі инженерлі-экономикалық қатынастардан құрылады. Ол жұмыстың басты қойылатын мақсаты-жер қорларын тиімді пайдалану, жер құрылымын нығайту, өндірістік тиімділігін жоғарлату, жоспарлы түрде пайдалануды алға жүргізу, Көктал күштерін дұрыс пайдалана отырып мол өнім алуға итермелейді.

Шаруа аралық жерге орналастырудың негізі жер болғандықтан алға қойылатын жоспар бойынша жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар арасындағы қатынастар реттеледі, жүйеленеді.

Қазіргі кездегі осы жағдайларды реттеп жер реформасын жүзеге асыру үшін келесі жұмыстарды атқару көзделеді:

-ауыл шаруашылығы мен халық шаруашылығында пайдаланып отырған жерлерге жаңа қосымша жерлерді игеру, оның мақсатын анықтау, айналымға қосу қажеттілігі;

-жаңа жер иеленушілерді құру, бұрынғы жер пайдаланушылардың өркендеуін қадағалау, жетімсіздік жағдайларын реттеуді қайта құру;

-жекешелендіру арқылы, ӨК жүйелерін қайта құрып шаруашылық құрылымдарының жердегі пайдаланымына басшылық ету;

-мемлекеттік, жекешелік, қоғамдық қажеттілікке жер бөлу арқылы ауыл шаруашылығында пайдаланбайтын жер қорларын реттеу, салалау;

ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТАБИҒИ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Наши рекомендации