Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері
Күнделікті өмірімізде біз «интеллектуалдық меншік» немесе «интеллектуалдық меншік құқығы» деген сөздерді жиі болмаса да естіп жатамыз. Егер бұл сөздерге ден қойып көңіл аударар болсақ, оның мәні тереңде жатканын аңғарамыз. Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей: «Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады». Мұны біз заңдық тұрғыда бекітілген интеллектуалдық меншіктің анықтамасы ретінде қабылдаймыз.
Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
• интеллектуалдық қызметтің туындылары;
• ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
• өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;
• фирмалық атаулар;
• тауарлық белгілері және т. б.
Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады.
Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы; Бахус» АҚ-ы; «Глотур» фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.
Питер Пэн туралы ертегінің жас батыры — Вендидің есімі ойдан құрастырылған. Шығарма жарық көрген соң, аталған есім кең тарап кетті, бірақ бұған дейін Англияда ондай есім болмаған. Жас өспірімдер П.Пэн туралы ертегінің авторы Джеймс Барриді өзінің досы ретінде танып, Маргарет Хенли есімді бір қыз оны «досым» деп атағанда ағылшынша «френди» орнына «венди» сөзі шығады, себебі ол қыз кейбір дыбыстарды айта алмаған. Сол кезден бастап жаңа есім пайда болады.
1929 жылы Барри өзінің «Питер Пэн» ертегісінің авторлық құқығын Лондонның қалалық балалар ауруханасына береді, аталмыш аурухана аталған құқықты үшінші тұлғаларға беруден түскен пайдаға медициналық зерттеулер мен ауруханаға түрлі құрап жабдықтар сатып алады.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері[өңдеу]
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық Интеллектуалдық меншік объектілерін кұру фактісі және тәртіп бойынша өкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды і беруі нөтижесінен туындайды.
Суретші сурет салды, автор кітап жазды. Бұл жердегі сурет пен интеллектуалдық меншік құқығы негізінде заңды дәлел болып табылады.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне байланысты мүліктік емес (абыройын қорғау құқытғы, т.б.) және мүліктік (басу, жалға беру, т.б.) құқықтар болуы мүмкін. Бұл жерде интеллектуалдық меншік субъектісін екіге бөліп қарастыруға болады:автормен объектіге құқығы бар иеленуші. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің авторларына жеке мүліктік емес және мүліктік құқыктар да тиесілі болады. Мүліктік құқығын басқа адамдарға берген жағдайда да авторда жеке мүліктік емес құқықтар әр уақытта сақталады. Тауарлық белгілердің иегерлеріне тек мүліктік кұқықтар ғана тиесілі.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған интеллектуалдық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада интеллектуалдық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.
• Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.
Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.
• Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.