Тақырып. халықаралық құқықтың қағидалары
1. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының түсінігі және жүйесі.
2. Қағидаларының түрлері
3. Құқықтың жалпы қағидалары туралы мәселелер.
Халықаралық құқықтың дамуындағы маңызды белгілердің бірі, оның негізгі қағидалары рөлінің дамуында, басқаша айтқанда, ол белгілі бір қатынастардағы халықаралық құқық субьектілерінің тәртіптеріненегізделген, заңи оқшауланған нормалары болып шығады.
Құқықтық нормалармен салыстырғанда, қағида ұзақ мерзімді, әрі өзгеріп тұратын мән-жайлардың әсеріне көп ұшырамайды. Сонымен бірге нормаларға қарағанда қағидалар ұзақ мерзім ішінде қалыптасады.
Қағидалар дегеніміз- қандай да бір жүйенің негізін қалайтын идеялар, нақты жүйенің барлық нормалары бағынатын, әрекеті көлемді нормалар болып табылады.
Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары- халықаралық құқықтың өзінің пайда болуы кезеңімен сөйкес келмейтін санатқа жатады. Халықаралық құқықтың қағидалары оның басты ережелері болып табылады, оның халықаралық-құқықтық толық нормалары мен арақатынасын заңдағы нормалардың конституциялық қағидаларының арақатынасымен салыстыруға болады.
Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары-өзіндік сипаттамасы бар дербес құқықтық санатқа жатады. Біріншіден: қағидалары барлық құқықтық жүйеге таралады. Екіншіден: олар міндетті (императивті) сипатта jus cogens. Үшіншіден: қағидаларға жүйе құраушы рөл сипаты тән. Төртіншіден: қағидаларға заңдылық өлшемі тән болады.
1970 жылғы Декларацияда халықаралық құқықтың 7 қағидасы мазмұндалған:
- Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы;
- Ішкі істерге араласпау қағидасы;
- Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы;
- Мемлекеттердің өзара міндетті ы нтымақтасу қағидасы:
- Халықтардың теңдік және өзін-өзі басқару қағидасы;
- Мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы;
- Міндеттемелерді адал орындау қағидасы.
Халықаралық ынтымақтастықты айқындайтын қағидалар тобына мыналар жатады:
- Мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы
- Қол сұқпау қағидасы
- Халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі басқару қағидасы
- Мемлекеттердің ы нтымақтасу қағидасы
- Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы.
Мемлекеттердің экономикалық, әлекметтік және саяси жүйелерінен тәуелсіз бейбіт қатар өмір сүру қағидасы.Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, сондай ақ өзара тиімді ы нтымақтастықты дамутуға міндетті.
Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан лоқы жасамау қағидасы.Алғаш рет бейбітшілік туралы Декретте жарияланған басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасы, 1935-1939ж.ж жасалған шабуыл жасамау және бейтараптық және беутараптық туралы шарттарда заңи бекітілген болатын.
Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы.Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, халықаралық құқық қағидасы ретінде алғаш соғыстан бас тарту туралы 1928 ж. Париж шертында бекітілген еді. Дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасын дұрыс түсіну үшін «халықаралық дау» түсінігін айқындаудың маңызы зор.
Мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидасы.1970ж. Декларацияда осы қағида күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасының бір бөлігі ретінде баяндалған.
Шекаралардың мызғымастығы қағидасы.Шекаралардың мызғымастығы қағидасының мәні бұл қағиданың соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешудегі ұзақ мерзімді тәрірибемен қамтамасыз етілгенімен айқындалады.
Мемлекеттердің дербес теңдігі қағидасы.Дербес теңдік қағидасы қарама қайшы қоғамдық жүйелері бар мемлекеттердің теңқұқықтараын мойындауды білдіреді. Ең алдымен дербес теңдік элементтерінің бірі-әрбір мемлекеттің заңи теңдік құқығы аталған. Дербес теңдікті мойындау, мемлекеттердің тәуелсіздігін құрметтеу-мемлекеттердің әлемдік аренада бейбіт қатар өмір сүру саясатының басты элементті болып табылады. Қазіргі заманның басты мақсаты-осы қағидалардың халықаралық проблемаларды шешу барысында сақталуын қамтамасыз ету.
Ішкі істерге қол сұқпаушылық қағидасы.Мемлекеттердің бір-бірінің істеріне араласпауы туралы мәселе феодализм дәуірінде пайда болған еді. Бұл кезеңде қол сұқпаушылықты құқықтық норма ретінде шарттық рәсімдеу - өте сирек кездесетін құбылыс болатын. Қағиданың заңды мазмұны 1970 ж. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Декларацияда баяндалған. «Бірде бір мемлекет өзінің дербес құқықтарын жүзеге асыру барысында және одан қандай да бір артықшылықтарға ие болу үшін басқа мемлекетті өзіне бағындыру мақсатында экономикалық, саяси шараларды немесе кез келген басқа сипаттағы шараларды қолдана да, көтермелейде алмайды.»
«Бірде бір мемлкет басқа мемлекеттің құүрылымын зорлық зомбылық жолымен өзгертуге бағытталған қарулы, зиянкес немесе террорлық әрекеттерді ұйымдастырмауы, көмектеспеуі, шағыстырмауы, қолдамауы тиіс.» Бұл нысанның маңызды құндылығы – оның сипатталу қатаңдығы мен үзілді кесілді екендігінде.
Халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі билеу қағидасы.Бұл қағида ортақтандырылған абсмалютті монархияның орнаған кезеңінде, XV-XVI ғасырларда пайда болған. Халықтардың тең құқылық және қзін өзі билеу қағидасының тұжырымдамасында халықтардың өздерінің саяси мәртебесін айқындауы туралы былай делінген:
- Басқару нысанының еркін таңдау
- Өздерінің мемлекеттік құрылымын айқындау
- Өзінің саяси, әлеуметтік және мәдени дамуын өз қалауынша жүзеге асыру.
- Мемлекеттің аусақтық тұтастығын қорғау.
Мемлекеттердің ы нтымақтасу қағидасы. Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттдің өздерінің ы нтымақтастықтарын барлық салалар бойынша дамутуға міндеттеледі. 1975 ж. Қорытынды Актімен 1970 ж. Декларациядағы осы қағиданың тұжырымдамасын салыстыра қарағанда, мемлекеттердің бұл қағиданы материалдық мазмұн жағынан толықтыруға тырысқанын байқауға болады.
Адам құқықтарын құрметтеу қағидасы.Осы қағиданың мазмұнына сәйкес, мемлекеттердің азаматтық және саяси ғана емес, сонымен біурге әлеуметтік экономикалыққ құқықтарды да сақтауды өздеріне міндет етіп жүктейді. Осы заманғы халықаралық қатынастарда, баяғы қалпынша адамның неегізгі құқықтарымен нгізгі құқықтары мен бостандықтарывн апартеид, геноцид, нәсілшілдік сипаттарын дөрекі және жаппай бұзу әлі де орын алып келеді.
Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы.Халықаралық құқықта ертеден ақ, шарттар орындалуы тиіс-pasta sunt servanda-деген қағида бар. Ол кейін БҰҰ Жарғысының Кіріспесінде көрініс тапты. Кейінгі жылдарда мемлекеттер арасында жасалып жатқан шарттар мен келісімдер адамзатты жаңа жүзілік соғыс қаупінен арашалауға бағытталған. Олар мемлекеттер арасындағы түрлі ы нтымақтастық жүйесін қалыптастыруды мақсат тұтады. Сондықтан шарттық ережелердің орындалуы халықаралық бірлестіктегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа халықаралық келісімдерге қол қойылуының кепілі бола алады.