Бальнеотерапияның негізгі түсініктері мен міндеттері.
Бальнеотерапия – ағзаның қорғаныс-қайта қалпына келтіру күштерін арттырудың, оның икемделу мүмкіндіктерін жаттықтырудың тиімді құралы, ал, аурулар туындаған жағдайда ол функционалдық бұзылуларды жоюға немесе азайтуға ықпал етеді.
Төмендегі бальнеотерапия әдістері қолданылады:
Құйынды ванна – аяқ-қолдар мен жамбас органдарына арналған құйынды ванна – бұл су астында су ағынымен және құйынымен жасалатын массаж. Ол аяқ-қолдар мен жамбас органдарында қай айналуды және зат алмасуды жақсартады, жүйке жүйесіне, тканьдердегі алмасу процестеріне оңтайлы әсер етеді, барынша еркінсініп, тынығуға ықпал етеді. Құйынды ванна аяқтардың ангиопатиясы кезінде, жамбас органдарының сырқаттануы кезінде жақсы көмектесіп, сирақ-табан, тізе және жамбас-сан буындарының аурушаңдық синдромын азайтады, шаршағанды басады.
Емдеуге қарсы айғақтар: жүкті кезеңіндегі тіреу-қозғалу аппаратының жарақаттары мен дерттері, Рейно ауруы, тербелмелі ауру, тромбофлебит, әсері ету аймағындағы трофикалық жаралар, жүкті кезеңіндегі гинекологиялық дерттер.
Артатын душ – жамбас органдарын емдеуге үшін пайдаланылатын душ. Айналмалы душ геморройды, ішектің қатуын емдеуге арналған; кіші жамбас органдарындағы қабыну дерттері барысында, функционалдық сипатқа ие бедеулік, простатит кезінде қолданылады. Душ қысқыш, бұт еттерін нығайтады, қан айналуын жақсартады, созылмалы колиттер мен ішектің функционалды бұзылуы кезінде ішектің итермелеу жұмысын күшейтеді. Ем қолдануға болмайтын жағдайлар: суланатын дерматиттер, ІІІ функционалдық сыныпты қатайту стенокардиясы, долылық
Гидроозонотерапия – бұл ваннада озон-оттегі қосындысын сыртқа қолданатын озонотерапия әдісі. Озонотерапия адам ағзасына кешенді ықпал етіп, қабынуға қарсы және иммундымодультаушы әсер етеді, микроайналу мен зат алмасуды күшейтеді. Осы ретте коллаген мен эластин синтезі ынталандырылады, терінің ылғалды ұстап қалу табиғи қабілеті қайта-қалпына келеді. Нәтижесінде көзге ұрарлықтай жасарту эффектісіне қол жеткізіледі, тері тартымды және икемді бола түседі.
Шарко душы – «соғу-массаждау» типті душ, әсер ету аймағы шағын. Әдетте ол 3-тен бастап 5 метрге дейінгі арақашықтықтан қолданылады. Агрегатта автоматты режимде суық су мен жылы су араластырылады, сол су агрегатқа жалғанған келте құбыр арқылы беріледі. Шарко душы омыртқа еттерінің тартылуын кетіруге жақсы көмектеседі, ішкі органдар ауруларын емдеуге көмектеседі.
Шарко душы целлюлиттің алдын алуда және емдеуде өте тиімді болып табылады. Егерде сізде емделуге қарсы айғақтар жоқ болатын болса, онда салмақ пен пішінді реттеу бойынша процедуралар кешенін Шарко душынан бастауға кеңес береміз. Сонымен қатар, Шарко душы депрессиядан, өзіңізді бос сезіну, өзіңе-өзі сенбеу жағдайынан өте тамаша түрде «шығарып», сергектігіңді арттырады, ол барлық жүйке және психогенді дерттер кезінде, созылмалы шаршау синдромы кезінде жақсы көмектеседі.
Ем қолдануға қарсы айғақтар болып анық жүрек-тамыр патологиясы, тері аурулары (бұл кездерде суға түсу ахуалды нашарлатып жіберуі мүмкін) және жүктілік табылады. Онкология мен тамырлардың түйнеліп кеңеюі кейбір ем қолдануға қарсы айғақтарды тудырады: су ағыны проблемалық орындарды «айналып өтуі» керек.
Меруерт ванналар – жасанды жолмен әзірленеді. Ол өз атауын ваннадағы ірі ауа көпіршіктері меруертке ұқсап жылтырлауына байланысты алған. "Жанасатын массаж" терінің ауру және жанасу сезімталдығын төмендетіп, сергітетіндей әсер етеді.
Неврастения, психастения, климактериялық синдром, жүрек көк тамырларында атеросклероз енді-енді туындаған кезде, ішкі логандардың созылмалы аурулары, буындардың сырқаттануы кезінде ваннаны қолдану керек. Емге қарсы айғақтар: орталық жүйке жүйесінің қозуының артуы, вегетативты полиневропатия, вегетотамырлы дисфункция.
Ингаляциялық емдеу – ингаляциялық аппарат көмегімен емдік заттың ұсақ бөлшектері тозаңданып, ішке тынысталған ауамен бірге тыныс алу жолдарына түседі. Емдік затты майдалап ұсақтау емдік тұнбалардың жалпы көлемін, оның тканьдердің зақымданған учаскелерімен байланыс бетін арттырады, бұл өз кезегінде дәрі-дәрмектердің массалық өтуін едәуір жылдамдатады.
Келесі жағдайларда қолдануға көрсетіледі: пневмонияға шалдыққаннан кейін, трахеобронхитттар, берік ремиссия кезеңіндегі созылмалы обструктивті бронхит, өкпе эмфиземасы, бронхты демікпе, ІІ-сатыдан аспайтын кезеңдегі өкпе-жүрек жетіспеушілігі кезіндегі бронхоэктатикалық аурулар, өкпенің кәсіби ауруы, ЛОР органдарының сүйемелдеуші аурулары, жіті респираторлы вирустық жұқпа. Емдеуге қарсы айғақтар: жиі қайталанатын және ауыр ұстамалары бар бронхты демікпе, ингаляция жасалатын дәрі-дәрмекті жеке өзіндік көтере алмау, өкпеден қан ағу және қан қақыру, жүректің ишемиялық ауруы ІІ ФК кернеу стенокардиясы, ішкі құлақ ауруы, тубоотит, атрофиялық ринит, вестибулярлық бұзылыстар.
Көмірқышқыл ванналары - бұл температурасы 32-360С болып табылатын көмірқышқыл газы мен жылы судың «сарқыраған» көбіктері тері рецепторларын механикалық түрде жандандырып, тамырларды кеңейтіп, қан айналымын жақсартып, жүйке қызметі мен зат алмасуды қалпына келітіріп, эндокринді бездердің, әсіресе, жыныс бездерін, ынталандыратын процедура, сонымен қатар кардиотониялық әсері бар.
Минералды ванналар – алғашқы кезекте жүрек-тамыр және жүйке жүйелеріне әсер етеді, жүрек пен буындардың шынығуына ықпал етеді, орталық жүйке жүйесінде процестердің тепе-тең болуына ықпал етеді, зат алмасуының және ішкі секреция бездерінің қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Ағза сіңіретін жылу терінің беттік тамырын кеңейтеді және тұщы суға қарағанда оның қан айналысын 1,2 есеге арттырады. Минералды суда тұздардың болуы судың емдік әсерінің көрсеткіші. Дене бетінде өте жіңішке қабат болып жағылатын тұздар процедура кезінде-ақ және содан кейін де тері рецепторларының тітіркенісін тудырады. Зақымданбаған тері арқылы еніп, иондар тканьдар мен қанға түсіп, органдар мен жүйелердің функциясына тікелей әсер етеді.
Суасты душ массаж – бұл емдік-профилактикалық процедура. Бұл процедурада ішінде суы бар ваннада жатқан адам денесіне қысымы 0,6 – 1,5 атмосфера болатын я қолмен реттелетін, я ваннаға қондырылған механизм арқылы автоматты түрде сумен массаж жасалады. Суасты душ-массаж әсері негізінде температуралық және механикалық әсер жатыр. Теріге, теріасты тканьдер мен бұлшық еттеріне әсер ету тәсілдерін қолдануға байланысты ықпал босаңсытатын немесе сергектететін болуы мүмкін.
Массаж тканьдерде қан және лимфоайналымдарын жақсартады, зат алмасуына ықпал етеді, қабыну ошақтарының тартылып кетуін тездетеді. Бұлшық еттердің тырысуы кезінде, зат алмасу ауруларында, целлюлитте, буындардың, сіңірдің, перифериялық жүйке жүйесінің аурулары мен зақымды жарақаттануы кезінде, ұйқының бұзылуында, стрессті кетіру үшін тағайындалады, сондай-ақ, спорттық медицинада жемісті түрде қолданылады.
Йодобромды ванналар – табиғатта табиғи йодобромды бастаулар кездеседі. Бірақ, өкінішке орай, біздің қаламыздың тұрғындары оны сол күйінде пайдалана алмайды. Ертеректе, 10-15 жыл бұрын халық йодобромды ванналар туралы білетін еді, ал қазір қымбат болуына байланысты ұмытып кетті.
Айналмалы душ – бұл тік құбырлар жүйесі және сырқатты айнала орналастырылады. Әрбір құбырда ұзындығын бойлай көптеген тесіктері болады. Сол тесіктер арқылы шеңбер ортасында тұрған сырқат адамға бағытталған қысыммен су ағындары шығады. Науқас денесінің биіктігі бойынша жан-жақтан жіңішке су ағындарының әсерін сезеді. Судың құйынды ағындары арқылы жасалатын массаж бұлшық ет жүйесіне, перифериялық қан айналымы аппаратына оңтайлы әсер етіп, орталық жүйке жүйесіндегі тежелу және қозу процестерін қалыпты қылады.
Гипертониялық ауру кезінде, орталық жүйке жүйесінің функционалды бұзылуларында, невроздарда, зорығуда және ақыл-ой шаршауларында тағайындалады. Айналмалы душ сергететіндей әсер етіп, эмоционалды белсенділікті арттырады. Ем қолдануға қарсы айғақтар болып анық жүрек-тамыр патологиясы, тері аурулары (бұл кездерде суға түсу ахуалды нашарлатып жіберуі мүмкін), жүктілік және онкологиялық аурулар жатады.