Word wide web – тің негізгі түсініктері

Бүгінгі таңда интернет әртүрлі білім салалары бойынша жан-жақты жинақталған ақпарат көзі болып табылады.Интернет серверлерінен алынатын құжаттар гипермәтіндік пішімді дайындалған.Құжаттарды тасымалдау мен шұғылданатын интернеттің қызмет түрін Word wide web (web,WWW) деп атайды.Бұл сөздің аудармасы бүкіл дүние жүзілік өрнек дегенді білдіреді. Word wide web–– қазіргі интернеттің ең көп тараған қызмет түрі болып табылады.Осы терминмен немесе WWW ортасы деп өзара гипермәтіндік байланысқа түскен web құжаттар жиынтығын айтады.

Интернетке тұрақты қосылып тұрған компьютерлерді web-сервер деп атайды.WWW-дің құжаттары web – серверлерде сақталады.WWW орта дегеніміз web – серверде сақталған өзара байланысқан электрондық құжаттардан тұратын ақпаратық кеңістік. Web-кеңістікті құрайтын жеке құжаттарды web-беттердеп атайды.Тақырып бойынша топтастырылған web беттерді web-тораптар деп аталады.

( жаргондық термині–– web–сайт).

Дайын материалды web тораптарда орналастыру web – басылымдеп аталады.

Word wide web-тағы жеке құжатты web–бет атайды .Әдетте бұл әр түрлі обьектілер жиынтығынан тұратын құжат.Оның құрамында мәтінде гафиктік бейнелер де мултимедиалық және басқа енгізілетін обектілер болады.

web–беттерді көруге арналған программалар броузерлер деп аталады. Құжаттың авторы өз мәтініне енгізген командалардың көмегімен броузер экранға құжатты шығарып береді.Ол командалар тегтер деп аталады.

Тегтердің жазылу ережесі программалау тіліне жақын тіл белгілеу тілімен жазылады. Ол гипермәтінді белгілеу –HTML(HuperText Markup Language).Сонымен web–құжат деп отырғанымыз HTML тегтерінің көмегімен жазылған кәдімгі мәтіндік құжат екен . Осындай құжаттарды HTML пішімімен жазылған құжат деп аталады. HTML–құжаты броузердің көмегімен экранда бейнеленген кезде тегтер эранда көрінбейді,тек құжаты құрайтын мәтін ғана бейнеленеді. HTML тегтерінің көмегімен жүзеге асырылатын web беттердің ең маңызды сипаты – гипермәтіндік сілтемелер болып табылады.Оларды қысқаша гиперсілтемелер деп атайды.

Суретпен немесе мәтіннің кез-келген бөлігімен тегтердің көмегімен қандай да бір web құжатты байланыстыруға болады, яғни гиперсілтеме орнатуға болады.Бұл жағдайда гиперсілтеме болып табылатын мәтін бөлігіне немесе суретке тышқаннның сол жақ батырмасын бассақ онда көрсетілген жаңа құжатқа сұраныс жіберіледі.Бұл құжат өз алдына басқа құжаттарға гиперсілтеме жібере алады.Сонымен WWW– серверіндегі өте үлкен көлемдегі гипермәтіндік электрондық құжаттардың жиынтығы гиперкеңістік құрайды. Web кеңістіктегі құжаттардың арасындағы еркін қозғалыс web серфинг деп аталады.Егер осы кеңістіктегі әрбір құжатттың өзінің айрықша адресі болмаса мұндай гипермәтіндік байланыс түзілмес еді.Бүкіл әлемдік масштапта әрбір файлдың адресі ресустардың ерекшеленген нұсқағышымен (URL-унифицированный указатель ресурса)анықталады. URL-адрес үш бөліктен тұрады:

¨Берілген қызметке сәйкес келетін қолданбалы хаттаманың атын көрсету.Мысалы,WWW-қызметі үшін қолданбалы хаттама HTTP болып табылады (Huper Text Transter Protocol- хаттама передачи гипертекста ):

http://

хаттаманың атынан кейін :және // белгілері қойылады.

¨Компьютердің (сервердің )домендік атын көрсету:

http://www.enu.kz

Мысалы, Хабар агенттігінің домендік аты ww.khabar.kz,Microsoft компаниясының Web-серверінің домендік аты www.microsoft.com,”Огонек”журналының web-серверінің домендік аты www.ogonyek.ru,(соңындағы ru домені компания сервері интернеттің Ресейлік секторына жататынын көрсетеді)

¨Берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету қажет (араларына “/”символын қою арқылы )

http:/www.enu.kz/files/Myfiles/xyz.zip

(Интернетте бас әріп пен кіші әріп әртүрлі символдар болып есептеледі).

Web- броузерлер

Интернеттің құжаттары электрондық түрде бейнеленді.Құжаттың авторы құжат бейнеленетін компьютердің мүмкіншіліктерінен бейхабар болады. Сондықтан HTML тілі құжатты пішімдеуді қамтамасыз етіп қана қоймай,оның логикалық құрылымын анықтап береді.Құжатты нақты бір компьютерде пішімдеу мен бейнелеу броузерлердің көмегімен жүзеге асырылады.

Броузерлердің негізгі атқаратын қызметі:

¨ Құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату;

¨ Броузер жұмыс атқаратын компьютерлердің мүмкіншіліктерін ескере отырып web-беттерді пішімдеу мен бейнелеу ;

¨ web-беттердің құрамына кіретін мультимедиялық және басқада объектілерді бейнелеуге арналған құралдарды ұсыну;

¨web-беттерді іздестіруді жеделдету мен бұрын ашылған web беттерге қатнауды ықшамдыстыру;

¨ Интернеттің басқа қызмет түрлерімен жұмыс істеуге арналған дербес құралдарды ұсыну.

Лекция

Наши рекомендации