Басқа лауазымдары мен мансаптары
Экономика ғылымдарының докторы (1993)
ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы
Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.
91.Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі білім мен ғылымды реформалаудың негізгі бағыттары.Қазіргі кездегі нақты экономикалық жағдайларға бара-бар білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін білім беру жүйесін басқарудың жаңа үлгісін енгізу және білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету жоспарлануда.
Мемлекеттік бюджеттің білім беру саласын дамытуға арналған шығыстары жыл сайын ұлғаюда.
Бюджеттің білім беруге арналған шығыстар үлесі 2007 жылы – ЖІӨ-ге 3,6% немесе 455,8 млрд. теңге болса, 2008 жылдың өзінде ол 572,8 млрд. теңгеге жетті.
Осылайша, 2008 жылы білім беруге мемлекеттік инвестициялар 2000 жылмен салыстырғанда 6,4 еседен астам ұлғайды.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу саласында балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту деңгейін ұлғайту жоспарлануда.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде балалар бақшаларын салу және білім беру ұйымдары базасында мектепке дейінгі шағын орталықтар құру есебінен мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту шаралары көзделуде.
Жалпы орта білім беру саласында 12 жылдық білім беруге көшумен байланысты материалдық-техникалық базаны барынша жаңарту және білім беру ұйымдарын оқу құралдарымен және жабдықтарымен, соның ішінде физика, химия, биология кабинеттерімен жарақтандыруға деген өткір қажеттілік туындап отыр.
2007 жылы 1,04 млрд. теңге сомасына 1000 интерактивті тақта сатып алынып, республика мектептеріне орнатылды. 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен аталған мектептерді толық жарақтандыру және тағы 721 мектепке интерактивті жабдықтар сатып алуға 7,3 млрд. теңге сомасында, 2008 жылы ішінара жабдықталған 721 мектепті толық жабдықтау үшін 2009 жылы 4,58 млрд. теңге шығыстар көзделген.
Мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға 2009 жылы (580 кабинет) 2 376 184 мың теңге сомасында 2010 жылы (569 кабинет) 2 331 193 мың теңге сомасында, 2011 жылы (737 кабинет) 3 019 489 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.
Жоғары кәсіби білім беру саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің үш сатылық үлгісін трансформациялау: бакалавриат – магистратура – доктарантура, техникалық білім беруді дамытуға басымдық бере отырып жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру және Астана қаласында жаңа университет салу жұмысы жалғасатын болады.
Жыл сайын республикалық бюджеттен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде әлімнің жетекшісі жоғары оқу орындарында білім алу үшін қаражат бөлінеді.
2008 жылы шет елдерде жоғары оқу орындарында мамандар даярлауға «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 15 984 322 мың. теңге сомасында шығыстар бөлінді. 2009 жылы 14 490 302 мың. теңге сомасында , 2010 жылы - 15 125 797 мың. теңге сомасында, 2011 жылы - 15 125 797 мың. теңге сомасында шығыстар көзделген.
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 12 ақпанда «Нұр-Отан» ХДП саяси кеңесінің кеңейтілеген отырысы барысында берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың жекелеген санаттарын қолдау жөніндегі шаралар туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 177 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самрук - Казына» әл-ауқат ұлттық қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімді мақұлдау туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 178 қаулылары қабылданды.
Бұл қаулыларды ақылы негізде білім алатын студентерді мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары көзделген:
- жоғары оқу орындарының үшінші және одан жоғары курстарының ақылы негізде білім алатын студенттері үшін қосымша білім беру гранттарын тағайындау;
- техникалық, жаратылыстану ғылымы және медицина мамандықтары бойынша жоғары щқу орындарының бірінші курстан бастап ақылы негізде «жақсы» және «өте жақсы» бағаға білім алатын студентерге, ата-аналары зейнеткерлік жасына жеткен студенттерге қосымша жеңілдікті білім беру кредиттерін беру.
2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде жоғары оқу орындарының ақылы негізінде білім беру гранттарына ауыстыруды жүзеге асыру үшін 2009 жылы 3 156 801мың теңге сомасында, 2010 жылға -1 831 751 мың теңге сомасында, 2011 жылы 572 558 мың теңге сомасында қосымша қаражат көзделетін болады.
92.Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауының тарихи маңызы және көкейкестілігі.1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:
1.Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.
Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.
Қазақстан - өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтаноның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің
жетістіктерін сіңіреді.Экономикалық стратегия.Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.
Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеуліболады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:
1. Үкіметке сауда мен өндіріске әкімгершілігі араласуын жою.
2. Жекешелендіру процесін аяқтау.
3. Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындары парасатты орындастыру.
4. Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.
5. Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.
6. Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады.
93.Астана – тәуелсіздік символы
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 852 985 адам тұрады (1 қаңтар 2015)[3]. Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.
1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Экономикасы
Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.
Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.
1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.
Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды.
Тағы 10 нысан — жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» Ынтымақтастық және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық сауда орталығы,т.б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр.
205 жылдың басынан бері барлығы 15 нысан тіркелді, оның ішінде 3 әкімшілік ғимарат, әлеуметтік мақсаттағы 4 нысан, 4 тұрғын үй, 4 инженерлік, көлік инфрақұрылымдары бар.
Ал, соңғы 6 айда Жоғарғы сот, муниципалдық 4 тұрғын үй кешені, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 жатақханасы, т.б. нысандар пайдалануға берілді. ҚР Парламент Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі ғимараттарының, «Ғашықтар» саябағының, «Президент-отель» қонақүй кешені мен Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті.
Сенат мен Үкіметтің әкімшілік ғимараттары, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып келеді. Дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты, «Сол жағалау — Абылай хан даңғылы тас жолы мен Есіл арқылы көпірдің» құрылысы жалғасуда.
Есілдің сол жағалауын әкімшілік орталыққа айналдыру мақсатында құрылған «Астана — жаңа қала» экономикалық аймағында 141 нысан салынып жатыр. 2010 жылға дейін мұнда тағы 150 ғимарат бой көтеруі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстары үшін 240 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы экномикалық аймақ Елбасы жарлығымен жаңа Астана құрылысын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған-ды. Ол үшін Есілдің сол жағалауынан мың жарым гектар жер бөлінді. 2002-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жасалып, оған 240 миллиард теңге инвестиция тарту көзделді. Қазір құрылыс жұмыстарына 162 миллиард теңге құйылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аймақ құрылған осы 3-4 жылдың өзінде 141 нысан тіркелсе, оның 49-ы толықтай салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2005 жылдың соңына дейін тағы 30 нысан іске қосылмақ.
Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. 2010 жылы осы жерде Әкімшіліктің шақырумен Берлин қаласынан келген Аюлар достастығы көрмесінің таныстыру мерекесі өткізіле алынды. Осы көрмеде дүниенің 125 елінен 125 өнерпаздар жасап шығарған 125 көркемөнер уникаттары, бірбірімен татулықпен тыныш тұрып тұрған түрінде, көрсетілді.
Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан.
Астана — ғаламшардағы ең суық астаналардың бірі, Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдан жылы, Канада астанасы Оттавадан суық
Әлемдегі астана аталатын астаналар тек қана Қазақстан астанасы — Астана қаласы және Оңтүстік Корея астанасы — Сеул қаласы.
94.Қазақстан Республикасы дамуының 2003-2015 жж. индустриалды-инновациялық бағдарламасы.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.
Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда: экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы; кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы; ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы; ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi; отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы; менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк саясаты 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.
Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Саясат мынадай қағидаттарға негiзделедi:
жеке сектормен серiктестiк;
инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету;
қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту;
индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс:
1. Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу.
2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау.
3. Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.
Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау.
4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар және ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.
5. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.
Индустриалдық - инновациялық саясатты iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi.
Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асыру:
ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту;
ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру;
ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады);
Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi.
Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды.
Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.
Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
95.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы 2012 ж. 14 желтоқсан.
"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;
Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;
Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;
Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін.
Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.
Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.
Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз.
Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяситежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып,
96.Қазақстан – «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастырушы ел
Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.
Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.
ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. ХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады.
Дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Көрмені өткізу үшін елорданың оңтүстік-шығысында жер учаскесі бөлінген. Осы учаскеде павильондар, сонымен қатар жаңа спутниктік қалашық және энергетика саласындағы ең заманауи технологиялармен жабдықталатын инновациялық кластерлер салынады.
ХКБ-мен бірге көрме қалашығының дизайнын жасап шығаруға халықаралық байқау жарияланған, жеңімпазы 2013 жылдың қазан айында жарияланады, құрылысы 2014 жылы басталады деп жоспарлануда.
Осындай іс-шараны ұйымдастыру үлкен күшті қажет етеді. Сәуірдің жиырма екісі Назарбаев жауапкершілікті тиісті Астана Экспо 2017 Ұлттық компаниясына арта отырып, Экспо 2017 көрмесіне дайындық шараларының басқарылуын жеңілдету бойынша жоспарлар туралы жариялады. Осы компания Республика үкіметіне тікелей бағынышты және Астана қаласының әкімдігімен бірге түрлі салаларды, соның ішінде көліктік жоспарлауды жасап шығарумен айналысады.
1851 жылы Лондондағы алғашқы дүниежүзілік көрмені өткізу үшін Хрусталь сарайы салынғаннан бері дүниежүзілік көрмелер ұйымдастырушы-қаланы ерекшелейтін, ерекше сәулетті құруға бағытталған. Көрмені өткізгеннен кейінгі аса әйгілі құрылыс Парижде 1889 жылы салынған Эйфель мұнарасы болды. Астанада бастапқыда белгілік құрылыс ретінде көрме кешеніне кіре берісте уақытша арканың құрылысы жоспарланған болатын, Бұдан басқа, өзге өрескел ғимараттардың құрылысы жоспарлануда.
Дүниежүзілік көрмені өткізгеннен қалатын мұраға көрмені ұйымдастырушы-қалалардың және олардың елдерінің халықаралық алаңдағы маңызын арттыру жатады. Қазақстан көрменің өткізілуіне зор қаражаттар жұмсауды жоспарлауына қарамастан (шамамен 1,5 млрд. АҚШ доллар), сәтті дүниежүзілік көрме әдетте ұйымдастырушы-ел жұмсағаннан артық инвестицияларды тартады. Мұнай мен газдың орасан зор қорына қарамастан, Қазақстан Экспо 2017 көрмесін өзі үшін және ХКБ өзге мүшелері үшін баламалы энергия және энергиялық тиімділік саласындағы инновациялық технологияларды көрсету мүмкіндігі ретінде қарастырады. Қазақстан үкіметі болашақта энергияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында жел, күн және өзге баламалы энергия көздерінің қолданылуын көрсетпекші.
97. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Елбасының елдік сабағы» дәрісі. 2013 ж. 3 қыркүйек.
2013 жылдың 3 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Елордадағы №64 мектеп-лицейінде оқушыларға дәріс оқыды. Елбасы елдік сабағын, сөзін биыл еліміздің барлық мектептерінде білім алатын 2,5 миллион оқушыға арнады. Сондай-ақ студент жастар, ата-аналар, ЖОО профессор-оқытушылар ықыласпен тыңдап, рухани байлықтарын молайтты.
Туған елінің
тарихын білмейінше шынайы патриот болу мүмкін емес екендігін шегелеп айтты. Мен еліме не беремін деп
ойлану керек.Әр адам өз қаблетіне қарай мамандықты таңдап, сол мамандықтың шыңына шығу керек.
Бүкіл уақытын компьютердің алдында өткізетін адамдар бар. Олар түптің түбінде жалғыздықтан күйзеледі.
Оқитын адамдар да бар. Болашақта компьютердің алдында отырған адамдар оқыған, сауатты адамдарға
қызмет ететін болады. Табысты адамдар кімдер? Ақшалылыр ма? Адамнан барлық нәрсе тартып алынуы
мүмкін. Бірақ білімің мен кәсібіңді сеннен ешкім тартып ала алмайды.
Инженерия, медицина, энергетика саласындағы технологиялар қарыштап
дамуда. Біз жер қойнауы бай елміз. Бірақ ол таусылады. Біз оған дейін
қамданып басқа индустрия құрып үлгеріміз қажет. Болашақ- технологияларда. Энергияны желден,
күннен алуды үйрену керек. Ең алдымен денсаулыққа көңіл бөлу керек. Жақсы денсаулығы бар адам ғана жақсы табысқа жетеді. Спорт-денсаулық кепілі. Өзіңді бір қалыпты ұстап жүру де өнер. Білімге, табысқа ұмтылу керек.
98.«Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» атты жаңа саяси доктринасы. 2013ж. 18 қазан.
Кеше Назарбаев орталығында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының кезектен тыс ХVIII конференциясы өтті. Алқалы жиынды ашқан «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының төрағасы, елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.
Сессияда қаралған алғашқы мәселе – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа міндеттері жөнінде өрбіді. Бұл туралы баяндама жасаған «Нұр Отанның» Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов елордалық партия ұйымының қысқа мерзім аралығында қандай шаруаларды еңсергенін атап өтті.
Бүгінде қалалық филиалдың 35 мыңдай мүшесі және 327 бастауыш партия ұйымы бар.
Биыл жыл басынан бері филиалдың қоғамдық қабылдауына 6 311 тұрғын әртүрлі арыз-шағыммен келсе, соның 70 пайызы қысқа мерзім ішінде шешілген.
Сапар Қайратұлы партия белсенділері мен бастауыш ұйымдар төрағаларын оқытуға да баса көңіл бөлініп жатқанына тоқталды. Биыл «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының Саяси менеджмент
мектебінде 22 төраға арнайы бағдарлама бойынша оқып шыққан. Бөлімшенің өзінде партия белсенділеріне арналған қоғамдық-саяси және құқықтық тақырыпта 9 семинар өткізген.
«Электронды партия» жобасы бойынша партия мүшелері туралы электронды базаны құру жөніндегі шаруаларды аяқтаған елордалық филиал енді кадрлық резервті жасақтау жұмыстарын қолға алыпты.
Бұдан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе – партияның «Нұр Отан, нұрлы болашақ жолында!» атты саяси доктринасының жобасы туралы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов сөз алды.
Ел талқылауына ұсынылған доктринада «Нұр Отанның» ХХI ғасырдағы миссиясы және азамат пен мемлекет өзара іс-қимылдың жаңа қағидаттары айтылады. Сондай-ақ, бұл маңызды құжатта еліміздің табысты дамуының жеті факторы атап көрсетілген. Ол: бірлік пен келісім, төл мәдениет пен руханият, қуатты экономика, әділ әлеуметтік саясат, зияткер ұлт, тиімді мемлекеттік басқару және әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстан. «Партия әрқашан заман талабына сай, болашаққа байыпты бағдарлама жасай отырып, қоғамдағы және әлемдегі зәруліктерге жіті қарап келеді. Соның бір айқын дәлелі – қоғамдық талқылауға ұсынған жаңа саяси доктрина. Партияның алдағы он жылдағы бағдарламасын айқындайтын бұл маңызды құжат Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясын басшылыққа ала әзірленгенімен құнды. Бүгінге дейін Қазақстанның бірде-бір саяси партиясы стратегиялық міндеттерге сай келетін мұндай іргелі құжат ұсынып көрген емес» деді Ерлан Сыдықов.
Астаналықтар партияның саяси доктринасы туралы пікірлерін ортаға салғаннан кейін күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХV сессиясына делегаттар сайланды. 18 қазан күні өтетін алқалы жиынға 100 адам сайланды.
Келесі мәселе бойынша, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалынан Астана қаласының мәслихат депутаттығына үміткер ретінде партияның астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметовтың кандидатурасы ұсынылды.
Жиынды қорытындылаған Иманғали Тасмағамбетов қол жеткізген жетістігіміз бен жеңісіміз халқымыздың толайым табысы екендігін айта келе, елорданың бүгінгі жетістіктеріне нақты мысалдармен тоқталды. Оның айтуынша, қала елордаға айналғалы тұрғындардың саны 5 есеге өсіп, 1 миллиондық межеге жеткелі отыр. ЖІӨ 20 есеге артып, 2 триллион 700 миллиард теңгені құраған. Астанада жеке кәсіппен айналысатындардың саны 5 есеге көбейген. Биыл жеті айда индустрияландырудың аумақтық картасы бойынша елордада 10 жоба пайдалануға беріліп, 3 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Орташа жалақы 10 есеге өсіп, бүгінде 152 мыңға жетіп отыр. Бас шаһарда жыл сайын 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылады. Биыл алғашқы жартыжылдықтың өзінде 554 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
– Астана – жастар қаласы. Бүгінде елордалықтардың орташа жасы – 30. Сондықтан, қолға алған жұмысымыз бен міндетімізді алдымен жастарға бейімдеуіміз қажет. Олардың сапалы білім алуына жол ашып, тұрақты жұмыс табуына, баспаналы болып, отбасын құруға, салауатты өмір салтын ұстануына бар жағдайды жасай білуіміз керек, – деді елорда әкімі.
99.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына « «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы 2014 ж. 11 қараша.
Нұрлы жол – болашаққа бастар жол
«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді. Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты.
Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал ең бастысы – осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады.
Құрметті қазақстандықтар!
Алда үлкен де жауапты жұмыстар тұр. Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды. Біздің жастарымыз жаңа, тәуелсіз елде өсіп келеді. Бүгінгі буын 90-шы жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрген жоқ. Сондықтан көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмірді туғаннан солай болуға тиіс сияқты қабылдайды.
Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!
Алдағы жылы біз Конституцияны қабылдаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтеміз. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. Қазақстан, тек алға – біздің осы басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына менің сенімім мол. Баршаларыңызға біздің Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін!
Қадірлі халқым!
Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі.
Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.
2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.
Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!
100.Мәңгілік ел
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!