Тақырып. Туынды бағалы қағаздар. Қазіргі нарықтық жағдайдағы биржа инфрақұрылымын талдау, биржа ісін реттеу және заң актілерімен
Мақсаты:
Қазіргі нарықтық жағдайдағы биржа инфрақұрылымын талдау, биржа ісін реттеу және заң актілерімен реттелетін биржалцық нарықты зерттеу
Лекция жоспары:
1. Биржа және биржалық инфрақұрылым ұйымдары
2. Биржа ісін реттеу
Тақырыптың негізгі ұғымы:
Биржа және биржалық инфрақұрылым ұйымдары. Қазіргі нарықтық экономикада биржаның маңызы артуда, ол баға белгілеу институты және биржалық сауданы ұйымдастырушы деген көзқарас қалыптасқан. Оған дәлел қор биржасының атқаратын қызметі. Ол – бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырушы, яғни азаматтық-құқықтық мәмілеге келіп, бағалы қағаздармен сауда жасауға мүмкіндік беретін ұйым. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар туралы» Заңында көрсетілгендей қор биржасы коммерциялық емес ұйым.
Сауданы ұйымдастырушыға төмендегідей талаптар қойылады:
· оның қалыптасқан сауда жүйесі болуы керек: есептегіш құралдар,
бағдарлама, телекоммуникациялық құралдар және басқа жабдықтар
туралы мәліметтер, бағалы қағаздарды сатып алу-сату шартын жасау және оны орындау үшін қажетті ақпараттар;
· бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру; мұндай жүйені ұйымдастырушы өз алдына ұйым құруы мүмкін, немесе бұл қызметті Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің берген лицензиясы бар маманданған ұйым шарт бойынша орындауы мүмкін;
· Агенттікпен келісіп бекітілген сауданы ұйымдастыру ережесі, оны орындауға көмектесетін ішкі операциялық процедуралар, сондай-ақ листинг және делистинг жүргізу ережесі болуы керек;
· өз капиталы болуы керек;
· сауданы ұйымдастырушының белгіленген мөлшерден кем емес мүшелері болуы керек;
· өз өкілетті мүшелерінің реестрін жүргізу керек.
Сауданы ұйымдастырушыларды жылына бір реттен кем емес сыртқы аудитпен тексеріп отыру керек.
Биржадан басқа сауданы ұйымдастыратын, оның үздіксіз қызметін қамтамасыз етіп отыратын биржалық инфрақұрылым қажет. Оған: депозитарийлер, тіркеушілер, клирингтік (есеп айырысу) палаталары, ақпараттық агенттіктер және биржалық қойма жатады. Енді осы инфрақұрылымдарды таратып айталық.
Депозитарий -ол бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарымен мәмілерді тіркеуді, депоненттердің (олардың клиенттерінің) қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу мен растауды, оларды сақтауды, сондай-ақ тиісті лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімін жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы құқықтық тұлға, ұйым. Ол бағалы қағаздардан туындайтын құқықтарды тіркеу және эмитент пен инвестор арасында делдалдық қызметтерді атқарады.
Депозитарийдің болуы ең алдымен өзі қызмет көрсететін биржа мәмілелерінің орындалуын жеделдетеді.
Тіркеуші – бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушысы.
Есеп айырысу-клирингтік ұйым – ол елдің орталық банкі берген лицензиясы бойынша қор биржаларында барлық есеп айырысу операцияларын орындайтын заңды тұлға. Есеп айырысу-клирингтік ұйым қор биржасымен қатар тауар және фьючерстік нарықтарға да қызмет көрсетеді.
Есеп айырысу-клирингтік ұйымдар тек ұлттық қана емес, сондай-ақ халықаралық, ал болашақта әлемдік болып ұйымдасуы мүмкін. Мұндай өзгерістер ұлттық биржалық нарықтардың интернационалдануын көрсетеді.
Есеп айырысу-клирингтік ұйым – ол коммерциялық ұйым, оның мақсаты – пайда табу. Жарғылық қоры мүшелерінің жарнасынан құралады. Оның табысының көздері:
· мәмілені тіркегені үшін ақы;
· ақпарат сатудан түскен табыс;
· ұйым қаражатын айналысқа түсіруден түскен табыс;
· есеп айырысу технологиясын сатудан, бағдарламалық қамтамасыз етуден және т.с.с. қызметтен түскен табыс.
Есеп айырысу-клирингтік ұйым туынды бағалы қағаздарды, яғни фьючерстік шарттарды және биржалық опциондарды сатуда негізгі орын алады.
Биржа ісін реттеу.Биржа ісін реттеу немесе биржалық нарықты ретеу деген қоғамның өкілетті ұйымының биржаға қатысушылардың жұмысы мен олардың арасындағы операцияларды жүргізу тәртібі.
Биржаны сырттан да, сондай- ақ іштен де реттеуге болады. Ішкі реттеу деп өзінің нормативті құжаттарын, атап айтқанда, жарғы, ережелер және биржаның өзінің, бөлімшелерінің және қызметкерлерінің қызметін анықтайтын басқа да, ішкі нормативті құжаттарын орындауын айтады. Ал сырттан реттеу деп биржа өз қызметінде мемлекеттік актілерді, басқа ұйымдардың актілерін және халықаралық келісімдерді орындауын айтады.
Биржа ісін реттеуді мынадай өкілетті ұйымдар немесе органдар атқарады:
1) мемлекеттік органдар;
2) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар немесе нарықты өзін-өзі реттеушілер;
3) қоғамдық реттеу, яғни мемлекеттің кейбір реттеу қызметтерінің іске асуының алғы шарты – қоғамдық пікірді ескергендігі.
Биржалық нарықты реттеудің міндеттері:
Біріншіден, биржалық нарықтағы тәртіпті қадағалау, биржаға қатысушылар үшін жұмыс істеуге барлық жағдайларды тудыру.
Екіншіден, биржаға қатысушыларды кейбір теріс ниеттілер-
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы бойынша нормативті-заңнамалық актілер жинағы. 2 томдық -1997, 1999 жж.
2.Карагусов Ф.С. и др. Операции с ценнами бумагами в Республике Казахстан. Алматы – 1995 ж., 220 бет
3.Ануарбеков, Шарипбаев А.А. Справочник по ценнам бумагам в Республике Казахстан. Алматы – 1995 ж.
4.Кулекеев Ж.А., Джексекбаева Л.Н. Государственные ценные бумаги в экономике Казахстана/ учебное пособие. Алматы – 1996ж.
5.Шалгимбаева Г.Н. Рынок ценных бумаг: механизм государственного регулирования. Алматы – 1996 ж.
6.«Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 Қаулысы
Теориялық білімдердің бақылау сұрақтары:
1.Биржа ұғымы.
2.Биржа ұғымының құрамдас элементтері.
3.Биржалық сауданың ерекшеліктері.
4.Биража дамуының негізгі кезеңдері
СОӨЖ на арналған тапсырма:
1. Халықаралық және ұлттық биржаларға тән негізгі белгілерді көрсетіңіз.
2. Биржалық сауданы ұйымдастырушыға қойылатын талаптар.
3. Қазақстанда биржаның қызметін мемлекеттік реттеу органдары.