Экономикалық өсудің моделі
Экономикалық әдебиетте экономикалық өсудің әр түрлі моделі кездеседі. Солардың кейбіреуін қарастырымыз:
Экономикалық өсудің неокейнсиандық моделі «инвестициялар» және «мультикликатор» санатында (11-тақырыпты қараңыз) негізделеді. Экономикалық өсу алғашқы салынған инвестицияның мультипликациялық тиімділігінің нәтижесі болып табылады. Кейнсиандық мектеп экономикалық өсуді тиімді бірінші кезекте сұраныс факторымен байланыстырады және қысқа мерзімді кезеңде барлығынан бұрын, оны мемлекеттің қазынагерлік және кредиттік саясаттың көмегімен реттей алады. Сұраныстың ең басты бөлігі – мультипликатор көмегімен пайданы көбейтетін капитал салымы. Сонымен бірге, олар пайданың өсуімен келген, яғни, капитал салымының өзі пайданың өсуімен анықталады.
Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі «өндірістік қызмет» санатына негізделеді. Экономикалық өсугетек микро және макродеңгейде ғана емес, барлық өндірістің факторларды (еңбек, жер, капитал, ғылыми-техн. үдерістерді) жақсы пайдалану жолымен де жетуге болады. Өндірістік қызмет аппаратының негізінде келесі қорытынды жасауға болады:
o капитал мен еңбек өндірістің шекті өнімділік факторының сәйкес келетін негізінде сыйға ие болады;
o өндірістік қызметтер бір фактордың белгілі бір көлемінің бірлігінен екіншісіне технологиялық өзгерту қоғамға қаншаға түсетінін нақты бағалауға мүмкіндік береді. Ұлттық өнімнің бір және сол көлемінің өсуін, капитал салымын немесе еңбекті пайдалануды кеңейту жолымен алуға болады;
o өндірістегі ғылыми-техникалық үдеріс факторының сапалы үлесі мен ұлттық өнімнің өсуін анықтаудағы міндеттер шешіледі.
В. Леонтьев ұдайы өндіріс өндірістің – өндірістің, айырбастың және тұтынудың барлық кезеңіндегі құрылымды өзара байланыс негізінде құрылған, жалпы рыноктық теңдесудің макроэкономикалық моделін ұсынды. Оның моделі шахмат кестесі түрінде құрылған және «шығын-шығару» деп аталады. Бұл кестегі бөлек салаларды екі жақты қарастырумен байланысты. Біріншіден, басқа салалармен (шығындар) ұсынылған, материалдық игіліктер мен қызметтерді сатып алушылар мен жиынтықты сұраныстың көрсеткіші ретінде – бұл баланс бағаны. Екіншіден, олардың өздерімен ұсынылған (шығару), қызмет пен материалдық игіліктерді сатушылар мен жиынтықты ұсыныстың көрсеткіші – бұл баланс жолдары. Бұл кестені талдау негізінде экономикалық өсуді болжауға болады.
Экономикалық өсу мен даму проблемаларын зерттеу үшін, В. Леонтьев бәрінен бұрын, «шығын-шығару» тұрақты моделінің серпінді түрін дайындайды, оған ол соңғы сатылым мен соңғы сұраныс деп аталатын төмен түсірілетін капиталдың қажеттілігін қосты.
«Нөлдік экономикалық өсудің» тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, шикізаттық, энергетикалық және басқа ресурстардың шектелуі тез арадағы уақытта адамзатқа апатты қау төндіреді. Бұны болдырмас үшін, «нөлдік өсуге» көшу, яғни, материалдық игіліктерді ұдайы өндірудің қарапайым түріне көшу керек.
«Нөлдік экономикалық өсу» тұжырымдамасының пайда болуы ұзақ соғыстан кейінгі кезеңде баяғы өнеркәсіпті елдерде тез экономикалық өсудің биігіне жеткенде, өткен екі ондаған жылдар ішінде өмір сүрген, экономикалық серпіннің негізгі ағымы ХХ-ғасырдың 60-жылдарындағы елеулі өзгерістерге байланысты болды. Ұлттық деңгейде де, әлемдік көлемде де тұрақсыздық пен белгісіздік ұлғайды. Әлемдік шаруашылықта интернацияландыру үдерісі тереңдеп жалғаса түсті. Ғылыми-техникалық революцияның кері зардаптары нәтижесінде қоршаған ортаның дағдарысы пайда болды. Рим клубының өкілдері (1968 жыл құрылған, өз қатарына ғалымдарды, қоғам қайраткерлерін, бизнесмендерді біріктірген, ресми емес ұйым) әлемдік дамудың белгіленген ағымдарын тез арада түземесе, адамзаттың даму келешегі күдікті деп есептеді. Әлемнің тұрақты ең оңтайлы моделі деп төменде көрсетілген стратегия жиынтықтары аталады:
o туғандардың санын өлгендердің санына теңестіріліп қарастырылады, сондай-ақ, өнеркәсіптік капиталға инвестиция да оның өтеліміне теңестіріліп қарастырылады;
o техникалық үдерістің стратегиясының жиынтығы ресурстарды екінші рет қайта өңдеуді, қоршаған ортаның жағдайын бақылауды қамтамасыз ететін құралды пайдаланады, негізгі капиталдың барлық түрінің қызмет мерзімін ұзартуды, сондай-ақ, эрозия болып, құнарсызданған жерлерді қайта қалпын келтірі әдістерін пайдалануды өзіне қосады;
o материалдық өндірістік игіліктерді шығаруды көбейтуден, оған қарама-қарсы қызметтер мен тамақ өнімдерін өндіруге басымдық беруді күшейту.
«Экономикалық дамудың тұрақтылығы» тұжырымдамасы (Рио-де-Жанейро). Тұрақты даму идеясы алғашқы рет 1987 жылы қоршаған орта және оны дамыту бойынша Халықаралық комиссиясының дайындаған «Біздің ортақ келешегіміз» баяндамасында тұжырымдама ретінде қорытындылаған. Келешек ұрпақты тұтыну мүмкіндіктерінен айырмайтын, бүгінгі күнннің талаптарына жауап беретін даму, тұрақты даму ретінде анықталған. Рио-де-Жанейродағы 1992 жылы өткен Жер планетасының проблемалары жөніндегі жоғары деңгейдегі конференция бұл тұжырымдаманы нақты мазмұнмен толықтырды: іс-әрекеттің басым бағыттары жасалған, «ХХІ ғасырға арналған күн тәртібі» атын иеленген, тұрақты дамуға жетудің іс-әрекет жоспары мен қажетті бағыт белгіленген.
Тұрақты даму келесі критерийлерге негізделуі тиісті:
o экономика саласында – үздіксіз сандық өсу емес, экономикалық жүйенің тұрақты жетістігі, ұзақ мерзімді қоғамның тапсырмасына сәйкес келуі, сандық өсуден дамуға көшу. Әлеуетті мүмкіндікті кеңейту немесе өткізу дамуды білдіреді, яғни, өз жағдайыңды жақсарту сапалық жағынан да жақсы болып табылады;
o адамдар өмірінің сапасын көтеру саласында – белгілі бір деңгейге дейін өсетін, содан кейін, адамның тұрақты игі жағдай, сапалы білім алу мүмкіндігі, жайлы қоршаған орта, қоршаған ортадағы антропогендік салмақтың төмендеуі.
ҚР экономикалық өсуінің жағдайы мен факторы.
1999 жылдан бастап, Қазақстанда экономикалық өсудің тұрақты қарқыны байқалады. Экономикалық өсудің орта жылдық қарқыны соңғы бес жылдың ішінде ресми деректер бойынша 10,3 пайыз болған. 2004 жылы ЖІӨ-нің өсуі 9,4 пайыз, өнеркәсіптік өнім – 10,1 пайыз, ТМД елдерімен сыртқы сауда – 57,1 пайыз болған. Негізгі капиталға инвестиция 10,6 пайызға өскен. 2000 жылғы деңгейімен салыстырғанда ЖІӨ-нің жиынтықты өсуі 2004 жылдың қорытындысы бойынша 49 пайызды құрады.
ҚР-ның экономикалық өсу жағдайы мыналар болыа табылады:
1. экономикалық кеңістіктің көлемі. ҚР елдің аумағы бойынша әлемде 9-орын алады;
2. пайдалы қазбалардың қоры: энергетикалық ресурстардың (мұнай, табиғи газ, тас көмір) темір және марганец рудалары, мыс рудалары, уран және т.б.;
3. мұнайды шығару көлемі – басты стратегиялық шикізат;
4. маманданған жұмыс күшінің болуы.
ҚР-ның экономикалық өсу факторы болып табылатындар:
1. әлемдік экономиканың өсуі және мұнайдың, газдың түсті және қара металдың халықаралық рыногындағы қолайлы жағдаят;
2. тұрғындар мен кәсіпорындардың төлем төлеу қабілетінің өсуі;
3. импорт орнын толтыру және адал емес бәсекелестіктерден отандық өндірушілерді қорғау саясатын жүргізу;
4. қолайлы инвестициялық климат құру жолымен, тікелей шетел инвестициясын тарту саясаты.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Экономикалық өсу неден көрінеді?
2. Экономикалық өсудің қарқыны қандай көрсеткіштердің көмегімен сипатталады?
3. Экономикалық өсу қандай жағдайда пайда болады?
4. Өндірістік мүмкіндіктердің графигіндегі экономикалық өсудің нұсқасын көрсетііңдер.
5. Экономикалық өсу қандай түрлерге бөлінеді?
6. Экономикалық өсудің экстенсивті түрі дегеніміз не?
7. Экономикалық өсудің қарқынды түрі немен байланысты?
8. Экономикалық өсудің факторын атаңыз.
9. Экономикалық өсудің факторларын қандай көрсеткіштер сипаттайды?
10. Экономикалық өсудің факторларының сандық көрсеткіштерін анықтаңыз.
11. Экономикалық өсудің факторларын қандай топтарға бөлуге болады?
12. Экономикалық өсудің кейнсиандық моделі қандай санатқа негізделеді?
13. Экономикалық өсуді неоклассиктер қандай қызметпен байланыстырады?
14. В. Леонтьевтің макроэкономикалық моделінің ерекшеліктері неде?
15. «Нөлдік экономикалық өсудің» тұжырымдамасы немен байланысты?
Негізгі әдебиеттер.
1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.
2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997
3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.