Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің 2 буыны. Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы

Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар.

· Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау - қоғамның маңызды міндеті.

· Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы.

· Ауыл шаруашылык өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді.

Жиі болатын құрғақшылық, қатты аяздар, қар басуы мен көктайғақ ауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен мал басын сақтап қалу үшін қажырлы күрес жүргізуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты, еліміздің аумағын «тәуекелді егін жөне мал шаруашылығы зонасы» деп атауға болады.

Ауыл шаруашылығымен 200 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар - фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады.

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді. Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды, тек ол үшін қажетті жағдай жасайды.

Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі мен еңбек жағдайын жақсартып, шаруашылықтарға техника мен жанар-жағармай алуға көмектеседі, сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен тәжірибе стансаларын қаржыландырады. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы ауыл тұрғындарынан өсірген өнімнің бір бөлігін сатып алады.

Астық шаруашылығындағы экономикалық мәселелер

Астық шаруашылығы – Қазақстан егіншілігінің басты саласы. Ол халықты нан өнімдерімен, ал мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етеді. Қазақстан жоғары сапалы астықты қажетті көлемде өндіреді. Соңғы жылдары астық дақылдарының жалпы егісі ауыл шаруашылық дақылдарының 80% астам егіс көлемін алып жатыр. Бұл Қазақстанға жыл сайын 12,9-27 млн. тонна астық өндіруге мүмкіндік береді, осыған байланысты Қазақстан астық экспортының көлемі бойынша ТМД-да Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында.

Астық өндірісінің өсуі оны сату көлемінің артуына және сала кірісінің жоғарлауына себепкер болады. Дайындалатын астықтың жалпы көлемінен 7,4-7,6 млн. тоннасы ішкі қажеттілікке жұмсалады. Жыл сайын ұнға есептегенде орташа есеппен 6-8 млн. тонна бидай экспортталады, астыққа есептегенде 2,8 млн. тонна бидай. Өтпелі қор орташа есеппен 3,0 млн. тонна бидай астығы.

Қазақстанда астықты өндіру және тұтыну теңгерімі көрсеткендей, ішкі нарықтың өзіндік өндіріспен қамтамасыз етіліуі шамамен 157%

АӨК ішіндегі ең маңызды кешендердің бірі болып астықты қайта өңдеу (оның ішінде майлы дақылдар тұқым қайта өңдеу) саласы саналады.

Ел экономикасындағы астықты қайта өңдеу саласының маңыздылығы агроөнеркәсіптік өндірістің 40% көлемі астықпен байланысты болуында. Астық – стратегиялық, әлеуметтік және экономикалық маңызды тауар. Астықтың өтпелі қор деңгейі бойынша ұлттық азық–түлік қауіпсіздігі туралы ой түйеді Астық өндірісі мен тұтыну көлемі ресурстарды тұтыну құрылымына және елдің ішкі жалпы өнімінің қалыптасуына әсер етеді. Аталмыш салада айтарлықтай өндіріс құралдары жинақталған және ол қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымында салыстырмалы салмағы (76,3%) ең үлкен, ал тамақ өнімдерін өндіру құрылымында астықты қайта өңдеу саласы 20% құрайды.

Қазіргі уақытта еліміздің астықты қайта өңдеу саласы салыстырмалы түрде тұрақты күйде, бірақ ол әрі қарай дамытуды, бәсекеге қабілеттілікті және экспорттық әлеуетті арттыруды талап етеді, әсіресе теңге курсына түзетулер енгізгеннен кейін.

Ауыл шаруашлығында жерді экономикалық бағалау

Ауыл шаруашылық жерлердің құны, әдетте, белгілі бірнеше шамаға көбейтілген ағымдағы ақшаға шағылған арендалық төлем түрінде көрсетіледі немесе басқа сөзбен, осы рентаны "бірнеше жылға сатып алу" түрінде. Бірақ бұл көрініспен алғашқы танысу болып табылады. Жерді бағалау жүйесі бірнеше элементтерден тұрады. Осыған жататындар:

· жер учаскелерінің құқықтық тәртібі және сапалық сипаттамалары туралы кадастрлық тіркеу кітабының информациясы;

· басқа көздерден түсетін жер учаскелерімен мәміле туралы информация, жер және басқа жылжымайтын мүліктер нарықтары туралы информация;

· бағалау аймақтары мен жер учаскелері бойынша жердің кадастрлық бағалануы;

· кадастрлық карталар және жер құнының регистрлері.

Жер иеленген, пайдалануға, жалға беріледі, жер несиеге кепілдік болады, жер пайдаланушылардан салық, т.б. төлемдер алынады, осының барлығының шамасын анықтау негізінде жердің құндылығы – экономикалық бағалау жатады.

Барлық табиғат байлықтары сияқты жерді экономикалық бағалау негізгі үш түрлі қызмет атқарады:

· Есептеу. Жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, кәсіпорындардың, жеке жер иеленушілермен жер пайдаланушылардың өндірістік – материалдық қоры ретінде есептеледі. Жер өндірістің, басқа да құрылымдардың, тұрғын үйлердің, т.б. орналасқан орны, шаруашылық орны ретінде де есептеу алынады.

· Жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру үшін оның бағасы болуы керек және сол арқылы нарықтық қарым – қатынасқа қосылады.

· Жер бөлімшелерінің сапалық қасиеттері - өнімділігі, орналасу тиімділігі әр түрлі. Құнарлы, тиімді жерлер жеткіліксіз, сондықтан өнімділігі, тиімділігі төмен жерлер де пайдаланылады және жұмсалған еңбектеріне қарамай жақсы пайдаланушылар қосымша пайда табады. Тиімділігіне байланысты әр түрлі жер бөлімшелері әр түрлі бағаланып, жер пайдаланушыларға біркелкі жағдай туғызылады. Сонымен тиімділігі төмен, бірақ халық шаруашылық тұрғыдан қажетті жерлерді пайдалану ынталантырылады.

Жер қорын экономикалық бағалаудың барлық қызметтері бір – бірімен тығыз байланысты, жалпы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға қызмет етеді.

Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы түсінігі және маңызы

Инфрақұрылым - (латынша Infra - төменгі, астыңғы, structura - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.).

Материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы

Өндірістік инфрақұрылым – өндірістің жалпы жағдайын қалыптастырушы шаруашылық салаларының жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылым қоғам мен адам факторларын ескере отырып, әлеуметтік жағдайды жақсартуға, халықты жұмыспен, материалдық және рухани қажеттілікпен қамтамасыз етуге әсерін тигізеді.

Ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылым жүйесінің қазіргі ұйымдастыру-басқару құрылымы өндірістік қызметтің көптеген түрлері мен нысандарынан қалыптасқан. Ол келесілерді қамтиды: ауыл шаруашылығы техника мен мал шаруашылығы фермаларының жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, материалдық техникалық жабдықтау, көліктік қызмет көрсету, ауылдағы агрохимиялық және малдәрігерлік қызмет, егін шаруашылығы жұмыстарын жүргізу барысында түрлі қозғалмалы механикаландырылған топтармен жұмыс жүргізу, агроқұрылымдарға өндірістік қызмет көрсету.

Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылық өндірістік инфрақұрылымдық кәсіпорынның дамуының стратегиялық бағыттарын жүйелі және экономикалық негізде төмендегідей анықтаса болады:
а) нарыққа ену немесе қызметті толық жетілдіруі.

б) қызметтер нарығының дамуы

в) жаңа өнімдерді (қызметтерді) таңдау.

г) маңызды стратегиялық басымды бағыт.

Ауыл шаруашылығы нарығы түсінігі

Ауыл шаруашылығы нарығы дегеніміз –ауыл шаруашылығы өндірісінің нәтижесін анықтайтын ауыл шаруашылығы өнімдерінің сұранысы мен ұсынысына әсер ететін факторлардың жиынтығы.

Мемлекет нарыққа шыққанда басқа да сатып алушылармен құқықтық болуы керек. Ол тауар өндірушілерге сатып алатын өнім көлемі мен түр-түрі, сапасы, бағасы, жеңілдіктері, көтермелеу шаралары мен басқа да шарттары жайында алдын – ала хабарлайды.

Нарыққа көшкенде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің аса маңызды өзіндік ерекшеліктері болды. Олар мыналар:

–– Еліміз бойынша әсіресе пайдаланылатын жер көлемі жөнінен орташа кәсіпорындар басым болып отырғанда негізінен ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының болуы. Бұл, өз кезегінде, жер реформасын жүзеге асыру және өндіріс құрал – жабдықтарына меншікті иелікке беру формаларына әсер етеді;

— Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің шикізатқа бағытталуы негізінен алғанда өндіру, ұқсату, сақтау, өткізу кезеңдерін қамтитын, оның салалары арасындағы сақталып келе жатқан тепе-теңсіздікке байланысты. Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі бөлігі ұқсатылмаған күйінде басқа аймақтарға жіберіліп, республикада құралған таза табыстың дені соларда қалып қояды;

— Ауыл шарушылығының дәстүрлі түрлері бар, әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған көптеген аудандардың болуы.

Ауыл шаруашылығы экономикасындағы күрделі проблемалардың тағы бір түрі –сататын және сатып алатын тауарларға бағанын тепе-теңдігін жасау.

Бағаның тепе-теңдігі – бұл қала мен ауыл аралықтарындағы екі жақты айырбас кезіндегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өнімдері құндарының ара қатынасы.

Тең бағаны жасау қиындықтары барлық елдерде жиі кезесіп отырады. Ол ең алдымен өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктер. Біріншіден, ауыл шаруашылық өндірісінде өндіретін өнімдер маусымдық сипатта болады, сондықтан өнім бағалары өзгеру уақыты бойынша жалпы баға өзгерістерінен қалып отырады. Екіншіден, фермерлер өздеріне керекті өнімдерді ірі жеке өнеркәсіп монополистерінен сатып алып отырады, ал олар болса жоғары бағаларды ұсынады. Мысалы, астық жинайтын комбайндар Ресейде екі жерде ғана жасалады. Комбайндардың бағалары болса өте қымбат. Ал фермер, шаруа өз өнімдерін көпшілікке сатады, сондықтан жоғары баға сұрау қиынға түседі. Үшіншіден, ауыл шаруашылық өнімдерінің дүние жүзілік нарығындағы бәсекелік фермерлерге тең бағалы өнімдерді ұстауға үлкен кедергі жасайды.

Осының салдарынан өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне әр уақытта “бағаның қайшысы ” пайда болады.

Баға қайшысы ­­­­­– бағаның тепе-теңдігі бұзылу дәрежесі, яғни ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп өнімдерінің бағаларының өсу қарқынының айырмашылығы.

Бағалар тепе-теңдік проблемаларын нарықты механизмдер арқылы шешу өте қиын, сондықтан көп елдердің үкіметтері бұл тепе-теңдіктерді шешу үшін фермерлердің өндірген өнімдеріне кеткен шығындардың біразын өз мойындарына алады.

Мысалы, Еуропалық экономикалық бірлестік дүние жүзілік нарықта өз фермерлерінің астығын нақтылы бағасынан 15 пайыз төмен бағаға сатады. Ал, Америка үкіметі фермерлердің өндірген астығын 50 пайыз бағамен сатады, қалған 50 пайызын үкімет өз қалтасынан төлейді, ол төлем фермерлерге жәрдем ақша есебінде болып, ауыртпалығы салық төлеушілерге түседі.

Жәрдем ақша- тауар өндірушілерге, олардың тауарларына бағаны тұрақтандыру, немесе оларды жұтатын кететін жағдайдан аман сақтау үшін берілетін мемлекеттік қайтарылмайтын жәрдем.

Ашық нарықтық экономика жағдайында жаңа техника мен технологияны пайдаланатын тауарөндірушілер ғана табыс таба алады. Әлемдік экономиканың жаһандануы және еліміздің ДСҰ-ға мүшелігіне интеграциялануы отандық аграрлық өндірістің шаруашылық жүргізудің жаңа сапалық деңгеге көтерілуін, заманауи технология мен техникалық саясаттың қалыптасуын талап етеді.

Ауыл шаруашылығы нарығындағы сұраныс пен ұсыныс, баға икемділігі

Баға – күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.

Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн – қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Баға жасау қағидалары:

1.Ішкі факторларға бағдарлану (шығындарға):

а)баға шығындарды қайтарып, кәсіпорын дамуына қажет пайда әкелуге тиіс;

б) баға өндіріс факторларын қолдану тиімділігімен анықталады.

2. Сыртқы факторларға бағдарлану (сұраныс, ұсыныс, тұтынушылық қасиеттер және т.б.:

3. Аралас (ішкі факторлар ұсынысты, сыртқы факторлар сұранысты сипаттайды).

Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады:

а) есебке алу функциясы

б) Ынталандырушы функция.

В) Бөлу функциясы.

Г) Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы.

Д) Өндірісті тиімді орналастыру белгісі ретінде болуға бағытталған бағаның функциясы..

Баға саясаты деп өз тауарларына, қызметтеріне бағаларды орнатуда фирма жетекшілері ұстанатын жалпы қағидалар жиынтығын атайды. Баға стратегиясы деп осы қағидаларды іске асыруға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығын атайды. Баға саясаты жалпы фирма стратегиясының бір бөлімі ретінде қарастырылады.

Ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылым жүйесінің қазіргі ұйымдастыру-басқару құрылымы

Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы дегеніміз –ауыл шаруашылық өндірісін тиімді жүзеге асыру үшін қажетті барлық жағдайларды туғызатын және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын ресурстармен қамтамасыз етуші сфералар мен салалардың жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылым –ауыл шаруашылығы өндірісітк құралдардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін және олардың ұзақ мерзімге жұмыс қабілеттілігін сақтауға ықпал ететін салалардың жиынтығы.

· Ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрстеуші салалар

Транспорт, электр энергиясын жеткізу желілері, мелиоративтік, ирригациялық, байланыс, материалдық-техникалық жабдықтау, дайындау-өткізу, қойма, мұздатқыш, элеваторлық шаруашылықтар.

· Спецификалық қызмет көрсету ұйымдары

· Агротехникалық

· Өсімдік қорғау

· Ветеринарлық

· Жасанды асылдандыру

· Жөндеу техникалық

· Құқықтық

· Ғылыми және ақпараттық консультациялық

Шоғырландыру өндірістік бірліктер көлемінде өндіріс масштабының артуын білдіреді, яғни кәсіпорынның іріленуі болып табылады. Шоғырландыруға өндірістік бірліктер ауқымының ұлғаюына қоғамдық еңбек бөлінісі дамуында жетекші роль беріледі. Себебі машиналардың тиімді пайдаланылуы тек өндіріс көлемінің жеткілікті үлкен мөлшерінде ғана мүмкін болады.Ұйымдастыру-шаруашылық шоғырландыру – өндірістік бірлестіктерді құруды және майда кәсіпорындарды әкімшілік біріктіруді білдіреді. Бұл біріктірілетін кәсіпорындарда олардың техникалық қайта жарақтану базасында өндірісті шоғырландыру үшін алғышарттарды құруға тиісті басқарудың орталықтандырылуы болып табылады.

Өндірісті шоғырландырудың экономикалық тиімділігіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.

Ішкі өндіріс факторлары бір жағынан тиімділіктің құралуына (интенсивті шоғырландыру барысында) көмегін тигізсе, ал екінші жағынан оны шектеуді (экстенсивті шоғырландыру барысында).

Сыртқы өндіріс факторлары әр уақытта шоғырландыру тиімділігін шектеуші ретінде ғана пайда болады.

Сыртқы өндіріс факторларға (шоғырландыру тиімділігін шектеуші факторларға) - транспорттық, шикізаттық, еңбек ресурстары, табиғаттық (географиялық), оның ішінде сумен қамтамасыз ету факторлары, уақыт факторлары жатады.

Ауыл шаруашылығы өндірістік факторла2рының нарығы

Ауыл шаруашылығында өндірістік факторлардың барлығы қатысады. Жер, еңбек, капитал. Біреуі тұтыну бағасына әсер етсе, біреуі тауар бағасына әсер етеді. Өндіріс факторлары процесінде осы жер, еңбек, капитал бір-бірімен тығыз байланыста ж/е бір-бірін толықтырып отырады. Нарықта ұлттық байлығында жер ж/е еңбек нарықтары сарқылмау керек. Барлық фактор нарықта әр түрлі икемділікпен әсер етеді. Жер ресурстарынан алынан кірістерді рента деп атайды. Оның түрлері:

· Бірінші дифференциалды рента

· Екінші дифференциалды рента

· Абсолютті диф рента

Диф рента – ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларына әсер етпейді. Ал абсолютті рента бағаның жоғарылауына әсер етеді. Еңбек ресурстарының кірістері жалақы жөнінде жүреді. Ол жұмысшылардың жалақысынан, яғни физикалық ж/е ақыл-ой негізінде қалыптасады. Ал капиталдан, пайыз мөлшерлемесі түседі. Ол бағаға әсер етеді. Шынайы капиталдың кірістеріне: машина, құрал-жабдықтар, инвентаръды жатқызуға болады. Және одан пайда алуға болады. Жер бағасының анықтау формуласы:

Бж(жер бағасы) =пайда әкелетін жерден алынатын рента/қарыздың пайыздық көрсеткіші

Ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандыру

Мамандандыру – өндірістік бірліктердегі өнім номенклатурасының шектелуін білдіреді. Мамандандыру өнімнің біртектілігін жоғарылатады және оны өндірістің қоғамдық ұйымдастырудың дербес формасы ретінде ғана емес, шоғырландырудың бір түрі, яғни біртекті өндірісті шоғырландыру ретінде қарастырады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындары

Өзіндік құн – өнім өңдіруге жіне өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы алғанда өзіндік құнның құрамы келесі түрде көрсетіледі:

ӨҚ = М + А + ЕА

мұндағы М – материалдық шығындар, А – амортизация, ЕА – еңбек ақы.

Өзіндік құн бағаның бір бөлігі ретінде қарастырылады:

Б = ӨҚ + П + ҚҚС

Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда шығарылатын бірдей өнімнің өзіндік құны әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары болған өзіндік құн кәсіпорында өндірісі процесі нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, басқалармен салыстырғанда.

Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады:

· Бағаны анықтау үшін

· Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін

· Менеджерлер оперативті шешім қабылдау үшін

Өзіндік құнды барлық өнім бойынша, жеке оның түрлері, процестері, бөлшектері, бөлімшелер мен цехтер бойынша анықтауға болады.

Өндіріске кеткен шығындарды белгілі бір белгілерге қарай бөлуге болады. Шығындардың негізгі тобына келесі шығындар кіреді:

- экономикалық элемент бойынша (экономикалық мағынасына қарай) – барлық шығындар экономикалық біріңғайлығы бар жеке топтарға жинақталады (олардың пайда болу орнына және мақсатына тәуелсіз. Олардың негізгі түрлері:

· Материалдық шығындар – шикізат пен материалдардың қайтарылатын қалдық құнын алып тастағандағы құны.

· Еңбек ақы.

· Еңбек ақыдан жасалынатын әлеуметтік төлемдер-зейнетақы қорына, жұмыс бастылық қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қорына.

· амортизация.

· Басқа шығындар – жөндеуге кеткен, несие пайыздарын төлеу, айыпақылар, жарнама және т.с.с.

- шығын баптары бойынша: Шығын баптары деп бір немесе бірнеше экономикалық элементі бар шығындарды айтады. Калькуляция баптары шығындардың мақсатын және пайда болу орнын есебке алады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп өнім бірлігіне кеткен шығындарды анықтау процесін атайды.

Өзіндік құнды төмендету әртүрлі факторларға тәуелді болады. Ең негізгілерге келесіні жатқызуға болады:

· өнім өңдіруді өсіру (тұрақты шығындар бойынша түсетін үнем арқылы).

Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің 2 буыны. Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы - student2.ru

B1 – өсіруге дейінгі өнім көлемі;

B2 – өнім шығарудың жаңа мөлшері.

Материал сыйымдылығын азайту (шикізат пен материалдар бойынша үнем болады).

өнім өңдіру өсімін еңбек ақы өсімінен жоғары етіп жасау (еңбек ақы бойынша үнем болады).

· Жаңа техниканы енгізу арқылы, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру.

Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің 2 буыны. Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы - student2.ru

С1 – шараға дейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.

С2 – шарадан кейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.

В2 – шарадан кейін шығарылатын өнім көлемі.

өнімнің қор сыйымдылығын азайту арқылы (амортизация бойынша үнем болады).

· Қалдықтарды және жоғалтуларды азайту шараларын енгізу.

Іс жүзінде өзіндік құнның келесі көрсеткіщтері қолданылады:

· Өндіріс шығындарының сметасы.

· Өнім бірлігінің және тауарлық өнімнің өзіндік құны.

· Өзіндік құнды төмендету көрсеткіштері.

· Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.

Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің 2 буыны. Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы - student2.ru

Бүгінгі күні қолданылып отырған тəжірибеде көрсетілгендей құрылыс кəсіпорындары калькуляциялық шығындар баптарын қолданады, яғни:

1) материалдар;

2) жұмысшылардың еңбекақысы;

3) құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану үшін кеткен шығындар;

4) үстеме шығындар.

Ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құны

Өзіндік құн – өнім өңдіруге жіне өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы алғанда өзіндік құнның құрамы келесі түрде көрсетіледі:

ӨҚ = М + А + ЕА

мұндағы М – материалдық шығындар, А – амортизация, ЕА – еңбек ақы.

Өзіндік құн бағаның бір бөлігі ретінде қарастырылады:

Б = ӨҚ + П + ҚҚС

Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда шығарылатын бірдей өнімнің өзіндік құны әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары болған өзіндік құн кәсіпорында өндірісі процесі нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, басқалармен салыстырғанда.

Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады:

· Бағаны анықтау үшін

· Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін

· Менеджерлер оперативті шешім қабылдау үшін

Өзіндік құнды барлық өнім бойынша, жеке оның түрлері, процестері, бөлшектері, бөлімшелер мен цехтер бойынша анықтауға болады.

Өндіріске кеткен шығындарды белгілі бір белгілерге қарай бөлуге болады. Шығындардың негізгі тобына келесі шығындар кіреді:

- экономикалық элемент бойынша (экономикалық мағынасына қарай) – барлық шығындар экономикалық біріңғайлығы бар жеке топтарға жинақталады (олардың пайда болу орнына және мақсатына тәуелсіз. Олардың негізгі түрлері:

· Материалдық шығындар – шикізат пен материалдардың қайтарылатын қалдық құнын алып тастағандағы құны.

· Еңбек ақы.

· Еңбек ақыдан жасалынатын әлеуметтік төлемдер-зейнетақы қорына, жұмыс бастылық қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қорына.

· амортизация.

· Басқа шығындар – жөндеуге кеткен, несие пайыздарын төлеу, айыпақылар, жарнама және т.с.с.

Наши рекомендации