Жобаланатын пресс есептемесініҢ методикалыҚ нҰсҚаулары

Есептеу алдында міндетті түрде 4.1. кестеден қажетті вариантты тандап алу керек:

Кесте 4.1.

Вариант Аяқ киім ізінің ауданы, см2

Желімдеу кезінде меншікті қысымды келісім бойынша q=1.5÷6 кг∕ см2 деп қабылдауға болады. Наириитті желімдер үшін q= 4 кг∕ см2. Осыған сүйене отырып, ұлтандарды желімдеу кезіндегі технологиялық күшті анықтау керек. Престің есептемелік нобайын құрып және соған байланысты гидравликалық жетектің себебін шығару керек. Ол жұмысшы цилиндрдегі поршеннің теңсіздік жағдайына негізделген. Поршеннің тарту күші:

P= Pn+ PТ + Pи+PK (4.1)

Мұндағы: Pn- пайдалы күш;

PT- поршень мен штоктың тығыздатқыштарындағы үйкеліс күші;

PN – іске қосқан кездегі орын ауыстыратын бөліктердің салмағының инерция күші;

PK - қарама – қарсы бағыттағы қысымға қарсы қолданылатын күш.

Манжетпен цилиндр қабырғасының және шток пен сальниктің арасындағы үйкеліс күші былай анықталады :

PT = PTM + PTC = П ∙ Д ∙ в ∙ р∙ f1 + П dhpf2 (4.2)

Мұндағы: Д – цилиндр диаметрі;

в- манжет биіктігі

р- цилиндр ішіндегі қысым;

f1 .,f2 – манжет пен цилиндрдың және шток пен сальниктің үйкеліс коэффиценттері f1 = 0.15; ,f2 =0.2;

d- шток диаметрі;

h- сальник ұзындығы.

Поршень мынадай Р тарту күшін тудыруы қажет. Одан қарсыласу күштерді кеміткенде, ол пайдалы күштен Рп артық болуы керек. Сондықтан поршень диаметрін алдын- ала есептегенде формула мына түрде жазылады:

Р = k ∙Pk (4.3 )

Мұндағы: к –қозғалыс қарсылығын ескеретін коэффицент, ол к k= 1.2 ÷ 1.4 аралығында қабылданады.

Гидравликалық цилиндр штогының диаметрі d= 0.2D – дан d= 0.7D дейінгі аралықта жатады.

Сальник ұзындығы h диаметрге d тең деп қабылданады. D және d диаметрлерін анықтағаннан кейін, қажетті мәліметтерді (4.1) формулаға қойып, тексеру есептеуін жүргіземіз. Ляме формуласы бойынша күш цилиндрдың қабырғасының қалыңдығын анықтауға болады:

(4.4)

мұндағы: r – цилиндрдың ішкі радиусы;

- цилиндр материалының үзілуінің мүмкіндік кернеуі;

рш – сұйықтықтың шартты қысымы, жұмысшы қысымынан 20-30% жоғары.

Штокты міндетті түрде шекті иілуге төмендегі формула бойынша тексеру керек:

, (4.5)

мұндағы: Е – шток материалының беріктік модулі;

Jmin – шток қимасының инерция моменті;

- штокты бекіту коэффициенті;

l – шток ұзындығы.

Цилиндр көлемі:

(4.6)

мұндағы: F – Цилиндрдың жұмыс ауданы, см2;

H – поршень жүрісі, см.

Поршеньнің орын ауыстыруының ұзақтылығы:

(4.7)

мұндағы: - орын ауыстыру жылдамдығы м/с.

Сұйық шығыны:

, л/мин (4.8)

Насос Q сұйықтың қажетті шығынын қамтамасыз етуі және цилиндрдегі қысымнан көптеу қысымды тудыруы қажет. Бұл шығындарды ȠН =0,7 коэффициентімен ескере отырып, насос

(4.9)

қысымды тудыруы қажет.

Қысым шығынын дәл есептеу үшін құбырдардың әр бөлігі және бөлек құрылғылар жеке есептеленуі қажет. Сосын бәрін қосып, жалпы шығынды анықтайды.

Q және PH шамаларына байланысты насосты таңдаймыз.

Дебиеттер

7. ЕСКД. Основные положения. ГОСТ 2.103 – 68.

8. Колосков В.И. Колясин Б.П. Оборудование и механизация обувного производства. – М.: Легкая индустрия, 1979.

9. Строжев В.В. Корнилов В.П. Лабораторный практикум по машинам и аппаратам обувного производства. – М.: Легкая индустрия, 1975.

10. Шварц А.С. Химическая технология обуви. – М.: Легкая индустрия, 1972.

11. Зыбин Ю.Ф. Технология изделий из кожи. – М.: -Легкая индустрия, 1975.

12. Скварик В.П., Ценова Л.В. Оборудование для изготовления обуви клеевым методом. – Киев: ЦБТИКС 1964.

Наши рекомендации