АҚш-тыҢ сыртҚы Қатынасы немесе жаҢа бодандау саясаты туралы

аҚш-тыҢ сыртҚы Қатынасы немесе жаҢа бодандау саясаты туралы - student2.ru Атақты американ ғалымы, белгілі саясаткер Самуэль Хангингтон 21-ғасыр өркениеттер тоғысуы емес, өркениеттердің соғысу ғасыры болады, Мұсылман мен Христиан өркениеттері арасындағы қайшылық тек күшпен шешіледі деп болжаған. Шынында да өткен ғасырдың аяғында айтылған осынау ұлы сөз бүгінде өзінің ақиқатқа айналып келе жатқандығын көрсетеді. Оған келтірер мысалдар да жеткілікті.

Мәселен ондаған жылдар бойы АҚШ – пен көптеген Араб елдері арасындағы шиеленістер барынша қордаланған. 1980-ші жылдан бері АҚШ-ислам елдеріне қарсы 19-рет қару жұмсаған немесе әскери интервенциялар ұйымдастырған. 11-қыркүйектегі террорлық әрекеттің себебін араб елдерінен іздестірудің де себебі жоқ емес.

АҚШ –жаханданудың көшбасшысына айналды. Өздеріңіз білетіндей бұл мемлекеттің әлемдік аренадағы үлес салмағы 20-ғасырда айтарлықтай өсіп, көптеген істерде алдыңғы орынға шыққаны белгілі. Ал оның әскери, саяси рөлі 21-ғасырдың басында одан да жоғарғы деңгейге көтерілді. (Оның ішінде АҚШ – президенті Барак Обаманың билікке келгеннен кейін 8-ай өтпей жатып әлемдік Нобель силығын алғанын айтсақ та жеткілікті. Бұл әрекетті кейбір сарапшылар Еуропаның АҚШ-алдында бас июі дегенді айтады) Бұл тұрғыда мәселені әріректен қараған жөн. Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін (1960-1990 жж) Кеңес одағы құлап күштердің ара салмағы өзгерді, яғни бұрын қатаң ұсталған тепе-теңдік бұзылды. Осы орайда қарап қалмайтын АҚШ – бұрынғы қарсыластары ТМД мен Шығыс Еуропа елдерін кредит немесе инвестиция беру арқылы өзіне тәуелді етті. (Мәселен: Қазақстанда да АҚШ-тың атақты компаниялары қызмет етеді. ШЕВРОН т.б) Сонымен қатар АҚШ мемлекеті аймақтағы шиеленістер мен жанжалдарға байланысты әскери қимылдарға еркін кірісе бастады. Бұл мәселеде АҚШ-тіпті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын мойындамады. Оған дәлел ретінде Ирактағы соғыс қалай басталды соны айтуға болады. 2002 жылдың 30-қаңтарында АҚШ-президенті Джордж Буш кангресс мүшелерімен кездесуінде жаппай қырып жоятын қарулар иеленуге ұмтылып отырған Солтүстік Корея, Иран және Ирак режимдері уақыт өткен сайын үлкен қатер төндіре бастағанын баяндады. Атап айтқанда Ирак елі он жылдан астам уақыттан бері химиялық, биологиялық және ядролық қару жарақ өндіруге ұмтылып отыр деді. Сол жылғы 10-қазанда АҚШ конгресінің өкілдер палатасы президентке Иракқа қарсы қару қолдануға рұқсат беретін арнайы қарар қабылдады.

Осыған орай БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Ирак мемлекетінде инспекия жұмыстарын жүргізу үшін арнайы қарарды мақұлдады. Оған сәйкес 60-күн ішінде арнайы тексеру тобы ел аумағында қандай да бір ядролық нысанның бар немесе жоқ екенін анықтау керек еді. Дегенмен жүргізілген бұл тексерістер барысында Саддам Хусейн елінде ешқандай жаппай қырып жоятын өндіріс орындарының бар екендігін дәлелдейтін айғақтар табылмады. Дегенмен бұл тұрғыда БҰҰ-да Ирак дағдарысын бейбіт жолмен реттеу жөнінде біраз жиындар өткізіп, елді ешқандай қарудың көмегінсіз қарусыздандыруды талап етті. Бірақ бұл талапты пысқырып та қарамаған АҚШ – мемлекеті АҚШ – бастаған коалицияның Иракқа қарсы соғысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің өз міндеттерін орындамағанын, бірақ АҚШ-тың өз уәдесінде тұрып Саддам Хусейн режимін қарусыздандыратынын атап көрсетті.

Халықарарлық қатынастарда екі кіндікті жүйе құлаған соң АҚШ- БҰҰ жарғысында көрсетілген соғыс және бітім мәселесін шешуде қауіпсіздік кеңесі тұрақты мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімін елемеуге көшті. Мәселен: БҰҰ-жарғысының 51-бабында қайсыбір мемлекет болмасын әскери күштерін өзін-өзі қорғау ретінде қолдануға құқылы болса, ал қазір АҚШ бұл құжатқа сілтеме жасауды қажет емес деп тауып, соғыс қимылдарын бастау құқын өзіне қалдырып отыр. АҚШ-тұңғыш рет өзінің әлемдегі әскери артықшылығын сақтауға ниетті екенін мәлімдеді. Соңғы мәлімет бойынша АҚШ-та әлемнің ең алыс шалғай аудандарына әскери отриядтарды жеткізе алатын 200-ұшақ бар. Сонымен қоса 12-млрд долларға бағаланатын жеті кеме, одан басқа 300-кемеден тұратын теңіз флоты. Сондай-ақ ғарыш агенттігі 22-реактивті жойғыш ұшақты жүзеге асыруға 267-миллиард доллар жұмсаған. (Салыстырып көріңіз: Қазақстанның мемлекеттік резервінде 80 миллиард доллар бар) АҚШ-тың әскери шығындары 2003 жылы 400-млрд долларға жеткені айтылды. (Бұл бір жылға ғана жұмсалған сома) Бұл елдің Еуропа мен Қиыр шығыста, Азияның бірқатар елдерінде 200 – мың әскер топтамалары орналасқан. Олар АҚШ территориясынан тыс жерлерде тұрады. (Салыстырып көріңіз: Қазақстанда 74-мың әскер бар)2007 жылы белгілі болғандай АҚШ Ирак пен Ауғанстанға жасаған соғыстарына бұрын айтылғандай 800-млрд емес, 1-трлн. 600 млрд доллар шығындаған. Бұл Африканың барлық елдері мен Австриалияның ішкі жалпы қорынан көп сома. Жалпы екінші Ирак соғысы аяқталып, АҚШ-өз дегендеріне жетті. Яғни ширек ғасырға жуық Ирак елін төстеп билеген Саддам Хусейн тұтқындалып, ақырында 1982 жылы Ирак шииттерін қырғаны үшін өзі дарға асылды. Оны дарға асу рәсімін АҚШ пен Еуропаның бірқатар телераналары тікелей таратты. Билікке 2008 жылы Барак Обама келді. Бұл азамат билікке келіп көптеген батыл шешімдер қабылдады. Оның ішіндегі ең маңыздысы Ирак пен Ауғанстан елдерінен АҚШ әскерлерін алу. Президент қабылдаған бұл шешімдер дер кезінде болмаса да, ішінара жүргізіле бастады. Болжам бойынша АҚШ әскері толығымен Ауғанстан территориясынан 2014 жылы шығарылып бітуі тиіс. Бірақ кейбір мамандар АҚШ әскерлерінің Ауған елінен шығарылуын дұрыс емес деп санайды. Себебі бұл елде белгілі бір бақылаудың әлсіздігінен АҚШ-әскерлері кететін болса азаматтық соғыстың басталып кетуі де ғажап емес. Барак Обама басқаруында АҚШ-тың сыртқы саясаты одан ары күшейе түсті. Ол Джордж Буш құсап тікелей соғыс ашпаса да өзінің одақтас елдері арқылы Таяу шығыс пен Африканың бірқатар мемлекеттеріне қауіп төндірді. Бұл термин қазір «Жаңа бодандау саясаты» деп айтылып жүр. Нәтижесінде Шығыс Африканың Тунис, Ливия, Египет секілді мұнайлы мемлекеттерінде арнайы революциялық әрекеттер ұйымдастырылып, елді 40-жыл қатарынан басқарған азаматтар ажал құшты. Алғаш Тунис билігі тақтан тайып, кезек Ливияға келді. Бұл соғыс жоспардан тыс ұзаққа созылды. Өз мемлекетінен қашып кетуді көздемеген Муаммар Каддафи Нато мен Еуроодақ елдеріне қарсы тұрды. Дегенмен алты айдан астам уақыта созылған соғыс нәтижесінде Каддафи ұсталып айуандықпен өлтірілді.

Жалпы дегендеріне жеткен Еуроодақ пен АҚШ-тың келесі көздегені Сирия немесе Иран елдері деп болжайтындар да бар. Күні кеше тіпті АҚШ- қорғаныш ретінде орта Азия мен Кавказ елдерінде ракета қорғаныс жүйесін (ПРО) нығайтатын жеткізіп, Грузия мемлекетіне арнайы бақылау ракеталарын қою ниетін білдірген. Олар осы арқылы орта Азия мен Ресей аумағын түгелдей бақылай алады. Бірақ бұл ұсынысқа Ресей жағы қатаң қарсы шығып ел президенті Дмитрий Медведев теледидар арқылы арнайы мәлімдеме жасады.

Онда егер АҚШ-келісілген шартты бұзатын болса Ресей жағы Каллининград қаласында аса үлкен ракета қорғаныс жүйесін іске қосатынын жеткізген. Олар бұл арқылы радиусы 480 мың шақырым жерді бақылап отырмақ. Ол бүкіл Батыс Еуропаның аумағына тең. Бұл тұрғыдағы шиеленістердің алда немен тынатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Жалпы бұрындары соғыс қимылдарында адамзатты түбегейлі жойып жіберудің нақты мүмкіндігі болмаған. Бұл мұмкіндік ракета техникасы мен ядролық қару жасала бастаған уақыттан бастап пайда болды.

Пайдаланған әдебиеттер:

1) http://kultobe.kz/?p=1663

2) http://www.provost.harvard.edu/institutional_research/Provost_-_FB2009_10_Sec02_Enrollments.pdf

http://members.ucan-network.org/harvard

3) http://iacng.kz/kaz/?q=node/2604

4) Атлас мира, ПКО «Картография» федеральной службы геодезии и картографии России, Москва, 2005 5) 6) https://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/rankorder/2085rank.html

7) American Journal of Public Health | December 2009, Vol 99, No.12

Наши рекомендации