Дипломатиялық өкілдіктер.
«Дипломатия» ұғымы грек сөзі diploma – екі бүктелген бет, құжат мағынадан шыққан. Бұл жерде «дипломды ұстаушы» деген сөз алғашқы мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныс немесе сенім грамоталары. Өз жиынтықтың дипломатиялық және консулдық құқық сыртқы қатынастардың құқығын құрастырады және мелекет аралық ресми көңіл болуы мүмкін.
Сыртқы қатынастарының құқық дәстүрлі қайнарларымен келісім-шарт және әдет және де және дипломатиялықта және консульсдық құқықта, ұзақ уақытты халықаралық құқық әдеттегі нормалары басымдармен келді.
Дипломатия ұғымы, қазіргі кезендегі оның қолданылу аясының кеңеюі. Екі жақты және көп жақты дипломатия. Қазакстан және 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы.
Дипломатиялық құкыктың түсінігі, Дипломатиялық кұқық туралы халықаралык конвенциялар.
Мемлекеттің сыртқы катынзстар органдары, Сырткы қатынастардың мемлекетішІлік органдары: парламент, мемлекет басшысы, үкімет, сырткьі істер ведомствасысырткы қатынастарынын жалпы қүзіреттерінің органы ретіиде. Баска министерствалар және ведомствалардың ролі. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы бойьшша сыртқы қатынастар органдары. Қазақстан Республикасыньщ Президенті. Қазақстан Республикасының Парламенті. Қазақстан Республикасыньщ Сырткы Істер Министрлігі. Сауда және өнеркәсіп министрлігі және оның сырткы экономикалык байланыстарды дамытудағы ролі.
Сырткы қатынастардағы шетел органдары. Дипломатиялық өкілдіктер. Сауда өкілдігі. Консулдық. Хадыкаралық уйымдардағы мемлекеттің өкілдіктері. Сыртқы катынастардағы уакытша шетел органдары.
Дипломатиялық құқық дипломатия аясында қызмет атқарады. Сондақтан да дипломатиялық құқық пәнін дұрыс түсіну үшін «Дипломатия» терминінің мағынасын ашып алған жөн. Дипломатия – бұл мемлекеттердің сыртқы саясатты жүргізуде атқаратын қызметі. Сыртқы саясатты жүзеге асырудың ең бір әділ, бейбіт құралы. Дипломатияны жүзеге асырудың негізгі әдісі, ол – келіссөздер.
Дипломатия– бұл халықаралық қатынастар аясында мемлекеттердің сыртқы саясатын жүзеге асырушы мемлекеттік органдар мен үйлесімді шет ел органдарының қызметі.
Сыртқы саясат дегеніміз - өз халқының ішкі қажеттілігімен үйлесімін тапқан халықаралық аренадағы мемлекет қызметінің негізгі бағыты, яғни оның халықаралық істердегі негізгі бағыты. Сыртқы саясат мемлекеттердің мақсаты мен міндеттерін, халықаралық қатынастардағы мемлекет қызметінің бағыттарын, сондай-ақ осы қызметтің жүргізілу нысандары мен тәсілдерін айқындайтын әмбебап құрал. Әр елдің сыртқы саясаты сол елдің көрнекті халықаралық құқық танушы мамандарының, ғалымдарының, саясаткерлерінің атсалысуымен анықталады. Сыртқы саясаттың маңызын түсініп, оның жобасын әзірлеп қою жеткіліксіз, сонымен қатар оның іс жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет. Міне осы мақсатта мемлекеттер арнайы уәкілеттілік берілген адамдарын мемлекет мүдесін білдіре отырып, оның сыртқы саясатын жүргізу үшін өзге мемлекеттерге жібереді. Олар өз мемлекеттерінің ұсыныстарын өзге мүделі мемлекеттің мемлекет басшысына табыстап отырады. Ежелгі Грецияда мұндай ұсыныстар арнайы тақтайларға жазылып жіберілген. Оларды «Дипломдар» деп атап, оны табыстаушы уәкілді тұлғаларды «Дипломаттар» деп атаған. Дипломаттардың негізгі міндеті өз мемлекеттерінің сыртқы саясатын қолда бар барлық әдіс-құралдардың көмегімен жүзеге асыру, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан алғанда дипломатия дегеніміз – халықаралық қатынастардағы мемлекеттердің сыртқы саясатын жүзеге асыруға арналған арнайы әдіс-құралдардың жиынтығы.
Дипломатиялық құқық дегеніміз – дипломатия аясымен дипломатиялық қатынастарға түсуші субъектілердің құқықтары мен міндеттерін айқындаушы құқықтық нормалардың жиынтығы.
Уақыт өте дипломатиялық қатынастарды реттеуші жазбаша нысандағы арнайы келісім шарттар қажет бола бастады. Бірқатар мемлекеттерде дипломаттарды өлтіру, оларды ұрып соғу, кепілге алу тәрізді жағдайлар жиілеп кетті. Осы тұрғыда дипломаттарды, олардың қызметін құқықтық реттеу қажеттілігі туды. Дипломаттар мен консулдың жеке басы қауіпсіздігін, қалыпты қызметін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы нормалар қалыптаса бастады. Аталмыш нормалар кейін келе өзара топтастырылып, жинақталып Халықаралық құқықтың жеке бір институты ретінде бекітілді.
Дипломатиялық құқықтың қайнар көздері болып, 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясы, мемлекеттер арасындағы екіжақты келісімдер (дипломатиялық қатынастарды орнатуға байланысты) және де халықаралық құқықтың осы бір саласын реттеуде негізге алынатын әдет-ғұрыптар танылады. Біршама батыс елдерде бұл қайнар көздермен қатар дипломатиялық және консулдық қатынастарды реттеуде соттық прецеденттерде кеңінен қолданылады.
Дипломатиялық қатынастарды реттеуші көпжақты шарттарға мыналар жатады:
- 1875-ші жылы 14 наурызда қабылданған Мемлекеттің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдарға қатысты өкілдіктері туралы Вена конвенциясы;
- 1946-шы жылы 13 ақпанда қабылданған БҰҰ-ның артықшылықтары мен имунитеттері туралы конвенция;
- 1947-ші жылы 21 қарашада қабылданған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің артықшылықтары мен имунитеттері туралы конвенция;
- 1961-ші жылы 18 сәуірде қабылданған Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы;
- 1969-шы жылы 8 желтоқсанда қабылданған Арнайы миссиялар туралы конвенция;
- 1977-ші жылы қабылданған Қылмысты тоқтату және халықаралық қорғаудағы тұлғаларға, оған қоса дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыс үшін жаза туралы конвенция;
Дипломатиялық өкілдіктер. Олардың құрамы, қүрылымы және қызметтері (функциялары). Дипломатиялык өкілдік (классы) дәрежелері және дишіоматиялық ранплер. Дипломатиялык корпус. Дипломатиялык өкілдікті тағаЙындау тәртібі және кері шақырьш алу.
Агреман. Сенім және кері шакырып алу грамоталары.
Біріккен Ұлттар Ұйымының және Біріккен Ұлттар ҰЙымы мамандандырылған мекемелерІнің артыкшылықтары мен иммунитеттері. Халыкаралык үйымдардың артыкшылыктары мен иммуниттері мәселелері
жөніндегі негізгі келісімдер. Халықаралык үйымдардың барушы елмен келісімі.
22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi
1. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiне жүктелген мiндеттердi бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналына мынадай тәртiптiк жазалар қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) дипломаттық дәреженi берудi бiр жылға дейiн кiдiрте тұру;
5) лауазымын немесе дипломаттық дәрежесiн төмендету;
6) дипломаттық дәрежесiнен айыру;
7) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;
8) жұмыстан босату.
3. Дипломатиялық қызмет персоналына тәртiптiк жаза қолдану Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу
1. Шет елдердегi мекемелерде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет персоналы қызметтiк мiндеттерiн өрескел бұзған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының немесе болатын елiнiң заң актiлерiнде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттер жасаған жағдайда оған тәртiптiк ықпал ету шараларын қолдануға қоса, ол Қазақстан Республикасына мерзiмiнен бұрын керi шақырып алынады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналын мерзiмiнен бұрын керi шақырып алуға отбасы мүшелерiнiң дәл сондай әрекеттер жасауы да негiз болып табылады.
9 тақырып Консулдық құқық