Тапсырма. жұптық жұмыс. сұрақтарды талқылаңыздар.
Сізге қандай қолөнер түрі ұнайды? Несімен?
Сіздің ата-анаңыз қандай қолөнер түрімен айналысады?
Сіздің қолыңыздан қандай өнер келеді?
Сізді қандай қолөнер түрі қызықтырады? Неге?
Грамматика: Шылау | ||
Септеулік шылау | Демеулік шылау | Жалғаулық шылау |
Атау: туралы, сияқты,үшін,сайын т.б. Барыс: дейін, қарай, тарта, жуық т.б. Шығыс: кейін, соң, әрі, гөрі,бері т.б. Көмектес: бірге, қабат, қатар | Сұраулық: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше Күшейткіш: -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те Белгісіздік: -ау, -мыс, -міс, кейде Болымсыздық: түгіл, тұрсын, тұрмақ Шектік: ғана, тек, кейде, -ақ Нақтылау: -ды, -ді, -ты, -ті, ғой | Ыңғайластық: және, әрі, да, де, та, те, ма, ме т.б. Қарсылықты: бірақ, дегенмен, алайда, сонда да т.б. Себеп салдар: өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін т.б. Талғаулықты:не, немесе, я, яки, не болмаса т.б. Кезектес: кейде, бірде, біресе Шартты: егер, егер де |
Тапсырма. Мәтіннен шылауларды тауып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
Тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойып жазыңыздар.
Археологиялық қазбалар ... жазба ескерткіштер; геометриялық ... өсімдік тектес мотивтегі ою-өрнектер; аяқ киім (байпақ) ... заттар; әйелдер ... айналысады; киіз үй ... пайдаланған; ежелден ... жасалатын; аса іскерлік ... қыруар еңбек.
Шылаулар: мен, пен, және, ғана, сияқты, үшін, бері
Екінші сабақ
Тапсырма. Мәтінді тыңдаңыздар.
Ою-өрнек түрлері
Қазақтың ою-өрнектері төрт түрге бөлінеді: өсімдік тектес, жануарлар, геометриялық формада, космогендік(астрологиялық). Бұлардың әрқайсысының өзінің белгілі бір мағынасы бар.
Мүйіз – қазақ оюының негізі және ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан.
«Гүл» ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі.
«Су өрнегі» деп әрбір өрнекті бөліп тұрған жолақты айтады. «Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада, кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде кездеседі.
«Ашатұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айырға ұқсас келеді.
«Түйетабан» – түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. Ол кейде «қарта», «қарға», «қызылайыр» ою-өрнегіне ұқсайды.
«Құсқанаты» ою-өрнегі – мүйіз оюымен, не шахмат шақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек.
Кемпірқосақ» ою-өрнегі бірнеше түстерден жолақтар жасап, алма-кезек орналасады.
Ркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді.
Стұмсық» – бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Тұмарша» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үш бұрыш тәрізді тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына да бойтұмар ретінде тағылады. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі. Қазақ қолөнерінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі бояу түрлері бар. Олар: қызыл, көк, жасыл, сары, ақ, қара. Бұл бояулардың сол сияқты символдық мәні де бар. Көк түс – аспанның, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс – ақыл мен парасаттың, қайғы- мұңның, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы.