Тұрғын мекенжайы

 
 
 

Төлқұжат, жеке куәлігі

(сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)

«…..»…………….20……г.

Қолы, подпись......................................................................................

Мінездеме

Ерсаин Шынғыз Ермекұлы, 1993 жылы 09 тамызда, Капшығай қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы. 2011 Капшығай қаласының №1 орта мектепті тамамдаған. Қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің 2-курс студенті.

Ол достары мен құрбылары арасында беделді, ынталы, тиянақты, еңбекқор және өз ісіне жауапты адам. Сонымен қатар, Шынғызтың ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, көпшілікпен жұмыс істей біледі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Қазіргі уақытта қытай оқып үйренуде. Бос уақытында көркем әдебиетті оқумен, жан-жақты ізденумен өткізеді.

Студенттік «Сұңқар» қоғамдық ұйымы

Мінездеме

Мұстафин Жеңіс Асқарұлы, 1993 жылы 23 наурыз күні Петропавл қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы. 2006-2011 жж. Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік лицейінде оқып, 2011 жылы оны үздік аттестатпен бітіріп, Қазақстан-Британ университетінің қаржы және экономика факультетіне түсті. Қазіргі уақытта «Студенттермен алмасу бағдарламасы» бойынша Пекин университетінің халықаралық қатынастар факультетінде жарты жылдық курстан өтуде.

Ол өте талапшыл, ой-өрісі кең, шығармашылық қабілеттері бар, жан-жақты тұлға. Жеңіс ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түседі, үнемі түрлі пікірсайыстар мен университеттің қоғамдық жұмысына белсенді араласады. Берілген міндеттер мен уәделеріне өте жауапты. Құрбы-құрдастары арасында беделі жоғары, ал ұстаздар оны тек жақсы жағынан сипаттайды.

Нурмашев Нурсултан Серікұлына ұсыным хат

Нурмашев Нурсултан “Казкоммерцбанк” кадрлар бөлімінде 2009 жылдың 1 шілдесінен 31 тамызы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқанын осы хатпен растаймын.

Тағылымдама кезінде Нурсултан өзін оң қырынан көрсетті. Оның міндетіне компьютерлік бағдарламаның базасындағы (салық төлеуге дейін және кейін) қызметшілердің еңбек ақысының есебі, әлеуметтік пакеттер: жәрдемақылар, жеңілдіктер және сыйақылар жасау кірді. Ол өз міндеттерін тез игерді және оларды үздік атқарды.

Нурсултан жеткен жетістігінде тоқтамады және корпоративтік тренингтер («Think globally») ұйымдастыруға, сондай-ақ жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде әңгімелесу өткізуге , қатысуға мүдделілік көрсетті.

Жұмыс стилі бойынша Нурсултан командалық жұмысқа бейім, өзіне берілген тапсырмалар бойынша жауаптылық пен орындаушылық көрсетеді.

Ол жаңа адамдармен байланысқа оңай кіреді, көпшіл, ұқыпты және зейінді.

Жалпы Нурсултанды үздік қызметкер және перспективалық қызметкер ретінде сипаттаймын.

«Казкоммерцбанк» АҚ

Кадрлар бөлімінің бастығы ____________/А.Н.Н./

Тел. 273-4699

e-mail: [email protected]

Халықаралық қатынастар

факультетінің деканы з.ғ.д., профессор

К.Н.Шәкіров халықаралық құқық

Мамандығының 2-курс студенті

Комекбаев Руслан Мелсұлы.

Тініш

Мені халықаралық қатынастар бөлімінен әлемдік экономика бөліміне ауыстыруыңызды сұраймын.

мерзімі қолы

Тініш

Мені 2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап, Астана қаласының әкімшілігінің Білім беру департаментіне жұмысқа қабылдауыңызды өтінемін. Білімім – жоғары, экономистпін.

Қажетті құжаттарды өтінішпен бірге ұсынып отырмын.

мерзімі қолы

Қазақстан Республикасы

Ұлттық ғылыми-техникалық

орталықтың Бас директоры

А.С. Кеңесбаев мырзаға

Алматы қаласының тұрғыны

Комекбаев Руслан Мелсұлы.

БАЯНАТ

Мені осы орталықтың кадрлар бөліміне жұмысқа алуыңызды сұраймын.

мерзімі қолы

Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университеті

Халықаралық қатынастар

факультетінің деканы Шакиров К.

халықаралық құқық бөлімінің

2- курс студенті Н. Нурмашевтан

Тініш

Менің шетелге оқуға кетуіме байланысты қысқы емтихан сессиясын мерзімінен бұрын тапсыруға рұқсат беруіңізді өтінемін. Шетелге оқуға баруымды растайтын қажетті құжаттарды қоса ұсынып отырмын.

мерзімі қолы

Наши рекомендации