Бап. Ішкі қызмет атқарудың немесе гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бузу

1.Бөлімнің тәуліктік нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кіретін адамның ішкі қызмет атқарудың жаргылық қагидаларын бұзуы, сол сияқты патруль нарядының қурамына кіретін адамның гарнизонда патруль болудың жарғылық қагидаларын және осы қагидаларды дамытуга шығарылған буйрықтар мен өкімдерді бүзуы, егер олар зиянды зардаптарга әкеп соқса, олардың алдын алу осы адамның міндетіне кіретін болса -

2.Ауыр зардаптарга экеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган дэл сол іс-әрекеттер -

Ескерту.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді алғаш ретжасаған әскери қызметші, жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Қылмыстық құқық бүзушылық объективтік жағынан бөлімнің тэуліктік нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кіретін адамның ішкі қызмет атқарудың жарғылық ере-желерін бұзуы, сол сиякты патруль нарядының құрамына енген адамның гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін жэне осы ережелерді дамытуға шығарылған бұйрықтар мен өкімдерді бүзуы, егер ол зиянды зардаптарға әкеп соқса, оның алдын алу осы адамнын міндетіне кіретін болса деп сипатталған.

Ішкі қызмет атқарудың ережелерін бұзуға тэуліктік нарядқа кіретін адамның ішкі қызмет атқарудың жарғылық ережелерін орындамауы немесе тиісті дәрежеде орында-мауы (мысалы, қызмет орнын өз бетімен тастап кету; талан-тараждың жолын кесуге шара қолданбау; эскери қызметшілердің жарғыға сай келмейтін әскери катынастары, бөлімнің аумағына бөтен адамдардың кіруі; бөлім орналасқан жерден көліктерді тексер-мей шығару) т.с.с. эрекеттер жатады.

Гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзуға патруль нарядының құрамына енген адамның өз қызметін мүлдем орындамауы немесе тиісінше орындама-уы (мысалы патруль кестесінен немесе маршрутынан бас тарту; заңсыз қару қолдану; біреуді негізсіз ұстау; спирт ішімдіктерін ішу; эскери тэртіпті бұзған эскери кызметшіге сақтандыру шараларын қолданбау) жатады.

Қылмыстық құкьіқ бұзушылық құрамы материалдық. Көрсетілген жарғылық ере-желерді оның алдын алуға міндетті адамның бұзуы зиянды зардаптарға экеп соқса қылмыстық жауаптылық туындайды.

Ауыр зардаптарға экеп соққан не адамдар тобы немесе алдын-ала сөз байласумен адамдар тобы жасаған осы әрекеттер үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 497-ба-бынын 2-тармағында көзделген. Ауыр зардаптарға - адамның абайсызда қаза болуы, жэбірленушіге ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі, патруль наряды құрамына кіретін адамның жауапсыздығынан қоғамдық тэртіптің өрескел бұзылуы т.с.с. жатады.

Егер осы көрсетілген жағдайларда кінэлі басқа эскери қызметшілердін денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірсе немесе оларды өлтірсе, онда жасалған эрекет ҚК-нің 99-бабы, ҚК-нің 438-440-баптары немесе ҚК-нін 452-бабы бойынша қосымша сарала-нады.

Аталған субъектілердін эскери қызметшілер болып табылмайтын жәбірленушілердің денсаулығына ауыр зиян келтіруі немесе оларды өлтіру ҚК-нің 99-бабы немесе ҚК-нің 106-бабы бойынша қосымша саралауды тиіс.

(ҚР Жоғарғы Сотының 28 қазан 2005 жығы нормативтік қаулысының 20-тармағы).

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен жүзеге асыры-лады. Абайсыздыкпен жарғылық ережелерді бұзу қылмыс құрамын түзбейді.

ҚК-тің 447-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген эрекетті алғаш рет жасаған эскери қызметші қылмысты жеңілдететін мэн-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Бап. Бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзу

1.Баңылау функцияларын жүзеге асыратын әскери қызметшілердің баңылаушы қызметін атқару қагидаларын бүзуы, егер Бұл іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне не қогамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе -

2.Ауыр зардаптарга әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган дал сол іс-әрекет -

Ескерту.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші, жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, қылмыстықжауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Бақылау функцияларын жүзеге асыратын эскери кьізметшілердің бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдар-дың қүдықтарына немесе заңды мүдделеріне не крғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе - қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 448-бабы 1-тармағы бойынша сараланады.

Қылмыс объектісі - бақылау қызметін аткаруды белгілейтін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан бақылмау функциясын атқаратын әскери қызметшінің бақылау қызметініғң қағидалаларын орындамауы, бұзуы салдарынан азаматтық ұйымның, қоғамның, мемлкеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірмеу арқылы істеледі. Елеулі зиянның орын алуы қылмыстың аяқталғанын білдіреді. Қылмыс құрамы материалдық.

Қылмысқа субъективтің жағынан абайсыздықпен жол беріледі.

Қылмыс субъектісі—арнаулы бақылау функциясы өзіне тапсырылған эскери қызметші.

Ауыр зардаптарға экеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дэл сол іс-әрекет - осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (ҚК-тің 448-бабының 2-тармағы).

ҚК-тің 448-бабында көрсетілген ескертуге сәйкес:

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған эскери қызметші, жеңідцететін мэн-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босаты-луы мүмкін.

Бап. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу

1.Қогамдық тәртіпті сақтау және қогамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі эскери нарядтың қурамына кіретін адамның қызмет атқару қагидаларын бүзуы, егер бул іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың қуқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе -

2.Ауыр зардаптарга әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган дэл сол іс-әрекет -

3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, төтенше жағдай кезінде жасалган іс-эрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан алғанда қоғамдық тэртіпті қорғау жэне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша эскери нарядтың құрамына кіре-тін адамның қызмет атқарудың қағидаларын бұзуы, егер бұл эрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың кұқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян келтіруге экеп соғуы арқылы сипатталады.

Қоғамдық тэртіпті қорғау жэне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерін бұзу осы міндеттерді жүзеге асыруға міндетті эскери нарядтың кұрамына кіретін адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауынан, соның салдарынан азаматтардың құқықтары мен занды мүдделеріне елеулі зардап келтіру арқылы көрініс табады. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы материалдық. Көрсетілген ережелерді бұзу мен одан орын алған зардаптың арасын байланыстыратын себепті байланыс болуы шарт.

Қылмыстық кұқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалады.

Ауыр зардаптарга әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала соз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дэл сол іс-эрекет - кьілмыстың ауырлататын түріне (ҚК-тің 449-бабы 2-тармағы) ал осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, төтенше жағдай кезінде жасалған іс-эрекеттер - қьшмыстың аса ауырлататын құрамы болып табылады (ҚК-тің 449-бабының 3-тармағы).

Ару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселер, эскери мүліктерді, техниканы пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Наши рекомендации