Банктік қызметтер саласындағы өткізуді ынталандырудың мәні мен түрлері.
Өткізуді ынталандыру – тауарлар мен қызметтерді сатуды ынталандыратын шаралардың кешені. Ынталандыру шараларын екі топқа бөледі: бірінші топқа банк қызметкерлерінің еңбекке деген қызығушылығын арттыру шаралары, қызметін көтеру, сыйақы беру секілді ынталандыруды айтуды. Екінші топқа клиенттерді ынталандыру шаралары жатқызамыз. Өнімді өткізуді ынталандыру шараларын жүргізудің негізгі мынадай деңгейлерін атап көрсетуге болады:
· Ынталандыру бағдарламасын жасау;
· Өткізуді ынталандыру шараларын сынау;
· Өткізуді ынталандыру бағдарламасын жасап шығару;
· Ынталандыру шараларының нәтижесін талдау.
Банктегі өткізуді ынталандыру үш бағытта жүргізілуі мүмкін:
· Өзінің сауда қызметкерлерін ынталандыру. Қызметкерлердің жұмыс сапасын және кәсіптік шеберлігін көтеруге бағытталған. Ол үшін ақшалай сыйақылар, сыйлықтар, байқаулар, сауда қызметкерлерін оқыту, оларға қосымша демалыс беру пайдаланылады;
· Делдалдарын ынталандыру. Бұның өзі мыналардан тұрады:
арнайы жеңілдіктер;
· өткізуді ұйымдастыру бойынша байқаулар;
· ақпаратпен қамтамасыз ету және сатушыларды оқыту;
· бірлесіп жарнама жүргізу;
· Тұтынушыларды ынталандыру. Тауарды өткізуде түпкі тұтынушыларды ынталандыру маңызды орын алады, оны мынадай құралдармен жүзеге асыруға болады.
Купондар – қызметтерді пайдаланған кезде берілетін жеңілдіктер мен шегерімдер сертификаттары.
Тауарды таныстыру рәсімі (презентация) – тауарды пайдаланудың нұсқауларын беретін іскерлік сұхбаттасумен қатар, салтанатты және мәдени бағдарламалардан тұратын көпшілікке ұсыну рәсімі. Тауарды таныстыру рәсімі кезінде аудиторияны қызықтыратын ынталандырудың әр түрлі құралдары қолданылады.
Жеңілдіктер – тұрақты клиенттердің қызметті қайтадан пайдалануын және жаңа клиенттердің жаңа қызметті пайдалануын ұлғайтуды ынталандыру мақсатындағы бағаның төмендетілуі. Сол сияқты байқаулар, лотереялар мен сыйлықтар жатады.
Өткізуді ынталандыру шарттары – бұл делдалға немесе сатып алушыға қойылатын талаптар. Мысалы, дистрибьютор тауарды сақтауы және жарнамалауы керек. Ынталандыру шарттары орындалмаған жағдайда оның мақсаты жүзеген аспайды. Өткізуді ынталандырудың мерзімі ұзақ немесе қысқа болады, кейде ол маусым кезінде өткізіледі, сондықтан оның өткізу мерзімін дұрыс таңдау аса маңызды.
Кешенді ынталандыру шараларының бағдарламасы маркетингтік жоспардың негізгі компоненті болып табылады. Оны дайындау мынадай сатылардын тұрады:
· Ынталандырудың мақсатын анықтау. Ынталандыру шараларын жүргізбес бұрын банктің коммуникациялық стратегиясы мен маркетингтік стратегиясына сай ынталандыру жүргізу мақсатын анықтап алу қажет.
· Ынталандыруды жүргізу құралдарын белгілеу. Оларға арнайы жеңілдіктер, бірлескен жарнама, сыйақы және түрлі сайыстар.
· Ынталандыру шараларының арқасында банктік өнімді өткізуді арттыратын банк қызметкерлерін анықтау. Яғни, банк өз қызметкерлерін сыйақы, сыйлықтар беру арқылы мотивациялап, клиенттерге қызмет көрсетуді арттырады.
· Ынталандыру шараларының сапалысын анықтау. Ынталандыру шаралар жеткілікті түрде өткізуді ынталандыра білу қажет. Алайда олардың мерзімі өткен сайын сапасы төмендей бастайды. Осы кезде оның орнына басқасын немесе толықтыру шарасын ұсыну қажет.
· Ынталандыру бағдарламасы туралы ақпаратты тарату құралдары жайында шешім. Ынталандыру шараларын жүргізер кезде шара барысында атқарылатын жұмыстар жайында хабарлауы тиіс. Яғни, оларға газет, журнал, радио, телевидение т.б хабарламалар жатады.
· Ынталандыруды жүргізудің уақытын анықтау. Осы шараны жүргізу барысында шығынға ұшырамас бұрын дәл уақытын анықтау қажет.
· Осы шараға сәйкес шараларды жүргізу уақытын белгілеу. Бір ынталандыру шарасымен қатар екінші бір шара жүргізілуі мүмкін. Екеуі бір біріне кедергі келтірмес үшін белгілі бір мерзімде жүргізіледі.
· Ынталандыру бюджетін анықтау.