Бұрғылау сораптарының сенімділік көрсеткіштерін есептеу мысалы
Сораптың күрделі жөндеуге дейінгі белгіленгенген ресурсы сорап корпусының, мойынтіректі айналшақты жылжымалы механизмнің және тісті берілістің шекті күйімен шарттастырған. Сондықтан оның есептеуін сораптың берілген төлқұжатық қуатына және жобалауға берілген жалпы машинажасау нормалары мен есептеу әдістеріне негізінде есептейді.
Бұл кезде бөлшектің (мысалы, тісті доңғалақтың, мойынтіректің, жылжыманың) ресурсын анықтайтын жеке параметрлердің және коэффициенттердің нормаларын, ресурстың ең аз мәнін анықтайтын ұсынылған диапазонда қабылдайды. (Мысалы, тісті доңғалақтың (тістегершіктің) тіс беттерінің қаттылығы,температуралық жұмыс режимі және т.б.)
Сораптың белгіленгенген істен шықпай атқаратын жұмыс көлемі гидравликалық блоктың белгіленгенген атқаратын жұмыс көлемімен шарттастырылған және есептеу-тәжірибелік әдісімен анықталады.
Бұрғылау сорабының функционалды-құрылымдық сұлбаларының екі нұсқасын қарастырайық.
Бірінші нұсқа гидравликалық блок элементтердің тізбектей жалғануы түрінде көрсетілуі мүмкін. Кез келген элементтің істен шығуы толықтай түйіннің функционалдық тоқтауынка әкеледі. Істен шығулар тәуелсіз болып табылады.
Екінші нұсқада тозотын бөлшектердің топтық ауыстырыммен техникалық қызмет көрсету және қосымша бөлшектерді пайдалану үшін орнату және пайдаланудан шығару 6.15-кестеде көрсетілген мәндерге сәйкес сұлба бойынша жүргізу қарастырылады.
Кесте 6.15
Қосымша бөлшектің атауы | Ауыстыру бөліктерінің саны | |
Екі поршенді сорап | Үш поршенді сорап | |
Клапан топтар Поршендер Цилиндрі төлкелері Поршеннің штоктары Поршен штоктары тығыздауышы | - - |
Бұл кезде бір типті функционалдық түйіндер бір функционалдық түйін ретінде қарастырылады (8 немесе 2 және т.б. емес).
Екі поршенді және үш поршенді бұрғылау сораптарының гидравликалық бөліктерінің функционалды-құрылымдық сұлбалары 6.11- және 6.12-суреттерінде көрсетілген.
Сораптың гидравликалық бөліктері элементтерінің істен шығуға дейінгі атқаратын жұмыс көлемі қалыпты таралу заңына бағынатын болған соң, онда i-ші элементтің қарастырылатын уақыт аралығында істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы келесі формуламен анықталады:
Рi(t)=1/2-1/2Ф (6.115)
мұнда, Ф- нормаланған Лаплас функциясы;
t- істен шығуға дейінгі атқаратын жұмыс көлемі;
Тcpi- i- ші элементтің істен шығуға дейінгі атқаратын жұмыс көлемі;
Si- i-ші элементтің істен шығуға дейінгі атқаратын жұмыс көлемінің орташа квадраттық ауытқуы, оның мәні эксперименталды берілгендер бойынша анықталады немесе келесі формула бойынша:
Si= v Tcpi (6.116)
мұнда, v- вариация коэффициенті, қалыпты таралудың заңы бойынша 0,1 0,4 шегінде ауытқиды.
КСК-5-1 клапандарының істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы есептеу мысалы Тcpi= 199,1 сағ., S=45,49 сағ. кезінде 6.11-бөлімінде қарастырылған. Содан алынған:
P(t=50) 1; Р(t=100)=0,985; P(t=200)=0.4925; Р(t=199,1)=0,5;
сағ кезіндегі гамма-пайыздық ресурс.
УНБ-600-1 және УНБТ-950 үшін Ту есептеудің нәтижелері төмендегі 6.16-кестесінде көрсетілген