Оректенуі және тынайтқыштар
Күріштің азотпен қоректенуі КСРО мен шет елдерде кеңінен зерттелген. Күріш азот тыңайтқыштарымен жақсы қоректенеді, олар күріштің тыңайтқыштар жүйесінде маңызды (шешуші) роль атқарады. Бұл кезде тыңайтқыштағы азоттың күйіне (формасына) назар аудару қажет. Күріш егістіктерінде аммиакты (аммоний сульфаты, аммоний хлориді, сусыз аммиак, аммонийі бар күрделі тыңайтқыштар) күйдегі немесе амидті (мочевина немесе карбамид, кальций цианамиді) күйдегі азоты бар тыңайтқыштар ғана қолданылады. Өйткені олардың топырақтағы айналым процесінде аммонийлі азот түзіледі. Азоттың әр түрлі күйде (аммиакты және нитратты) күрішке енуінің басты себептерінің бірі олардың күріш егетін аймақтардың су алған топырақтарында тұру дәрежесінің әр түрлі болуы болып табылады.
Күріш қорегінің маңызды элементі фосфор болып табылады. Фосфор тыңайтқыштарын күрішке сепкенде дәннің өнімін жоғарлатады. Фосфор маңызды органикалық қосылыстардың құрамына енеді де зат алмасуға қатысады. Сондықтан оның жетіспеуі өсімдіктің өсіп дамуына, әсіресе бастапқы вегетацияға кері әсер береді. Азотты, фосфорлы, калийлі минералды тыңайтқыштарын бірге қолданбасақ күріштен жоғарғы өнімді алу мүмкін емес. Азоттың жетіспеуінен өсу процесі бұзылады, жапырақтар сарғаяды, сағақтардың дәнденуі төмендеп күріш өсімдігінің өнімділігі азаяды.
Құрамында қоректік элемент — азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот — тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда есімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы еспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы азотты әсімдік аммоний ионы NH4+ және нитрат ионы N0^ түрінде сіңіреді. Азот тыңайтқыштары минералды және органикалық болып белінеді Азотты тыңайтқыштарға: калий, натрий және аммоний (NaN03, KN03,NH4N03) нитраттары (селитра) жатады. Олар — ақ түсті, суда жақсы еритін кристалл заттар, онда коректік элементазот 15—16% болады. Аммоний сульфатында (NH4)2S04 21%-ке дейін коректік элемент — азот болады. Көп қолданылатын тыңайтқыштың бірі— карбамид (мочевина) CO(NH2)2 құрамында 46%-ке дейін азот бар. Сұйық тыңайтқыш аммиак суы NHg, онда қоректік элемент азот 80% шамасында болады.
АҚШ ұзындәнді күріші
Фосфор — барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады. Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор тыңайтқыштары суда еритін, ерімейтін болып бөлінеді
Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуға негіз болды. Академик Ә.Б. Бектұров Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор қосылыстары мен фосфор тыңайтқыштарын зерттеуде Ә.Б. Бектұров және оның шәкірттері көп еңбек сіңірді. Қаратау бассейнінің фосфорит кенінен Тараздың және Шымкенттің өндірістік бірлестіктері және басқа химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндіреді. Калий. Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз — калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады.
Топырақтың өнімділік деңгейіне, географиялық жағдайына, сорттық ерекшелігіне байланысты күрішті егу барысында азотты тыңайтқыштардың нормасы өзгеруі мүмкін. Ерте пісетін күріштің Дубоский 129, Арпа шахы және орташа пісетін Қазақстанның 5 сорттарын еккенде 110-120 кг/га минералды тыңайтқыштар себу керек, ал орташа пісетін авангард, 140-180 кг/га және кеш пісетін ақмаржан пен кенже сорттарына 180-200 кг/га минералды тыңайтқыштарды себеді. Жоғарыда айтылған азотты тыңайтқыштардың нормасы мен күйі қалыпты жағдайға, яғни тұзсыз жерлерге арналған. Топырақ тұзды болған кездегі қолданылатын азот тыңайтқыштарының түрлері әлі шешілуде.
Сенегал өзенінің бассейніндегі тұзды жағдайдағы күріштің қоректенуін зерттеген француз оқымыстысының мәліметтері бойынша, азотты тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері пайда бермейді. Өйткені ол күріштің жапырылуына тұрақтылығын төмендетіп бос дәндердің санын көбейтеді. Осы пікірге В.П.Савчукта келіседі, ол тұзды жағдайда азоттың аз мөлшерін – 60-90 кг/га ұсынады.
Мадагаскардағы күріш алқабы
Парожняя З.Н. тіпті басқа пікірде, оның айтуынша тұзды топырақта азотты тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері көп өнім береді. Азотты тыңайтқыштар, әсіресе тұзды топырақтарда өсімдіктің химиялық құрамын өзгертеді. Тұздылық деңгейі жоғарлаған сайын жапырақтар мен сағақтарда азоттың (N), натрийдің (Nа), калийдің (К), кальцийдің (Са) және магнийдің (Мg) мөлшері көбейеді. Дәннің құрамындағы ақуыз аздап көбейеді.
Күріш егетін далаларда фосформен қоректендірудің өзіндік ерекшеліктері бар, оны тыңайтқыш жүйесін өңдеуде ескеру қажет.
Тұзсыз топырақтардағы күріштерге енгізілетін фосфор тыңайтқыштарының жылдық нормасы осы элементтің жылжымалы формасына байланысты, топырақ картасы мен картограммаға сәйкес дифференциалданған болуы керек.
Сонымен топырақтың құрамында 30 мг/ кг дейін жылжымалы фосфор болатын болса, фосфордың жылдық нормасы 90-120 кг/га болуы керек.
Натрий мен магнийді сіңірген бұтақшаларда, аз натрийлі бұтақшаларда фосфор тыңайтқыштарының көп мөлшерін енгізгеннен өнім көп болады.
Осыған қоса оның азотты тыңайтқыштармен қатынасына көңіл аудару керек. Өсімдіктің фосфоржы сіңіруі белгілі дәрежеде топыраққа енген, азотқа байланысты, яғни топырақтың құрамындағы азот фосфорды ассимиляциялайды. Сондықтан, фосфорлы тыңайтқышының жылдық нормасы азотты тыңайтқыштардың жылдық нормасына қарай себіледі. Тұздалған топырақтарда (Шардара және Шәуілдір т.б. облыстарда) күрішке себілетін фосфорлы тыңайтқыштардың жылдық нормасы жалпы қабылданған нормамен салыстырғанда 2-2,6 есе көбейту керек. Осы кезде суперфосфоат тұздарының зиянды әсерін толығымен бейтараптайды. Су алған кезде фосфор өсімдіктің бойына кәдімгі сурауға қарағанда жақсы сіңеді. А.С.Турдың пікірінше (1981) натрий хлориді натрий сульфатына қарағанда мақтаға зиянырақ. Ол өсімдіктің құрамындағы күкіртті азайтып фосфор мен жалпы азоттың мөлшерін жоғарлатады. Аталған тұздардың жоғарғы концентрациясында өсімдіктің бойындағы К, Са, Mg-дің құрамы азаяды. Шетелдік оқымыстылардың айтуынша араластырып тұздаған кезде тұздардың улылығы айтарлықтай төмендеген. Мысалы, NaCl мен Na2CO3 зиянды әсерлерін CaSO4 ерітіндісін қосу арқылы әлсіретуге болады. Калий күріштің өсіп дамуына жақсы әсер етеді. Ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің өсуі баяулайды, егін әртүрлі ауруларға шалдыққыш болады.
Күріш егілетін далалардың топырақтарының құрамында калий жеткілікті мөлшерде. Бірақ, күріш осы элементтің жеңіл формаларын бойына жақсы сіңіреді. Күріштің вегетативті салмағы қалыптасу кезінде калийдің көп мөлшерімен қоректенеді. Сондықтан топырақтың құрамында оның жеңіл сіңірілетін формалары жеткілікті болу керек.
Күрішке калийлік тыңайтқыштардың ішінде құрамында 30-40% К2О немесе калий хлориді бар калий тұзын себеді. Тұзды топырақтарға калий хлоридін қолданған жөн. Үндістандық оқымыстылардың айтуынша тұзды топырақта Р және К төмендеп, дән мен сабанның құрамындағы ақуыз көбейеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, күріштің улы NaCl тұзына реакциясын, оның азотты және фосфорлы тыңайтқыштарға деген қажеттілігін зерттеудің практикалық және ғылыми мәні зор екендігін айтуға болады.
Күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмақтың жиналуына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштардың әсері Фенологиялық бақылаулар бойынша күріштің өсуіндегі ерте фазаларында мочевинаның және қос суперфосфаттың оң әсері анықталды. Бұтақтану фазасында күріш өсімдігіне азот жетіспегендігін байқауға болады: жапырақтардың ашық-жасыл түсі, жанама өсінділердің болмауы. Хлорлы тұздылықта өсімдік аласалау болады, бірақ жапырақтың түсі қанық әрі қою болады. Хлор ионының кері әсерінің белгілері өсімдік жапырақтарының бірінші яруста құрғауынан байқалады.
Өсімдіктің жағдайы азот пен фосфорды енгізген кезде жақсарғанын көруге болады. Бұл екеуін бірге қолданған кезде өсімдіктің сыртқы көрінісі әдемі болып көрінеді. Бұтақтану фазасында жағдайы қанағаттанарлықтай болады. 0,05% бақылаушы өсімдіктің енгізген кезде ол аздап нашарлады. Мочевинамен қоректенген өсімдік тұзды фонға қарағанда өзінің қою-жасыл түсімен және жақсы шоқ түптілігімен ерекшеленеді. Хлорлы тұзды топыраққа фосфорды енгізгенде күріш өсімдігінің жағдайы аздап жақсарды, бірақ бұл кезде азоттың тапшылығы орын алады. Азоттың немесе фосфордың біреуін енгізгенге қарағанда екеуін бірге қолдану жақсы нәтиже берді. Ол өсімдіктің жақсы өсіп дамуынан байқалады. Бұтақтану фазасында бақылаушы нұсқадағы өсімдіктің биіктігі хлорлы тұздалған топырақтағыға қарағанда 1 см-ге биік болады. Мочевинаны енгізген кезде анық биіктігі 3-8 см болады. Фосфорды қолданған кезде ол 26 см-ге, ал оларды бірге қолданғанда 41 см-ге тең болған.
Мочевина өсімдіктің биіктігімен қатар күріштің дамуына да жақсы әсерін тигізеді. Қос суперфосфат жанама өсінділердің қалыптасуына ықпал етпегенімен, азот фонында олардың санының көбеюіне әсер етті.
Бұтақтану фазасынан бастап күріштің қарқынды өсуін байқауға болады (4-кесте). Бұтақтану фазасынан түтіктенуге дейін бақылаушы өсімдіктің биіктігі 23 см-ден 42-43 см-ге дейін өзгерген. Фондармен салыстырғанда, тыңайтылған нұсқалардың ішінде азотты және азотты-фосфорлы тыңайтқыштар өсуге жақсы әсер берген. Күріш өсімдігінің өсіп дамуына тұздар мен тыңайтқыштардың әсер етуінің аталған заңдылықтары вегетацияның соңына дейін сақталған. Күріш өсімдігінің ең биік ұзындығы азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды бірге қолданған кезде байқалады.
Мочевина мен азотты-фосфорлы тыңайтқыштарын күрішке берген кезде трубалану-гүлдену фазасына дейін жанама өсінділердің саны артқан (бір өсімдікке 3,5-4,0 дана) Тұзды топырақта минералды тыңайтқышты қолданған кезде күріш өсімдігінің вегетациялық салмағы артады. Оның жиналуына мочевина жақсы әсер етеді, хлорлы тұздылық кезінде 10 шикі өсімдіктің салмағы 14,5 г құрады. Азотқа қарағанда фосфор күріш өсімдігінің вегетациялық салмағын аздап арттырады. Мочевина мен қос суперфосфатты бірге қолданған кезде өсімдік көп салмақ берді.
Бұтақтану фазасынан трубалану және гүлдену фазасына ауған кезде күріш өсімдігінің вегетациялық салмағы (интенсивті) қарқынды жиналғаны байқалды. Гүлдену фазасында мочевина мен азотты-фосфорлы тыңайтқыш енгізген кезде 10 дана күріш өсімдігінің шикі вегетациялық салмағы сәйкесінше 156,5 және 167,7 г құрайды. Сонымен, топырақтың хлорлы тұздануы күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмағының жиналуына кері әсер етті. Минералды тыңайтқыштар қосқан кезде олардың биіктігі, биосалмағы, әсіресе жанама өсінділердің саны артады. Мочевина қос суперфосфаттан гөрі жақсы әсер береді, ал екеуін бірге қолданғанда әсер оданда жақсы болады. Күріш өнімі мен оның құрылысына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштың әсері. Хлорлы тұздалған жапыраққа азотты және фосфорлы тыңайтқышты енгізгенде күріш өнімі құрылымының барлық көрсеткіштерін жоғарлатты. Азотты тыңайтқышты бір жақты қолданғанда басты сіпсебастың ұзындығын 14,5 см-ге дейін ұзартты, бұл кездегі ондағы дәннің саны 76 дананы құрады. Қос суперфосфаттың әсері мочевинаға қарағанда әлсіздеу, ал екеуін бірге қолданғанда олар үлкен мәнге ие болады. Тұздалған топырақтарда бос дәнділікті төмендетуге минералды тыңайтқыштардың алатын орны зор. Мочевина мен суперфосфаттың біреуін қолданғанда ол 12 және 18%-ға дейін, ал бірге қолданғанда 11% дейін төмендеді.
Күріш өсімдіктерінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – шоқтүптілігі, ол оның өніп-өсу шарттарымен тығыз байланысты. Топырақ кедей болған жағдайда өсімдіктерде жанама өркендер өспеді. Мочевинаны қосқаннан жанама өркендердің саны артты. Хлорлы тұздалған топырақта бір өсімдікке 3,5 дана жанама өркендер келеді, оның 2,5 данасы өнімді болады. Фосфорлы тыңайтқыштар күріш өсімдігінде жанама өркендерді өсірмеді. Бірақ, оның мочевинамен біршге қосқан кезде жанама өркендердің, әсіресе, өнімділердің саны артқандығы байқалды. Күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу әлеуетінің артта қалушылығы
2011 жылы Қазақстанда күріш бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге орташа есеппен 38 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл күріш шаруашылығы жалпы өнімдерінің 0,2 пайызынан артық емес. Бұл деңгей дамушы елдердің деңгейінен үш есе төмен және ауыл шаруашылығы секторы тиімді елдердің деңгейінен 15 есе төмен. Ресейде күріш шаруашылығындағы аграрлық ғылымды қаржыландыру соңғы екі жылда жалпы күріш өндірісінің 0,7 пайыздан астамын құрайды.
Күріштің өнімділігі мен сапасын арттырудың басты тежеуші факторларының бірі уақтылы сорт жаңартуды жүргізбеу және тұқым шаруашылығы жұмыстарының төмен деңгейі болып табылады. Осы себептен соңғы 10-15 жылда күріштің өнімділігі артқан жоқ және төмен болып қалып отыр. Бұдан басқа, күріш алқаптарында саңырауқұлақты аурулардың пайда болуымен және қызыл топырақты сор-алқаптар басуымен байланысты күріштің өнімділігі мен сапасының төмендеуі байқалады.
Селекцияға салынған салымдардың экономикалық тиімділігі АҚШ мамандарының бағалауы бойынша 1:300 құрайды.
Күріш шаруашылығы сорттарды жаңартуды талап етеді, өйткені кез келген сорт 3-4 жылда ескіреді. «Маржан» және «Кубань» деген сорттарын Қызылорда облысының күрішшілері 20 жылдан астам уақыт өсіріп келеді. Олар ескірген және әр түрлі ауруларға ұшыраған. Жергілікті ғалымдар жаңа аудандастырылған сорттарды шығарып жатқаны белгілі, бірақ оларды енгізуге қаражат жоқ.
Ресейде мемлекеттің қолдауымен күріш сорттары үнемі жаңартылып отырады (жылына 5-7 жаңа сорт пайда болады). Бүгінгі таңда Ресейдің шаруашылықтары күріштің 40-қа жуық өзіндік сорттарын пайдаланады, бұл өнімділікке (бізге қарағанда 2 есеге артық) және түпкі нәтижеде рентабелділікке әсер етеді.
Қазақстан Республикасының күріш шаруашылығы саласын қазіргі заманғы әлемдік бәсекеге қабілетті деңгейге нарыққа шығару мынадай міндеттерді біртіндеп шешуді талап етеді: сорттарды шағын аудандастыру, бір сорттылықты еңсеру, жүйелі сортты ауыстыру және сорт жаңарту, қарқынды жағдайда да, ресурс үнемдейтін (гербицидсіз) технология жағдайында да өнімділігі жоғары әмбебап типтегі сорттарды енгізу.
Күріш шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасы мен шынайылығын арттыру және күріш пен күріштік ауыспалы егіс дақылдарының жаңа сорттарын жасау процесін жылдамдату, күріш шаруашылығының су және ресурстарын үнемдейтін технологияларын әзірлеу үшін «Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-тің ғылыми-техникалық инфрақұрылымын қайта жаңғырту қажет.
Селекциялық-тұқым шаруашылығы жұмыстарының техникалық нашар жарақталуы – қазақстандық селекцияның жаңа сорттарын енгізу қарқынының төмен болуының және күріштің ресейлік сорттарымен бәсекеде артта қалып қоюының (десек те, жергілікті селекцияның жаңа генотиптері олардан сіпсебастарының өнімділігі және бейімделу әлеуеті жағынан озады) басты себебі.
Perennial rice breeding nursery
Бұл проблема жалпы, сондай-ақ арнайы мақсаттағы ауыл шаруашылығы техникасының тым жетіспеуіне байланысты туындап отыр. «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның шағын габаритті селекциялық тұқым сепкіштері, егін ору машиналары, комбайндары жоқ. Жаңа сорт тұқымдарымен өнеркәсіптік тұқым шаруашылығын, әсіресе, өндірістік егістерді қол еңбегімен қамтамасыз ету мүмкін емес. Шағын габаритті селекциялық техника болған жағдайда Мемлекеттік сортсынауды, шарттық негізде жаңа сорттарды өндірістік сынауды, сорттық агротехниканың негізгі элементтерін зерделеуді және жаңа селекциялық жетістіктерді кеңінен практикаға тездетіп енгізуді қатар жүргізуге болар еді.
Күріш пен ауыспалы күріш егісі дақылдарының жаңа, өнімділігі жоғары сорттарын өсіру жөніндегі селекциялық процесті жеделдету үшін институттың кадрлық құрамын нығайту, міндетті түрде жылыжай кешенін салу, жыл бойы үздіксіз зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи фитотрон кешендерін құру қажет. Шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей, тіпті, Оңтүстік Корея, Индия, Филипин аралдары сияқты табиғи-климаттық жағдайы күріш селекциясына барынша қолайлы жерлерде де селекциялық жылыжайлардың немесе фитотрондардың болуы селекциялық процестің маңызды бөлігі болып табылады
Олданылуы
Күріш – негізгі азықтық дақылдардың бірі. Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады.