АзаҚша шыҒарма: 1 мамыр - бірлік, ынтымаҚ кҮні 2 страница

Назира:

Жарасқан байрақтың мәні бар, Көк аспан, күн, қыран –сәні бар. Көк байрақ –ашық көк кеңісім, Алтын күн - белгісі жеңістің. Алтын күн көтерген ел құсы- Халқымның батырлық белгісі!

Нұрбол:

Рәміздерім – елдігімнің белгісі, Білу керек бала дағы ең кіші. Рәміздерім -Әнұран, Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

- Біздің әнұранымыз, елтаңбамыз, көк байрағымыз бар. Бұл нені білдіреді ?

Әлішер:

Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата - бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болғаны анық. Қазақ халқы талай зорлық, зобалаңды бастан кешірді. Ата-бабаларымыз «Азаттық ақ таңы атса екен, Тәуелсіздік келсе екен» деген армандары ХХ ғасырдың соңында келіп жетті. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын желбіретті.

Арлан:

Туған ел- Қазақстан арайлы. Бүгін саған әлем түгел қарайды. Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның

Бейбітшілік таңы әр кез арайлы.

Бауыржан:

Арайлы азаттықтың нұрын құшқан, Шолпандай жарқыраған күншығыстан. Тәуелсіз Қазақстан – туған елім, Досы көп, бата алмайды бірде дұшпан.

Бауыржан:

Тәуелсіздік –он бір әріп құралған, Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман. Талай дара, даналардың көз жасы, Қаныменен атты таң боп алдан.

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл, Ей, келешек, жан тәніңмен ұғып, біл! Он бір әріп - не мағына береді? Ал талдайық жеткеніңше қызыл тіл.

Т-әріпі –білдіреді теңдікті

ә-әріпі – әдептілік, әлдікті

у-әріпі – уайымсыз уақытты

е-әріпі – егемендік елдікті

л-әріпі – дейді лағып, лепірме

с-әріпі - сенімділік секілді

і-әріпі – ілтипат пен ізет қой

з-әріпі- зиялық тілек қой

д-әріпі –шақырады достыққа

і-әріпі- ілкімді боп сақтыққа

к-әріпі- дейді күн бол көктегі

Ойын. «Тәуелсіздік ұшағы» Қазақстанның атаулы күндерін айту.

1991 жылы 16- желтоқсанда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.

1991 жылы 1 -желтоқсандағы жалпыхалықтық сайлауда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

1991 жылы 10 қазан.Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы, Гимні қабылданды.

1993 жылы 12- қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді.

1994 жылы ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.

1995 жылы 1-наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

1995 жылы 30-тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды.

1997 жылы 10-желтоқсанда астанамыз Ақмола қаласына көшірілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көп этностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Көрініс.

Немересі атасына:

- Ата, неге біздің елімізде басқа ұлт өкілдері тұрады? Олар біздің елімізге қашан келді, келу тарихы қандай?

- Оны өздерінен сұрайық.

Слайд көрсету.Әр ұлт өкілдері өздерінің Қазақстанға келу тарихын айтып, ұлттық тағамын ұсынады.Өз өнерлерін көрсетеді.

Мереке:

Мы дружной семьею живём в Казахстане,

Татары, уйгуры и русские с нами.

Так пусть же крепнет во веки веков

Дружба народов всех возрастов

Алтынай:

Қазақжері – қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі – қассақтай ердің елі.

Толқынында тарихтың қуғын көрген,

Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Наргиза:

Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

Аружан:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Арайлым:

Тілі бөлек болғанменен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Наргиза:

Қазақ елі қашаннан да жыр елі

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.

Бір-бірімен тату-тәтті тұрады.

Бәрінің де Қазақстан тұрағы.

Топпен жұмыс.Екі топқа бөліп, бірінші топ «Бірлік» тақырыбына эссе жазады, екінші топ осы тақырыпқа мақал-мәтелдер айтады.Жекелеген оқушыларға жазған эсселерін оқыту.

Айжан:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Бауыржан :

Қазақстан - елім менің

Қазақстан - жерім менің

Саған арнап тартылады

Күйім менің !

Халық күйі «Тепеңкөк» орындайтындар Сатпеков Бауыржан, Каскеев Бауыржан, Бекенова Анель

Қазақ биі. Билейтіндер: Төлеуова Айжан, Омар Назира

Таир:

Кім білмес қазағымның қою шайын,

Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.

Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,

Құрметпен шығаратын төрі дайын.

Келіңіз ұсынамын төрден орын,

«Досым» деген адамға міне қолым.

Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,

Адамзат, оң сапарда болсын жолың.

Жаса, жаса тыныштық

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік – байлық, ырыс – құт.

Хормен : «Туған жер» әні.

ТІЛ – ДОСТЫҚ

Жариялады: admin|Пікірлер: 0|Оқылды: 0

Тіл – достық

Халықаралық тілдер күніне арналған сайыс.

Мақсаты: 1. ҚР аумағында тұрып жатқан көп ұлтты халықты сыйлауға үйрету;

2.Тілді құрметтеу, оның қарым қатынас құралы екенін жете түсінуге үйрету;

Алдын ала дайындық барысы:

Топтарды дайындау ек немесе үш топ.

Топтың атын, төсбелгісін, ұранын дайындап алу.

Тіл мамандарынан әділқазылар алқасын сайлап алу.

Көрнекіліктерді әзрлеу.

1. Тіл достық

2. Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.

3. Тіл –таусылмас қазына

4. Жеті жұрттың тілін біл, өз тлңді құрметте.

Тіл тәрбиесн бесіктен емес, бесікті тербеткен анадан бастау керек.

Барысы :

1 жүргізуші: қайырлы күн, қымбатты қонақтар, оқушылар!

Басымды иіп,

Тіземді бүгіп тұрып,

Ажарымда айдындай шуақ тұнып;

Отанымды сүйемін күліп тұрып;

Отанымды сүйемін жылап тұрып.

2 жүргізуші:

22 қыркүйек- ҚР-ның тілдер мерекесі. Бұл барша елге ортақ жалпыхалықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

2 жүргізуші:

Тілін блген Абылай, Абайым да

Құдірет берген ана тіл талай ұлға.

Қасиетті сол тілдің арқасында

Ерікті ел боп алысқа қарайын да.

Ана тілім күмбірле сарайымда!

Тағдырым, даралама тілден мені,

Тіл-елмен қауыштырар іргемдегі.

Тіл елмен табыстырар алыстағы,

Аспандатар жердегі жүрген мені.

Тілмен өрлер мерейім өрлесе де,

Тілсіз юақытын басынан ел кешер ме?

Тілер едім таусылса ақтық демім,

Жерлеңдер деп тілменен жерлесең де…

1. Тіл мамандарынан әділқазылар алқасын сайлап алу.

2. Топтардың таныстыруы (ұран, аты, таныстыруы)

3. Тіл туралы сұрақтар

1 жүргізуші

А) Әлемде қанша тіл бар? (қанша ұлт болса сонша тіл бар)

Ә) ҚР да қанша ұлт өкілдері бар? (132 ұлтқа жуық)

Б) “Тіл” сөзі қандай мағына береді? (Тіл – ойлау құралы. Тілге қалай болса, солай қарау деген – қалай болса, солай ойлау деген сөз.)

“Полиглот ” – деп кімді атайды? Көп тілде сөйлейтін адамды айтады.

2 жүргзуші: Құрметті қонақтар, оқушылар “Тіл мерекесіне ” арналған “Тіл- достық!” атты мерекелік кешімізді бастаймыз.

Негізгі бөлім

2 жүргізуші:

Тіл викторинасы

1. Халықаралық қарым қатынас тілі қай тіл? (ағылшын)

2. Халықаралық би тілі? ( француз)

3. Халықаралық опера тілі? ( Италиян тілі)

4. Халықаралық музыканттар тілі? ( нота)

5. Халықаралық ғылым мен әдебиет тілі? ( латын тілі)

6. 1 млрд. 300 млн. халық сөйлейтін тіл? ( қытай тілі)

7. Әлемдегі телеграфистер сөйлесетін тіл? ( морзы алфавиті)

8. ССР мемлекетінде тұрған халықтардың ортақ тілі? (орыс тілі)

9. Тіл мерекесі қашан тойланады? (22 қыркүйекте)

10. Қай тіл көп тараған? (қытай)

1 жүргізуші:

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қорланбаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Мұқағали Мақатаев,

2 жүргізуші:

Келесі сайысымыз « Аудармашылар » деп аталады

Бұл сайыста топ басшылар ортаға келіп жеребе таңдайды. 1 ші номерді таңдаған топ мәтінді алып, аударады. Мәтін ағылшынша берілген, оны орыс тіліне аударып, келесі топ сол түсінгенін қазақ тіліне аударады. Уақыт шектеулі. Әділқазылар алқасы оның дұрыс аударылуын бағалайды.

Бұл аударманың түп негізінде халықтар достығы жатқандықтан оқушылар «Әрқашан күн сөнбесін !» әнін әр ұлттың тілінде бірге айтады.

Әрқашан күн сөнбесін!!!

Күн әдемі, көк әлемі,

Бұл суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған өзі,

жазылған бар сөзі.

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын анам, болайын мен де аман.

Пусть всегда будет солнце!!!

Солнечный круг небо вокруг

Это рисунок мальчишки

Нарисовал он на листке

И подписал в уголке

Припев:

Пусть всегда будет солнце

Пусть всегда будет небо

Пусвть всегда будет мама

Пусть всегда буду я

Bright blue the sky,

Sun up on high,

That was the little boy's picture,

He drew for you,

Wrote for you, too,

Just to make clear what he drew -

May there always be sunshine,

May there always be blue skies,

May there always be Mamie,

May there always be me!

Келесі ойын- сайыс «Алфавит бойынша тұр!» деп аталады

Екі топ фамилия бойынша алфавит ретімен тұра қалу керек. Қай топ бірінші тұрады, сол топқа ұпай беріледі.

Келесі сайыс «Тарабар грамотасы » деп аталады. әр түрлі елдің әліпбиімен жазылған, соның ішінен тек қазақша әріптерді тере отырып, мақалды табу керек. Қай топ бірінші тапса, сол топқа ұпай беріледі.

DDТGHGJKP@І8Y!ЛKN,.P9IО%MVР) B.,F90Т#RKMVА&DMBҚ~KG;M KҚ+KB;DА@LBR З%CVMЫ*BDFНL;/CX0-TGА@

Сергіту сәті «Жаңғырық»

Барлық тілде сөйлейтін кім ? (ЖаңғырыЖаңғырық қалай жауап береді? Сағат неше? Десем қалай жауап береді? –ше-ше деп.Ал екі болды деп айта ала ма? Жоқ. Сіздерге түсінікті болды деп ойлаймын. Ал ендеше қол шапалақтай отырып, жауап берейік.

- Собирайся, детвора! (ра-ра)

- Начинается игра ! ( ра-ра)

- Да ладошек не жалей!(лей-лей)

-Бей в ладоши веселей!(лей-лей)

-Сколько времени сейчас?(час-час)

-Сколько будет через час?(час-час)

-И неправда, будет два!( два-два)

- Думай, думай , голова!(ва-ва)

- Как поет в селе петух?(ух-ух)

-Да не филин, а петух?(ух-ух)

- Вы уверены, что так?( так-так)

- А на самом деле, как?(как-как)

( Если дети закукарекают- штрафное очко)

-Сколько будет дважды два?( два-два)

-Ходит кругом голова!( ва-ва)

-Это ухо или нос?(нос-нос)

(учитель держится за ухо)

-Или может сена воз?(воз-воз)

-Это локоть или глаз?(глаз-глаз)

(учитель показывает на локоть)

- А вот это что у нас?(нас-нас)

( учитель показывает на нос)

-Вы хорошие всегда? ( да-да)

-Или только иногда?( да-да)

- Не устали отвечать?(чать-чать)

- Разрешаю помолчать.

Келесі ойын –сайысымыз «Сөзді тап » деп аталады.

Берілген тақырыпқа байланысты көп сөз табу керек. Топ кезекпен жауап береді.

Мысалы: «Аспанда», «Мектепте», «ауылда », «қаладан». Сөздерді табу.

Туған тілім! Тасбұлақтың тұнығы сенде

Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі сенде!

Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!

Келесі сайыс – « Сөз құра » деп аталады. Бұл бөлімде екі топқа бірдей АН буыны беріледі сіздер көп сөз табуға тырысыныздар. Ана, сан, жан .... т.б.

Келесі бөліміміз «Жеті өнер де аз дегендей» енді олардың өнерін тамашалайық! Қарсы алыңыздар!

Қорытынды бөлім.

Ән: «Атамекен»

Әділқазылардың шешімі.

«ДОСТЫҒЫМЫЗ ЖАРАССЫН!»

Жариялады: Ася|Пікірлер: 0|Оқылды: 180

Тақырыбы: «Достығымыз жарассын!»

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт – дәстүр-лерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, оқушылардың өз өнерлерін көпші-лік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, оқушылардың жаңа қырларын ашу.

Мұғалім:

- Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, оқушылар мен құрметті ата - аналар қауымы.

Бүгінгі біздің «Достығымыз жарассын!»- деп аталатын сайысымызға қош келдіңіздер!

Жаса елім, жаса достық бірлікпен,

Көштен қалма, қалма және тірліктен.

Елім менің – Қазақстан Отаным,

Алға жаса, жаса мәңгі,

Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украин-дар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.

Бүгінгі топтармен бірге ұйымдастырып отырған сайысымызда, әр топтар шама – шарқына қарай төрт топқа бөлініп, төрт түрлі ұлттың өнерімен, халқымен, салтымен, ұлт-тық киім үлгісімен, ұлттық тағамымен өнер көрсете отырып, сайысқа түспекші.

1 - топ: «Қазақтар» (Нұртай, Аружан,Гүлнар)

2 - топ: «Орыстар» (Нұрболат,Сабина)

3 - топ: «Татарлар» (Рустам,Ақниет)

4 – топ «Өзбектер» (Зейнеп, Айсана)

Жүргізуші:

Қара қылды қақ жарған,

Әділ сынды дәл айтқан.

Бағаларын береді,

Көрсеткен жақсы өнерге, - дей келе әділ - қазылар алқасын сайлап алайық.

Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1 кезең. Әр ұлт өзін өзі тілінде таныстыру.

2 кезең. Әр ұлт өз ұлттық киімін көрсеті.

3 кезең. Әр ұлттың салт-дәстүрі.

4 кезең. Әр ұлт өкілінің ұлттық тағамы.

5 кезең. Әр ұлттың өз өнерін көрсетуі.

Бүгінгі сайыстың 1 - ші кезеңінде ортадағы халықтар өздерін таныстырып өтсін.

Алғашқы топ: Мінезі бар салмақты,

Алғашқы топ «Қазақты»

Қарсы аламыз бәріміз,

«Қазақ» деген халықты.

Ортада «Қазақтар» тобы өздерін таныстырады.

Жүргізуші: Көршімізді сыйлаймыз,

Қонақ келсе қимаймыз,

Қасымызға алып - ап,

100 күндетіп тойлаймыз,- дей келе ортағы «Орыстар» тобының таныстыруын тыңдайық.

Жүргізуші:

Тағамы оның әртүрлі,

Татар халқы ортада.

Үнемі олар билейді,

Мың бұралып ортада, деп ортаға «Татарлар» тобын шақырамыз.

Жүргізуші: Көшіп - қонып жүретін,

Ала дорба асынып,

Киноларға түсіріп,

Шаршамайтын өмірден

Ортада «Өзбектер» тобы өздерінің таныстыру өлең шумақтарымен.

Топтарымызға рахметімізді айта отырып, әділ - қазыларына сөз кезегін береміз.

Мұғалім: «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалында. Бұл сөздің қанша-

лықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр.

Мынадай бір аңыз бар:

Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап сын-дырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.

Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке - жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайысыңды біртіндеп құртады» - дейді.

Әрине, мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болады.

Сонымен кезекті «Өнерлі біздің халқымыз» атты сайысқа береміз.

Ортада «Қазақтар» тобы: «Қара Жорға» биімен.

«Орыстар» тобы: Келесі: орыс ханымдарының билеріне кезек берсек.

Ал, енді ортада «Өзбектер» тобы өздерінің ерекше өнерімен.

«Татарлар» тобы: «Татар жыры».

Ал, халқымыздың өнеріне тәнті болдық. Бағасын әділ - қазыларымыз бере отырсын.

Жүргізуші:

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар,

Мейірлері жарасқан.

Дос жүректер біріккен,- дей келе келесі кезең ұлттық киім үлгісін көрсету.

Жүргізуші: Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Салт - дәстүрлер ұрпақтан - ұрпаққа беріліп оты-рады. Әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар. Бірақ олардың бәріде бір атаның ба-ласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын бірік-тіреді.

Сонымен ортада әр халықтың салт – дәстүрінен үзінді.

Қазақ халқы « Тоқым қағар » салтымен ортада.

Орыстар бүгін «Келін түсіру»» салтын алып келген.

Татарлар назарларыңызға «Тайквандо» спорттық биін көрсетеді.

Өзбектер « Қыз ұзату» салтын ортаға паш етеді.

Енді әділ қазылар алқасы өз бағаларын көрсете отырсын.

Мұғалім:

Қанша ұлт болсын,

Қанша салт болсын,

Ынтымағы жарасқан

Мәдениетті ел болсын,- дей келе сайысқа түсуші қонақтарымызға кезекті берсек. Олар бізге өз-дерінің ұлттық тағамдарымен таныстырса.

Сонымен, кезекті әділ - қазылардың шешіміне берсек.

Мұғалім:

Жеңімпаздарды құттықтай отыра мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз:

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,

Қазағымның елін, жерін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз - дей келе барлықтарыңызға рахметімді айтамын.

Оқушылар өз өнерлерін көрсеткені үшін, және қатысқан ата – аналар мен мұғалімдері-

мізге алғысым шексіз.

Хормен: Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!

Енді барлығымыз ортаға шығып «Аман болшы халқым» биін бірге билейік.

Келесі кездескенше, сау болыңыздар!!!

1 мамыр – Қазақстан халық­тарының бірлігі күні. 1995 жыл­дың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату­лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ас­самблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаң­ғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қам­қорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам­дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қаты­настарды реттеудің тиімді тетік­терін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалып­тас­тыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқық­тық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді. Елбасының Қазақстан халқы­на Жолдауында айтылған мәсе­лелер қатарында ерекше көрсеті­ліп кеткен бағыттың бірі — Қазақ­стан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты “Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру” мәселесі. Бағыттың бұлай ата­луының өзі өзіндік этносаралық және конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблеяның ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше орган болып табылатындығын көрсетеді. Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық эт­ностардың мүддесін ортақ қазақ­стандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты. Қазақ­станда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағыт­талған қазіргі мол тәжірибе этнос­аралық проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесіне енуде. Жолдауда атап көрсетілгендей, “қоғамдық келісімді әрі қарай нығайту еліміздің қалыпты дамуы мен әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру тәрізді үстеме міндеттерді шешудің негізі болып табылады”.

Наши рекомендации