Ауданның табиғи-климаттық жағдайлары
Қарастырылып отырған территориямыз, республикамыздың солтүстік шығыс бөлігіндегі қою сары топырақты құрғақ ақ селеулі бетегелі дала аймағына орналасқан. Ландшафт түрі құрғақ далалы, класс ішінде сортаңды, қою сары топырақты орналасқан әртүрлі селеулі өсімдіктері бар келді-жазық жер.Орман шаруашылығы ісін тәртіптейтін, межелі құжаттар бойынша, сондай-ақ ҚазҒЗИ ОША зерттеулерімен қаралып отырған территориямыз Ертіс - Обь өзендерінің айналасындағы қарағайлы - қайыңды ормандарға, Павлодар ауданы бойынша құм-далалы жерге жатқызылған.
Орманның өсуі жағдайына әсер ететін факторлардың ішінен ең маңыздысы климат болып табылады. Бұл аймақтың климаты континентті, яғни ыстық құрғақ жазбен, жоғары температуралы қары аз қатты қыспен сипатталады . Максималды және минималды амплитудалық температрасы -89ºС–ге тең.
Павлодар облысының климатының қалыптасуына территорияның терең континетальды жағдайда орналасуы, күн радиациясының молдығы, ауа циркуляциясының жылдамдығы , жер бетінің біркелкі жазық далалы болып келуі әсер етеді.
Маусымда күннің ұзақтығы-17 сағат, желтоқсанда 7 сағатты құрайды.
Облыс маңында орташа жылдық температура 1 ºС-3 ºС, солтүстікте 0 ºС, орта бөлікте -1,8 ºС, ал оңтүстікте -2,6 ºС. Нағыз жылы айдың орташа айлық температурасы- шілдеде 19 ºС дан 21,3 ºС-қа дейін ауытқиды, ал басқа күндерде күн ыстық 40 ºС-ке дейін, тіпті Оңтүстік Қазақстан сияқты болады. Максималды температура 42 ºС болып тіркелген.
Нағыз суық айдың температурасы қаңтарда- облыс территориясында 17 ºС дан 18,1 ºС, ал нағыз аязды күндерде температура -47 ºС. Сонымен орташа жылдық амплитуда 38 ºС-тан 40 ºС-қа жеткен.
Тәулік ішінде температураның айырмашылығы үлкен. Көктемде, тіпті жылы күннен кейін де, қатқақ суық және керісінше болуы мүмкін. Әсіресе көктемде және күзгі салқын мен жылы температурада күрт өзгерістер байқалады.
Вегетациялық кезең 5 ºС-да сәуірдің үшінші онкүндігінен басталады да, қазанның алғашқы онкүндігінде аяқталады. Оның ауытқу ұзақтығы солтүстікте 167 күннен, оңтүстікте 178 күнге дейін созылады. Бірақ аязсыз кезең аз. Ол 109 күннен 130 күнге дейін созылады.
Облыстың климатының құрылымы ауа массасының 3 типі қатысады. Материктің құрылуына қоңыржай ендіктің континентальдық ауасы үстемдік етеді, сондықтан қыста ол күшті суынады, ал жазда керісінше, ол өте қызады. Бұл қысқы кезде ашық суық ауа райы жіне ыстық құрғақ жазды анықтайды. Қыста мұнда Сібір антициклоны басып кіреді де, ашық аязды ауа басым болады. Қоңыржай ендікте Атлант мұхитынан циклон түрінде басып кіретін ауа массасының ролі зор. Қыста олар жылылықты әкеледі, бұлыңғыр күні қар жауады, ал жазда салқын найзағай жарқылдап, нөсер жауын-шашын әкеледі. Облыстың Атлант мұхитынан тым алыс жатуы ауа массасының ерекше ендіктен кем болуына әкеліп соғады.
Солтүстік Арктикалық ауа ешбір кедергісіз далалы өңірден өтеді, күрт және тез суынып қысқы күшті аяз күндерде, ал көктем мен күзде аздаған тоңазу болады.
Жыл сайын жауын-шашын мөлшері күшті ауытқиды, ылғалдылық пен куаңшылықтың кезектесіп отыруына тура келеді. Құрғақшылық жылдары шілде кезіндегі жауынның кешігуі ауылшаруашылық мәдени өсімдіктері мен жасанды азықтың, шөптесін өсімдіктердің өнімін төмендетуге әкеліп соғады.
Облыстың қар жамылғысының жатуы 150-160 күнге созылады. Дегенмен облыстың солтүстігінде қар 143-195 күн жатқан кездері де болған, ал оңтүстікте 130-165 күнге созылады. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның бірінші жартысының соңында, солтүстікте қарашаның ортасына облыстың басқа бөліктерінде болған. Басқа жылдары қар ертерек қыркүйектің соңында түскен. Қар жамылғысының биіктігі 25 см.
Топырақтың мұздану тереңдігі 70-125 см. Орташа мұздану тереңдігі 100-110 см құрайды.
Жылына 11-24 күндей қарлы боран болады. Қатты желдер қарды алыс қашықтыққа ығыстырып, даланы жалаңаштайды және күрт қалың қар түсіп, төңірегіне бөгет жасайды. Сондықтан облыста ерекше қарт тоқтату қажет, далаға ағаш отырғызып егін алқаптарын қорғау керек қар тоқтату тек топырақты ылғалдандыру үшін ғана қажет емес, сол сияқты жерді тоңазудан да сақтау қажет. Қыста аз түскен қар 2 м-ге дейінгі жерді қатырады да, күзгі және көктемгі егістіктерге зиянын тигізеді. Қысқы кезеңнің ерекше сипаты қыстың бірінші жартысының екінші жартысынан біраз жылы болуында. Күшті аяз бен қатар жылыну температурасының 1-2 ºС-қа көтерілгені байқалады. Кейде қыста тұман, қырау, тайғақ болады. Тайғақ жол қатынасына, ауыл шаруашылығына ауыртпалық әкеледі.
Орташа тәуліктік температура 0 ºС-тан жоғары болып айқындалса, ол көктемнің басы болып есептеледі. Ол әдетте наурыздың соңында немесе сәуірдің басында болады. Көктем облыста ерте басталады. Бұл кезде қардың еруі жолда ғана емес, егіс алқаптарында да байқалады. Қардың еруі 1 сәуірде бітеді. Ауаның тез жылуы, атмосфералық жауын-шашынның түспеуі көктем кезінде қуаңшылыққа әкеп соғады. Сондықтан міндетті түрде топырақтың ылғалдылығын дұрыс жинақтап, сақтап пайдалану керек.
Ерте көктемде, жерде әлі өсімдік шықпай тұрып, жел күшті көтеріліп, жел эрозиясы пайда болады. Топырақ шашырап, оның құнарлығы төмендейді. Көктемде ауа-райы тұрақсыз, әсіресе наурыз-сәуір айларында. Бұл кезде суық пен жылылық арасында күрес жүреді.