АЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ. Неркәсіп төңкерісі дәуірінде ұлттық шаруашылықтардың өзара байланысы нығайып
Пән: Экономикалық теория негіздері | |
2 кредит | |
Тәжірибе № 15: Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері. |
Неркәсіп төңкерісі дәуірінде ұлттық шаруашылықтардың өзара байланысы нығайып, олардың дүниежүзілік рынокқа тартылуы өсті. Ірі машиналы индустрияның дамуы , өндіріс көлемінің ұлғаюы , өнеркәсіптің өзінде маманданудың тереңдеуі жағдайында жекелеген елдер шеңберінде қазіргі заманғы өнеркәсіп өнімдерінің ұлғаймалы ұдайы өндірісін қалыптастыру мүмкін емес. Дүниежүзілік өндіргіш күштердің одан ары дамуы ХЕБ-тың тереңдеу тенденциясына жағдай жасайды. Өнеркәсіп салалары ішінде мамандандырудың анағұрлым дамыған түрлері кеңінен тарала бастайды.
Халықаралық экономикалық байланыстардың бастапқы даму сатысында артық мөлшерде бір өндіріс факторларының бағасы салыстырмалы төмен болады да, ал олардың мөлшері жеткіліксіз жағдайда бағалары салыстырмалы жоғарылайды.
Халықаралық валюта жүйесі.
Валюта жүйесі – валютаның оларды пайдалану, ауыстыру, төлем құралы ретінде қолдану ережелері мен нормаларының жиынтығы.
Халықаралық валюта жүйесінің негізі ұлттық валшюталар болып табылады. Бұл жүйеге сондай-ақ ұлтық және ұжымдық резервтегі валюталық бірліктерді, халықаралық өтімді активтерді валюталық паритеттер мен курстарды , валюталардың өзара айналымы шарттарын, халықаралық есеп айырысу және валюталық шектеулерді , валюталық рыноктармен дүниежүзілік алтын рыногын және т.б. жатқызуға болады.
Лемдік рыноктық шаруашылық» түсінігі және оның дамуы.
ХХ ғасырдың 2-жартысы әлемдік шаруашылықтың жедел даму дәуірі болды. әлемдік шаруашылық шеңберіндегі ұлттық экономикалардың өзара тәуелділігі, халықтар арасындағы дамып келе жатқан мәдени қарым-қатынастар және әр түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің өзара байланыстары жатады. әлемдік шаруашылық өндіргіш күштердің тарихи ұзақ уақыт дамуының объективті нәтижесі. Ұлттық шаруашылық шеңберінде қоғамдық , ұдайы өндірістің негізгі процестері жүзеге асады. Тарихи тұрғыдан әлеуметтік шаруашылық ХІХ-ХХ ғасырларда дүниежүзі халықтарының басым көпшілігінің әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы нәтижесінде қалыптасты.
Леуметтік шаруашылық пен ұлттық шаруашылық объективті біртұтас, сонымен қатар қарама-қайшылықты.
Лемдік шаруашылық біртұтас, сонымен қатар қайшылықты экономикалық механизм ретінде экономикалық заңдардың құн, бәсеке, қоғамдық еңбекті үнемдеу, халық шаруашылығы салаларының арақатысы және халықаралық еңбек бөлінісі мен интеграциялық процестердің т.б. функционалдық өзара байланыстардың ықпалымен айқындалады. Әлемдік шаруашылықтың дамуындағы неғұрлым жалпы заңдылықтарды жекелеген және топтасқан елдердің экономикаларының ашық сипатының күшеюімен, шаруашылық өмірдің интернационалдық мәнінің өсуімен, ең алдымен техникалық прогрестің дамуымен көрсетіге болады.
Зін өзі тексеру сұрақтары
1.« Әлемдік рыноктық шаруашылық» түсінігі және оның дамуы.
2.Халықаралық еңбек бөлінісі.
3.Халықаралық валюта жүйесі.
ТЕСТ
1)Экономикалық жүйе келесi түпкiлiктi мәселелердi шешедi:
А) не, қалай, кiмге.
В) қалай, не үшiн, кiм үшiн.
С) қашан, қайда, кiм.
D) кiм, неге, не үшiн.
Е) инфляция мен жұмыссыздықтың себептерi қандай.
2)Экономикалық жүйе ұғымының дұрыс анықтамасын таңдаңыз:
А) белгiлi бiр тұтастықты құрастыратын экономикалық элементтер байланыстарының жиынтығы.
В) бұл бiртұтас өндiрiстiк қатынастарының нақты-тарихи қызмет атқару нышаны (формасы).
С) бұл материалдық және материалдық емес игiлiктердi өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы ерекше ұйымдастырылған байланыс.
D) бұл өндiрiс әдiсi.
Е) бұл басақару әдiсi.
3)Барлық экономикалық жүйелердiң алдында тұратын түпкi мәселе, бұл:
А) жетiспеушiлiк.
В) инвестиция.
С) өндiрiс.
D) тиiмдiлiк.
Е) бөлу.
4)өндiрiстiк қатынастар деген не:
А) материалдық игiлiктердi өндiру, бөлу, айырбастау және тұтыну барысындағы адамдар арасындағы қатынастар.
В) табиғи, материалдық, ақпараттық ресурстарды пайдалану қатынастары.
С) адамның табиғатқа қатынасы.