Бетоннан соғылған бөгеттің табанымен және жағалаумен қиылысуы.
Бетоннан соғылған бөгеттерді жартастан тұратын табанымен қиылыстыру тереңдігін белгілегенде келесі жағдайларды ескереді:
1) бұзылған, жарыға көп немесе жарығы саз топыраққа толған жартастар, жәй техникалық құралдармен алынып тасталатын жартастар қабаты толығымен алынып тасталуы қажет;
2) басқа жартас қыртыстары, инженерлік-геологиялық ізденістер деректеріне сәйкес, техника-экономикалық салыстыру нәтижесінде оларды бөгет табаны ретінде пайдалану, не толығымен алып тастау жолдары қарастырылады.
Бөгетті су қоймасының жағасымен қиыстыру үшін жазық баспалдақтар салынады, бұл шара бөгеттің әр бөлігін келесі бөлікке сүйенбей ақ, орнықты болуын қамтамасыз етеді. Егер бұл шара бөгет бөліктерінің орнықтылығын қамтамасыз ете алмаса, онда бөліктердің арасындағы саңылауды цементпен бекітеді.
Аркалы бөгеттер.
Аркалы бөгет - кеңістіктегі иілген су тірек конструкциясы, судың гидростатикалық қысымын, тасындылардың, жер сілкінісі кезінде пайда болатын және басқа қысымдарды бөгет табанына және шатқалдың жартас жағаларына беретін. Аркалы бөгеттерді әртүрлі белгілеріне, яғни қасиеттеріне байланысты топтастырады:
Сымбаттылық коэффициентіне сәйкес: салыстырмалы қалыңдығына байла нысты β=b/h; мұнда: b – бөгеттің төменгі жағының қалыңдығы, м;
h – бөгеттің ең жоғарғы биіктігі, м.
Сымбаттылық коэффициентіне сәйкес аркалы бөгетер үш түрге бөлінеді:
а) жұқа бөгеттер (β<0,2); б) қалың бөгеттер (β=0,2-0,35); в) аркалы-гравитациалық бөгеттер (β=0,35-0,65);
Аркалы бөлігінің сұлбасына байланысты:
а) тұрақты орталық бұрышты 2α0; б) бөгеттің арынды беті тұрақты радусты rа немесе цилиндр тәріздес; в) екі қисық сызықты немесе күмбез тәріздес f/l≥0,05.
8.5.сурет. Аркалы бөгеттердің негізгі түрлері.
а) тұрақты орталық бұрышты бөгеттер; б) бөгеттің арынды беті тұрақты радиусты немесе цилиндр тәріздес; в) екі қисық сызықты немесе күмбез тәріздес.
Аркалы бөгеттер арна табанымен, жағалаумен қиылысуына байланысты және конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты былай топталады:
а) бөгет түбі табанымен серпімді түрде байланыстырылған;
б) контурлы немесе периметрлік саңылаумен;
в) бөлек-бөлек аркаға бөлетін саңылаумен;
г) кесілген саңылаулы аркалы бөгеттер;
д) екі немесе үш шарнирлі аркамен;
е) тығынмен немесе тығынсыз;
ж) жағалық тіреумен;
з) анкерлі жетекпен.
8.6. сурет. Аркалы бөгеттердің схемалары.
а) жан-жағы саңылаулы және ермен; б) бөгетті бөлек-бөлек аркаға бөлетін саңылаулы; в) және г) кесілген саңылаулы аркалы бөгеттер; д) тығынды бөгеттер; е) бетонды тіректі бөгеттер; ж) сүңгуір жоғарғы аркалы бөгеттер; з) анкерлі-жетекті бөгеттер; и) жұмсақ жартастар тұсында қабырғалы бөгеттер.
1. контурлы саңылау; 2.ер ; 3.шарнирлер; 4. белбеулер арасындағы саңылау; 5. контур бойынша кесілген саңлаулар; 6. кесілген саңылаулар; 7. кесілген саңылаулар (ара-кідік); 8. тығын; 9. тірек; 10. жағалық ауыртпалық;11. су ағар; 12. тік кесілген саңылаулар; 13. жұмсақ-жарық жартастар; 14. ара-кідік контурлы саңылау; 15. цементтелмеген контурлы саңылау; 16. анкерлер; 17. жарық; 18. сапалы жартас; 19. қабырға;
Аркалы бөгеттер салынатын шатқалдың салыстырмалы енінің сұлбасына байланысты бұлай топталады:
а) V және U тәріздес шатқалдағы аркалы бөгеттер;
б) Y тәріздес шатқалдағы аркалы бөгеттер;
в) симметриялық және симметриялық емес шатқалдағы аркалы бөгеттер;
г) тар не кең шатқалдағы аркалы бөгеттер (L/h>3-5; мұнда L-бөгет төбесінің ұзындығы).
8.7. сурет. Гузиядағы биіктігі 271,5 м Ингурск аркалы бөгеті.
Соғылған материалдарына байланысты аркалы былай бөледі: а) тастан қаланған; б) бетоннан соғылған; в) темірбетоннан соғылған деп.
Көпшілік жағдайда аркалы бөгеттерді бетоннан соғады, ал темірбетоннан соғылған бөгеттер аз кездеседі (Норвегиядағы Слеттедален бөгеті), ал соңғы кездері тастан қалап аркалы бөгеттер соқпайды.
Жер шарының көптеген елдерінде, табиғи жағдайлары (таулы жерлер, бөгет салынатын тұстың геологиялық және топографиялық жағдайлары аркалы бөгеттер салуға ыңғайлы) аркалы бөгет салуға мүмкіндік беретін жерлерде соғылып, пайдаланылуда. Бұл елдер қатарына Франция, Италия, Швейцария, Португалия, Испания, АҚШ, Жапония, ТМД елдері, Румыния, Югаславия, Австрия, Шотландия, ОАР (ЮАР), Турция, Греция, Норвегия т.б. мемлекеттер жатады. Дүние жүзіндегі ең биік аркалы бөгеттер Италиядағы биіктігі 266 м Вайонт бөгеті және Грузиядағы Ингур бөгеті, биіктігі 271,5 м.
Бұрынғы Кеңес Одағында аркалы бөгеттер салынған жерлер: Жаңа Афон ауданындағы Псырха өзенінің бойына биіктігі 8,5 м аркалы бөгет салынған; Грузиядағы Ладжанури өзеніне биіктігі 67 м аркалы, цилиндр тәріздес Герге- бил бөгеті салынды, Дағыстанда Ингур бөгеті мен Сулск өзені бойына биік- тігі 236 м Чиркей бөгеті салынды. Енисей өзені бойына биіктігі 240 м, арка- лы, гратациялық цилиндр тәріздес Саяно-Шушенск бөгеті салынды.
11.8. сурет. Биіктігі 240 м аркалы, гравитациялық Саяно-Шушенск бөгеті.
Тұтас аркалы бөгеттермен қатар су ағары бар және су ағар тесігі тереңде орналасқан аркалы бөгеттер де қолданылады, және де су ағар тесік арқылы тасталатын үлестік су ағымы көп болуы мүмкін (Кариба бөгетінің су ағар тесігі арқылы тасталатын су ағымы мөлшері бір метр еніне 176 м3/с келеді), бұл суды алысқа секіртіп тастау арқылы мүмкін болып отыр. Ал Каборе Басса бөгетінде суды секіртіп тастау қашықтығы 150 м, бұл төменгі бьефті бекіту шараларын қолданбауға мүмкіндік беріп отыр.