Адамның даму индексі
Адамның даму индексі (HumanDevelopmentIndex) әлемнің елдеріндегі және өңірлеріндегі адам материалының даму дәрежесін сипаттайды. Индексті Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жасады және БҰҰ адамның дамуы туралы баяндамаларының арнайы сериясы шеңберінде пайдаланылады. [37, 39]
АДИ-ды жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) өзінің жұмысында талдамалық әзірлемелермен қатар ұлттық институттар және халықаралық ұйымдардың статистикалық деректерін пайдаланатын тәуелсіз халықаралық сарапшылар тобымен бірлесіп есептейді. Индекс БҰҰ адамның дамуы туралы баяндамаларының арнайы сериясында жарияланады.
Әлем елдерінің экономикалық және әлеуметтік прогресін бағалаумен бірінші баяндама адамның даму ұғымын былайша қалыптастырды: «Адамның дамуы таңдау спектрін кеңейту процесі. Таңдаудың барынша маңызды элементтері – ұзақ және аман-сау өмір сүру, білім алу және лайықты өмір сүру деңгейіне ие болу. Таңдаудың қосымша элементтері саяси еркіндікті, кепілдендірілген адам құқықтарын және өзін-өзі сыйлауды қамтиды». Бұл көзқарастар жүйесі адамның өмір сапасын арттыруға, барлық салаларды оның мүмкіндіктерін кеңейтуге және жетілдіруге бағдарларанған. Адамның даму тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнім көрсеткішіне негізделген, адамды тек қана экономикалық дамудың қозғаушы күші ретінде қарастырған және экономикалық өсуді қоғамдық прогрестің басты мақсаты деп жариялаған экономикалық дамудың «классикалық» деп аталатын теориясын ауыстырды.
Экономикалық өсу мен тиісінше табыстардың өсуі арасындағы тікелей байланыстың жоқтығын дәлелдеу ретінде АДИ экономикалық өсу және денсаулық және білім деңгейлеріндегі өзгерістер арасындағы әлсіз корреляцияны келтіреді. 70-жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін әртүрлі өңірлерде жүргізілген өлшеулер нәтижесінде АДИ зерттеушілері елдердегі денсаулық сақтау және білім жүйелері дамуының олардың экономикаларының даму жағдайына тікелей тәуелділігін анықтады.
4-сурет. Экономикалық өсу және денсаулық және білім деңгейлеріндегі өзгерістер арасындағы әлсіз өзара байланыс, 1970-2010 [37]
2010 жылғы адамның дамуы туралы баяндамада «адамның дамуы» ұғымының анықтамасы айталықтай толықты. Жоба авторларының пікірі бойынша адамның дамуын адамның таңдау мүмкіндіктерін кеңейту ретінде анықтау негіз қалаушы, бірақ жеткіліксіз болып табылады. Адамның дамуы ұзақ уақыт ішінде позитивтік нәтижелерді сақтауды және адамдарды қанаушылыққа алып келетін және құрылымдық әділетсіздікті күшейтетін процестерге қарсы әрекет етуді болжайды. Сондықтан әлеуметтік әділеттілік, тұрақтылық және адам құқықтарына құрметпен қарау сияқты принциптер негізгі болып табылады. Бұған сүйене отырып, ұйым сарапшылары адамның даму проблемалары бойынша тәжірибеге және ғылыми зерттеулерге сәйкес келетін нақтыланған жаңа мынадай ұсынысты ұсынды: «Адамның дамуы ұзақ, аман-сау өмір сүру және шығармашылық өмір, олардың пікірі бойынша құндылығы бар басқа да мақсаттарды жүзеге асыру; планетадағы дамудың әділеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуге белсенді қатысу еркіндігін кеңейту процесін білдіреді».
АДИ-дың бұл анықтамасы тұрғысында төрт парадигмалардан тұрады және үш көрсеткіштермен өлшенеді.
Адамның әлеуетінің дамуы парадигмаларына мыналар жатады:
1. табысты арттыруға және экономикалық өсуге бағытталған тиімді қызмет нәтижесі ретінде өнімділік;
2. қабілеттерді іске асыруға және ізгіліктерді пайдалануға мүмкіндіктер теңдігі деп түсінілетін теңдік;
3. тек қана қазіргі емес, сондай-ақ, болашақ ұрпақтарға өркениет мүмкіндіктеріне қолжетімділкті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұрақтылық;
4. дамудың тек қана адамдардың мүддесінде емес, сондай-ақ, олардың күш-жігерімен жүзеге асырылатындығын болжайтын мүмкіндіктерді кеңейту.
Адамның дамуының үш құрамауышы мыналар:
1. Әл-ауқаты:адамның нақты еркіндіктерін олар өркендей алатындай кеңейту.
2. Құқықтарды және мүмкіндіктерді кеңейту, сондай-ақ, агенттілік: адамның және топтардың әрекет ету және құнды нәтижелер алу мүмкіндігі.
3. Әділеттілік: әлеуметтік әділеттілікті арттыру, уақыты жағынан нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, адам құқықтарын құрметтеу және қоғамның басқа да мақсаттары.
Халықтың денсаулығын жақсарту халықтың физикалық дамуы және жұмысқа қабілеттілігін арттырудың және тиісінше өнімдерді және қызметтерді жасау, білімдер жинау және т.б. үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңызды факторы ретінде қарастырылады, сондықтан адамның денсаулығы жақсарту саласындағы жетістікті көрсететін күтілетін өмірдің ұзақтығы көрсеткішін таңдау кездейсоқ емес.
Білім деңгейін арттыру адам капиталының сапасына – қоғамның байлығын көбейтудің негізгі факторынан айтарлықтай әсер етеді және қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне негізделеді. Білім деңгейі жиынтық білімдер және машықтар қорын - қоғамның «рухани байлығын» құрай отырып, жиналған білім, еңбек, ғылыми, зияткерлік және шығармашылық әлеуетті сипаттайды. Бұл сапа ұрпақтан ұрпаққа беріледі және адамның өзінің дамуына және жалпы процесті қалпына келтіру тиімділігінің өсуінің маңызды алғышартын білдіреді.
Бұдан өзге отбасы, мемлекет, кәсіпорындар және ұйымдар жүргізетін оқу жылдары және оларға кететін шығындар көлемі туралы деректер негізінде белгілі бір күнге білімдердің жиналған әлеуетін анықтауға болады. Ұлттық валютадан АҚШ долларына алынған деректерді қайта есептеу, тек қана халықаралық салыстыруды жүзеге асыруға емес, сондай-ақ, елдер топтары бойынша және жалпы әлем бойынша болып жатқан процестердің заңдылығын және серпінін анықтай отырып, осы әлеует шамасын анықтауға мүмкіндік береді.
Халықтың әл-ауқаты, немесе табыстары ұлттық байлық көрсеткішімен емес халық ЖІӨ-мен өлшенеді. Дегенмен ұлттық байлық көрсеткіштері белгілі бір күнге экономикалық қызметтің жиналған нәтижелерін сипаттайды, олар елдердің шектелген санында есептеледі, және оларды есептеу әлі пысықталмаған. Сондықтан қазіргі уақытта тек қана ағымдағы қызметті сипаттайтын ЖІӨ көрсеткіштері пайдаланылады.
Адамның даму тұжырымдамасының негізгі стратегиялық құралы болып табылатын АДИ 1990 жылы пәкістандық экономист Махбубомуль-Хак (Mahbubul-Haq) әзірледі. Түбегейлі деп есептелген зерттеудің бастапқы идеясы айтарлықтай қарапайым: қоғамдық дамуды бұл ұзақ уақыт тәжірибеден өткендіктен тек қана ұлттық табыс бойныша емес, сондай-ақ, елердің көпшілігінде өзгеріске ұшырайтын денсаулық және білім саласындағы жетістіктер бойынша бағалау керек. Тікелей статистикалық көрініске ие параметрлердің бұл қатары өмір сапасына әсер етеді, тиісінше оның жай-күйін көрсетеді деп болжанған. Индекстің негізінде сарапшылардың субъективтік бағалары емес, ресми көздерден алынған нақты сандық көрсеткіштер жатыр, сондықтан олар салыстырмалы түрде объективті болып есептеледі және анықтауға болады. АДИ-дің өзінің кемшіліктері болды, мұны оны жасаушылар ашық мойындады: атап айтқанда, ол ізгіліктерді бөлудің асимметриялығын жасыратын көрсеткіштердің ұлттық өзегіне сүйенді, және сондықтан көптеген жағдайларда зерттелетін елдердегі істердің нақты жағдайын көрсете алмады. Бұған қоса, жалпы өзінің міндетін табысты орындады. БҰҰ және БҰҰДБ қоса алғанда, оның мамандандырылған құрылымдарына сенімнің жоғары деңгейі, сондай-ақ, әдістемелік негіздер АДИ қоғамдық дамуды сипаттайтын ең беделді жіктемелердің бірі етті.
Адамның даму индексі — бұл осы немесе өзге елдегі адамның даму деңгейінің жиынтық көрсеткіші, сондықтан кейде оны «өмір сапасы» немесе «өмір сүру деңгейі» сияқты ұғымдардың баламасы ретінде пайдаланады. АДИ оның азаматтарының денсаулық жағдайы, білім алуы және нақты табысы көзқарасы тұрғысынан елдің жетістігі олар үшін өзінің индекстер бағаланатын мынадай үш негізгі бағыт бойынша өлшенеді:
· Күтілетін өмірдің ұзақтығы индексі: туу кезінде орташа күтілетін өмірдің ұзақтығы көрсеткішімен өлшенетін денсаулық және ұзақ жасау.
· Білім индексі: мектеп жасындағы балалардың орташа күтілетін білім алу ұзақтығымен және жасы үлкен халықтың білім алу ұзақтығымен өлшенетін білімге қолжетімділік.
· Жалпы ұлттық табыс индексі: сатып алу қабілеті (СҚП) паритеті бойынша халықтың жан басына АҚШ долларымен жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) шамасымен өлшенетін лайықты өмір сүру деңгейі.
Бұл үш өлшем орташа геометриялығы 0-1 аралығындағы ауқымда АДИ жиынтық көрсеткішін білдіретін 0-1 аралығындағы сандық мәндер түрінде стандартталады. Одан кейін мемлекет осы көрсеткіш негізінде ранжирленеді.
2010 жылы АДИ өлшейтін индикаторлар топтастығы кеңейтілді, ал Индекстің өзі елеулі түзетуге ұшырады. Орташа елдік статистикалық деректерге сүйенетін және ішкі теңсіздікті ескермейтін жиынтық көрсеткіші болып табылатын пайдаланылған АДИ-ға қосымша үш жаңа индикатор енгізілді: әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті ескере отырып, түзетілген Адамның даму индексі (АДИТ), Гендерлік теңсіздік индексі (ГТИ) және Көп шамалы кедейлік индексі (ККИ).
2011 жылғы әлем елдеріндегі Адамның даму индексі.[29]
2011 жылғы әлем елдеріндегі Адамның даму индексі осы жылдың күзінде жариялаған болатын, БҰҰ адамның дамуы туралы деректері бар есептер, әдетте екі жылға кешіктіріледі, өйткені ұлттық статистикалық қызметтер жариялағаннан кейін халықаралық салыстыруды талап етеді.. Осылайша, ағымдағы 2011 жылға арналған баяндамада 2009 жылғы қорытындылар бойынша есептелген деректер ұсынылды.
Барлық елдер рейтингте төрт санатқа жіктеледі:
· АДИ деңгейі өте жоғары елдер.
· АДИ деңгейі жоғары елдер.
· АДИ деңгейі орташа елдер.
· АДИ деңгейі төмен елдер.
2011 жылы ұлттық жетістіктер рейтингін Норвегия бастады, ол 2001-2006 жыл аралығында бірінші орын алған, одан кейін оны Исландияға берді, алайда 2008 жылы тізімнің басына шықты және барлық осы уақыт ішінде көшбасылықты жалғастыруда. Норвегия АДИ 0,943 тең. Бұл мемлекетте өмірдің ұзақтығы деңгейі әлемдегі ең жоғарылардың бірі —81,1 жас, халықтың жан басына орташа жылдық табысы - 57,130 АҚШ долл., халықтың жан басына жалпы ұлттық табыс – 47 557 АҚШ долл. (тұрақты халықаралық долларда көрсетілген сатып алу қабілеті паритеті бойынша, база – 2005ж.). Мұнда іс жүзінде кедейлер жоқ, «сыныптық» деп аталатын айырмашылықтар өте әлсіз көрсетілген. Халықтың әл-ауқаты айтарлықтай дәрежеде мұнай және газ өндіруші және мұнай өңдеуші өнеркәсіппен байланысты, өйткені Норвегия –әлемдегі ірі және Батыс Еуропадағы ең ірі көмірсутегін өндіруші және экспорттаушы. Елдегі инфляция және жұмыссыздық қалған Еуропамен салыстырғанда дәстүрлі төмен, бірақ сонымен бірге — бұл ең қымбат әлем елдерінің бірі.
Сондай-ақ, даму деңгейі өте жоғары елдер рейтингі көшбасылары ондығына - сондай-ақ, Австралия, Нидерланд, Құрама Штаттар, Жаңа Зеландия, Канада, Ирландия, Лихтенштейн, Германия және Швеция кірді. Алайда, зерттеу авторлары АДИТ бойынша ішкі әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті ескере отырып, Индексті түзетуден кейін ең бай елдердің кейбірі бірінші ондыққа да жете алмай жатқындығын ерекше атап өтеді. Мәселен, Құрама Штаттар 4-орыннан 23-орынға, Оңтүстік Корея — 15-орыннан 32-орынға, Израиль 17-орыннан 25-орынға түсіп қалған. Теңсіздікті ескере отырып, түзетілген Адамның даму индексі бойынша АҚШ және Израиль рейтингінің төмендеуі негізінен халық табыстарындағы теңсіздіктермен түсіндіріледі, дегенмен медициналық көмек сондай-ақ, АҚШ-тың рейтингін өзгертуге ықпал ететін фактор болып табылады.
Қазақстан 2011 жылғы рейтингте 0,745 АДИ-мен 68 орын алады және БҰҰДБ бағасы бойыншажоғары дамыған мемлекеттер тізімінің ортасында орналасқан. Жалпы, елдің көрсеткіштеріне әлеуметтік теңсіздік, экологиялық проблемалар, сондай-ақ, өмірдің ұзақтығының төмен болуы теріс әсер етеді. Зерттеу авторлары Қазақстанда (посткеңестік кеңістіктегі мұнай және газ экспорттаушы басқа да елдерде) экономиканың саралануына емес, табиғи ресурстарды пайдалануға өте күшті екпін жасалатынын көрсетеді, бұл соңғы жылдардағы тұрақтылыққа және адам дамуының тұрақтылығына елеулі әсер етуі мүмкін.
Бұрынғы КСРО мемлекеттері қатарынан АДИ деңгейі жоғары елдер тобында Қазақстанмен қатар Беларусь (65 место), Ресей (66), Грузия (75), Украина (76), Армения (86) және Әзірбайжан (91) бар. Басқа да посткеңестік мемлекеттер даму деңгейі орташа елдер тобына енгізілді: Түрікменстан (102 орын), Молдова (111 орын — Еуропадағы ең төмен көрсеткіш), Өзбекстан (115), Қырғызстан (126) және Тәжікстан (127). Барлық бұрынғы КСРО мемлекеттерінен тек қана Балтық жағалауы елдері адамның даму деңгейі өте жоғары мемлекеттердің бірінші тобына кіре алды: Эстония 34, Литва — 40, Латвия — 43 орынды алады.[38]
Рейтингті даму деңгейі өте төмен нашар дамыған мемлекеттер жабады. Соңғы ондықтың барлық елдері Сахарадан оңтүстікке Африкада орналасқан: Гвинея, Орталық-Африка Республикасы, Сьерра-Леоне, Буркина-Фасо, Либерия, Чад, Мозамбик, Бурунди, Нигер және Конго Демократиялық Республикасы (0,286 АДИ соңғы орын). Бұл мемлекеттерде өмірдің ұзақтығы өте төмен — 40 жастан 50 жасқа дейін, әлеуметтік-экономикалық орта барынша қолайсыз, халықтың сауаттылығы төмен - барлық тұрғындардың 30%-дан аспайтыны оқи және жаза алады, халықтың жан басына табысы — жылына 1 адамға 1 000 АҚШ долларынан төмен. Соңғы жылдары қол жеткізілген ішінара прогреске қарамастан бұл елдер бұрынғысынша жеткіліксіз табыстан, білім саласында шектеулі мүмкіндіктерден және безгек пен ЖҚТБ сияқты ауралардан өлімнің салдарынан айтарлықтай дәрежеде өмірдің ұзақтығының төмендігінен азап шегеді. Бірқатар елдердегі бұл проблемалар қарулы қақтығыстардың жойқын салдарларынан ушыға түседі.