Айталауға арналған сұрақтар

1.Менеджментің қызметтік міндеттері неде?

2.Кәсіпкерлік этиканың принциптері. Бизнес этикасы дегеніміз не?

3.Тәртіп кодексінің негізгі ережелері. Кәсіпкерлік қызметтің өзіне тән этикалық нормалары.

4. Кәсіпкерлік мәдениет. Оны анықтайтын бөліктер. Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтері.

5. Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениетің анықтайтын факторлар.

6. Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы қандай жолдармен жүзеге асады.

7. Іскерлік-қарым қатынас. Оларды іске асыру нысандары.

8. Іскерлік сұхбаттың функциялары.Кезеңдері.

9. Ақпараттарды беру кезінде туындайтын сұрақтардың топтары.

10. Іскерлік келіссөздер.Оларды жүргізу кезектілігі. Іскерлік келіссөзге дайындық.

Дәріс 7. Кәсіпкерлік аясындағы бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік

Сұрақтар

1.Бәсеке түсінгі мен түрлері, қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы.

2.Бәсекелік артықшылық пен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және оған әсер ететін факторлар.

3.Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау әдістері.

Дәріс мақсаты:Кәсіпкерлік аясындағы бәсеке мен бәскеге қабілеттілік түсініктерін беру

Негізгі терминдер:бәсеке,бәсекеге қабілеттілік

Бәсеке түсінгі мен түрлері, қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы.

Бәсеке – объективті және субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестермен күресте жеңіске жету мақастында субъектінің өзінің бәсекелестік артықшылықтарын басқару үрдісі.

Бәсекені зерттеуші ғалымдар оны келесі үш аспектіде сипаттайды:

1) мінез-құлық (іс-әрекеттік);

2) құрылымдық;

3) функционалдық.

Бәсеке 3 жақты рөл атқарады.

1)Бәсекелестіктің арқасында өндіріс пен айналымның қалыпты жағдайы бекітіледі.

2)Нарықтық бәсекелестік барлық жаңаға, озық үлгіге жол ашады.

3)Барлық тиімсіз және артта қалған шаруашылықтар нарықтан ығыстырылады.

Бәсекелестіктің негізгі қағидаларына келесілер жатқызылады:

1)жарыспалылық;

2)адалдық;

3)заңдылық;

4)тұтынушылардың құқықтарын сақтау.

Бәсекенің функциялары:

1)Реттеуші функция.

2)Орналастыру функциясы.

3)Инновациялық функциясы.

4)Бейімдеу функциясы.

5)Үлестіру функциясы.

6)Бақылау функциясы.

Экономикалық сферада барлық түрлі бәсекелік қатынастар 3 деңгейде жүзеге асырылады:

1) микродеңгей- жекелеген өнім түрлері, өндіріс, кәсіпорындар деңгейіндегі бәсекелестік қатынастар;

2) мезодеңгей – кәсіпорындардың салалық бірлестіктері, салалар арасындағы бәсекелік қатынастар;

3) макродеңгей –экономика немесе мемлекет деңгейіндегі бәсекелік қатынастар.

Бәсекені бірнеше белгілер бойынша жіктеуге болады:

1) жеке-дара;

2) жергілікті;

3) салалық;

4) ұлттық;

5) халықаралық.

Бәсеке тікелей немесе жанама болуы мүмкін.

Тілекей бәсеке – бір өнім түрі немесе сауда маркасы ішінде болатын бәсекелік күрес.

Жанама бәсеке – бәсекелік күрес әртүрлі санаттағы өнімдер арасында орын алады, бірақ сатып алушылық таңдау кезіңде баламалар ретінде әрекет етеді.

Даму сипаты бойынша бәсеке еркін және реттелетін болуы мүмкін. Бәсеке жүргізу әдісі бойынша бағалық және бағадан тыс болып бөлінеді.

Бағалық бәсеке – баға жөнінде және бағаны көтеру, арттыру және төмендету көмегімен жүргізілетін бәсекелік күрес. Бағалық бәсекеге келесі факторлар жатқызылады:

-сапа, жаңашылдық, дизайн, прогрессивтілік, халықаралық стандарттарға сәйкестілік, техникалық қызмет көрсетудің сервисі жатқызылады.

Бәсекенің нарықтағы иеленетін үлесіне байланысты олигополиялық бәсеке және таза монополия болып бөлінеді. Олигополиялық бәсеке – нарықтың едәуір бөлігін бақылайтын бірнеше ірі кәсіпорындардың бәсекелік күресі. Таза монополия – берілген өнімді өндіретін тек бір ғана жеке фирманың болуын және ол өнімді ауыстыратын басқа өнімдердің болмауын айтамыз.

Майкл Портер нарықтағы бәсекенің жағдайын 5 бәсекелік күшпен сипаттаған:

1) Бәсекелесуші жүйелер арасындағы бақталастық;

2) Баға бойынша бәсекеге қабілетті және ауыстыруышы-тауарлар жағынан бәсеке;

3) Жаңа бәсекелестердің пайда болу қауіп-қатері;

4) Жеткізушілердін саудалық қабілеттері мен экономикалық мүмкіндіктері;

5) Сатып алушылардын саудалық қабілеттері экономикалық мүмкіндіктері.

Наши рекомендации