Тақырыбы: Азиядағы жаңа индустриялы елдер. Корея Республикасы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Азияның жаңа индустриялы елдері, соның ішінде Корея Республикасы туралы білім беру; табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының басты ерекшеліктерімен танысу; халқы, экономикасының басты бағыты, сыртқы экономикалық байланыстары туралы оқып-үйрену.
Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Корея Республикасының табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық-географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары:Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары:І кезең – ұйымдастыру (2 мин) ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин) V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин) VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
І | Оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. | Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім-бар жоғын анықтайды. |
ІІ | Сабақ барысында келесі жоспарлар орындалады: 1. Корея Республикасының экономикалық – географиялық орнының басты ерекшеліктері айтылады. («Материктермен мұхиттардың физикалық географиясынан» алған білімдеріне сүйенеді.) 2. Табиғат жағдайы мен ресурстары. 3. Халқы туралы сипаттама. 4. Экономикасы. Ел экономикасы дамуының басты факторы – экономикалық саясатының жүргізілуі туралы айтылады. | Оқушылар мұғалімнің жоспар бойынша қысқыша шолуын тыңдап, өздері жоспар бойынша толық сипаттама береді: Корея Республикасының құрамына кіретін жерлерге сипаттама беріледі: а) жер бедерінің басты ерекшеліктері; ә) пайдалы қазбалары; б) климат жағдайы, климаттық көрсеткіштері; в) ішкі суларының маңызы; г) өсімдік жамылғысы туралы сипаттама беруде оқулық материалдарына сүйенеді. Халқы туралы сипаттама мынадай жоспар түрінде беріледі де, оқулық материалдарына сүйенеді: а) халық саны, тығыздығы; ә) халықтың ұлттық құрамы; б) халықтың табиғи өсуі, өмір жасының ұзақтығы, жастық-жыныстық құрамы; в) днсаулық сақтау ісі; г) еңбек ресурстары. 4. Экономикасы. Үкіметтің «экспорттық саясаты» дамытуға бағдар алуы, оның ішінде: а) машина жасау, кеме жасау өнеркәсібінің дамуы; ә) өнеркәсіптің металлургия саласының дамуы; б) мұнай-химиясының дамуы: в) электроника, электр техникасын жасау бойынша оқулық материалдарына сүйене отырып сипаттама беру; г) сыртқы экономикалық байланыстарды дүние жүзінің алдынғы қатарлы елдерінің біріне жатады, оған оқулық материлдарынан мысалдар келтіру, Корея Республикасының Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағына (АПЭК) кіруі туралы айтылады. Қазақстан мен Корея Республикасының арасында экономикалық бағыт дамуда. Қазіргі кезде Қазақстанда 2001 жылы қазақ-корея кәсіпорнының саны 119-ға жетті. Корея мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар тек экономикалық бағытта ғана емес, әлеуметтік-мәдени тұрғыдан да өркендеуде. Міне, осы бағытта нақты мысалдар келтіру. |
ІІІ | Бекіту сұрақтары: 1. Корея Республикасының геосаяси жағдайының басты ерекшелігі қандай? 2. Корея Республикасы экономисының өркендеуіне қандай фактордың әсері болады? 3. Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастар қалай дамуда? | |
ІV | Үйге тапсырма: 1. Геосаяси жағдайының басты ерекшеліктерін анықтап, сипаттама жазу. 2. Корея Республикасы экономикасының дамуындағы алғышарттарды анықтап, дәптерге жазу. 3. Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастар туралы реферат жазу. 4. Хрестоматиядағы жаңа индустриялы елдер туралы мақалмен танысу. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап алады. |
V | Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қояды. | Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады. |
VI | Сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып, сабақты қорытындылайды. | Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге айтады. |
Сынып: 11
Сабақ№27
Уақыты: 21.10.2011
Тақырыбы: Закавказье Республикалары.
Мақсаты:
Білімділік: Осы аталған республикалар бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. 1.Қытайдың негізгі ауыл шаруашылығы иегерлері елдің қай бөлігінде орналасқан? 2.Экономиканы жаңғыртуда өнеркәсіптің қандай салалары қарқынды дамуда? 3.Түркия өнеркәсіп орындары,негізінен,елдің қай бөлігінде шоғырланған? | Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады. | |
Бұл елдердің басым көпшілігі бұрынғы отарлық иеліктер немесе аумақтар. Яғни патшалы ресей кезінде және кейінне 70 жыл Кеңес үкіметінің отарында болған. Экономиканың тез қарқынмен дамуына байланысты оларды «Закавказье Республикалары» төрттігіне жатқызады.Еінші топқа-төрттіктің ізімен келе жатқан Закавказье Республикалары -ның мүшелері-. Закавказье экономикалық ауданының құрамына Грузия,Әзірбайжан, және Армения Республикалары кіреді.Закавказье халқы көп ұлтты болып келеді. | Оқушы тақырыпты оқиды. Керек жерін дәптеріне жазып алады. Оқулықта берілген тақырыпшаларға талдау жасап, дәптерлеріне жазады. | |
Тақырыпты бекіту: 1.Жаңа индустриялды елдердің қайсысында туризм жақсы дамыған? 2.Закавказье Республикаларының осы заманғы әлеуметтік –экономикалық жағдайларына тән ерекше белгілері неде? 3.Бұл елдер агроөнеркәсіп кешендерінің қазіргі даму жағдайы қандай? | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша апсырмаларды орындайды. | |
§26-27 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
Сынып: 11 «а»
Пән: География.
Сабақ№9
Уақыты: 28.10.2011
Тақырыбы: Орталық Азия елдері.
Мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасы және Орталық Азия елдері бойынша оқушыларға түсінікті мағлұматтар беру.
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. 1.Жаңа индустриялды елдердің қайсысында туризм жақсы дамыған? 2.Закавказье Республикаларының осы заманғы әлеуметтік –экономикалық жағдайларына тән ерекше белгілері неде? 3.Бұл елдер агроөнеркәсіп кешендерінің қазіргі даму жағдайы қандай? | Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады. | |
Қазақстан Республикасы-өз егемендігін дүниежүзіне мойындатқан президенттік республика.Өнеркәсіптің жетекші салаларына отын-энергетика,түсті және қара металлургия,мұнай-химиясы,және тамақ өнеркәсіптері жатады.Астық және етті –жүнді бағыттағы қой шаруашылығы да маманданған салалар. Өнеркәсіптің негізін отын-энергетика құрайды, Қарағанды және Екібастұз бассейіндерінде көмір,Батыс Қазақстанда мұнай мен газ өндіріледі. Қазақстан бүкіл ТМД елдерінде мұнай өндіруден Ресейден кейінгі екінші орында. Сонымен бірге дүние жүзіндегі мұнай өндіретін 90 елдің ішінде Қазақстан алдыңғы 20 елдің қатарында.Ал мұнай қорының көлемі жөнінен дүние жүзінде он бірінші орында. Қазақстан дүние жүзіндегі көмірді көп өндіретін он елдің құрамында.Қазақстан марганец кені қоры жқнінен дүние жүзінде Оңтүстік Африка Республикасы және Украйнадан кейінгі үшінші орында,ал оны өндіруден жетінші орында. Қазақстанда қара металл кендерінен темір,хромит,марганец өте мол. | Оқушы тақырыпты оқиды. Керек жерін дәптеріне жазып алады. Оқулықта берілген тақырыпшаларға талдау жасап, дәптерлеріне жазады. | |
Тақырыпты бекіту: 1.Орталық Азия елдерінің бір экономикалық ауданға бірігуіне қандай жағдайлар себепші болды? 2.Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл елдердің экономикалық жағдайы қалай өзгерді? 3.Қазақстанның шаруашылық дамуын қандай салалық кешендер анықтайды? Оның табиғат байлығымен байланысы қандай? 4.Орталық Азия елдерінің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына салыстырмалы түрде сипаттама беріңдер? | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша апсырмаларды орындайды. | |
§28 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
Сынып: 11 «а»
Пән: География.
Сабақ
Күні:
Тақырыбы: Аймаққа жалпы сипаттама. Табиғи жағдайлары, ресурстары. Халқы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Латын Америкасындағы дамушы елдер жайлы ,жалпы түсінікті мағлұматтар беру.
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. 1.Орталық Азия елдерінің бір экономикалық ауданға бірігуіне қандай жағдайлар себепші болды? 2.Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл елдердің экономикалық жағдайы қалай өзгерді? 3.Қазақстанның шаруашылық дамуын қандай салалық кешендер анықтайды? Оның табиғат байлығымен байланысы қандай? 4.Орталық Азия елдерінің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына салыстырмалы түрде сипаттама беріңдер. | Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап,сұрақтарға қысқаша жазып алады. | |
Латын Америкасы Солтүстік Американың біраз бөлігін (Рио-Гранде өзенінен оңтүстікке қарай) және бүкіл Оңтүстік Американы алып жатыр.Американы 1492 жылы Х.Колумб ашты деп ресми түрде қабылданған. Бірақ тарихқа үңілсек ,Америкаға (Солтүстік Америка жағалауына) алғашқы келіп жеткендер ирландықтар (Y-YI ғасырларда) және нормандар ( викингтер XI ғасырда) болған.Ал олардан 20-25 мың жыл бұрын Азияның шығыс,солтүстік-шығыс бөлігіндегі халықтар «Беринг көпірі» арқылы Америкаға солтүстігінен (Аляска) еніп,Оңтүстік Америкаға жеткен. Латын Америкасының басым көпшілігін испандар мен португалдар жаулап алған.(XYI-XYII .ғғ.).1810-1826 жылдардағы тәуелсіздік жолындағы соғыстар нәтижесінде Америкадағы барлық отарлар Испаниядан бөлініп шықты.1822 жылы Бразилия Португалиядан бөлінді.XIX ғасырдың соңында АҚШ Англияны Латын Америкасынан ығыстырды.Сөйтіп ,көптеген елдер өздерінің тәуелсіздігін алды. Кордильера мен Анд қатпарлы тауларында қара және түсті металдар ,әсіресе темір кені,литий,молибден ,мыс,никель,қалайы,сонымен бірге алтын,күміс кендері мол кездеседі.Ал тауаралық иінді жерлерінде ірі мұнай жіне табиғи газ кен орындары мол. Латын Америкасындағы аса ірі мұнай кен орындарының алабы Венесуэла мен Мексика аумақтарында шоғырланған. Сонымен бірге Латын Америкасы елдері боксит кендеріне де бай.(Ямайка) Латын Америкасы мыс қоры жөнінен дүние жүзінде 1-орында,бокситтен 2-орында,темір кені,қалайы,молибден, т.б.түсті металдардан дүние жүзінде жетекші орындардың бірін алады. | Оқушы тақырыпты оқиды. Керек жерін дәптеріне жазып алады. Оқулықта берілген тақырыпшаларға талдау жасап, дәптерлеріне жазады. | |
Тақырыпты бекіту: 1.Латын Америкасы елдерінің көпшілігі қай кезеңде тәелсіздік алды? Оның себебі неде? 2.Латын Америкасы елдері экономикалық тұрғыдан ,негізінен ,қай елге тәелді болып отыр? 3.Өңдеу өнеркәсібінің 4\5-і қандай елдер үлесіне тиеді? 4.Дүние жүзінің минералдық қорлар картасынан Латын Америкасы аймағындағы кен байлықтардың құрамын сипаттаңдар. | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша апсырмаларды орындайды. | |
§29 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
Сынып: 11 «а»
Пән: География.
Сабақ №32-33
Күні: 11-24/05/2012
Тақырыбы: Латын Америкасының жаңа индустриялы елдері
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Латын Америкасындағы дамушы елдер жайлы ,жалпы түсінікті мағлұматтар беру.
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. 1.Латын Америкасы елдерінің көпшілігі қай кезеңде тәелсіздік алды? Оның себебі неде? 2.Латын Америкасы елдері экономикалық тұрғыдан ,негізінен ,қай елге тәелді болып отыр? 3.Өңдеу өнеркәсібінің 4\5-і қандай елдер үлесіне тиеді? 4.Дүние жүзінің минералдық қорлар картасынан Латын Америкасы аймағындағы кен байлықтардың құрамын сипаттаңдар. | Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап,сұрақтарға қысқаша жазып алады. | |
Бразилия, Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км2. Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық,неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні. Бразилия – президенттік федеративті республика Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлтық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Әкімшілік жағынан жиырма бес штатқа, бір федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі), субэкваторлық, тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі), субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты негізінен ыстық, жауын-шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды экваторлық, шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол, энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі ірілері: Амазона, Сан-Франсиску, Парнамба, Парана. Ниобий, уран, торий кендері бар. Одан басқа темір, марганец, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі. Мексика, Мексика Құрама Штаттары — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитыАтлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Жер аумағы 1958,2 мың шаршы километр. Халқы 105 миллион адам (2004). Ұлттық құрамы метистер(испандар мен үндістердің некесінен тарағандар) (78%), үндістер (15%) және еуропалықтардан (7%) тұрады. Астанасы — Мехико қаласы Ресми тілі — испан тілі. Халқының басым бөлігі — христиан-католиктер. Мексика — федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы: Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын өлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы — Министр Кабинеті ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 16 қыркүйек (1810). Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымына (1945), Америка мемлекеттері ұйымына (АМҰ) (1948) мүше. Америка Құрама Штаттары бірлігі — песо. Мексика — Латын Америкасындағы экономикасы дамыған елдердің бірі. Өнеркәсібінің маңызды салалары мұнай өңдеу, мұнай химиясы мен түсті металлургия. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді. Басты ауыл шаруашылық дақылдары жүгері, бидай, күріш, мақта, қант құрағы, кофе, агава, көкөніс, цитрус жемістері, тағы басқа сиыр, қой өсіру дамыған. Экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, Ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады. өлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 8120 Америка Құрама Штаттары долларына (1997) тең. Негізгі сауда серіктестері — Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия. | Оқушы тақырыпты оқиды. Керек жерін дәптеріне жазып алады. Оқулықта берілген тақырыпшаларға талдау жасап, дәптерлеріне жазады. | |
Тақырыпты бекіту: 1.Бразилия мен Мексиканың мемлекеттік құрлысы қандай? 2. Бразилия мен Мексиканың экономикалық тұрғыдан қандай мемлекеттер? 3.Негізгі өнеркәсіптерінің дамуы қай сала үлесіне тиеді? 4.Дүние жүзінің минералдық қорлар картасынан Бразилия мен Мексиканың аймағындағы кен байлықтардың құрамын сипаттаңдар. | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша апсырмаларды орындайды. | |
§30 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
Сынып: 11
Пән: География.
Сабақ
Күні:
Тақырыбы: Африка Аймаққа жалпы сипаттама. Табиғи жағдайлары, ресурстары. Халқы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Африкадағы дамушы елдер жайлы ,жалпы түсінікті мағлұматтар беру.
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. 1.Бразилия мен Мексиканың мемлекеттік құрлысы қандай? 2. Бразилия мен Мексиканың экономикалық тұрғыдан қандай мемлекеттер? 3.Негізгі өнеркәсіптерінің дамуы қай сала үлесіне тиеді? 4.Дүние жүзінің минералдық қорлар картасынан Бразилия мен Мексиканың аймағындағы кен байлықтардың құрамын сипаттаңдар. | Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап,сұрақтарға қысқаша жазып алады. | |
Африканың аумағы - 30,3 млн км2, халқының саны 820 млн адам. Дүние жүзінде Африка сияқты отарлық қанау мен құл сатушылықтан осыншама зардап шеккен бірде-бір континент жоқ. XX ғасырдың басына қарай бүкіл Африка отарланған континентке айналды және бұл негізінен оның артта қалғандығын анықтап берді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отарлык жүйе қадам басқан сайын жойыла берді, міне, қазір континентің саяси картасында (аралдардағысымен бірге) 55 ел бар. Бұлардың бәрі де дамушы елдер қатарына жатады. Оңтүстік-Африка Республикасы экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің қатарына қосылады.Афр. Елдеріне экономикалық-географиялық тұрғыда әр түрлі баға беруге болады. Олар теңізге шығаты шықпайты болып бөлінеді. Мемлекеттерді басқару формасы бойынша ерекшелеленеді. Мында 3 елге ғана монархиялық билікте (Лесото, Марокка, Свазиленд) басқалары толық дерлік республикалық басқаруда. АФр. Табиғи ресурсқа бай: алмас, алтын, платина, хром, кобальт, фосфордың мол қоры шоғырланған. Африка мемлекеттерінің 26 артта қалған елдер қатарына жатады Материктің солтүстік жәнеОАР дамушы елдерде алдыңғы қатарлы елдерқатарында. | Оқушы тақырыпты оқиды. Керек жерін дәптеріне жазып алады. Оқулықта берілген тақырыпшаларға талдау жасап, дәптерлеріне жазады. | |
Тақырыпты бекіту: 1.Латын Америкасы елдерінің көпшілігі қай кезеңде тәелсіздік алды? Оның себебі неде? 2.Латын Америкасы елдері экономикалық тұрғыдан ,негізінен ,қай елге тәелді болып отыр? 3.Өңдеу өнеркәсібінің 4\5-і қандай елдер үлесіне тиеді? 4.Дүние жүзінің минералдық қорлар картасынан Латын Америкасы аймағындағы кен байлықтардың құрамын сипаттаңдар. | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша апсырмаларды орындайды. | |
§31 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
Сынып: 11
Сабақ
Күні:
Тақырыбы: Шаруашылығының саласық құрлымы, Аймақтық айырмашылықтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Африканың шаруашылығының даму сипаты, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының жетекші салалары туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Тақырып бойынша оқушыларға өз бетімен жұмыс жасата отырып, жаңа материалды өз бетімен игеру дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың білім деңгейін деңгейлік тапсырмалар арқылы өздері бағалап, өзін-өзі бағалай алуға тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдісі: үш өлшемді оқыту
Көрнекілігі: Африканың саяси картасы, кестелер, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың құрылымы:
І кезең: 5 минут, а) ұйымдастыру, б) үй тапсырмасын тексеру;
в) жаңа тақрыпты меңгеруге қажет болатын материалды еске түсіру.
ІІ кезең: Синектикалық бөлім (Оқушылардың жаңа тақырыпты өздігімен меңгеру алгоритмі-20 минут)
ІІІ кезең: Кері байланыс 17+3 минут
Сабақтың ьарысы:
1) Инцерт техникасы
Не білемін? | Не білдім? | Нені білгім келеді? |
2) «Ассоциация қатары»
(Шаруашылық, салалары, мамандану, экономика)
ІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру алгоритмі.
1) «Біз білмейтін жаңа сөз» жаңа терминдермен жұмыс:
Аутсайдер, монокультура.
2) «Дана үкі» техникасы. (Сыныпты топқа бөліп, тапсырма беру, оқулықпен жұмыс)
1 топқа:
1) Африкада қандай өнеркәсіп дамыған?
2) Африканың қай елі, қандай қазба байлықтарын өндіруден алдыңғы орын алады?
3) Өңдеуші өнеркәсіптің қай саласы қарқынды дамуда?
4) Қай өнеркәсіп саласы нашар дамыған?
5) Қай елдер жеңіл өнеркәсіп өнімдерімен сыртқа шығарады?
6) Тамақ өнеркәсібінің қай саласы дамыған?
2 топқа:
1) Экономикалық белсенді халықтың қанша бөлігі ауыл шаруашылығында жасайды?
2) Ауыл шаруашылығы ұлттық табыстың неше пайызын құрайды?
3) Экспорттағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі?
4) Ауыл шаруашылығының жеткші салалары?
5) Өсімдік шаруашылығы неше бағытта дамиды?
6) Африканың қай елі бір дақыл өсіруге ғана маманданған? Мысал келтір.
7) Мал шаруашылығының қандай саласы дамыған?
Мал шаруашылығы қай аймаққа шоғырланған?
9) Мал шаруашылығының дамуына қандай жағдай кедергі келтіруде?
3 топқа:
1) Ішкі жүк тасымалында қандай көлік маңызды роль атқарады?
2) Сыртқы жүк айналымында қай көлік түрі қолданылады?
3) Жүк айналымында І орын алатын ел?
4) Африкадағы ірі порттар
5) Әуе көлігінің маңызы қандай?
6) Қай елде құбыр көлігі дамыған?
(Мұғалім қосымша түсінік беріп, толықтырады)
3. «Тірек мәтін» техникасы
1 топқа:
Көлік түрі | Елдер |
Темір жол | |
Теңіз көлігі | |
Әуе көлігі | |
Құбыр көлігі |
2 топқа:
Өнеркәсіп салалары | Маманданған елдер |
Тау – кен Алтын Уран Баксит Алмас Мыс | |
Өңдеуші өнеркәсіп Түсті металлургия Қара металлургия Машина жасау Химия өнеркәсібі | |
Жеңіл өнеркәсібі | |
Тамақ өнеркәсібі |
3 топқа:
Өсімдік шаруашылығы | Маманданған елдер | Мал шаруашылығы | Маманданған елдер |
Кофе Какао Мақта Жер жаңғақ Майлы пальма Құрма | Қой Ірі қара |
4. «Ара ұясы» техникасы (Жұптардың пікір алмасуы)
5. «Эстафета» (топтардың білім сайысы)
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмалар.
1 деңгей: тапсырмалары
1 топқа:
1) Африканың тек мақта өсіруге маманданған елдері
2) Уран кенін сыртқа шығаруға маманданған Африка елдері.
3) Африканың тек какао өсіруге маманданған елдер.
4) Темір кенін сытрқа шығаруға маманданған елдер.
5)Африканың тек құрма өсіруге маманданған елдері
ІІ топқа:
1)Африканың тек кофе өсіруге маманданған елдер.
2) Теңіз жүк айналымының көрсеткіші бойынша Африкадағы алдыңғы ел.
3) Мұнайды сыртқа шығаруға маманданған Африка елі
4) Мысты сыртқа шығаруға маманданған Африка елі.
5) Алмасдың қоры мен оны өндіру жөнінен дүниежүзіндегі алдыңғы қатардағы ел.
І топқа:
1. Африканың мұнай экспорттаушы елдер бар ма? Ол елдердің әлеуметтік, экономикалық дамуында ілгерлеушілік белгілері байқала ма?
2. Африкада шөлейттену прцесі күшеюде, әрбір екі жыл сайын құрғақшылық орнап соның салдарынан халық ашаршылық кезеңді бастан өткізуде. Бұл процесс неге байланысты.
3. Африкада көлік жүйесінің нашар дамуын немен түсіндіруге болады?
4. Африканың теңізге шығатын жолы жоқ бес елді картадан анықтап, кестені толтырыңыз
Теңізге шыға алмайтын елдер | Астанасы | Мемлекеттік құрылымы | Географиялық координатасы |
2топқа:
1 Картадан Африканың қай бөлігі табиғат байлығымен өте жақсы қамтамасыз етілгенін анықта.
2 Африканың көптеген елдерінде өсімдік шарушылығы монодақылды сипатта. Ол неге байланысты
3 Картадан Сахель зонасында орналасқан елдерді анықта.
4. Африкадағы жүк айналымы жоғары порттарды анықтап кестені толтырыңыз.
Порттың аты | Қай елдің порты | Елдің мемлекеттік құрылымы | Порттың географиялық координатасы |
3-деңгей (жалпы сыныпқа)
1.Африка елдерінің шаруашылығына қандай ерекшеліктері тән? Ол ерекшеліктер қандай табиғат жағдайына тарихи әлеуметтік –экономикалық себепке байланысты деп ойлайсыздар.
2.Африка елдерінде ауыл шаруашылығын дамытумен байланысты қандай экологиялық проблема белең алуда, оларды тежеу мен алдын алудың қандай жолдары бар деп ойлайсыздар.
3.Африка мен Латын Америкасы елдері шаруашылығының маманданған салаларын өзара салыстырыңдар.
Жоспар | Африка | Латын Америкасы |
І Өнеркәсіп 1.Такен 2.Отын энергетика 3.Металлургия 4. Машина жасау 5. Химия 6. Жеңіл өнеркәсіп 7. Тамақ өнеркәсібі ІІ Ауылшаруашылығы 1.Өсімдік шаруашылығы 2. Мал шаруашылығы |
Сынып: 11
Пән: География.
Сабақ
Күні:
Тақырыбы: Аустраляи Одағы және Жаңа зеландия
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Аустраляи Одағы және Жаңа зеландия елдер жайлы ,жалпы түсінікті мағлұматтар беру.
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. 1.Африка елдерінің шаруашылығына қандай ерекшеліктері тән? Ол ерекшеліктер қандай табиғат жағдайына тарихи әлеуметтік –экономикалық себепке байланысты деп ойлайсыздар. 2.Африка елдерінде ауыл шаруашылығын дамытумен байланысты қандай экологиялық проблема белең алуда, оларды тежеу мен алдын алудың қандай жолдары бар деп ойлайсыздар. 3 Картадан Сахель зонасында орналасқан елдерді анықта. 4. Африкадағы жүк айналымы жоғары порттарды анықтап кестені толтырыңыз | Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап,сұрақтарға қысқаша жазып алады. | |
Австралия Одағы Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы - 7 686 850 км², осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде алтыншы орынға ие. Австралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия Республикасы, Папуа Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония,Соломон Аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Австралияның астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары - Сидней, Мельбурн, Халқының саны 21 миллион адам. Австралия жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биікт. 600 м-ден аспайды. Орограф. ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады. • Батыс Австралия таулы үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биікт. 936 м), оңт.-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр. • Орталық ойпаттың биікт. 100 метрден аспайды, ал Австралиядағы ең темен жер — Эйр к-нің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен Австралияда ең биік жер — Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан. 2007 жылдың 1 шілдесіне сәйкес Австралия халқының саны 20 001 546 адам болған. Австралияның негізгі халқы Еуропадан,Америкадан қоныс аударған ағылшын тілділер, оларды австралиялықтар деп толық айтуға болады, өздеріне тән құндылықтары, өмір салты, мінез-құлқы, мәдениеті қалыптасқан. ХХ ғасырдың 70-жылдары демографиялық дағдарыс және экономиканың дамуы шетелдің жұмыс күшін пайдалануды талап етті. Австралияға ағылып арабтар, вьетнамдықтар, қытайлықтар, басқалар қоныс аудара бастады. Оларға қойылатын басты талап – Конституцияны мойындау, ағылшын тілінде сөйлеу. Қоныс аударушылардың мәселелеріне байланысты мемлекет қыруар қаржы бөлді: ұлттық тілдерде кітапхана, мектеп, БАҚ жұмыс істеді. Бүгін Австралияда радио 68 тілде, теледидар 60 тілде хабар таратады. Бұл аздық етіп, диаспораларға парламентте, үкіметте, оқу орындарында квота бөлінді, диаспора кәсіпкерлеріне салықтардан жеңілдік берілді. Жаңа Зеландия - Тынық Мұхиттың оңтүстік-батыс жағында орналасқан екі (Солтүстік және Оңтүстік деп аталатын) аралдан, сонымен қатар басқа да ұсақ аралдардан (Стюарт, Чатам) тұратын ел. Жер аумағы – 270,5 мың км2. Бұған қоса Жаңа ЗеландияАнтарктиканың бір бөлігін (жалпы аумағы 414,4 мың км2) сырттай меншіктенеді. Астанасы – Веллингтон. Халқы – 4,2 млн. адам. Жаңа Зеландия – өндірісі мен ауыл шаруашылығы дамыған ел. Ішкі жиынтық өнім жеке адамға шаққанда 16786 АҚШ долларын құрайды. Өнеркәсібінің негізгі салалары: тамақ, қағаз шығару, машина жасау, химия, тігін, т.б. Соңғы жылдары экспортқа балық шығару жедел дамып келеді. Жаңа Зеландия ет-сүт өнімдерін өндіруден, қой өсіруден дүние жүзінде жетекші орында. Әлемдегі сүт өнімдерінің 25%-ын шығарады. Жыл сайын миллион тоннадан аса ет, 200 мың тонна жүн (Австралиядан кейін 2-орын) өндіреді. Экспортқа тауар шығарудан жан басына шаққанда Жаңа Зеландия дүние жүзінде 1-орын алады. Өндірілген өнімдердің 30%-ы экспортқа шығарылады. Олар, негізінен: ет, сүт, жүн, жеміс-жидек, балық, ағаш өнімдері. Импорттың 40%-ын машина, құрал-жабдықтар, көлік құралдары құрайды. Қалған бөлігі шикізаттар мен мұнай, химия өнімдеріне тиесілі. Қазақстан мен Жаңа Зеландия арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1993 ж. 10-тамызда орнады. | Оқушы тақырыпты оқиды. Керек жерін дәптеріне жазып алады. Оқулықта берілген тақырыпшаларға талдау жасап, дәптерлеріне жазады. | |
Тақырыпты бекіту: 1. Екі елдің географиялық орналасу ерекшеліктері? 2. Табиғи ресурстарының таралуы? 3. Екі елдің ЖІӨ арасындағы айырмашылық? 4. Мемлекеттік құрлымы? | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша апсырмаларды орындайды. | |
§33 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
Сынып: 11
Пән: География.
Сабақ
Күні:
Тақырыбы: Мұхиттық арал елдері
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Аустраляи Одағы және Жаңа зеландия елдер жайлы ,жалпы түсінікті мағлұматтар беру.
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. 1.Африка елдерінің шаруашылығына қандай ерекшеліктері тән? Ол ерекшеліктер қандай табиғат жағдайына тарихи әлеуметтік –экономикалық себепке байланысты деп ойлайсыздар. 2.Африка елдерінде ауыл шаруашылығын дамытумен байланысты қандай экологиялық проблема белең алуда, оларды тежеу мен алдын алудың қандай жолдары бар деп ойлайсыздар. 3 Картадан Сахель зонасында орналасқан елдерді анықта. 4. Африкадағы жүк айналымы жоғары порттарды анықтап кестені толтырыңыз | Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап,сұрақтарға қысқаша жазып алады. | |
Мұхит Аралдары – Тының мұхиттың орталығы және оңтүстік-батыс бөлігіндегі аралдары тобы (10 мыңдай). Жері 1,26 млн км2. Аралдар Солтүстік жарты шардың субтропиктік (28° 25’ солтүстік ендік) және Оңтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктері (52° 30’ оңтүстік ендік) аралықтарында орналасқан. Ең ірі аралдары Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландия мұхит аралдары жерінің 80%-ын қамтиды. Бүкіл құрлықты дүние бөліктеріне бөлгенде мұхит аралдары Австралиямен қосылып айтылады. Халқы (Австралиясыз) 8 млн-дай (1971). Табиғаты Мұхит аралдары Меланезия (батыстағы ең ірі аралдар), Микронезия (Меланезиядан солтүстегі ұсақ аралдар), Жаңа Зеландия және Полинезияға (қалқан ұсақ аралдарының бәрі) бөлінеді. Рельефі және геологиялық құрылысы. Батыс Микронезия, Меланезия және Жаңа Зеландия аралдарының рельефі таулы, тілімделген. Ең биік жері Жаңа Гвинеядағы Джая тауы 5029 м. Вулкандық жыныстардан бұл ауданда басымы – базальт. Вулкандық аралдарға Гавай, Самоа, Маркиз, Кук (Оңтүстік), Тубуаи, Пасха т.б., маржанды аралдарға Маршалл, Каролин, Гилберт, Эллис, Токелау, Кук (Солтүстік), Феникс, Лайн, Туамоту, Науру, Ошен және басқа ұсақ аралдар жатады. Пайдалы қазындылардан маңыздылары – никель рудалары (Жаңа Каледония), фосфат (Науру және Рождество аралдары), мұнай (Жаңа Гвинея), алтын (Жаңа Гвинея, Фиджи), көмір (Жаң Зеландия), мыс (Бугенвиль). Халқы: Саны жағынан көбі аборигендер, байырғы халқы малая-полинезиялық, бислама тілінде 82 пайыз сөйлейді, Тонга және Батыс самао елдерінде полинезия тонга диалектикасында 98 пайыз сөйлейді. Мұхит аралдары мен Кирибати, Маршал аралдары, Палау елдерінің 90-95 пайызын Микронезиялықтар құраса Папуа-Гвинеяда 84 пайыз папулықтар қалғаны Меланезиялықтар құрайды. Еуропалықтар нәтижесінде христиан дінін басым ұстанады. Басқа ислам,индуизм, бахайзм, жергілікті діндерді ұстанады. Табиғи ресустарға онша бай емес. Вануату, Маршал аралдары, Микронезия аралдары фосфат өндірудің экономикалық маңызы зор. Негізгі сауда серіктестері АҚШ, жапония, Аустралия, Ж. Зеландия ЖІӨ әр елде әртүрлі ең жоғарғысы ЖП Гвинея 11,9 млрд доллар одан ары қарай азая береді. Папуа — Жаңа Гвинея, Папуа — Жаңа Гвинея тәуелсіз мемлекеті,Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ел аумағы құрамына Жаңа Гвинея аралының шығыс бөлігі, Бугенвиль және Букааралдары (Соломон аралдары), Луизиада және Бисмаркархипелагтарының аралдары кіреді. Жер аумағы 462840 км2. § Халқы 5 млн. (2001). § Астанасы – Порт-Морсби қаласы § Ресми тілі – ағылшын тілі, пиджин, моту тілдері де қолданылады. § Тұрғындарының 50%-ы протестанттар, 22%-ы католиктер, қалғандары жергілікті дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады. § Мемлекет басшысы – Ұлыбритания монархы тағайындайтын жергілікті генерал-губернатор. § Үкімет басшысы – премьер-министр. § Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық парламент. § Әкімшілік жағынан 19 провинцияға және 1 астаналық округкебөлінеді. § Ұлттық мейрамы – Ұлт күн – 16 қыркүйек (1975). § 1975 жылдан БҰҰ-ға мүше. Ақша бірлігі – кина. Экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі. § Басты ауыл шаруашылық дақылдары: кофе, какао, банан, кокос пальмасы, каучукөсімдігі. Жүгері, маниок, ямс, батат, таро, қант құрағы өсіріледі. § Ет өндірісі үшін мал ш. жолға қойылған. Балық кәсіпшілігі жақсы дамыған. § Тау-кен өнеркәсібінде алтын, күміс, мырыш, мыс өндіріледі. Экспортқа кофе, какао бұршағы, пальма майы, шай, какос жаңғағы, каучук, алтын, мыс кентасы, шикі мұнай, ағаш шығарады. Сырттан машина және көлік жабдықтары, азық-түлік сусын, темекі, өнеркәсіп тауарлары, химия өнеркәсібі өнімі, минералдық отын әкелінеді. | Оқушы тақырыпты оқиды. Керек жерін дәптеріне жазып алады. Оқулықта берілген тақырыпшаларға талдау жасап, дәптерлеріне жазады. | |
Тақырыпты бекіту: | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша апсырмаларды орындайды. | |
§34 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |