Курстың, академиялық тәртіптің және этиканың саясаты
Пререквизиттері және постреквизиттері
Пререквезиттері: «Экономикалық теория», «Банктік құқық», «Инвестицияны қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелеу», «Қаржы»
Постреквезиттер: «Банк ісі» пәнін студенттерге оқытудағы мақсаты банк қызметін өркениетті деңгейде атқара алатын, кәсіпкерлігі жоғары маман болу үшін қажетті жан-жақты, банк ісін ұйымдастыру жөнінде ғылыми және практикалық білімдер негізін беру.
4. Қысқаша сипаттама:
«Банк ісі» пәні міндетті пән болып табылады. «Банк ісі» пәні төмендегідей тақырыптарды оқытады: Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы, Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерді құру, оның қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы, Қаржылық қадағалау агенттігінің банкті ашуға рұқсат беру және банктік операцияларды лицензиялау тәртібі. Банктерді тарату, Қазақстан Республикасында банктер қызметтерінің құқықтық негіздері, Банктік ресурстарды құрау көздері. Пассивтік операциялар, Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі, оны қалыптастыру және басқару, Активтер және коммерциялық банктің активтік операциялары мен активтер портфелі, Банктік несиелеу жүйесі және оның элементтері, Кепіл-несиенің қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың негізгі формасы. Кепіл болушылық, кепілдік, Тұтыну несиесі және ипотекалық несие, Банктің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг операциялары, Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді басқару, Банктік менеджмент және банктік маркетинг, Коммерциялық банктің өтімділігін және төлем қабілетін басқару, Банктік қадағалау.
Курстың мақсаты «Банк ісі» пәнін студенттерге оқытудағы мақсаты банк қызметін өркениетті деңгейде атқара алатын, кәсіпкерлігі жоғары маман болу үшін қажетті жан-жақты,банк ісін ұйымдастыру жөнінде ғылыми және практикалық білімдер негізін беру.
Курстың міндеттері: «Банк ісі» пәнінің Қазақстанда экономикалық ғылымның дербес саласы ретінде қалыптасуының терең заңдылықтары Қазақстан Республикасының саяси және экономикалық дербестігі бар тәуелсіз мемлекет ретінде дамып одан әрі өркендеуінің нәтижесінде құрылған және 1993 жылы енгізілген Ұлттық төл теңге айналысына негізделген екі деңгейлі банк тер жүйесінің кемелденіп, халықаралық стандартна өту процесімен тығыз байланысты. «Банк ісі» пәнінің практикалық маңызы зор дербес ғылым саласы ретінде дамуына Ресейлік және Қазақстандық ғалымдар үлкен үлес қосты.
- ақша-несиелік реттеу алғы шарттарын оқу;
- банктік операция түрлерін сипаттау;
- банк жүйесінің даму кезеңдерін оқу.
«Банк ісі» пәні экономикалық ғылымдардың арнайы саласы.
Пәнді оқу үрдісінде білуі тиіс:
- Банк ісін ұйымдастыруда заңнамалық және теориялық негіздерді;
- Банк маманына қажетті теориялық білімнің және тәжірибелік дағдының жиынтығын.
Атқара білуі керек:
- алған білімді тәжірибеде қолдану
- банктік операциялардың кейбір түрлерін жүргізу
Құзыретті болу:
- елдің қазіргі банк жүйесінің даму сұрақтарында
Баға қою саясаты
Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингісінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториядан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.
Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің дербес жұмысы, межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.
Курстың, академиялық тәртіптің және этиканың саясаты
- Сабақ қалдырмау;
- Қалдырған сабақтарды оқытушының арнайы бөлген уақытында орындау.
- Сабаққа кешікпеу.
- Ұялы телефондарды сөндіру.
5. Тапсырма орындалмаған жағдайда қорытынды бағасы төмендейді (айыппұл балдары).
6. Оқыту барысына белсенді қатысу.
7. Үй тапсырмаларын және басқа да тапсырмаларды жауапты және ұқыпты орындау.
8. ЖОО жарғысын, ар-намыс Кодексін, ішкі тәртіп ережелерін сақтау.