Ер қорларын қорғау және тиімді пайдалану шаралары.
Жер қоры оның халық шаруашылығында пайдалануы бойынша 5 топқа бөлінеді:
1. Ауылшарушылығында пайдаланатын жерлер
2. Халық тұратын жерлер
3. Өндірістік транспорттық, курорттық, қорықтық т.б. ауылшарушылығы мақсатында қолданылмайтын жерлер.
4. Мемлекеттік орман қоры.
5. Мемлекеттік қор
Көрсетілген жер қорының категориялары жерді пайдаланушыларға бөлініп, мемлекеттік актілермен бекітілген.
Топырақты агроөндірістік топтастыру- топырақтың агромиялық жағдайына және ауылшаруашылығында пайдалану өзгешеліктеріне қарай ірі аймақтық топтарға біріктіру болып табылады. Агроөндірістік топтастыру ауыо шарушылығы дақылдарының өніп-өсетін ортасы ретінде сипатталатын табиғи қасиеттеріне негіделген. Осы қасиеттерден топырақ түзілуінің гидротермиялық және геоморфологиялық жағдайлары, гумус қабатыны қалыңдығы, механикалық құрамы, қорекетік тәртібі, су-ауа режимі, физикалық қасиеттері ескеріледі. Сондай-ақ агроөндірістік топтастыру батпақтануға, кебірленуге, сорлану мен эрозияға қарсы қажеттілігін көрсетіп, топырақты тиімді пайдалану мәселелерін шешуге септігін тигізеді.
Банитировка және агроөндірістік топтастыру жерді экономикалық бағалаудың негізгі әдісі болып табылады. Жерді экономикалық бағалау дегеніміз- жер қорларын өзара салыстыру арқылы тиімділігін анықтау. Экономикалық бағалаудың әдістемелік негізі табиғи және жасанды топырақ құнарлылығының бірлігі. Экономикалық бағалау тек топырақтың құнарлылығын анықтап қана қоймай , ауыл шарушылығы өндірісінің басты құралы ретінде белігілі территорияның өнім алудағы шығыс мөлшерін анықтайтын құрлықтағы өзгешеліктерін жер бедері, топырақ жамылғысы, өнім өткізетін орынның алыстығы, экологиялық жағдайлары т.б. есептейді. Экономикалық бағалаудағы есептер бағамен жүргізіледі, оның маңызды көрсеткіштеріне алынған өнімінің жалпы бағасы, түсім алуға шығарған шығынның жалпы көлемі және табыс жатады.
Бонитет балын есептеу. Топырақтың әр жинақталған көрсеткіш қасиеттері үшін бонитет балын есептеп шығарады. Ол үшін ең жоғарғы балл 100 балл уақытша осы өңірдегі қасиеттері де, өнімі де жақсы топырақты есептеп, одан кейінгі топырақтарды қасиеттері нашарлаған сайын тізімде төмендете береді. Топырақты бонитеттеу үшін көптеген топырақ қасиеттерінен тек оның өніміне әсер ететіне қасиеттерін таңдап алу керек. Топырақтың қасиеттері арқылы әр топырақтың түрінің қасиеттерін бал арқылы бонитеттеу төмендегідей формула арқылы есептелінеді:
Б =3Ф/3М×100.
мұндағы Б – бонитет балы, 3Ф – топырақ қасиеттерінің нақтылы көрсеткіші (гумус, NPK мөлшері, т.б.), 3М –келтірілген топырақ қасиеттерінің ең жақсы үйлесімді мөлшері, яғни 100 балға есептелетін мөлшер.
Ескеретін жай, Одақ тарап бұрынғы Одақтағы мемлекеттер өз егемендіктерін алып, нарықты экономикаға көшуге байланысты жер бағалау жұмыстары ТМД елдерінде жаңа қарқын алуда. Бұл жайында Қазақстан мысалында төменде айтылады.
2.8. топырақтарды жүйелеу (классификациялау)
Топырақтар табиғи әрітарихи дене болғандықтан, оларды біліп, түсіну, тиімді пайдалану үшін бір ретке келтіріп жүйелеу қажет. Мұны топырақмсты жүйелеу деп атайды.топырақты жүйелеу жұмыстарының күрделілігі сол – ол жүйеленуге тиісті топырақтардың барлық қасиеттерін, олардың пайда болып, түзілу құбылыстарын, топырақ түзуші факторлардың тигізетін әсерлерін, адам қоғамының әсерін, яғни табиғи-тарихи әдістерді қолдану қажет. Топырақтардағы кездесетін кешенді белгілерін тауып, солар оларды әр түрлі деңгейдегі таксономиялық өлшемдерге бөлу қажет. Топырақтың қасиеттері мен кейбір белгілері тұрақты және өзгеріп тұратын қасиеттер мен белгілерге бөлінеді. Мәселе оларды жүйелеген кездерде оның қасиеттері мен белгілерін ажырата білу қажет. Сонымен қатар топырақтардың өздерінің одан да күрделі және жоғарғы комплекс – ландшафтарының бір бөлігі екнін ескерген жөн. Осыған байланысты топырақтардың көптеген қасиеттерінің өздері оның геохимиялық байланысқан ландшафтарының қай бөліктеріне орналасуымен анықталатыны түсінікті. Бұл жағдайлардың барлығын ескеріп, қамту өте күрделі мәселе. Әлемде осы күнге шейін топырақтардың бартық жағдайларын ескеріп, үйлесімді жасалған классификациясы жоқ. Әр ел өзінше бұл мәселемен шұғылдануда.
Топырақтану ғылымының негізін қалаған В.В. Докучаев болғандықтан, топырақтарды жүйелеу де Ресейде дұрыс жолға қойылғандығын дүние жүзі ғалымдары мойындады. Сондықтан да біз 1886 жылы В.В. Докучаев жасаған топырақтарды классификациялау принциптерін келтіреміз. Топырақты классификациялаудағы негізгі таксомиялық өлшеміне топырақ типін қабылдап, жалпы барлық топырақтарды ол 3 топқа бөлді:
1 топ. Қалыпты зоналық топырақтар:А- құрғақ шөпті топырақтар, оларға төмендегідей 5 топырақ типтері кіреді: а) терістік ашық сұр күлгін; б) орманның сұр топырақтары; в) қара топырақтар; әрі қарай әр тип механикалық құрамдарына қарай бөлінді. Б- құрғақ-батпақты топырақтар – су жайылмаған шалғындардың қышқыл топырақтары, В-батпақты топырақтар-шымтезектер, тундра топырақтары.
2 топ. Өтпелі топырақтар:А-шайылған топырақтар, Б-жер бетіне төселінген топырақтар.
3 топ. Қалыпсыз топырақтар:төселінген, өзен мен көлдер аллювилері, жел үйінділері.
Докучаевтың топырақ типі-топырақтарды жүйелеудегі негізгі өлшем болып қалды. Алайда олардың сандары әр заманда әр түрлі өзгерістерге ұшырауда. Докучаевтен соң топырақ жүйелеудегі мәселелерімен көптеген оның шәкірттері шұғылданды.
Топырақты жүйелеуде оның барлық қасиеттерін қамту қиын, сондықтан кейбір ғалымдар, мәселен К.Д.Глинка оның негізіне топырақтардың химиялық құрамын негізге алған жүйелерді ұсынды. Дегенмен олардың ешқайсысы да қолдау таппады.
Кеңестік заманда бүкіл еліміздің топырақтарының ресми жүйесі болып КСРО-ның Ғылым академиясының В.В.Докучаев атындағы Топырақтану институтының ғалымдары профессорлар Е.Н.Иванова, Н.Н.Розов басқарған комиссия мүшелері 1960 жылдары бекіткен жаңа жүйе есептелінеді. Осы жүйе бойынша топырақты жүйелеудегі негізгі өлшем сол күйінде-«топырақ типі» болып В.В.Докучаев термині қалды. КСРО Ғылым академиясы В.В.Докучаев атындағы Топырақтану институтының директоры болған академик Л.И.Прасоловтың анықтауы бойынша топырақтың бір типіне жату үшін олар төмендегідей бір тектес жалпы белгілерге ие болуы қажет: 1) органикалық заттардың біртектес түсіп, өзгерістерге ұшырауы, ыдырауы; 2) минералды заттардың біртектес комплексті үгілу процестеріне ұшырауы, олармен органо-минералдық түзілістердің біртектес түзілуі; 3) заттардың жылжуы мен шоғырлануының біртектес болуы; 4) топырақ пішіні құрамының біртектес болуы, яғни негізгі қабаттарының құрамының біркелкі болуы; 5) топырақтың құнарын сақтап және оны арттыру шараларының бір бағытта болуы.
Топырақтар типі негізгі топырақ түзілу роцестеріне қосымша өткен кезеңнен қалған айрықша белгілері бар топырақ типшелеріне, яғни топырақ зонасы топырақтың кішігірім зоналарына- зонашаларына бөлінеді. Мәселен, кең алқапты орманды зонаның күлгін топырақтар типінде: кәдімгі типті күлгін топырақтар типшелерімен қатар, глейлі-күлгінді, шымды-күлгінді топырақты типшелері кездеседі. Ал қара топырақты тип-негізінен үш зонашаға бөлінеді: терістік мол гумусты, орталық немесе кәдімгі қара топырақты және оңтүстік, аз гумусты зонашаларына бөлінеді.
Топырақ типшесі, яғни зонашалары топырақ жақындастығына, туыстығына қарай бөлінеді. Топырақ жақындастығы негізінен оның пішінінің сапалық ерекшеліктеріне тән. Бұл жағдай топырақ түзуші аналық жыныстардың химиялық құрамына немесе топырақ түзілудің өткен кезеңдерінен қалған кейбір белгілеріне байланысты болуы мүмкін.
Топырақ жақындастығы топырақ түрлеріне бөлінеді.бұл көбіне топырақтағы негізгі процестердің даму деңгейінебайланысты. Топырақ қабаттарының қалыңдығы, органикалық және минералдық заттардың топырақта жиналу белсенділігіне, қарашірінді, карбонаттар, тез ерігіш тұздар, күлгінді және гумусты қабаттардың қалыңдығына қарай бөлінеді. Мысалы, шамалы, орташа және қатты күлгінді, шамалы, орташа немесе қатты сорланған. Ал қаратопырақтар: қалың қабатты, орташа және жұқа қабатты т.б. болып бөлінеді.
Топырақтың әр түрлілігі негізінен олардың механикалық құрамына байланысты: құмды, құмдақ, сазды, балшықты т.б. болып келуіне және игерілу мәдени деңгейіне қарай ажыратылады. Мәселен жаңа игерілген, жолғары мәдениленген, эрозияға шамалы немесе қатты шалдыққан т.б.
Сонымен бұрынғы КСРО елдерінде топырақтардың 100-ден артық типтері, олардың әрқайсысында бірнеше типшелер, оңдаған жақындастық және түрлері бөлінген. Олар туралы шамалы мәліметтерді әрбір топырақ зоналарына тоқталған кезде келтіреміз.
Топырақ жүйесі топырақтарды картаға түсіргенде, оларды агроөндірістік топтағанда және құнарлылығына қарай бағаланғанда қолданылады. Ескеретін жай, кейбір топырақ объектілерін қажеттілікке сай ірі масштабта картаға түсірген кезде, жоғарыда айтылған ірі таксономиялық өлшемдерден басқа да кішігірім өлшемдер практикада жиі қолданылады. Топырақтарды практикада қолдану бағытына қарай, мәселен: суару, құрғату, тыңайтқыштар енгізу, эрозия және ластанудан қорғау жағдайларына байланысты топырақты жүйелеудің қолданбалы жүйесі падаланылады.
Ұсақ территорияларды картаға түсіру және оларды жүйелеу кезінде кішігірім өлшемдерқолданылса, ал аса ірі аймақтарды картаға түсіріп, олардың классификациялау кездерінде жоғарғы айтылғандарды біріктіріп, типтен де жоғарғы өлшемдер қолданылады. Мысалы, профессор М.А.Глазовская әлем топырақтарын классификациялау сызба-нұсқасында типтен жоғары топырақ жақындастығын, топырақ генерацияларын және топырақтың геохимиялық ассоциациялары бөлінген. Дегенмен бұл ұсыныс барлық жерде қолдау әлемде ғана әрбір жеке елдерде де үйлесімді жасалып, барлық сұрақтарға жауап беретін, көпшілікпен қабылданған шаруа емес. Бұл мәселелер әрбір жеке елдер ғалымдармен қатар, халықаралық топырақтанушылар назарында.
Бақылау сұрақтары.
1. Топырақ пішініқандай қабаттарға бөлінеді, оларды қалай белгілейді.
2. Қандай морфологиялық қасиеттері бойынша топырақтарбір-бірінен ажыратылады.
3. Топырақтың түсіне әсер ететін қосылыстар,олардың экологиялық жағдайлармен байланысы.
4. Топырақтағы қосылыс заттар,олардың пайда болуы. Топырақтағы химиялық қосылыстар.
5. Топырақтағы биологиялық қосылыстар.
6. Топырақтың физикалық көрсеткіштеріне не жатады?
7. Топырақ құрылымы, оның топырақтың басқа қасиеттеріне тиетін әсері.
8. Топырақтың кеуектілігі, оның көлемі.
9. Топырақтың су өткізгіштігі, су сыйымдылығы.
10. Топырақтың ылғал режимі, оны өзгерту жолдары.
11. Топырақтың жылулық режимі, оның маңызы
12. Қандай топырақтар жылылықты көп уақыт сақтайды
13. Топырақтың сіңіру қабілеті, оның түрлері
14. Топырақтың сіңіру қасиетін зерттеуде К.Гедройцтың еңбектері.
15. Топырақтың сіңіру қасиетіне әсер ететін топырақтың бөлшектері.
16. Топырақтардың сіңіру кешені
17. Топырақ ортасның реакциясына қандай иондар әсер етеді?
18. Топырақтың радиоактивтігі деген не?
19. Топырақтың құнарлылығы, оның түрлері.
20. Топырақ құнарлылығы, оның түрлері.
21. Топырақ құнарлылығын арттыру жолдары, олардың биологиялық жолдары.
22. Топырақ сапалылығының көрсеткіштері
23. Топырақтарды жүйелеудің маңызы.
24. Топырақтың негізгі таксономиялық өлшемдері.
25. Топырақты жүйелеу саласындағы ғалымдар
26. Топырақты бонитеттеу