Тақырып. Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
Үй тапсырмасы
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз
1. Адамның әлеуметтік-экономикалық дамуын қалай сипаттауға болады?
2. Адам капиталы дегенді қалай түсінесіз және ол қандай элементтерден тұрады?
3. Өндірістік қатынастар қандай сатылардан тұрады?
4. Өндірістік қатынастардың мақсаттары қандай?
5. Өндіріс факторларына не жатады?
6. Маркстік теория мен маржиналистік теория бойынша өндірістік факторларға неліктен әртүрлі сипаттама берілген?
7. А.Смит пен Д.Рикардо өндіріс факторларын қалай жіктейді?
8. Өндіріс факторларының ішіндегі кәсіпкерлік қабілеттің рөлі қандай?
9. Экономиканың басты үш сұрағы қандай, олар қалай шешіледі?
10. Өндірістік функция дегеніміз не?
Тест тапсырмалары
Нұсқа 1
1. Адам еңбегі.................................................... бағытталған:
A) жиынтық табыс дәрежесін жетілдіруге;
B) еңбек заттарына;
C) басшылармен түсінбестікті азайтуға;
D) ресурстардың сиректігін қысқартуға;
E) тұтыну дәрежесін тұрақтандыруға.
2. Еңбектің анықтамасы:
A) адамдардың көп жақты қызметі;
B) бірнеше ұйымның бірігіп өнім шығаруы;
C) адамның материалды игіліктерді өндіру мен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты, нәтижелі қызметі;
D) адамның нақты міндеттеме алуына байланысты келісім-шарттық жұмысының нәтижесі;
E) нақты және күрделі еңбектің жиынтығы.
3. Өндіргіш күштердің элементтері:
A) еңбек заттары;
B) өндіріс - құрал жабдықтары мен жұмыс күші;
C) басқару және ақпараттық жүйелер;
D) табиғи және қорланған материалдық игіліктер;
E) еңбек құралдары, шикізаттар.
4. Экономикалық қатынастар жүйесі:
A) өндіру;
B) белу;
C) айырбас;
D) тұтыну;
E) барлығының жиынтығында.
5. Өндірістік қатынастар жүйесіне кіретіндер:
A) өнімді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастары;
B) өндірістік ресурстарды пайдалану;
C) техникалық -экономикалық қатынастар;
D) әлеуметтік-құқықтық қатынастар;
E) меншіктік қатынастар.
6. Материалдық өндіріске жатады:
A) денсаулық сақтау;
B) білім беру;
C) ауыл шаруашылығы;
D) спортпен шұғылдану;
E) балет енері.
7. Материалдық емес өндіріске жататын сала:
A) білім беру;
B) ғимарат тұрғызу;
C) өнеркәсіп тауарларын өндіру;
D) пайдалы қазбаларды игеру;
E) агроөнеркәсіптік кешен.
8. Капитал - еңбекпен қатар, өндірістің мәңгі бастауын көрсететін өндірістік игіліктердің қоры деп санайтын ғалым:
A) А. Маршалл;
B) Кларк;
C) А. Смит;
D) Д. Рикардо.
E) Курно
9. Кемімелі өнімділік заңының мәні неде:
A) өндіріс факторлары өзгеше сипатталады;
B) материалдық өндіріс аясында заттық игіліктер өндіріледі;
C) басқа ресурстар және технологияның өзгеріссіз жағдайында бір ресурс шығыныңың ұлғаюы аз шекті өнім әкеледі;
D) бастапқы иелену түрімен әдіс бірлігі;
E) өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас дамиды.
10. Экономикалық теорияда ресурстар шектеулігін қалай бөледі:
A) нақты және абстрактілі;
B) ұдайы және ұлғаймалы;
C) рухани және материалдық;
D) индукция және дедукция;
E) абстрактілі және салыстырмалы.
Нұсқа 2
Табиғи ресурстар дегеніміз не?
A) өндіріс процесінде пайдаланылатын табиғи компоненттер;
B) адамдар жасаған ресурстар;
C) өнім өндірудің технологиясы;
D) еңбек құралдары;
E) еңбек заттары.
2. Еңбек құралдары:
A) жылу-отын;
B) табиғи заттар;
C) өңдеуші, техникалық құрал-саймандар;
D) энергетика көздері;
E) материалдар.
3. Нақты еңбек дегеніміз:
A) күрделі еңбек;
B) дене еңбегі;
C) жай еңбек;
D) тұтыну құнын жасаушы еңбек;
E) басқарушылар еңбегі.
4. Абстрактылы еңбек дегеніміз:
A) жай еңбек;
B) басқарушылар еңбегі;
C) адам еңбегінің жалпы жұмсалу сипаты;
D) адам еңбегінің айырбастағы өлшемі;
E) күрделі еңбек.
5. Белгілі бір білімді, дағдыңы қажет ететін еңбек:
A) күрделі еңбек;
B) жұмысшы еңбегі;
C) тек жай еңбектің түрі;
D) нақты еңбек;
E) физикалық-күш қуат.
6. Технологиялық даму теориясына қатысы жоқ кезең:
A) қола дәуірі;
B) тас дәуірі;
C) ірі машиналы индустрия;
D) биөтехнология;
E) өндірістің қоғамдасуы.
7. Тұрақты капитал:
A) тек еңбек құралдарын сатып алуға кеткен капитал;
B) еңбек құрал-жабдықтарын сатып алуға кеткен капитал;
C) жұмыс күшіне жұмсалған капитал;
D) құрылыс жүргізу үшін кеткен капитал;
E) банкте жинақталған қор.
8. Капиталдың айналым уақыты құрылады:
A) айналыс уақытынан;
B) өндіріс уақытынан;
C) жұмыс кезеңінен;
D) өндіріс және айналыс уакытының сомасынан:
E) жұмыс кезеңі мен сату уақытының сомасынан.