АЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ. Нарықтық экономикада табыстарды түсіндіру өндірістің барлық факторларын төрт топқа бөлуден тарайды
Пән: Экономикалық теория негіздері | |
2 кредит | |
Тәжірибе № 9: Өндіріс факторлардың рыногы мен факторлық табыстың қалыптасуы. |
Нарықтық экономикада табыстарды түсіндіру өндірістің барлық факторларын төрт топқа бөлуден тарайды. Әрбір фактордың табыс әкелуге қабілеті бар.
1. Жер өндірісінің тап осы факторы әкелетін табысты рента деп атайды.
2. Адам еңбегінің ресурстары. Ол ресурстардың көлемі биологиялық және әлеуметтік процестермен анықталады. Осы факторды әкелетін табыс жалақы деп аталады.
3. Кәсіпкерлік қабілеттер жеке топтарға бөлінеді. Олар қалыпты немесе кәсіпкерлік пайда туғызады.
4. Капитал – бұл күрделі игілік. Бұған ғимараттар, өндіріс құрал-жабдықтарын жатқызамыз. Кез келген өндіріс факторы негізінде ақырғы өнім жатады.
Өндіріс факторының ақырғы өнімі қосымша өнім және тағы басқа өнімдір шығару болып табылады. Ол өнімдер осы фактордың тағы бір единицасын әкеп қосқанда басқа факторлар өзгеріссіз қалған жағдайда алынады.
Жалпы өндіріс факторының бағасы сұранымменұсыным арқылы анықталады. Себебі сұраным бағыты фактордың ақырғы бағытымен сәйкес келеді.
Теңдік баға сұраным мен ұсынымның дәл осындай ара-қатынасында өндіріс факторының ақырғы табыстылығымен сәйкес шығады. Өндірісте жасалынған табыс өндірістегі әрбір фактордың баға сомасын аз болмауы керек. Яғни, кем дегенде ол факторлардың (еңбек, жер, капитал) әр бірінің ақырғы табыстық сомасына тең болуы тиіс.
Жалақы еңбек бағасы ретінде – еңбек өндіріс факторы айырықша фактор болып саналады. Оның тауарлы формасының ерекшелігі бойынша бұл ресурс толық көлемде саналатын нысан болып табылады. Еңбек рыногында сұраным мен ұсынымның ара-қатынасы еңбек ақы деңгейін анықтайтын жетекші экономикалық фактор. Кез келген басқа ресурс секілді еңбек рыногы өзінің тепе-теңдігін жоғалтып алуы мүмкін.
Жалпы пайыз дегеніміз - адамдардың ресурстарды сатып алатындай ақшаны тапқанша күтіп жүрместен ол реурстарды қазір алуға төлейтін бағасы. Сонымен қатар пайызды дәл қазір ресурстарды үстеме баға деп те қарастыруға болады. Қазіргі сәтте ресурстарды иемдену адамдардың қолдару жету спектрлерін жетілдіре түседі.
Ресурстарды күнделікті жұмсау біздің әрекет жасауымызға жиі мүмкіндік ашады. Ал ол уақыт өткен соң ол бізідң табыс алуымызға мүмкінідк береді. Сонымен қатар осының нәтижесінде алдағы уақыттың бір сәтінде біздің басқа бір жағдайдан гөрі алатын ресурстарымыз әлде қайда мол болып шығады. Сонымен пайыздың жылыдқ ставкасы үлкен құндылықты көрсетеді.
Адамдар оны келер жылы күтілетін игіліктермен салыстыру бойынша қазіргі қолдағы бар игіліктерге жатқызады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады. Бір жылдан кейініг алуды күткен бүгінгі игіліктің алу құндылығын анықтау үшін пайыз ставкасына сәйкес олардың құндылығын азайту қажет.
Тепе-теңдіктің бұзылуы
Факторлар
Бұзбайтын фактор | Бұзатын фактор |
1. Кәсіпкерлер тарапынан еңбекке сұраныстың төмендеуі; 2. Фирмалар төлейтін еңбекақының төмендеуі; 3. Фирмалардың еңбекақыны көбейтуі; 4. Халықаралық бәсекелестің күшеюі. | 1. Кәсіподақтардың саясаты (еңбекақыны көтеру, жұмыс уақытын қысқарту салаларын); 2. Мемлекет саясаты (еңбек рыногы салалары жағдайындағы түзетулер: а) ең аз жалақыны белгілеу; б) жұмыспен қамтуды әлеуметтік қорғау туралыфирмаға қатысты талаптар; 3. Ірі корпорациялардың саясаты. |
3. Пайда және процент.
Пайда және процент қазіргі экономикалық теорияда өте бір күрделі әрі пікірталас мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселені талдау пайда және проценттің көзін анықтау ғана емес, оның рыноктық экспортындағы атқарар қызметтерін қарастыру.
Пайда және процент теориясы
К.Маркстің пайда теориясы еңбек, құн теориясының және қосымша құн теориясының тікелей жалғасы болып табылады. Қосымша құн Маркстің пайымдауынша пайданың, сауда пайдасының, қарыз процентінің өзгерген түрі, соңғыларынан шыққан тегі.
Тауар құнының формуласы: W = ( C+V) + P P – пайда формасы