Жаңашылдық - фирмалардың бәсекелестік басымшылығының негізгі факторы ретінде
КІРІСПЕ
Дәрістің курсында инновациялық үрдістің негізгі ұғымдары, инновациялық идеялардың негіздері, инновациялық үрдістің өмірлік кезеңін фазасын, инновациялық қызмет нарығын сипаттау, инновациялық инфроқұрылымның негізгі элементтері бар.
Курста зияткерлік меншіктің негізгі объектісі, оларды құқықтық қорғау, өндірістік меншік объектілерге құқықты беру мәселелері қарастырылған.
Халықаралық өндірістік меншігі және халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүргізу кезіңде онын мәні, бар патенттік жүйелердің ерекшелігі сұрақтары ашылды.
Дәріс курсы құрылыс мамандықтың бакалавриат студенттері үшін арналған.
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
Қазіргі кезде инновациялық әрекет кез келген өндірістік кәсіпорындарға тән. Кәсіпорын инновация нарығында алдын қатарда бомаса да ертен бе бүгін моральды тозығы жеткен технология мен өнімдерді айырбастау қажеттілігімен кездеседі. Сонымен инновациялы қызметті басқару сұрағы өзеті болып табылады.
Сонымен қатар, мұндай қызмет ғылыми, техникалық, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық проблемалары бар өте қиын болып табылады.
Инновациялық қызметті басқару дәстүрлі, қолданбалымен салыстырғанда өз ерекшеліктері бар. Біріншіден, ғылыми-зерттеу жән жобалық жұмыстардың болуымен негізделеді. Ғылыми ұжымды және жоғары кәсіби әзірлеушілер ұжымын басқару менеджерге арнайы талаптарды қояды. Бұл ғылыми жұмыстардың сипатына, ғылыми ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне, ғылыми еңбек нәтижесіндегі жеке тұлғалық құрамды ескеру маңыздылығына және т.б. байланысты. Бұдан жұмыс күнін, мотивация, бақылау, коммуникация жүйесін ұйымдастыруда, қызметкерлерді таңдауда және еңбек ұжымын қалыптастыруда, оқыту мен біліктілігін арттыруда, жұмыс үрдісін ұйымдастыуда, басқарудың қандай да бір стилін пайдалануда ғылыми ұжымды басқарудың негізгі ерекешеліктері шығады.
Инновациялық қызметтің дәстүрлімен салыстырғандағы тағы бір ерекшелігі оның тәуекелдігі болып табылады. Жаңа пайдаланылатын өнімдерді және техниканың үлгілерін жасаудың кез кеген кезеңінде бұрын көрінбеген күтпеген проблемалар туындауы мүмкін, ол мерзімдердің бұзылуына, шығындардың көбеюуіне, жоспарланған мақсаттарға жетпеуге немесе инновациялық жобаны жабуға да әкелуі мүмкін.
Сонымен, инновация бойынша менеджерден стратегиялық ойлау, белгілі емес проблемаларды шығармашылық тұрғыда шешу, инновациялық үрдісті соңына дейін жеткізіп оңды нәтижені алуда күштер мен ресурстарды мобилизациялау үшін мүмкіндіктерді таба білу біліктілігін талап етеді. Сонымен қатар, инновациялық қызмет менеджерден арнайы инфроқұрылымды жасай білуді талап етеді.
Жаңашылдық - фирмалардың бәсекелестік басымшылығының негізгі факторы ретінде
Нарықтық экономика фирманың бәсекелестік басымдығын талап етеді. Бәсекелестік басымдығы әр түрлі тәсілдер арқылы құрылуы мүмкін: төмен бағамен, фирманың жоғары деңгейлі имиджімен, шектеулі ресуртарға қол жетімділігімен, әр түрлі жеңілдіктермен және т.б.
Басымдықтың екі шешуші түрі бар – өнім сапасы және оның жаңашылдығы.
Мұнда «сапа» ұғымы екі аспектіде қаралады:
- техникалық көзқараста – бұл өнімнің жобалық, нормативтік және басқа құжаттардың талаптарына сәйкес болуы;
- тұтынушылық көзқараста – сатып алушының тұтынуын қанағаттанадыратын қабілетін анықтайтын өнім сипаттамасының жиынтығы.
«жаңашылдық» ұғымы былай қарастырылады:
- техникалық көзқараста – бұл өнімге қолданылған жаңа конструктивті немесе технологиялық шешім;
- тұтынушылық көзқараста – бұл тұтынушының қажеттілігін бұрынғыдай емес жаңаша қанағаттандыратын өнімнің қабілеті немесе бұрын білінбеген жаңа қабілеттерін анықтап қанағаттандыру.
Шығарылатын өнімнің (көрсетілетін қызметтің) сапасын қамтамасыз етудің екі жолы бар (1.1 суреті).
Бірінші жол – бұл өніммен қоса фирманың өзінің, оның үрдісі мен технологиясының жетілуі. Бірақ бұл жолдың жетілдіру нысанына салынған принциптермен, әдістермен, заңдармен, табиғи құбылыстармен және т.б. байланысты шектеуі бар. Яғни сапаның артуының да өз шегі бар.
Сапаның жаңа деңгейіне өту үшін жетілдіру ғане емес, сонымен қатар жаңа принциптерді, әдістерді және заңдарды пайдалана отырып нысанды дамыту. Яғни тағы да жаңашылдық қажет!
Сонымен, бәсекелестік текетіресте алдыға ұмтылушы фирмалар жаңашылдық тауып ендірумен үнемі айналысуы керек.
Жапондық нарықта мотоцикл өндіруші “Хонда” және “Ямаха”екі фирмасы бәсекелесуде. “Ямаха” баға және сапа - бәсекелестік күрес стратегиясын таңдап алды. “Хонда” – жаңашылдықты. 18 айда ол 100-ден астам жаңа модельдер шығарды, прогрессивті ғылымға толы фирма атағына ие болды және нәтижесінде бәсекелестерін анағұрлым озып тауарларды сатуды екі есеге көбейтті.
Бәсекелестік басымдылық ретінде жаңашылдықты қабылдаған фирмалар және оның жетекшілері басқан жол көп қиындықтарға, қауіптерге, тәуекелдерге және кедергілерге толы, ол ерекше білімді және білікті талап етеді.
Бұдан «Инновациялық менеджмент» ғылымында жинақталған білім мен білік, дағдыларды алу қажеттілігі туындайды.
Инновациялық менеджмент – бұл өндірісті жетілдіру немесе жаңа өнімді (қызметті), сонымен қатар оны өндірудегі тәсілдерді, ұйымдастыруларды және мәдениетін игеру мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық, өндірістік қызметті және фирма қызметкерлерінің зияткерлік потенциалын басқару және оның негізінде қоғамды бәсекелі тауарлар мен қызметтермен қанағаттандыру.
1.1 сурет – Жаңашылдықтың, фирманың бәсекелестік басымдығы ретінде, басымдық негіздемесінің логикалық сызбасы