Пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері

Студенттерде төмендегі тараулар бойынша білім қалыптастыру керек:

· менеджмент теориясы мен практикасын;

· фармациядағы менеджмент жүйесін;

· фармациядағы менеджмент функциясын;

· басқару шешімдерін қабылдау тәсілдерін;

· фармациядағы маркетинг концепциясын;

· маркетингті басқару процессін;

· маркетингтік ортаны;

· маркетингтік зерттеу жүйесін;

· ҚР дәріхананың сауда қызметін реттеуді;

· дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың заманауи номенклатурасын, олардың сипаттамаларын;

· мерчандайзинг позициясынан дәріханаға қойылатын талаптарды;

· мерчандайзингтің негізгі құралдарын: дәріхананың орналасқан жері; дәріхананың сыртқы түрі, интерьер, сауда кеңістігін жоспарлау; жобалау (бөлімдерді, жұмыс орындарын бөлу және олардың дизайны); сакда орындарының жабдықталуы және құрал-жабдықтары; сауданың жеке принциптерін жүзеге асыру; мамандарды сату дағдыларына үйрету;

· бөлімдердің орналасуын, сауда залындағы жарнамалық материалдарды, ақпараттық қабырға газеттерін, дәрілік препараттардың презентациясын жоспарлауды;

· видеоэкология элементтерін;

· фармацевтикалық қызметкер мен сатып алушы арасындағы психологиялық аспектілерді;

· сату-сатып алу процесінің психологиясын;

· мерчандайзинг эксперименттерінің нәтижелерін өңдеуді;

· ҚР фармацевтикалық нарығында дәріхана желілерінің түзілу тарихын;

Практикалық дағды қалыптастыру:

· менеджментті фармацевтикалық қызметті басқару құралы ретінде қолдануды;

· маркетинг концепциясын, маркетингтік ортаны, фармацевтикалық нарықты дифференциялауды;

· сапалы фармацевтикалық қызметті тиісті түрде ұсынуды;

· кәсіби этика мен құпиялылықты сақтауды;

· мерчандайзингтік зерттеулерді жүргізуді құжатта көрсету, сараптық қорытындыларды құрастыруды;

Студенттерде коммуникативті дағдыларды қалыптастыру:

· басқару шешімдерін қабылдау;

· маркетингтік зерттеулерді жүргізу;

· маркетингті жоспарлау;

· бөлімдерді, жарнамалық материалдарды сауда залындағы ақпараттық қабырға газеттерін, дәрілік заттардың презентациясын ұйымдастыру бойынша.

Құқықтық дағды қалыптастыру:

· нормативті-құқықтық, жетекшілік, ақпараттық, ғылыми құжаттармен жұмыс істеу бойынша;

· маркетингті стратегиялық жоспарлауды; дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналым сферасында мерчандайзингті жүргізудің ұйымдастыру-құқықтық, заңды және әдістемелік негіздерін;

Студенттерде өзін-өзі жетілдіру дағдысын қалыптастыру:

· нормативтік, ғылыми, анықтамалық ақпараттармен жұмыс істей білу;

· фармация саласында ғылыми ізденістерді жоспарлай және жэүргізе білу;

· экономиканың әртүрлі саласында шел ел тәжірибелеріне сүйене отырып антикризистік әдістерді

үйрене білу;

· халықаралық келісімдерді ұйымдастыруды үйрену;

· ISO 9000:2000 стандартарын үйрену;

· заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып ақпараттар жинау, оны өңдеу және талдау жасай білуге үйрену.

Пререквизиттері

Фармация тарихы; фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері; медициналық және фармацевтикалық тауартану; фармацияның басқарылуы және экономикасвы.

Постреквизиттері

Аудит теориясы және практикасы; басқару есебінің негіздері.

2.7 Тақырыптық жоспар, әрбір сабақтың тақырыбы, өткізу формасы және ұзақтығы (практикалық сабақ, оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы, өзіндік жұмыс)

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

№№ р/н Практикалық сабақ тақырыптары Өткізу формасы Ұзақтығы (сағат)
1. Менеджмент теориясы мен практикасының дамуы. Практикалық жұмыстар
2. Фармациядағы менеджмент жүйесі. – « –
3. Менеджмент фармацевтикалық қызметті басқару құралы ретінде. – « –
4. Фармациядағы менеджменттің функционалдық мазмұны. – « –
5. Басқару шешімдері. – « –
6. Маркетингтің жалпы сипаттамасы. Фармациядағы маркетингті ұйымдастыру ыңғайлары. – « –
7. Маркетингті басқару процессі. – « –
8. Маркетингтік орта. – « –
9. Маркетингтік зерттеулер және маркетингтік ақпарат жүйесі. – « –
10. Маркетингті стратегиялық жоспарлау. Тұтынушылармен жұмыс істеу. Болжау әдістері. – « –
11. Мерчандайзинг маркетингтік коммуникация құралы ретінде. Мерчандайзинг тарихы. Мақсаты және міндеттері, тауарларды орналастыру заңы және ережесі. – « –
12. Қазақстан Республикасындағы дәріханалардың сауда қызметін реттеу. Мерчандайзинг стандарттары. Мерчандайзинг заңдары және технологиясы. – « –
13. Дәріханадағы мерчандайзинг: дәріханаға қойылатын талаптар, видеоэкология, ақпараттық материалдар. Мерчандайзингтің негізгі құралдары. – « –
14. Фармацевт пен сатып алушы қарым-қатынасының психологиялық аспектілері. Дәріханадағы мерчандайзинг: жоспарлау, мерчандайзерлердің жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Сатып алушы позициясынан адам психологиясы және мерчандайзинг принциптері. Практикалық жұмыстар
15. Мерчандайзинг практикасы. Дәріхана желілерінің жұмысы.  
Барлығы: 30 сағат

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары – ОЖСӨЖ

№№ р/н ОЖСӨЖ тақырыптары Өткізу формасы Ұзақтығы (сағат)
1. Менеджмент теориясы мен практикасының дамуы. Семинарлық сабақтар жүргізу, ситуация-лық есептерді шыға-ру, тест құрастыру
2. Фармациядағы менеджмент жүйесі. – « –
3. Менеджмент фармацевтикалық қызметті басқару құралы ретінде. – « –
4. Фармациядағы менеджменттің функционалдық мазмұны. – « –
5. Басқару шешімдері. Аралық бақылау. – « –
6. Маркетингтің жалпы сипаттамасы. Фармациядағы маркетингті ұйымдастыру ыңғайлары. – « –
7. Маркетингті басқару процессі. – « –
8. Маркетингтік орта. – « –
9. Маркетингтік зерттеулер және маркетингтік ақпарат жүйесі. – « –
10. Маркетингті стратегиялық жоспарлау. Тұтынушылар-мен жұмыс істеу. Болжау әдістері. Аралық бақылау. – « –
11. Мерчандайзинг – бөлшек саудада жүзеге асырылатын маркетингтік технология. Мерчандайзинг түсінігі, мақсаты және міндеттері, тауарды орналастыру заңы және ережесі. – « –
12. Мерчандайзинг стандарттары. Мерчандайзинг ережесі және шектеулері. – « –
13. Мерчандайзинг заңдары және технологиясы. Дәріханадағы мерчандайзинг: дәріханаға қойылатын талаптар, видеоэкология, ақпараттық материалдар. – « –
14. Мерчандайзинг практикасы. Мерчандайзингті әртүрлі дәріхана желілерінде, фармацевтикалық кәсіпорындарда қолдану. Аралық бақылау. – « –
Барлығы: 14 сағат

Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (СӨЖ)

№№ р/н СӨЖ тақырыбы Өткізу формасы Ұзақтығы (сағат)
1. Фармациядағы менеджмент: 1) Фармацевтикалық бизнесті басқару 2) Қаржы менеджменті 3) Қаржы менеджментінің негізгі функциялары 4) Фармациядағы басқару құрылымдары 5) Ұйымдастыру құрылымдарының типтері 6) Басқару өкілеттілігі 7) Фармацевтикалық ұйымдар мен кәсіпорындардың мақсатый 8) Ұйым мақсатының жүйесі 9) Мақсат бойынша басқару және мақсатқа жету 10) Менеджмент функциялары 11) Мотивацияның заманауи теориялары 12) Бақылау функциялары 13) Басқару принциптері 14) Басқару әдістері 15) Басқару шешімдері Презентация дайындау тарырыптар бойынша реферат жазу, тест құрастыру және ситуация-лық есеперді шығару
2. Фармацевтикалық қызметтегі маркетингтің ролі: 1) Маркетинг концепциясы және оларды фармацияда қолдану 2) Маркетингті басқару процессі 3) Мақсатты нарықты таңдау 4) Тауарға нарықта жайлы жағдай жасау 5) Маркетинг қызметін ұйымдастыру жүйесі 6) Маркетингтің ішкі ортасы 7) Жанама әсер ету ортасы 8) Тауардың өмірлік циклы 9) Нарықты, тұтынушыларды және басқа да параметрлерді зерттеу 10) Маркетингті зерттеудің әдістемелік негіздері 11) Маркетингтік ақпарат жүйесі 12) Бизнес-жоспар – « –
  Дәріхана мекемелеріндегі мерчандайзинг: 1) Мерчандайзинг стандарттары. Мерчандайзинг ережесі және шектеулері. 2) Мерчандайзинг заңдары және технологиясы. 3) Қазақстан Республикасындағы дәріханалардың сауда қызметін реттеу. Мерчандайзинг практикасы. Дәріханадағы мерчандайзинг, мерчандайзингтің негізгі құралдары. 4) Дәріханадағы мерчандайзинг: дәріханаға қойылатын талаптар, видеоэкология, ақпараттық материалдар. Презентацияны дайындау және тақырыптар бойынша реферат жазу
3. 5) Фармацевт пен сатып алушы қарым-қатынасының психологиялық аспектілері, сату-сатып алу процесінің психологиясы. Сатып алушы позициясынан адам психологиясы және мерчандайзинг принциптері. Мерчандайзерлер жұмысының психологиялық ерекшеліктері. 6) Мерчандайзерлердің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау. 7) Мерчандайзинг практикасы: ҚР дәріханалық желілері.    
Барлығы: 46 сағат

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

· Практикалық (семинарлық) сабақтарды жүргізу: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша

семинар, «Миға шабуыл»; кіші топтарда жұмыс істеу; рөлдік ойындар; пікірталас; жұптасып

жұмыс істеу; ситуациялық есептерді шешу; қорытынды жасау.

· Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ):оқытушының

кеңесі, реферат тақырыптарын презентациялау,оқытушының белсенді кеңес беруімен пән

тақырыптарын студенттердің өздігінен оқуы, іскерлік ойындар, ми шабуылы, аралық бақылау.

· Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):жеке тапсырмаларды орындау, ұсынылған

әдебиеттерді рефераттау, ситуациялық есептерді шешу, тарату материалымен жұмыс істеу,

студенттердің оқу-зерттеу жұмысы, глоссарий құрастыру, тест тапсырмаларын дайындау,

кроссвордтар құрастыру.

Наши рекомендации