Тақырып. Маркетингтік логистиканың шет елдік эволюциясы

Жоспар

1. Логистиканың даму тарихы

2. Логистика эволюциясы

3. Логистиканың негізгі түрлері

Негізгі түсініктер:эволюция, тауарлы-материалдық қорлар.

Практикалық логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады. Гамбург университетінің профессоры Г.Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңінде ''логистер'' немесе ''логистиктер'' деген мәртебесі бар қызметкерлер болған. Олар азық-түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлік патша VІ Леон (б.з. 865-912 ж. ж.) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды әскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақтылы қарайластыру жатады деп есептелген.

Дарынды әскер басшылары қажет уақытта және керекті орыннан табылған қару-жарақтың, отынның, азық-түлік пен әскер жарағының жеңіске жетуде қаншалықты маңызды роль атқаратындығын әр уақытта түсінген. Адамзат тарихындағы бүкіл соғыстар әскерлерді жабдықтаудың ұйымдастырылуына байланысты жеңіліп немесе жеңіске ұшырап отырған

Логистикалық әдіс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе американдық әскерлерде кеңінен қолданылды. Әскери өнеркәсіптің, тылдағы және фронттағы жабдықтау базалары мен көліктің нақты бірлескен іс-әрекеті американдық әскерді қажетті мөлшерде қару-жарақпен, жанар-жағар май материалдарымен және азық-түлікпен уақтылы және жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады

ХХ ғ. логистикасының генезисінде бірнеше тарихи сатыларды бөліп көрсетуге болады.

20-жылдардан 50-жылдардың басына дейінгі кезеңді “фрагментаризация” кезеңі деп атауға болады, бұл кезде логистика идеясы жалпы шығындарды төмендету және бизнестегі материалды ағымдарды басқарудың интегралды құралы ретінде талап етілмеген. Сонымен бірге 50-ші жылдарға дейін кейбір логистикалық функциялар (1-сурет) құрамдас шығындарды төмендету тұрғысынан маңызды болған, мысалы, өндірісте, тасымалдауда, қоймалауда және т.б. Дегенмен, жалпы экономикалық жағдайлар, технология мен менеджменттің даму деңгейі логистика феноменінің пайда болуына ықпал етпеді.

1 сурет. Логистика эволюциясы

3 тақырып.Қазақстан сауда-саттық жүйесінің ағымдағы жағдайы

Жоспар

1. Сауда жүйесінің тарихы

2. Сауданың негізгі түрлері

3. Экспорт және импорт

Негізгі түсініктер:ресурс, негізгі қор, табиғи ресурс, шикізат, айналым қоры.

Шығындар өндіріске және өнімді шығаруға қолданылатын белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын, айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.

Шығындар өндірісте жұмсалатын ресурстар (табиғи, еңбек,
құрал-жабдықтар, техника, ақпараттық және т.б.) жиынтығынан тұрады.

Логистикалық теория тұрғысынан шығынның мәні дегеніміз бұл энергияны жұмсау, яғни адамның физикалық және интеллектуалды энергиясын жұмсауы. Қазіргі таңда шығындарды еңбек құны теориясы тұрғысынан анықтау толық және терең болып табылмайды, оның артықшылығы бар деп айту қиын, ал шығындарды логистикалық тұрғыдан
философиялық-теориялық анықтау толықтай өңделмеген. Сол себепті біз шығындар анықтамасын жалпы қалыптасқан тәжірибелік тұрғыдан қарастырамыз.

Кәсіпорынның шығындары туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді:

- шығындар белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды қолдану арқылы анықталады;

- қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың ақшалай көрінісіне жүгінеді;

- шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есептейді.

Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады.

Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс

факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар.

Кәсіпорын табысы екі түрлі көрсеткішке тәуелді болады:

- өнім бағасы;

- өнім өндірісіне жұмсалатын шығындар.

Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар — өндіріс шығындарына қарағанда басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына

және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін.
Сәйкесінше,өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.

Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды

бағалық тадау болып табылады.

Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:

- ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;

- табиғи шикізаттарды қолдану;

- өндірісті дайындау және үйрену;

- өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар);

- рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т.б;

- өндірістік процеске қызмет ету;

- өндірісті шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқа да еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз ету,

негізгі өндірістік қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау,
санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;

- қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз ету;

- өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты
қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін,
іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және т.б;

- кадрларды дайындау және қайта дайындау;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.

Наши рекомендации